Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!



Дата27.03.2023
өлшемі20,08 Kb.
#76624

Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы


Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Ән:“Анашым” Санатхан Нұрай

1. Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.

2. Мәпелейсің мені анам


Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.

3. Жүре берсем қасымда


Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.

4. Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.

5. Анамды мен жақсы көрем


Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем

6. Ана біздің күніміз,


Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Балалар қараңдаршы бүгінгі аналар мерекесіне көктем мезгілін шақырайық.


Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.

Қуанышқа кенеледі.


Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Тәрбеші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.Сәлеметсіңдер ме балақайлар Сендер сондай әдемі болып құлпырып кетіпсіңдер .Мен Көктем мезгілі боламын.Сендер көктемде неше ай бар екенін білесіңдер ме?Қене айтып беріңдерші?Ал көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады екен? Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.

Тәрбиеші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)


Ал балалар сендер өте ақылды екенсіңдер ендеше ,мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр және білімдеріңді де байқап көрейін.



  1. Мына жерде үш шар бар ошы шарлардың ішінде сұрақтар жасырылған кім -шарды тез жарып сұраққа жауап береді екен.Жылдамдық пен ептілік керек.

  2. Әріптерден Көктем сөзін құрастырамыз

  3. Анама қоңырау шаламын ойыны

  4. -АллоИя, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сыйлық тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен сыйлаңдар. Сау болыңдар.

-Тәрбиеші:Ал, балалар енді біз аяулы аналарымызға арнап өлең жолдарын айтып берейік.
7. Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.

8. Аналарды сүйеміз


Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

9. Бөбегіңнің сыйлығын,


Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.

10. Әр сөзіңді жаттаған,


Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам

11. Айтсаң болды тіл алам.


Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда.

Тәрбиеші:Қане, біздің жігіттер «Аспазшы »биін билеп берсін.


Еркінбек Айсараның орындауында « Испан »биі.
Келесі кезекті сұлу қыздарымыздың «Гүлдер»биіне берейік.
Тоқтарбай Аяулым:« Әнші болу арманым»

Құрметті аналар,әжелер және қонақтар осымен біздің «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы»атты мерекесі аяқталды.Ақ жаулықты әжелеріміз ауырмасын.Аналарымыздың денсаулықтары мықты болып,әрқащан жүздерінен күлкі кетпесін.Қыздарымыз көктемдей құлпырып жүре берсін. Сау болыңыздар.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет