Жылу жылу алмасу процесінің энергетикалық сипаттамасы, дененің жылу алмасу проесінде өзінен бөлетін немесе қабылдайтын көлемімен анықталады Жылу дегеніміз энергияның бір түрі емес, ол энергияның берілу тәсілі. Денеі бір күйден екінші күйге көшіру үшін оған белгілі бір жылу мөлшері қажет. Жылудың энергиядан өзгешілігі ол дене күйінің функциясы бола алмайды. Жылу дене күйінің өзгеру процесіне байланысты. Денеге энергия жылу түрінде берілгенде, денені құрайтын бөлшектердің энергиясы, яғни ішкі энергиясы артады.
Жылу алмасудың 3 түрі бар. Олар:
Конвекция
Тұрмыста және техникада кеңінен қоладанылатын табиғи конвекция жеткіліксіз болғанда, еріксіз конвекцияны пайдаланады
Энергия бір денеден екінші денеге жанасқанда немесе оның бір бөлігінен екінші бөлігіне берілетін жылу алмасу түрі.
Жылу өткізгіштікко эффициенті - жылуөткізгіштік көрсеткіші жылуөткізгіштік коэффициенті болып табылады. λ жылу өткізгіштік коэффициенті материалдың табиғатына, оның құрылымына, кеуектілігіне және ылғалдылығына байланысты. Кристалды құрылымы бар материал әдетте аморфты құрылымы бар материалмен салыстырғанда жылу өткізгіштікке ие. Ламинатталған (ламинирленген пластмассалар) және талшықты (ағаш) материалдардың жылу өткізгіштік коэффициенті қабаттарға немесе талшықтарға қатысты жылу ағынының бағытына айтарлықтай байланысты.
Біртекті материалдардың орташа тығыздығы төмендеген сайын коэффициент төмендейді, ал кеуектілігі дамыған және ылғалдылығы төмен материалдар ең төменгі жылу өткізгіштікке ие. Материал ылғалданған кезде оның жылу өткізгіштігі артады, өйткені судың жылу өткізгіштік коэффициенті ауаға қарағанда шамамен 25 есе көп.
Жылу өткізгіштік - дененің әртүрлі бөліктері арасындағы температура айырмашылығына байланысты жылудың молекулалық тасымалдануы.
Сәулелену
Жылулық сәулелену-дене бөлшектері, жылулық қозғалыстарының сәулелену энергиясына түрленуінің салдарынан пайда болатын электромагниттік сәулелену.Сәуле шығарудың ең қарапайым және көп тараған түрі-жылулық сәуле шығару.Жылулық сәуленің спектрі тұтас спектр болады, әрі оның ең үлкен (максимум) мәндері заттың температурасына тәуелді. Заттың температурасы жоғарылаған сайын жылулық сәуленің энергиясы арта бастайды, ал оның үлкен мәндері толқын ұзындығы кіші аймаққа қарай ауысады.
Сәулелену-оттан шыққан жылу адамға энергияны сәулелену арқылы беріледі, өйткені ауаның жылу өткізгіштігі төмен және конвенциялық ағындар жоғары бағытталған