Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді.
Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз де тегін айтылмаса керек. Адам өмірінің мәні – өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген уақыттан бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата-анасынан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер, яғни тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, отбасындағы үлкендердің үлгісімен сіңеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалар дегеніміз - ол 0-18 жасқа дейін дене жəне (əлде) психикалық нəсілді, жүре жəне өмір жағдаяттарымен пайда болған кемістігі бар, арнайы оқу тəрбиені талап ететін, өмірлік іс-əрекетке мүмкіндігі аз шектеулілер балалар.
Осындай балалардың саны күн санап артуда. ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің мектепке дейінгі жəне орта білім департаментінің статистикасы бойынша,
2005 жылы шамамен мүмкіндігі шектелген саны 124 мыңды құраса,
2011жылы 149 мыңнан асты.
2012 жылғы мəлімет бойынша, 151216 бала белгілі болды
Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға əкелетін қасіреті зор: баланың өзіне, ата-анасына, достарына, мектепке, туған туыстарына, демографиялық өсімге, отбасының азаюына, отбасын құрған жағдайда ата-ана міндетін толықтай атқара алмауы т.б
Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ жүргізетін мұғалімге қойылатын талап та жоғары. Ол мұғалімнің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:
Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ жүргізетін мұғалімге қойылатын талап та жоғары. Ол мұғалімнің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:
Мүмкіндігі шектеулі бала мен мұғалім арасындағы педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы;
Балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру;
Балаларға сабақ жүргізу барысында тапсырманың бала зердесіне әсер етуін, оның қабылдауын, есте сақтауын назардан тыс қалдырмау;
Бала ата-анасымен тығыз байланыста болу;
Сабақ жүргізу барысында түрлі ойын элементтерін көбірек қолдану.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын дамыту үшін изотерапия əдісін ұсынамыз. Изотерапия, бейнелеу шығармашылығы терапиясы, яғни сурет салу болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеуге қолданылатын арт-терапияның маңызды бағыттарының бірі. Кейбір адамдар үшін бұл əлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін таныстырудың таптырмас құралы болып табылады.
Сурет салып отырған адам жағымсыз, жаралы бейнелерді есіне түсіреді. Сол уақытта туындаған қоқынышты, ауыр жағдайларды басынан өткізе отырып, сол кезде пайда болған сезімдермен арман тілектерін сыртқа шығарып отырады. Сол себепті, көптеген стресстік жағдайларда, қорқыныш сезімін бастан кешу кезеңінде, невроздарда коррекциялық жұмыстар жүргізу барысында жəне психологиялық қысымды төмендету үшін сурет салдыруды пайдаланады.
ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ИЗОТЕРАПИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
БАЛАНЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕ БАЛА БОЙЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТІ ТҮЗЕТУ ҮШІН НЕГІЗГІ БАҒЫТТЫ АНЫҚТАҒАН ЖӨН:
Бірінші баланың оқу мен тәртібінде тұлғалық дамуында жағымсыз құбылыстарды ертерек анықтау және түзету
Екінші педогогикалық талдау жүргізу, түпкі себептерді анықтау, оны жоюға деген дифференциалдық көзқарас.
Үшінші арнайы әдістерді пайдалану. Педогогтар мүмкіндігі шектеулі балаларды тереңірек түсініп, тыңдап, баланың көңіл-күйіне назар аудару керек.
Ал, мүмкіндігі шектеулі балалаларды тәрбиелеу ерекшелікті қажет етеді.
Ал, мүмкіндігі шектеулі балалаларды тәрбиелеу ерекшелікті қажет етеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде жаттығу түзетудің арнайы әдістерінің бірі болып табылады. Жаттығуларды орындай отырып бала өзін ортада дұрыс ұстауға, мейірімділікке, төзімділікке үйренеді. Бірақ жаттығуға толығымен жүгінуде балаларды агрессияға, мінезіндегі қиқарлықты тудыруы мумкін.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша іс-шаралар қолданылуда. Дамуы күрделі балалардың білім алуына көрсетілетін қызметтің қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін 16 мектепте есту, сөйлеу, көру қабілеті төмен, психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған сыныптар ашылды. 1073 бала осы сыныптар мен арнайы түзету мектеп-интернатының қызметін пайдаланып отыр. Материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жабдықтауға 13 миллионнан астам теңге қаражат бөлінді. Екі реабилитациялық орталық және қызмет көрсетіп отырған медициналық-педагогикалық консультацияға қосымша 2 ПМПК ашылды, онда 2007 жылы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 2612 бала терендетілген тексеруден өтті. «Астана қаласы білім беру жүйесін дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» аймақтық бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралары жоспарында 375 орындық арнайы түзету мектебін салу қарастырылған.