Орыс сыныптарындағы қазақ



бет1/6
Дата03.12.2022
өлшемі79,06 Kb.
#54565
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
11 КРШ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі, 2021 жыл.


Орыс сыныптарындағы қазақ тілі

11-сынып




1.Тыңдалым.

Уақыты 20 минут.


Барлығы 20 ұпай.



  1. тапсырма. Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.

Біз тілшінің Дубайға жасаған саяхатын «Шарайна» бағдарламасынан тамашаладық. Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласы Дубайда 2 миллионнан астам халық тұрады. Бұл мемлекетті Премьер-министр шейх Мұхаммед бен Рашид аль Мактум басқарады. Дубай – әлемнің туристік орталығының бірі. Мұнда жылына 10 миллионнан астам туристер келеді. Қонақтарға 750-дей қонақүй қызмет етеді.


Арабтар – өте сабырлы, мәдениетті халық. Олар қонақжайлылығымен де ерекше. Қалада адамдар жинақы, тәртіпті жүреді. Тәртіп бұзғандарға айыппұл салынады.
Дубайдың жазғы ауа температурасы 40-50 градусқа дейін көтеріледі. Дубайда арабтар күндіз демалып, түнде жұмыс істейді. Күндізгі сағат 14.00-16.00 аралығында дүкендер жабық болады.
Араб халқы қасиетті жұма күні демалады. Ұлттық валютасы «дирхам» деп аталады. 1 дирхам шамамен 50 теңгеге тең. Сауда жасағанда дирхамды да, АҚШ долларын да пайдалана береді.
Дубайда су жаңа метро жұмыс істейді. Метро 52 бекеттен тұрады. Метро жүргізушісі болмайды. Бұл – әлемдегі жалғыз автоматтандырылған метро.
Дубайда көрікті жерлер көп. Әлемдегі ең үлкен «Бурдж Халифа» ғимараты мен ең ірі сауда орталығы – «Дубай Молл» да осында. Дубайдағы «Бурдж Аль Араб» қонақүйі жасанды аралдың үстіне салынған. Ол қайық пішіндес ғимарат 163 қабаттан тұрады. Биіктігі 828 метр. Бұл ғимарат Әмірліктің символына айналған.
Дубайдың субұрқақтарына қарап та, таңданбасқа шараң қалмайды. Кешкісін қала халқы мен туристер субұрқақты тамашалауға жиналады.
Міне, «Шарайна» бағдарламасы арқылы Араб Әмірлігі туралы білдік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет