9 ДӘріс кәсіпкерлік қҰҚЫҚТАҒы жауапкершілік



бет1/4
Дата02.04.2023
өлшемі23,96 Kb.
#78396
түріҚұрамы
  1   2   3   4

9 ДӘРІС


КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК



  1. Құқықтық жауаптылықтын ұғымы, белгілері, мақсаттары

  2. Құқықтық жауаптылықтын түрлері

  3. Құқықтық жауаптылықтын негіздері. Құқықбұзушылықтын құрамы.



1 Құқық ұғымы мен белгілері
Біріншіден заң ғылымында «құқық”ресми түрде танылған жәке және заңды түлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, адам өмір сүруге, еңбек етуге, кәсіпкерлікпен шығылдануға құқығы бар. Заңды түлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъективтік (тұлғалар) құқық- тұлғалардын мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мұмкіндіктері.Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен қейін азамат оқұ орнының ішқі тәртібіне бағынуға, оқұ бағдарламасың орындауға міндетті.
Екіншіден «құқық” дегеніміз нормативтіқ құқықтық ақтілерде белгіленген нормаларың жиынтығы. Бұл объективтіқ мағынадағы құқық себебі олардың жасалуы жәке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтық мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады.
Үшіншіден, «құқық” термині оқу пәннін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, қылмыстық құқық, енбеқ құқығы.
Құқықтын жалпы әлеуметтіқ мәнің мойындай отырып оған мынандай анықтама беруге болады.
Құқық (объективтіқ тұргыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қүшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, занда және басқа да ресми қүжаттарда анықталган құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.
Жалпы алғанда құқық дегеніміз – мемлекет белгілеп мақулдаған жалпыға міндетті мінез-құліқ ережелерінін (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі онын нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.
Құқық дегеніміз - адамдардың жүріс-тұрыстарын реттеу мақсатында мемлекет тарапынан қабылданып, орындалуын мемлекеттің өзі қадағалап отыратын барлық заңдар мен өзге де нормативтік актілердің жиынтығы.
Құқықтың өмір сүруін, жасалуы мен өзгеріске ұшырауын тануға бағытталған мемлекет еркінің көрінісін құқықтың қайнар-көздері деп түсінеміз.
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп,
тиянақталған онын түпқазық бастауларында, негізгі қағидаларында ашылады. Оларға жататындар: саяси биліқтың халықтың атынан жүзеге асуы, меңшіқтың дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі; демократизм, интернационализм, гуманизм.
Құқықтың белгілері:
1 нормативтіқ сипаты; 2 жүйелігі; 3 формальды анықтылық;
4 мемлекеттің қушіне сүйенуі; 5 адамдардың еркін білдіруі
Құқықтың өзіне тән мынандай белгілері бар:
1. Кұкық мемлекет тарапынан норма ретінде бекітіледі және өзгертіледі.
2. Құкық қоғамдық катынастарға түскен барлық субъектілерге қатысты тең қолданылады.
3. Құқық формальды - айқын болып сипатталады, яғни мемлекет тарапынан мойындалып, нормативтік-құқықтық кесім, сот прецеденті және бекітілген әдет-ғұрып формалары арқылы қоғамдық катынастарды реттейді.
4. Құқық бүкіл халықтың, ұлттардың, партиялардың, әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың еріктерін білдіреді.
5. Құқық өзінің ішкі құрылымымен, жеке салалар мен институттарға бөліну арқылы бір-бірімен үйлесімді сипаттағы жүйені құрайды.
6. Құқық мемлекеттің күшімен камтамасыз етіледі. Мемлекет басқару,билік жүргізу барысында құқықтық қатынастарға түскен субъектілер құқық нормалары бекіткен мінез-құлықтарды өз еріктерімен орындамаған жағдайда, күш қолдану арқылы оларды мәжбүрлей алады.
7. Құқық жүйесі дегеніміз - нақты бір мемлекетте қалыптасқан құқықтық актілердің реттеу объектісіне байланысты топтастырылып, құқық саласынан, институтынан және нормасынан құралған жүйе.
Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мұліқтіқ және мұліқтіқ емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құқық саласы - сипатына қарай ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін
құқық нормаларының үлкен тобы. Құқық салалары конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, отбасы құқығы, қаржылық құқық, еңбек құқығы және т.б. болып бөлінеді.
Құқық институты - нақты бір құқық саласы құрамында біртекті қоғамдық
қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының тобы. Құқық институты сайлау институты, меншік институты, мұрагерік институты және т.б. болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет