Орындаған: Тәуекел С.Қ. Қабылдаған



Дата12.10.2022
өлшемі14,82 Kb.
#42567

Орындаған: Тәуекел С.Қ.
Қабылдаған: Мажиева Н.А.
Топ атауы: 108
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау­зы­нан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады.
Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольк­лор­дың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ерте­гі­лерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жыр­лардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қисса-дастандардан – 11-12; тұрмыс-салт жыр­ларынан – 30-40 шақтысы; аңыз-әңгі­ме­лердің – 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі – 50 шақтысы; ма­қал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т.б. орын алған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топ­тамасы, т.б. нұс­қалары бар. Мұндай үлгілерді жи­нағанда аражігін бөліп-жармай, жаңа-ескі деп қарамай, шамасы келгенше фоль­клордың әр жанрын қамтып, барлығын жан-жақт­ы жинауға тырысу тек Мәшһүр Жүсіп ерекшелігі емес, сол тұстағы көп­теген ғалым-фольклоршы­лардың шарты.
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгі­лерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгі­мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.
Ол ел арасынан: «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Ер Са­йын», «Нәрік ұлы Шора батыр», т.б. тәрізді батырлар жырында, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Алтынбас-Күмісаяқ» т.т. лиро-эпос­тық жырларды да, сондай-ақ «Киік», «Боз­торғай», «Дін үйренетұғын» тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Тарғын» жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжаз­басынан көшіріп алғанын бі­леміз. Ал «Алтынбас-Күмісаяқ»– 200 жол­дан тұ­рады дей отырып, бұл жыр үлгі­лерін жи­наған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі бол­дық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жина­ғынан ала отырып, олардың бәрін қол­жаз­баның әр жеріне шашыратпай, бір же­ріне ғана топтастыра орналастырған. Сон­дай-ақ, қолжазбалар ішінде «Сайын батыр» жы­рының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де деректер де бар.

Тест
1.Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің көбісі қай жанрға жатады?
А.лиро-эпостық
Ә.мақал-мәтелдер
Б.айтыс
В.аңыз-әңгімелер
2.Мәшһүр Жүсіп 8 жасында Қамар хазіреттің қолжазбасынан қай жырларды түртіп алды?
А. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мен «Ер Тарғын»
Ә. «Ер Төстік»
Б. «Қамбар батыр»
В. «Алтынбас-Күмісаяқ»
3. «Алтынбас-Күмісаяқ» жыр үлгісін жинаған В.В.Радлов екендігі туралы мәлімет берген фольклортанушыны атаңыз.
А.Ш.Уалиханов
Ә.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Б.М.Әуезов
В.Ә.Қоңыратбаев
4.Ұлы ойшыл Мәшһүр Жүсіп ертегіден, тұрмыс-салт жырларынан, аңыз-әңгімелерден қанша мәтін үлгісі жинаған?
А.ертегі-15, тұрмыс-салт жырларынан-30-40, аңыз-әңгімелерден-200-300
Ә. ертегі-10, тұрмыс-салт жырларынан-30-40, аңыз-әңгімелерден-300-500
Б. ертегі-15, тұрмыс-салт жырларынан-10-50, аңыз-әңгімелерден-200-300
В. ертегі-12, тұрмыс-салт жырларынан-30-40, аңыз-әңгімелерден-20-50
5.Мәшһүр Жүсіп ел арасынан бәрімізге мәлім қандай жыр үлгілерін жинақтаған?
А. «Қабанбай батыр», «Ер Тарғын»
Ә. «Қамбар батыр», «Ер Төстік»
Б. «Қамбар батыр», «Ер Тарғын»
В. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Алпамыс батыр»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет