Шәді Жәңгірұлы өмірі мен шығармашылығы Орындаған:Қадылбекова Аружан Тобы:ҚТ 20-01 Шәді Жәңгірұлы өмірі мен шығармашылығы



Дата04.05.2023
өлшемі1,66 Mb.
#89983

Шәді Жәңгірұлы өмірі мен шығармашылығы

Орындаған:Қадылбекова Аружан

Тобы:ҚТ 20-01

Шәді Жәңгірұлы өмірі мен шығармашылығы

Шәді Жәңгіров– қазақ ақыны. Төре әулетінен шыққан. Әкесі – Жәңгір (Жаһангер) момын мінезді, шаруаға икемді, ал анасы – Мәуіті әнші, домбырашы кісі болған.


Шәді Жәңгіров 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген.
Он жасына жетер-жетпесте ауыл молдасынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен Шәді ақын әуелі Шаян мешітінде оқып, кейін Шымкенттегі Абдолла Шәріп деген ғұламадан дәріс алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп, шығыс мұсылман шайырларының атақты шығармаларымен жете танысады.
Шәді сауатын ерте ашады. Шаян (1865-1867), Қарнақ (1868-1870), Бұхарадағы Көкелташ (1871-1876) медреселерінде оқып білім алды. Араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін үйреніп, Шығыс шайырларының, философтарының, тарих шыларының еңбектерін түпнұсқадан оқып сусында-ды. Орта Азияның көптеген шаһарларын аралайды, өзбек, тәжік, қарақалпақ, түрікмен ақын-жырауларымен, әнші-күйшілерімен танысады. 1877 жылы туған мекені Қызылкөлге оралады.
Шәді – Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған, мазмұн мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған ақын.
Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны – 18 дастан. Олардың көбі Ташкент қаласындағы Ғ.Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан:
«Шәр дәруіш» («Төрт дәруіш», 1913, 1914), «Хикаят Қамарзаман» (1914), «Назым Сыяр Шәриф» (1913), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хи-каят Халифа һарон-ар Рашид» (1914), «Хикаят Орқа-Күлше»
Жарылқасын Боранбаев12(1917), «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» (1917), т.б. «Тарих-нама» атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған.
Шәді есімі әдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен шығармашылығын зерттеген бірнеше ғалымдар бар. Атап айтар болсақ:
Ә.Қоңыратбаев
Б.Кенжебаев
Р.Бердібаев
Н.Келімбетов
Ө.Күмісбаев
У.Қалижанұлы
Немат Келімбетов:
«...Ол жүз мың жолдай өлең-жыр жазды, соның жетпіс бес мыңдай жолы
ақынның көзі тірісінде түрлі қалаларда басылып шықты», – дейді
“Шәді Жәңгіров үлкенді-кішілі он сегіз дастан-поэма, қисса-хикаят, бірсыпыра өлең-жыр жазып, бастырған деген дәйекті келтірген»
Діни дастандар жайында М.О.Әуезов
“....Діни өлеңдерін, қиссаларды, көбінің сарыны шеттік болудан басқа мазмұндары да түгелімен мұсылман ғылымынан келген көшпелі, қыдырма әңгімелер. Сондықтан оларды тексеріп, ұғынып түсіну үшін, жалғыз ғана қазақ топырағындағы көлеңкесіне қарап тон пішу керек емес, әрқайсысын тудырған жағыдай мен себепті әуелі шыққан ұясынан бастап ұғыну керек,»
Ә.Қоңыратбаев:
“Шәдінің ең алғаш жазған хикаяттарының” қатарына “Ескендір Зұлқарнайын” мен “Хикаят Әмір Хамзаны” жатқызады.
А.Иманов:
“Түркістан қаласынан шыққан ақын Ш.Жәңгіров бізге Россияның тарихын аударып берді, оны біз зор мақтанышпен оқимыз.
Қылым деген түпсіз терең теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр, ілімін одан әрі жетілдіру мақсатымен, сол кездегі барша мұсылман баласына белгілі Бұхарадағы “Мир–араб” медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен жақыннан танысып, болашақ шығармаларына арқау болатын діни қағидаларды жақсы меңгереді.
Өмірінің соңында “Молла” деген айып тағылып, қуғынға ұшыраған Шәді 1933 жылдың 12 қыркүйегінде дүниеден өтеді.
Шәдi төре Шаянда негiзiн Қосым ишан қалаған, оның баласы Сейтахмет (Сейiтжан мағзым) аяқтатқан, кеше 1930- шы жылдары оның немересi Әппәқ ишаннан кәнпiскеленiп (конфискаланып) алынған мешiт медресенiң түлегi. Бұл мешiт медресе кеңес үкметiнiң құжатында Әппәқ ишан мешiт медресесi деп аталып кеткен. 1990- жылдардаң аяғына таяу дүмшелер бастап, дүмшелердiң муфтиi Рәтпек қажы Нысанбайұлы оны қостап, Әппәқ ишан мешiт медресесiнен Әппәқ ишанның есiмiн алдырып тастап Шаян орталық мешiтi болып кеткен.
Шәді Жәңгірұлы – 1855 жылы Шымкент облысы, Созақ ауданы, «Құмкент» ауылында туылып, 1933 жылы Өзбек ССР-і, Сырдария облысы, Қаратөбеде қайтыс болған

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.
  • Исмайлов Е. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1940.
  • Қазақ әдебиетінің тарихы II том, II кітап. – Алматы, 1965.

Назарларыңызға рақмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет