Ұйымдастыру кезеңі (1 минут) 1.Жағымды көңіл-күй (1-3 мин)
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі және сабаққа қатысуын тексереді. Оқушыларға «5 Т» ережесін еске салады. Мұғалім жағымды көңіл-күйге келуге арналған «Нұрға бөлену» жаттығуын өткізу арқылы жағымды ойлауын дамытады.
Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, Волшебная композиция- Хрустальная грусть
Алдын ала үй тапсырмасына Леонардо да Винчидің «Қайырымдылық» атты әңгімесін оқу ұсынылған. Оқулықта берілген сұрақтармен мәтіннің рухани-адамгершілік тереңдігін ашады. Сұрақтар:
Мейірімділік,кеңпейілділік, қайырымдылық қасиеттердің әр адамға қажеттілігін өсиет әңгіме арқылы қалай түсіндік?
Құрмет пен сыйластықты ешкім күштеп алмайды деген сөзді қалай түсінеміз?
Қайырымдылық көрсеткен жан ғана құрметті болады деген сөзді қалай түсінеміз?
Осы әңгімеден сүйіспеншілік құндылығын қалай байқадық?
Леонардо да Винчи (итал. Leonardo da Vinci, 15 ақпан 1452 жыл, Винчи қаласының маңы — 2 мамыр 1519 жыл, Амбуаза, Түрен, Франция) — италияндық ұлы суретші әрі ғалым, «Әмбебап адам» Оқушылардың көмегімен ой қорытынды жасайды. «Ең алдымен адам өзі сабырлы, басқаларға мұқият қарайтын болуы тиіс. Құрмет пен сыйластықты ешкім күштеп алмайды. Қайырымдылық көрсеткен жан ғана құрметті болады, соны ғана басқалар сыйлайтын болады. Сыйласаң сыйлы болатындығын түсіндіру».