Сессия 2022 Физиология
Орташа деңгейлі емтихан сұрақтары
Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттері .
Қозғыш ұлпа қозғанда , оның физиологиялық қасиеті – қозғыштығы өзгереді , клеткалардың мембраналық потенциалы әрекет потенциалына айналады . Әрекет потенциалы қозу процесінің белгісі . Ткань қозғанда заттардың алмасуы әлде қайда күшейеді , яғни жылу шығару артады , қимыл әрекеттер артады . Мысалы , ет ткані қозу салдарынан ширығып жиырылады . Сондай-ақ қозған клетканың протоплазмасы золь қалпынан гельге айналады , протоплазмасының тұтқырлығы өзгереді , миофибрилдердегі актин протофибрилдері миозин протофибрилдерінің арасынан өтіп , ет талшықтары қысқарады , оның көлденең жолақтығы жоғалады . Қозған ткань өзіне тән қызметін атқара бастайды : ет ткань жиырылады , ширығады , жүйке қозу процесін өткізеді , бездер сөл шығарады . Сонымен , қозатын тканьдердің тітіркендіруге жауап беру қабілеті – қозғыштық , ал оның жауабы қозу процесі .
Мебраналық потенциал , оның шамасы .
Мебраналық потенциал – протоплазма потенциалы мен клетканың сыртындағы потенциал арасындағы айырмашылық . Мембрананың сыртқы беті әдетте оң , ал ішкі беті теріс зарядталған . Тірі клетканың қай қайсысында болса да мембраналық потенциал болады . Қаңқа еті кейбір жүйке талшықтарының мембраналық потенциал шамасы 80-90 мв .
Бұлшықеттер жіктелуі .
Адам ағзасында бұлшықеттер - көлденең жолақты қаңқа , бірыңғай салалы бұлшықеттер , көлденең жолақты жүрек б.е.. Еттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті - жиырылып , жазылу . Жүрек еті мен кейбір бірыңғай салалы , яғни ішек , лимфа тамыры қабырғаларындағы еттердің автоматиялық қасиеті де бар . Қаңқа еттерінің мұндай қасиеті жоқ . Ол орталық жүйке жүйесінің әсерінсіз жиырылмайды .
Қаңқа және бірыңғай салалы ет қызметтері
Қаңқа - бұлшықеттің бұл түрі оның әрбір жасушасының (бұлшықет талшықтарының) айналасындағыларды электрлік оқшаулайтын дәнекер ұлпамен қоршалғандығымен сипатталады. Осы себепті әр бұлшықет талшығы жүйке жүйесінің ерікті бақылауында болатын жүйке талшығымен жүйкеленуі керек. Бір жүйке талшығымен иннервирленген бұлшықет талшықтарының жиынтығы «қозғалтқыш бірлігі» деп аталады және бұл бөлім оның жүйке талшығының тітіркенуіне үйлесімді түрде жауап береді . Сондықтан қаңқа б.е. механикалық қызмет атқарады . Бірыңғай салалы б.е. теріде , сөл мен несеп түтіктерінің , қан мен лимфа тамрыларының , өкпе , кеңірдек , жыныс ағзаларының қабырғалары арасында орналасқан . Бұл ет аталған қуысты ағзалар мен түтіктерін кеңейтіп тарылтады да бүкіл ішкі ағзалардың қызметіне әсер етеді .
Бұлшық ет жиырылу түрлері . Бұлшық ет қажуы .
Жиырылған сәтте ет қысқарып тонусы . тонусы күшейсе – ауксотониялық жиырылу , қысқарғанмен тонусы өзгермесе – изотониялық , ал ет қысқармай тек қатаятын болса (тонусы жоғарыласа) изометриялық жиырылу деп аталады .
Бұлшық ет қажуы - бұл , етті ұзақ уақыт тітіркендіріп отырса , ол қажиды , ол біртіндеп жиырылу қабілеті төмендеп ақыры мүлдем жауап бермей қояды . Алайда , бұл уақытша құбылыс , яғни біраз уақыт үзіліс жасап тынықтырса , ет қайтадан жиырыла бастайды . Еттің қажуын жазып алуға болады , ол эргограмма деп аталады .
Қозудың нерв арқылы берілуінің негізгі заңдылықтары .
Қозу процесінің жүйке бойымен таралуы ерекшеліктерін қозуды өткізу заңдары деп айтамыз . Олар нерв талшықтарының морфологиялық және физиологиялық бүтіндік заңы , қозуды екі жақты өткізіу , қозуды жеке өткізу заңдары . Морфологиялық бүтіндік заңы бойынша - нервті созса , қысып жаншыса , кессе морфологиялық құрылысы зақымданып және қозуды өткізбейді . Физиологиялық бүтіндік - кейбір ұйықтататын , есірткі заттар ( новокаин , кокаин , хлороформ эфирі т.б. ) әсер етсе қозуды уақытша өткізбейді . Екі жақа өткізу заңы -
Достарыңызбен бөлісу: |