1-тапсырма. Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап бер. 1.Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке-отбасы мүшелерінің тірегі, асыраушысы, қамқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері, білімі –ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой», -деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке-бәйтерек, бала-жапырақ», «Ата-балаға сыншы» деген мақалдар осыны растайды.
2. Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкедер балаларының өрескел мінез-құлықтарын көрсе ұрсып, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай ұлттық тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын ойлайтыны анық.
3. Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішінде қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән бергені баршамызға мәлім. Кез келген ата-ана қызының ертең барған жерінде тастай батып, судай сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.
4. Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.
1. Бірінші азатжолдағы негізгі ой.
А) Отбасында ұл баланың тәрбиесіндегі әкенің орны.
В) Отбасында ананың орны жоғары
С) Отбасында балаға барлық жағдай жасалады.
D) Отбасында қыз баланы ерекше құрметтеген.
Е) Отбасы мүшелері тең қарым-қатынаста болады.
2. Қыз бала тәрбиесіне қатысты пікір қозғалатын бөлім.
А) екінші
В) үшінші
С) бірінші
D) бірінші және екінші
Е) төртінші
3. Төмендегі тұжырымдардың дұрысы
1.Жеке бала тәрбиесі ұлт болашағының жағдайына әсер етеді. 2. Қазақта өрескел мінез-құлық көрген қария тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. 3. Ұлттық тәрбие-отбасылық құндылықтардың бастауы. А) Екінші
В) Бірінші
С) Тек үшіншісі
D) Үшеуі де
Е) Біріншісі мен үшіншісі
4. Бала тәрбиесіне кімдер араласқан?
А) Әкелер
В) Аналар
С) Әкелер мен аталар
D) Ауылдың үлкендері
Е) Ешкім араласпаған
5.Мәтін бойынша қазақ халқының қыз баланы тәрбиелеудегі алдына қойған басты мақсаты.
А) Қатарының алды, өжет болуын қалауы
В) Ата-анасына қолғабыс болсын деген ойы
С) Қатарына қалмай өссін деген ойы
D) Басқа үйдің ұл-қыздарына үлгі болсын деген ойы
Е) Болашақта жақсы келін, аяулы ана атануын қалауы
6.Мәтінге сай келетін тақырып.
А) Әке –балаға сыншы
В) Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі
С) Қыз бала тәрбиесі
D) Қарттардың берер өнегесі
Е) Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі
7. Халқымыз баланы қалай тәрбиелеген?
А) Ақыл айту арқылы
В) Тыйым салу арқылы
С) Теріс қылыққа ұрсу арқылы
D) Кеңес беру арқылы
Е) Жоғарыдағының бәрі
8. Ұл баланың өнеге алатын нысаны.
А) Айналадағы адамдар
В) Достары
С) Ата-анасы
D) Әкесі
Е) Атасы
9. Мәтінге сай келетін пікір
А) Ұрпақ тәрбиесі-ұлт тағдырының кепілі.
В) Ұрпақ тәрбиесін насихаттау керек.
С) Қыз баланы ана, ұл баланы әкелер тәрбиелеу керек.
D) Ұрпақ тәрбиесіне тек қана үлкендер араласады.
Е) Отбасылық тәрбиеде маңыздысы-дұрыс жүріп-тұру.
10. Бала отбасында отбасылық ... алады.
А) махаббаты
В) қамқорлықты
С) тәрбиені
D) құндылықты
Е) өнегені
2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға ойыңды дамытып жауап бер. Мәтін бойынша қазақ халқының бала тәрбиесіне қатысты ойыңды дамытып жаз.
«Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген мақалды қалай түсінесің?
ІІ бөлім
«Тәрбие –тал бесіктен» тақырыбында 200-250 сөзден тұратын эссе жаз.