Орындау, атқару, жүзеге асыру көп мағыналы сөз: Функция математикадағы негізгі ұғымдардың бірі



Дата19.05.2023
өлшемі18,8 Kb.
#95107
Байланысты:
өлтіреді мына қыз мені


Функция (лат. functіo – орындау, атқару, жүзеге асыру) көп мағыналы сөз:

  1. Функция - математикадағы негізгі ұғымдардың бірі

  2. Қызмет, міндет, жұмыс; қатынастар жүйесіндегі қайсы бір объекті қасиеттерінің сыртқы көрінісі;

  3. Социологияда – белгілі бір әлеуметтік институт атқаратын рөл;

  4. Лингвистикада – тілдік бірліктің немесе тіл құрылымы

Қазіргі заманда «функция» сөзі қоғамның қай саласында болса да кеңінен, әрі өте жиі қолданылады. Мәселен, математикада, құқық қорғау саласында көп қолданылатынын байқауға болады. «Функция» термині латын тілінен аударғанда—орындау, атқару, жүзеге асыру деген мағынаны білдіреді.Тіл білімінде функция сөзі тіл бірліктерінің сөйлемдегі қызметі деп түсіндіріледі. Демек, функция (қызмет-жұмсалым) ұғымы дәстүрлі грамматикада көбінесе жеке тіл бірліктерінің сөйлемдегі атқаратын қызметі тұрғысынан түсіндіріліп, сөйлем мүшесі болуымен байланысты айтылады.
Қызмет - қойылған міндеттерді орындауға қажетті құқықтар беріп, міндеттемелер жүктейтін, қандай да бір мекемеде тағайындау не сайлаумен бекітілетін лауазым; белгілі бір іс-шараны үздіксіз атқарумен шұғылданатын, сол үшін де арнайы мамандармен және арнаулы құрал-сайманмен, техникамен жабдықталған ұйым.
Функция (қызмет-жұмсалым) дәстүрлі грамматикада көбінесе тіл бірліктерінің сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан түсіндіріліп, сөйлем мүшесі болуымен байланысты айтылады. Осыған байланысты функционалді грамматиканы жұмсалымды грамматика деп атау дәстүрі бар.
Қазақ тіл білімінде фунционалды грамматиканы зерттеген ғалымдар еңбектеріне шолу
қазақ әдеби тілінің грамматикалық бірліктердің қолданылу ерекшелігіне ерекше мән беріліп, ұғымдардың өзара қатынасына, олардың тілдегі қолданысына қазақ ғалымдары А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов үлкен еңбек сіңірді. Ғалымдардың еңбектерінде функционалдылық бағыттың негізі қаланды. Бұл бағыттардың ортақ идеясы адамдық факторды басты қағида етіп ала отырып, ақиқаттың тілдік концепциялары мен субьектілік концепцияларды ақиқат ретінде тану мәселелерінің ерекше моделін жасауды басты ұстаным етіп алады.
 Қазақ тілінің функционалды грамматикасының негізгі ұғымдарына мен категориялары туралы, функционалды грамматиканы зерттеудегі басқа ғылым салаларымен байланысына қатысты ғылыми зерттеулер соңғы уақытқа біршама жазылды. Олардың алғашқыларына Е.Жанпейісовтің қызметтік грамматиканың бастау ұғымдарына арналған еңбегін атап өту керек.
Қазақ және орыс тілінің функционалдығын зерттеген еңбектердің қатарына З.Ахметжанова, С.Құнанбаева, А.Салқынбай функционалды грамматиканың негізгі түсініктері туралы зерттеулерінің айтарлықтай маңызы бар. Басқа да ғалымдар осы саланың негізгі ұғымдары мен категориялары туралы функционалды-коммуникативтік табиғаты, жалпы функция атқаратын тілдік бірліктердің сөйлеу кезіндегі мағынасы мен қызметі туралы еңбектерін атаған жөн. Олардың қатарына Қ.Рысалды Б.Қапалбеков, Б.Шалабай, Т.Әбдіғалиева, О.Жұбаева, Ж.Сәдуақасұлы, А.Жаңабекова, М.Жолшаева және т.б еңбектерін жатқызуға болады.
Бүны жасап берген жігіті, Ануар деген, қинап жүр мені, рабстова устап жүр өтініш мені босатып алындаршы мені общаганың подвалынды ұстап отыр.....

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет