Қоршаған ортаны ықтимал биологиялық ластану көздерінен қopғay



Дата21.12.2023
өлшемі48,15 Kb.
#142058

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Баяндама
Тақырыбы:" Қоршаған ортаны ықтимал биологиялық ластану көздерінен қopғay"


Орындаған: Аширова Алуа


Тобы: ТФП 21-016
Тексерген: Әбіл Ақерке






Алматы-2023


Беттердің тазалығына және белгілі бір операцияларға жарамдылығына қойылатын
талаптар;
Беттерді тазалау процедуралары;
Материалдың қасиеттері;
Өзара әрекеттесетін қысқыш күштерге немесе көбінесе уақыт пен процеске тәуелді
өндірістік процестерге сілтемелер;
Жіктеу мен тестілеудің статистикалық әдістерін таңдау және қолдану;
Бөлшектердің электростатикалық заряды, иондық зарядтары, микробиологиялық
жағдайы және т.б. басқа мүмкіндіктер сияқты.
Қоршаған ортаның ластануы[1] – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

Адамның тіршілігінде қоршаған ортаның ластануы ерекше орын алады. Бір немесе бірнеше ластаушы заттар немесе олардың қоспалары белгілі бір мөлшерде қоршаған ортаға түсіп және ұзақ сақталса,ол адамға,жануарға,өсімдіктерге үлкен қауіп туғызады.
Қоршаған ортаның ластануы ластаушы заттардың көзі мен олармен байланысты факторлардың әсерінен болады. Жалпы, қоршаған орта екі түрлі жолмен ластанады: табиғи және антропогенді.
Табиғи ластаушы заттардың көзі болып табылады:
 Космохимиялық (фотохимиялық процестер,шаңды борандар немесе желдер)
 Вулкандық құбылыстар
 Геохимиялық процестер(жердің беткі қабатындағы Озон,SO2,ауыр металдар,H2S,NO2,CO,табиғи радиациялық фон,полициклді ароматикалық көмірсулар-табиғи концарогенді заттардың көзі ретінде,ормандағы өрттер және т.б.)
 Биотикалық процестер(гуминді заттар, өзендердің табиғи эвтрофикациясы).
Өзендердің эфтрофикациясы кезінде болатын табиғи биологиялық процестер әсерінен токсинді заттар қоршаған ортаға түседі. Сонымен қатар, қоректік заттардың көбеюінен (немесе мөлшерінің артуынан) суқоймаларда тозуы байқалады,цианобактериялардың өсуі күшейеді, судағы еріген оттегінің түсу және пайдалану кезіндегі балансы бұзылады,осының салдарынан суқойманың түбінде тотықсыздандырғыш анаэробты жағдай түзіледі.
Цианобактериялардың шектен тыс бөлінуі әрі қарай токсин бөлінуімен жалғасуы мүмкін. Зең саңырауқұлақтардың токсиндері қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Алкалоидтар мен басқада қосылыстардың да консерогендік және токсикалық әсері бар. Споралы саңырауқұлақтық микотоксині-алкалоидтар және Asperdillus niger зең саңырауқұлағынан түзілетін Bi афлатоксині дәнді-дақылдардың паразиттері болып табылады. Микотоксиндер қоректік тізбек бойынша айналады, сонымен қатар, ластаушылар ретінде микотоксиндер емес, олардың өнімдері болады,яғни топырақта таралған өнімдері: жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырында активті түрінде және спора түрінде кездеседі.
Жемнің құрамында микотоксиндер көп болғанда, жануар мен құстардың организміне түсіп,сүт,ет және басқада азық-түлік өнімдерін ластауы мүмкін.
Ауыр металдардың экожүйеге түсуінің бір себебе,табиғи биологиялық процестер болып табылады. Мысалы,сынаптың түсуі, микробиологиялық процестер кезінде белгілі бөлігі атмосферада ұшқыш органикалық қосылыс формасында болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет