Орындағандар: чакымадин зарина, омарова динара, жақып индира, қалижанқызы әния, акитаева мадина



бет2/7
Дата19.04.2022
өлшемі196,83 Kb.
#31420
1   2   3   4   5   6   7

Алтынсарин прагматизмі


алаштанушы Д.Қамзабекұлының пікірінше:

«Алтынсарин прагматизмі, елі үшін батылдық жасағандығынан туған дұрыс-бұрыс қадамы ХХ ғасыр басында өмір жүзіне шыққан Алаш қайраткерлеріне сабақ болып қалды. Ыбырайды өзге тұстастарынан ерекшелендіретін қасиеті – ағартушы-практик болғандығы еді» деген екен. Яғни, бұнда Алтынсариннің мектеп аша бастағандығының қазақ халқы үшін үлкен білім жолына деген адал қызмет екенін көрсетеді.


Алтынсариннің еселі еңбектері


Ыбырай Алтынсарыұлының еселі еңбегін айтпас бұрын профессор В.В. Григорьев пен шығыстанушы, педагог-миссионер Н. И. Ильминскийді тілге тиек етіп өткеніміз жөн болар. В.В. Григорьев қазақ халқына шын жаны ашыған үлкен ақыл иесі болды. Ол Орынбордағы алғаш ашылған қазақ мектебінің өмірін жіті бақылап отырды. Оның көркейе түсуіне белсене ат салысты. «Татарландыру» идеясының бастау бұлағы конфессионалды мектеп екендігін тереңнен түсінген В.В. Григорьев, қазақ даласындағы (қазақ жеріне) жалпы білім беретін ақсүйектік (светских) мектептерді тарата отырып, олардың әсерін әлсірету қажет деп есептеді.

Яғни, татар тілінде білім беретін мектептердің санын азайтып, оның орнына орыс тілінде білім беретін мектептердің санын көбейткенді құп көрді. Қазақ жазба тілін өркендету үшін, қазақ тілін татар тілінен оқшаулау қажет деп түсінді. Осыған орай ол орыс-қазақ мектептерін ұйымдастырудың жобасын ұсынады.

Жоба бойынша бұл мектептерде дәріс сол халықтың ана тілінде жүргізілмек. Григорьевтің жобасымен Орынборда төрт мектеп ашылды. Түбі бір түркі жұртымен бірге мұсылман халықтарының басын қоспай, бір-бірінен ажырату керек деген миссионерлік саясаттан туындаған В.В.Григорьевтің бұл ойы – қазақ жазба тілінің өсіп өркендеуіне игі әсері мол болды.

1861 жылдың басында Алтынсарин Орынбор бекінісі маңайындағы Григорьевтің ашқан төрт мектебінің біріне бастауыш мектеп мұғалімі болып тағайындалады. Жинаған білімін, тәжірибесін өз елінің игілігіне жұмсағысы келген, бірақ, қай бағытқа жұмсарын ұзақ ойланған Ыбырай көпке дейін бір шешімге келе алмайды. Ақыры Ыбырай халыққа ғылым үйретуді жөн көріп, 1864 жылы қазақтарға арнап мектеп ашады. «Міне, көптен күткен мектептің ашылу сәті де келді», - деп жазады Алтынсарин 1864 жылы 16 наурызда Ильминскийге жазған хатында.

«Оқыту әдісім өзіңізден үйренгендей: алдымен заттың атауы, яғни тек қана зат есімге қатысты сөздер, одан соң заттың сапасын білдіретін сөздер – сын есім, кейін заттың атауы мен жіктеу, септеу, сан есім, одан әрі «Самоучительден» соларға мысал ретінде ауызша аудармалар» [2, 156 б.], - дейді. Бұл жерде Алтынсарин Ильминскидің «Самоучитель русской грамоты для казахов» атты кітабы жайлы айтып отыр. Ол әуелі мектеп ашқанда бірнеше жыл бойы Ильминскидің аталмыш кітабын өз тәжірибесінде қолданған еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет