Орындаған: Сапарбек Ұ



бет1/3
Дата21.10.2022
өлшемі1,02 Mb.
#44675
түріӨмірбаяны
  1   2   3

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университеті Шәді Жәңгіров

Оқу тобы: 1701-29

Орындаған: Сапарбек Ұ.

Қабылдаған: Нұрпейісов Н.

Жоспар:

  • Ш.Жәңгірұлы өмірбаяны.
  • Шығармашылығы
  • Шығармашылығындағы білім беру, имандылық, ағартушылық мәселелері
  • «Атымтай Жомарт».

Шәді Жәңгіров 1865 жылы Созақ өлкесінде дүниеге келіп, 1933 жылдың 12 қарашасында Өзбекстандағы Сырдария облысы, Қаратөбе деген жерде қайтыс болған белгілі қазақ ақыны. Әке-шешесінің сүйіктісі, жалғызы болған ол сауатын ерте ашып Шаян, Қарнақ, Ташкент және Бұхарадағы Көкілташ медресесінде оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік білген, сондықтан да шығыс тарихын, философиясын, әдебиетін зерттеумен айналысқан. Бүкіл Шығыс тарихын, өнер-ғылымын, ақын-жазушыларын жақсы білген ғалым, ақын.
Шәдінің бүкіл өмірі өлең шығару, кітап жазып бастырумен, қазақ арасында қисса-дастандар оқып берумен өткен. Ол кейінгі халқына мол, құнды мұра қалдырған ақылшы аға, үлкен ақын.
Шәдінің әдеби мұрасы мол. Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны – 18 дастан. Олардың көбі Ташкент қаласындағы Ғ.Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан: «Шәр дәруіш» («Төрт дәруіш», 1913, 1914), «Хикаят Қамарзаман» (1914), «Назым Сыяр Шәриф» (1913), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» (1914), «Хикаят Орқа-Күлше» (1917), «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» (1917), т.б. «Тарихнама» атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған. 

Шәдінің әдеби мұрасы - 100 мың жолдай өлең-жыр, осының 75 мың жолдайы ақынның көзі тірісінде түрлі қалаларда басылып шыққан. Ақын қазақ даласының Россияға қосылуын қолдап, "Россия патшалығында Романов нәсілінің хұқмырандық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырындылық заманынан бері қарай қазақ ахуалы" (1910) деген реалистік поэма жазды. Сонымен қатар А.С.Пушкин поэмаларының сюжетін де еркін аударып жырлаған ("Полтаваның соғысын Пушкиннің бәйіт қалғаны" 110 жол). Шәді ақын Қазан төңкерісін қуана қарсы алып, "Ленин" (1924), «Ұлы Октябрь» (1927) т.б. өлеңдер жазды. Совет үкіметі орнағаннан кейін жаңа тұрмысты қуана жырға қосты. Шығармаларын негізінен қара өлең, жыр, терме, назым үлгісінде болып келді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет