Қорытындыда дипломдық жобаның нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар беріліпті



Дата05.05.2023
өлшемі31,5 Kb.
#90645
түріБілім беру бағдарламасы

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті, Педагогика, бизнес және құқық инситутының «6В01101- Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқу бөлімінің 4 курс 4 жылдық студенттері Тұрcынбай Г.С., Аканова М.А., Әбдеш А.А., Бәжікбаева Б.Т. «Мектепте сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының маңызы» тақырыбына жазылған диплом жобасына ғылыми жетекшіден
ПІКІР
Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Қазіргі заманда дамытудың нақты, бағыты, жүйеленген әдістемелері жасалып, психологиялық қолайлы жағдайлар тудырып отырса, кез келген ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала алады. Ал дарынды ұрпақ – елдің ертеңі екенін, оқушы жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін бала қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден шығармайық.
Студенттер дипломдық жобаның мақсатын: Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Дипломдқық жобада студенттер өздеріне нақты белгіленген жоспар бойынша жұмыс көлемін анықтап, өздеріне жүктелген міндеттер үрдісінен шыға алғандығы байқалады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Мектепте сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының маңызы жүзеге асырудың педагогикалық шарттарына сәйкес оқыту тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық аспектілері анықталып, мектепте сынып жетекшісінің негізгі жұмыс мазмұнын ескере отырып, сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделері және олардың жеке басының ерекшеліктері туралы ой-пікірлердің заңдылықтары жөнінде философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар негізге алынып, олардың қазіргі жағдайдағы қолдану ерекшеліктері пайдаланған.
Қорытындыда дипломдық жобаның нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар беріліпті.
Жобаны ісе асыру екі кезеңмен берілген және әр кезең бойынша атқарылатын жұмытардың көлемі нақты берілген. Жоба кезеңдері бойынша жоспарланған жұмыстар толығымен жүзеге асырылып, уақытында аяқталған.
Жалпы алғанда студенттер өздерінің алып отырған зерттеу тақырыбын толық түсінген және осы тұрғыдан көп ізденістер жасағанығы байқалады. Бұл дипломшылардың кәсіби дайындығының өз деңгейінде екендігін көрсетеді.
Жұмыс толығымен аяқталған. Сондықтан аталмыш студенттер
Г.С. Тұрcынбай, М.А. Аканова, А.А.Әбдеш, Б.Т.Бәжікбаеваның «Мектепте сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының маңызы» тақырыбындағы диплом жобасы зерттеу жұмысына қойылатын талаптарға сай дайындалғанын ескеріп, аяқталған жұмыс ретінде оны қорғауға болады деген пікірдемін.



«Педагогика, психология және
әлеуметтік- гуманитарлық пәндер»
кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Каракулова К.Ж.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет