Өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібі Әрбір азамат өртті немесе оның жану белгілерін (түтінді, күйік иісін, температураның жоғарылауын т.б.) байқаған кезде:
1) өрт туралы бірден телефон арқылы өртке қарсы қызметке хабарлауға (бұл ретте объектінің мекен-жайын, өрт болған орынды, сондай-ақ өзінің аты-жөнін хабарлауы қажет);
2) адамдарды көшіру, өртті сөндіру және материалдық құндылықтарды сақтау жөнінде шаралар қолдануы тиіс.
Мүлікке иелік етуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті тұлғалар, ұйым басшылары мен лауазымды тұлғалар, белгіленген тәртіппен өрт қауіпсіздігі үшін жауапты болып тағайындалған тұлғалар өрт орнына келгенде:
1) өрт туралы өрт сөндіру қызметі органына хабарлап, басшылықты, диспетчерлер мен объектінің жауапты кезекшісін хабардар етуі;
2) адамдар өміріне қауіп төнген жағдайда шұғыл түрде қолда бар мәліметтер мен құжаттарды тапсыруы;
10) болған өрттер, өртке қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдарының жарамсыздығы туралы, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгерістері туралы өртке қарсы қызметіне дереу хабарлауы тиіс.
Заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушілер) тиісті техникалық құжаттарда осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өрт қауіпсіздігінің көрсеткіштерін, сондай-ақ оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын көрсетеді.
Барлық өндірістік, әкімшілік, қойма мен қосалқы үй-жайларда телефондардың жанында өртке қарсы қызметті шақыратын телефон номері көрсетілген кесте ілінеді.
Әрбір ұйымда бұйрықпен (нұсқаумен) олардың өрт қауіптілігінің тиісті өртке қарсы тәртібі орнатылады, оның ішінде:
1) ашық отты пайдалану тәртібі мен қауіпсіздік шаралары анықталады;
2) темекі шегуге арналған орындар анықталады және жабдықталады;
3) өрт сөндіру автокөліктерінің объектіге өту тәртібі анықталады;
4) үй-жайларда бір мезгілде сақталатын шикізат пен толық және жартылай дайын өнімдердің орны мен саны анықталады;
5) жанармай қалдықтары мен тозаңдарды тазалау, майлы арнайы киімдердің сақталу тәртібі белгіленеді;
6) өрт болған жағдайда және жұмыс күнінің соңында электр жабдықтарын ток көзінен ажырату тәртібі анықталады;
7) уақытша отты және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізудің тәртібі белгіленеді;
8) жұмыс аяқталғаннан кейін бөлмелерді тексеру және жабу тәртібі белгіленеді;
9) өрт кездегі жұмысшылардың іс-қимылдары белгіленеді;
10) мамандықтар (лауазымдар) тізбесі, өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимумы бойынша сабақтар өткізудің мерзімі мен тәртібі анықталады, сондай-ақ оны өткізуге жауаптылар тағайындалады.
Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқауларға қойылатын талаптарға сәйкес ( 1-қосымша ) әр объектіде әрбір өрт жарылыс қаупі және өрт қаупі бар учаскелерге (шеберханаларға, цехтарға) арналған өрт қауіпсіздігі талаптарына сай нұсқаулар әзірленеді.
10. Бір мезгілде оннан астам адам болатын ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) өрт болған жағдайда адамдарды көшіру жоспарлары (кестелері) әзірленіп, көрнекті жерге ілінеді, сондай-ақ адамдарды өрт туралы құлақтандыру жүйесі (қондырғысы) қарастырылады.
Адамдар жаппай жиналатын объектілер адамдар тұрақты немесе уақытша келетін бір немесе бірнеше үй-жайлары бар (авариялық жағдайлардан басқа) 1 м 2 орынға бір адамнан артық келетін алаңы 50 м 2 және одан да көп объектілер болып табылады.
Адамдар жаппай жиналатын объектілерде өрт болған жағдайда адамдарды қауіпсіз және жылдам көшіруді қамтамасыз ету бойынша қызметкердің іс-әрекеттерін анықтайтын адамдарды көшірудің үлгі жоспарына қосымша нұсқау әзірленуі қажет, әр жарты жылда кемінде бір рет адамдарды көшіруге жұмылдырылған барлық жұмысшылармен тәжірибелік жаттығулар өткізілуі тиіс.
Адамдар түнде жиналатын объектілер үшін (балабақшалар, мектеп-интернаттар, ауруханалар) нұсқауда іс-әрекеттің екі түрі қарастырылады: күндізгі және түнгі уақыт. Аталған объектілердің басшылары күн сайын өртке қарсы қызметі белгілеген уақытта өрт сөндіру бөліміне өртке шығу ауданында орналасқан объектілер мен әр объектідегі адамдардың саны туралы ақпаратты хабарлайды.
Ұйым жұмысшылары, сондай-ақ азаматтар:
1) өрт болған жағдайда өртке қарсы қызметі бөлімшесіне хабарлауы және адамдарды, мүліктерді құтқаруға қажетті шараларды қолдануы және өртті жоюы;
2) газ құралдарын, тұрмыстық химия заттарын пайдалану, тез тұтанғыш (бұдан әрі - ТТС) және жанғыш сұйықтықтармен (бұдан әрі - ЖС), басқа да өртке қатысты қауіпті заттармен, материалдармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде сақтану шараларын орындауы тиіс.
Адамдар жаппай қатысатын шараларды (кештер, би кештері, жаңа жыл шыршасының жанындағы салтанатты мереке, ойын-сауықтар) ұйымдастырушылар іс-шаралар басталмас бұрын бөлмелерді мұқият қарап, олардың өрт қауіпсіздігіне толықтай сай екендігіне көз жеткізеді.
Ұйым басшылары қауіпті (жарылыс қаупі бар) тез әсер ететін улы заттар қолданылатын, өңделетін және сақталатын аумақтар мен осы кәсіпорындарда өрт сөндіруге жұмылдырылатын жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алғашқы кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті мәліметтерді өртке қарсы қызметі бөлімшелеріне хабарлайды.