Орындаған: Мақұлбек Мерей Топ: фи-23-7к2 Қабылдаған



бет1/2
Дата03.10.2024
өлшемі40,97 Kb.
#146682
  1   2
Байланысты:
Мерей Сөж


Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универсиететі

Заң факультеті


Мемлекеттік құқық пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Қылмыс бойынша қосымша жаза


Орындаған: Мақұлбек Мерей


Топ:ФИ-23-7к2
Қабылдаған: з.ғ.к Нақышев Н.Н

Шымкент қаласы,2024 жыл



КІРІСПЕ

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады. Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.


І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
1.
1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Жаза тағайындау — жасалған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімін шығарарда қылмыстық ықпал жасаудың нақты шарасын соттың таңдауы.
Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты және маңызды саты болып табылады. Өйткені, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру сотталған адамды түзеуге, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, қылмыстың алдын алуға ықпал етеді. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткізу көбіне қылмыстық жазаны әділ әрі негізді тағайындау арқылы мүмкін болады.
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумьшың 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» № 1 қаулысында былай делінген:
Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және коғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы кағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын және оның түрін; сотталушының кылмыстық әрекеті қай сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі қажет. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.
Жаза тағайындау кезінде сот мына жағдайларды міндетті түрде ескеруі тиіс:
1). Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі;
2). Кінәлінің жеке басы;
3). Кінәлінің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-қ±лқы;
4). Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар;
5). Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар;
6). Тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты — қылмыстың сапалық категориясы, ол ең алдымен, қол сұғушылық объектісінің ерекшелігімен, яғни объектінің қоғам мен мемлекет үшін құндылығымен, қылмыс нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерімен және т.б. жағдайлармен анықталады. Барлық қылмыстар бір-бірінен осы қоғамға қауіптілік сипаты бойынша ерекшеленеді.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі — қылмыстың сандық категориясы. Бұл жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты шешіледі. Ол ең алдымен қылмыс құрамының белгілерімен, объектіге келтірілген зардаптың мөлшері мен сипаты; кінәнің нысаны, мақсат пен ниет; қылмыстың жасалу тәсілі; субъектінің ерекшелігі және т.б. жағдайлармен анықталады. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі көбінесе қылмыстың объективтік жағымен, ал қоғамға кауіптілік сипаты — қылмыстың объектісімен және субъективтік жағымен сипатталады. ҚР Жоғарғы соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысының 2-тармағына сәйкес «жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтағанда, соттар қылмыстың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін ҚК-нің 10-бабы талаптарын, сондай-ақ нақты қылмыстық әрекет (кінәнің түрі, себебі, тәсілі, жасаған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық, сотталушылардың әрқайсысының қылмысқа қатыстылығының дәрежесі мен сипаты т.б.) жағдайының барлығын ескеруі тиіс». Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтау кезінде нақты іс бойынша жинақталған барлық объективтік және субъективтік белгілерін есепке алу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет