Өсімдіктер систематикасы Оқу құралы


Зере  -   Humulus  lupulus



жүктеу 3.47 Mb.
Pdf просмотр
бет9/12
Дата15.03.2017
өлшемі3.47 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

62

Зере  -   Humulus  lupulus. 
Екіжылдық  шөптесін  есімдіктер.  Тұкымында 
эфир  майы  болады.  Нан  пісіру  жэне  арақ  өндірісінде  шикізат  ретінде 
колданылады.
Анис  -   Pimpinella  anisum 
шөптесін  өсімдік.  кұрамында  эфир  майы 
болады,  нан  пісіруде,  арак  өндірісінде  пайдаланылады.  Сонымен  катар,  анис 
тамшылары  медицинада  кеңінен  пайдаланылады.  Бұлардан  баска  келесі  түрлер 
белгілі:  кориандр,  акжелкен,  балдыркөк.
Улы өсімдіктер:
Улы  утамыр  (цикута)  -   Cicuta  virosa 
көпжылдык,  биік  (80-150см) 
шөптесін  өсімдік.  Гүлдері  ак  тусті.  Тамырсабағында  улы  алколоидтар 
жиналады. Үй  жануарларынын улануы  байкалады.
Тецбіл  убалдырған  -   Conium  maculatum. 
Екіжылдык  биік  шөптесін 
өсімдік (60-180). Құрамы нда алкалоид  кониин болады.
Көкбасшөп -  Eryngium  Planum. 
Көпжылдык  өсімдік,  гүлдері  шокпарбас 
гүлшоғырына  жиналған.  Солтүстік  Каспийде  сирек  кездесетін  туыстары: 
триния,  ферула, борщевик.
Бакылау сүрактары:
1.  Ж абы к тұкымды өсімдіктердін жалпы  сипаттамасы.
2.  Гулдің  кұрылысы  жэне  шығу  тегі.
3.  Тозаңдану, ұрыктану жэне түкымнын  пайда болуы.  Қосарлы ұрыктану.
4.  А ш ы к тұкымдылар  мен  жабыктұкымдылардың айырмашылыгы.
5.  Гүлді  өсімдіктерді  жүйелеу  принципі.
6.  Д ара -  жэне косжарнакты  өсімдіктердін салыстырмалы  сипаттамасы.
7.  Сарғалдактар  тұкымдасынын  морфологиялык  ерекшелігі. 
тіршілік 
формалары, таралуы. манызы.
8.  Көкнэрлар түкымдасының ұйымдасу  ерекшелігі, экологиясы, маңызы.
9.  Раушангүлділердің 
морфологиясы,  тіршілік  формалары.  экологиясы. 
маңызы.
I О.Бұршак  түкымдастарының  тіршілік  формалары,  морфологиясы  таралуы. 
негізгі  өкілдері.
П .Бұрш ак 
тұкымдасының 
табигатта, 
адам 
өмірінде. 
ауыл 
шаруашылыгындагы  манызы.
12.  Ш атыргүлдердің 
тіршілік  формалары.  таралуы,  морфологиясы  жэне 
кандай  практикалык манызы.
13.  Осы  түкымдастар эволюциясының ерекшелігі.
14.  БҚО-да  сирек  кездесетін  жэне  ҚР  Қызыл  кітабына  енген  турлер.  оларды 
сақтау, қоргау  жолдары.
Орталык түкымды  катар -  Centrospermae
О рталы к  тұқымды  қатарда  шөптесін  өсімдіктер  басым  болады.  Гүлдері 
әртүрлі, 
косжынысты, 
жогаргы 
жатын,  түкым 
бүрлері 
майыскан. 
екі 
интигументтен  тұрады.
63

Шамамен  150 -д е й   туысы  1600-ден  астам  түрі  белгілі,  ал  Қазакстанда 225 
түрі,  Батыс  Қазакстанда  27  туысы,  122  түрі  кездеседі.  Біржылдык,  көпжылдык 
шөптесін  өсімдіктер,  бүталар  мен  сирек  ағаштар  (сексеуіл). 
Ж ер  шарының 
барлык  бөлігінде  таралған,  баска  өсімдіктер  нашар  өсетін,  күрғак  жэне  тұзды 
топырақты  аймактарда (жарталай  шөлейітті,  шөлейітті)  кездеседі.  Жапырағы 
жай,  кезектесіп,  сирек  карама-карсы  орналасады.  Кейде  жапырағы  кылтанға 
айналады,  немесе  редукцияға  ұшырайды,  сондыктаи  фотосинтез  процесін 
сабағы  аткарады.  Гүлдері  үсак.  көріксіз,  күңгірт,  жасыл  немесе  сары  реңді, 
актиноморфты,  масақ  немесе  сыпырткы  гүлшоғырына  жиналған.  Жел  аркылы 
тозанданады.  Гүлсерігі  жэй,  тостағанш а  жапырактары  -  5,  аталығы 
-  5, 
аналығы  -   1  .  Ж атыны  жоғары  немесе  жартылай  төмен  орналаскан  (мыс. 
кызылша). Жемісі -  жаңғакша,  тұ к ы м ш а.
Қызылша  туысы  -  Beta.  13 
жабайы  жэне  мэдени  түрлері  бар.  Ж абайы 
түрлері  Алдынғы  Азияда,  Иранда,  Кіші  Азияда,  Кавказ  елдерінде,  Ж ерорта 
теңіз  жағалауында таралған.
Кәдімгі 
кызылша  (D.vulqaris) 
екі  жы лдық  өсімдік. 
Бірінші  жылы 
тамыржеміс 
жэне 
жертаған 
жапырактар 
дамиды, 
ал 
екінші 
жылы 
тамыржемістен  сабак, оның басында  гүлшоғыры  түзіледі.  Қызылшаны  кант алу 
үшін,  көкөніс жэне  мал азығы ретінде өсіреді.
Қант  кызылшасы  XVIII  ғасырдың  аягынан  бастап  танымал  болды.  1800 
жылы  Ресейде  алғашкы  кант  зауыты  салынды  (Тула  облысында).  Алғашкы 
іріктемелерінің  кұрамында  5-6%  сахароза  болды,  ал  қазіргі  іріктемелер 
кұрамындагы  сахароза  18-20  %-  дан  астам.  Ең  көп  кызылш а  өсірілетін  аудан  -  
Украина,  сонымен  катар  Дон  бойы,  Кавказ,  Орталык  Азия,  Қиыр  Ш ығыс 
аудандары,  Қазақстанда -  оңтүстік  аймақта өсіріледі.  Қызылшаның  мал  азык 
ретінде де маңызы зор.
Алабүта туысы -  Chenopodium 
250 түрі  белгілі,  Қазақстанда -  20  түрі, 
кездеседі.  Ш өптесін  өсімдік,  сирек  бұталар.  Түқымы  ақуызға,  крахмалға  жэне 
майға  бай.  А ш тық  жылдары  Ак  алабұтаны  тамакка  пайдаланды.  Құрғак, 
топырағы тұзды  аймактарда мал азығы ретінде кұнды өсімдік.
Соран  туысы  -  Salsola 
біржылдық,  көпжылдық  шөптесін  өсімдік,  жартылай 
бұталар  жэне  бұталар.  Түзды  топыракты  шел  жэне  шөлейіттерде,  сорларда 
таралған  -   галофиттер.  Құм  токтаткыш   түрлері  д а  бар:  Рихтер  сораңы,  курай, 
каңбак, бүйірген,  черкез,  бор бұйырғыны.  Құнды  азы қты қтүр  -  изен.
Сексеуіл  туысы  -   Haloxylon. 
Шөлді  аймакта  өсетін 
кабыршакты, 
жапыраксыз  ағаштар(  биіктігі  -4-5  м).  Ж апырақш алар  тек  жас  өркендерінде 
ғана  болады.  Сүрегі 
тығыз,  судан  ауыр,  жаксы  жанады. 
Қаракұм, 
Қы зылкүмдарда 
ак  сексеуіл  , 
Қазакстанның  онтүстігінде  жэне  Орталык 
А зияда  кара  сексеуіл 
ну  орман  түзеді.  Отын  ретінде  ж эне 
күм 
токтатуда 
маңызды. 
Солтүстік  Каспийде  кездесетін  сирек  түрлері  :  A nabasis  cretacea, 
Silene  suffrutesns,  Sueda dendroides  .
А л а б ұ г а л а р  т ү к ы м д а сы  -  C h en op od iaceae
64

Б Қ О -ны ң 
шөлейтті  жерлерінде  кездесетін 
өсімдіктер  -   боз  есен. 
караматау, к ар а м а -к ар с ы   жапыракты  бозсораң,  соран.  итсегег,  бүйірғұн. бозала 
бута,  бузаубас, котыр  көкпек. сары  сазан.
Қалампырлар тұқымдасы -  Caryophyllaceae
Д үние  жүзінде  80  туыс,  шамамен  2  мың  түрі  белгілі.  Қазакстанда 215.  ал 
Батыс  Қазакстанда  15  туыс,  40  түр  тіркелген. 
Көпшілігі  біржылдык. 
көпжылдык  шөптесін  өсімдіктер,  жартылай  бұталар  мен  бүталар  сирек 
кездеседі.  Ш өлейітті,  таулы  аудандарға,  Сібірге,  тундраға  жастык  пішінді 
формалар  тэн.  Кейбір  жастыктардын  салмағы  150  кг-ға  жетеді.  Жапырактары 
жай,  бүтін.  таспалы  -   кандауыр  тэрізді,  карама-қарсы,  сирек 
кезектесіп 
орналасады.
Алабұталардан  айырмашылыгы  гүлдері  ашык  түсті.  косгүлсерікті. 
Тостаған  жапыракшалары 
-  5,  күлтежапыракшалары  -   5.  аталыгы  -10  (екі 
шенбер  кұрып  орналасады),  аналыгы  -   1 
(3,  5  бірігіп  өсіп 
кеткен 
жемісжапыракшаларынан  түрады).  Түйіні  жоғары  орналаскан. Жемісі  корапша.
Қалампыр  -   Dianthus 
(диос  -   кұдай,  антос  -   гүл,  сондыктан  күдай  гүлі 
деп  аталған).  Қалампыр  ағашы  гүлінің  иісіне үксас  болғандыктан  калампыр деп 
атаған  (ал  калампыр  ағашының  гүлдері  үсак  калампыр  гүдеріне  ұксас). 
Ж абайы  ж эне  мэдени  түрлері  де  кездеседі.  Қалампыр  -   революция  символы, 
белгісі.
Жулльпшөп  -  Stellaria. 
Біржылдык,  көпжылдык  шөптесін  өсімдік. 
Бірнеше 
түрлері 
бар. 
Ш алғында, 
далада 
жэне 
орманда 
кездеседі. 
Ж апырактарында кілігейлі  зат пайда болады.
Батыс  Қазакстан  облысында  Ж арык  дәрі  -   H em iaria  glabra,  Ж үлдызшоп- 
Stellaria, 
Қарамыкш а  -A qrostem m a,  Сылдыршөп  -   Silena,  Құмдакшөп  -  
Arenaria, 
канбак-  Gypsophila  ,  ал  Андрежевский  калампыры-Dianthus 
Andrejowskiana,  бор  сылдыршөбі  -   Silena  cretacea  сирек  кездесетін  өсімдіктер 
катарына жатады.
Кулкайырлар  катары -  Malvales
Күлкайырдың  арасында  ағаштар.  шөптесін  өсімдіктер  белгілі.  Ең  басты 
ерекшелігі:  тін  талшыктарының  түзілуі.
Күлкайырлар  түкымдасы -  Malvaceae
Д үние  жүзінде  80  туыс,  1500-1600 түр  белгілі.  Батыс  Қазакстанда 6  туыс. 
7 түр  тіркелген.
Тропикада агаш тектес  формалар  (ағаштар,  бұталар),  ал  коныржай  белдеуде 
шөптесін  өсімдіктер  кездеседі.  Ж апырактары  жай, 
саусак  салалы.  жапырак 
серіктері  болады,  кезектесіп  орналаскан.  Гүлдері  актиноморфты,  5  -   бөлікті. 
тостаған  жапыракш алары  -   5  (кейбір  түрлерінде  жапырак  серіктері  болады), 
күлтежапыракшалары  -  5,  аталығы  көп, бірігіп  өсіп түтікке  айналған. Аналығы
65

-   1  (3 ,5   жемісжапыракшаларынан  тұрады).  Туйіні  жоғары орналаскан.  Жемісі 
корапша  даратүкымды  жаңғак.  Қабығында,  сүрегінде 
және  тукымында  тін 
талшыктардын  болуы,  осы  тұқымдаска  тән  негізгі  белгілердін  бірі.  Осыған 
байланысты  көптеген мэдени талшыкты дакылдар шыккан.
М аңызды  өкілдері: 
мақта  -  Gossypium. 
Ж абайы  түрлері  бүта,  аласа 
ағаштар  болып  табылады,  тропиктерде,  субтропиктерде  кездеседі.  60-қа  жуык 
жабайы түрі белгілі.  Қоңыржай  белдеуде  тек  мэдени дақылдары өсіріледі.  Олар 
біржылдык  өсімдіктер.  Гүлдері  сары  түсті,  ірі,  әр  гүл  бір  күн  ғана  тұрады. 
Жемісі  -   қорапша,  тұкымдары  талшықты  жэне  өте  көп  (талшықтарының 
ұзындығы  20-дан  60  см-ге  дейін).  Әр  тұқымда  7  мыңға  дейін  талш ы к  болады. 
Талшыктары  сыдырылып  алынып,  тоқыма  талшығы  ретінде  колданылады. 
Талшыктары  мыкты, тез  боялады.  Тукымынан  мақта майын  алады.  Қазақстанда 
жэне О рталык Азияда кыскаталшыкты  іріктемелер  өсіріледі.
Бұйракендір  -   Abutilon  theophrasti. 
Біржылдык  өсімдік,  биіктігі  4  м-ге 
дейін  жетеді,  сабағы  тінді  талшыкты,  талшыктары  катты,  икемсіз  ,  одан  канат, 
аркан  жасайды.
Кенеп -   Hibiscus  cannabinus. 
Біржылдык  биік  өсімдік.  Құнды  талшыкты 
өсімдік  ретінде  Үндістанда  кеңінен  өсіріледі.  Талшыгы  жұмсак.  зығыр 
талшығына үксас.
Дәрілік  жалбызтікен  -   Althae  officinalis. 
Көпжылдык  шөптесін  өсімдік, 
өзен  жағалауында  өседі.  Тамары  жуан,  гүлдері  алкызыл  түсті.  Ж апырактары 
жүмсак мамыкты.  Қакырык түсіргіш  ретінде медицинада колданыска ие.
Құлкайыр  -  Malva. 
Бүл  шөптесін  жабайы  өсімдік 
Аш ык  кызыл  түсті 
гүлдері болады.
«Қытай  раушаны»  -   Hibiscus  rosachinensis. 
А ғаш тектес  өсімдік 
Оңтүстік-Ш ығыс  Азияда таралған.  Бұтатектес  түрлері  сэндік  м аксатта өсірілсе, 
кытай  раушаны -  бөлме өсімдігі  ретінде танымал.
Стеркулиялар түкымдаеы - Sterculaceae
Дүние  жүзінде  67  туыс,  1000  түр  кездеседі.  Ағаштар  немесе  бұталар 
тропикада таралған.
Шоколад  ағашы  -  Theobroma  cacao, 
(тео  —  күдай,  брам а  -   сусын). 
Кудайлар  сусыны  (шокалад,  май  алады).  Отаны  -   Солтүстік  Американын 
оңтүстігі  мен  Оңтүстік  Американың  солтүстігі.  Ж емісі  ағаштын  сабағында 
(каулифлория  күбылысы)дамиды.  Ж емістерінің  сырткы  пішіні  киярға  үксас. 
Әрбір  ж емісте  50-60  қызғылт  тұкымдары  5  катарда  орналаскан.  Бұл 
түкымдарды  «какао-бұршақтары» деп  атайды.  Бұл  тұқымдарда адамның жүйке 
жуйесіне  коздырғыш  ретінде  эсер  ететін  кофеинге  ұқсас  алкалоид  теобромин 
болады.Тукымды  кептіріп,  ұсактағаннан  кейін  какао  майын  жэне  үн  алады, 
оларды шоколад жасауда пайдаланады.
Баобабтар тұқымдасы -  Bombocaceae
30 туыс. 200 түрі  белгілі. Қүргақ саваннада өсетін  ағаштар.
Баобаб  -   Adansonia. 
А фрикалық  ағаш  (биіктігі  25  м,  ал  ені  9  м-ге 
жетеді). Гүддері  ірі,  ак түсті. Алып агаш.  5000 ж ы лға дейін  өмір сүреді.
66

Гүлдері  ipi,  аш ы қ реңді,  бес  типті,  аталыктардын  тозаңдары  бірігіп  өседі. 
Тұкым  бүрі  екі  кабатты.  Ш өптесін өсімдіктер.
Аскабактар тұкымдасы -  Cucurbitaceae
Дүние  жүзінде  90  туыс  1000-ға  жуы к  түрі  тіркелген. 
Біржылдык. 
екіжылдык  жэне  көпжылдык  шөптесін  өсімдіктер.  Аскабактар  тұкымдасы 
ылғалды  жэне  коңыржай  тропикада  (Азия.  Африка,  Америкада)  өседі. 
Сабақтары  жатаған,  көтеріңкі  өрмелегіш,  шырмалгыш.  Ж апырактары  саусак 
салалы,  кезектесіп  орналаскан. 
Гүлдері  актиноморфты,  5-бөлікті:  тостаған 
жапыракшалары  -   5,  күлтежапыракшалары  -  5,  аталығы 

(тозанкаптары 
бірігіп  өскен),  аналығы  біреу,  түйіні  төмен  орналаскан.  Жемісі  -   шырынды 
жидек тэрізді (ас к а б а к ,  кияр,  карбыз).
Қияр  -  Cucuniis. 
Біржылдык  шөптесін  өсімдік,  сабағы  жатаған. 
жапырактары  бес  бөлікті.  Гүлдері  даражынысты,  сары  түсті. 
Ж емісі  -  
ш ырынды  жидек тэрізді.  Жемісін  жасыл  куйінде  тағамга пайдаланады.  Отаны -  
Үндістан.
Қауын  -  Меіо. 
Біржылдык  шөптесін  өсімдік,  сабағы  жатаған.  Жемісінің 
кұрамында  14  % -ға дейін  сахароза болады.  Отаны -  Азия.
Қарбыз  -   Citrulus. 
Біржылдык  шөптесін  өсімдік.  Отаны  - 
Калахари 
шөлі.  Етті-шырынды  жемісінде  84-94  % су.  6 -1 1% кант болады.
Аскабак 

Cucurbita. 
Отаны -  Орталык Америка.  Жемісі  ірі  (салмағы  160 
кг-ға  дейін  барады),  жеуге  жарамды.  Бауыр  және  бүйрек  ауруларын  емдеуде 
колданылады.
Каперстар (кеуелдер) қатары -  Capparales
Каперстар  -   Саррагасеае 
катарына  4  тұкымдас  жатады,  ал  Батыс 
казакстанда  борлы тауларда Capparis  herbacea өте сирек кездеседі.
Шаршыгүлділер түкымдасы -  Brassicaceae, Cruciferae
Ірі  түқымдас 380  туысы, шамамен  3200 түрі  белгілі.  Батыс  Қазакстанда 49 
туыс,  104  түр  кездеседі.  Ш өптесін  өсімдіктер  мен  жартылай  бұталар.  Ж ер 
щарының  барлық  бөліктерінде,  әсіресе  коныржай  және  салкын  климатты 
аймақтарда  таралған.  Ж ерорта  тенізінде,  Азияда  кездесетін  бұл  тукымдастын 
өкілдерінің көпшілігі  эфемерлер -  ерте  гүлдейтіндер.
Ж апырактары  қарапайым,  түтас  немесе  терең  тілімделген.  кезектесіп 
орналаскан,  жапырақ  серіктері  болмайды,  көбіне  сабак  түбінде  шоктанып 
орналасады. 
Гүлсерігіндегі 
жапыракш алардың 
орналасуына 
байланысты 
Ш аршыгүлділер деп  аталған.  Гүлдері  актиноморфты  (ак.  алкызыл,  сары  түсті). 
кос  жынысты,  4-мүш елі  шашакгүл  немесе  сыпырткыгүл  гүлшоғыры  на 
жинақталған.  Тостаған  жапыракшалары  -   4,  күлтежапыракшалары  -   4.  бір-
А ск а б а к т а р   к атары  -  C u cu rb itae
67

біріне  карама-қарсы  шаршылай  орналасқан.  А талығы  -   6  (олардын  екеуі 
қыска),  жатыны  екі  ұялы.  жоғары  орналаскан.  Ж емісі  -   бүршаккап  немесе 
бұршаккын. 
Брассикация  деп  аталуы  ең  маңызды  өкілі  орамжапырак  -  
капустаға байланысты.  Ш аршыгүлділер  арасында көптеген  пайдалы  түрлер бар 
(көкөністер, майлы  дакылдар. азыктык, сәндік, техникалык дакылдар).
Орамжапырак  -   Brassica 
Ірі  туыс, 
50 
түрі  бар,  жабайы  түрлері  де 
кездеседі  (Ж ерорта теңізінде). П рактикалык маңызы зор.
Бакша  ормажапырағы  -  Brassica  oleraceae. 
Бұл  ежелгі  дакыл.  Отаны  -  
Ж ерорта  тенізі.  Аккауданды  орамжапырак  сиякты  өсіріледі.  Түздалған 
орамжапырактың  шырыны  бас  ауруын  басады.  Қүрамында 
Р  жэне  т.б. 
дэрумендер  бар.  Бүл  екіж ылдык  өсімдік.  Бірінші  жылы  каудан  -  кыскарған 
сабак  пайда  болады,  ал  сабактың  бойы нда  бір-біріне  тығыз  жанаскан  көптеген 
жапырактар 
орналасады.  Ал  екінші  жылы  кауданды  отырғызады,  одан  өз 
кезегінде сабак, гүл, жеміс  пайда болады.
Қызылқауданды  орамжапырак.  Салат  жасау  үшін қолданылады.
Түрлі-түсті  орамжапырақ.  Бұл  толык  дамымаған  түр,  гүлдері  ак  түсті 
гүлшоғырына жинакталган (тығыз, ірі  шоқпарбасты).
Кольраби  орамжапырағы.  Ж ерүсті,  шомырға ұксас  кызыл  сабағы  болады. 
Ж аңа,  пісірілген  күйінде тагамға пайдаланады.
Брюссель  орамжапырагы.  Сабағы  биік,  ал  оның  бойында,  жапырак 
колтығында үсақ (  мөлшері  алмадай)  бүршіктер  дамиды
Ж апыракты  орамжапырак.  Азыктык түр.
Шомыр  -  Brassica. 
Бұл  екіж ылдык  өсімдік,  сары  түсті  тамыржемісі  бар. 
Тамыр  жемісін  жас,  пісірілген 
күйінде  тағамға  пайдаланады. 
Ш омырдын 
біржылдык іріктемесі (турнепс) -  қүнды  азықтық түр болып табылады.
Ақ  қыша  (горчица)  -   Sinapis  alba. 
Құнды  майлы  өсімдік.  Тұкымының 
қүрамында 48%  май  болады.  Нан  пісіру  жэне  тамак өнеркәсібінде  қыша  майы 
кең  колданыска  ие.  Күнжарадан  (жмых)  кұрғак  қыш а алады,  мүны  ас дәмдегіш 
ж әне қыша кағаз жасауда колданылады.
Шалқан  -  Rhafanus. 
Біржылдык арамшөп  (жабайы  түрі), сонымен  катар 
мэдени дакыл ретінде де  маңызды.  Көкөніс ретінде колданылады.
Акжелкек  - Armoraceae. 
К өпжылдык шөптесін  өсімдік,  биіктігі 
1,5 
м-ге 
дейін, тамыры  жуан, етті,  ащы.  Түздау ж әне маринадтау үш ін дэмдегіш   ретінде 
колданылады. Ж абайы ж эне мэдени түрлері де бар.
БҚО-да Ш аршыгүлділер  түқымдасына жататын эфемерлерден  (вегетация 
дәуірі  кыска  жылма  -ж ы лғы   тірш ілік  циклі  тұкым  түзумен  аякталатын 
біржылдык  өсімдіктер)  шөл  жауылша,  шөңге  бас,  нәзік  сарботка,  София 
сарысалма, тасшыгүлдер  тіркелген.
Кәдімгі  беде  кышы 
-   Barbarea  vulgaris. 
Екіжылдык  өсімдік,  гүлдері 
сары  тусті.  Ж емісті  өте  көп  береді,  бір  өсімдіктен  10  мың  тұкым  таралады. 
Біздін облысымызда өте  сирек кездеседі.
Жүмыршақ 
-   Capsella  bursa  pastoris. 
Бұл  біржылдық,  екіжылдык 
шөптесін  өсімдік.  Бойы  аласа,  гүлдері  ак  түсті,  кең  қолданыска  ие.  Жемісі  - 
бұршаккын  малшының  сөмкесіне  үксас  болады.  Ж емісі  жэне  түқымы  өте көп  ,
68

бір  өсімдіктен  70  мың  тұкым  таралады.  Ж апырактарын  тагам  ретінде 
пайдалануға болады.
Егістік  кянатжеміс 
-   Thlaspi  arvense. 
Біржылдык,  ак  гулді  өсімдік. 
дөңгелек  бұршаккын жемістерінін канаты  болады.
Камелина  - арыш -  Camelina. 
Біржылдык, бұршаккыны  апмұртка уксас 
өсімдік (зығыр өсімдігін  закымдағыш).
Батыс  Қазакстан  облысында  кездесетін  өсімдіктер:  дескурения  -   шытырмак  . 
Сәндік  өсімдіктерден  левкой  мен  ымыртгүл  («түнгі  шегіргүл,  ночная  фиалка») 
таралған.  Боягыш  өсімдіктер  де  бар,  мысалы,  вайда  -  Isatis.  Эфемерлерден 
жауылша  мен  крупка  бар. 
Сирек  кездесетін  өсімдіктерден:  жуан  тамырлы 
раммотофил,  татар  катыраны,  Мейер  шытырмағы  олар  Қазакстанның  Қызыл 
кітабына  енгізілген. 
Солтүстік  Каспий  маңында  сирек  кездесетін  түрлері: 
Crambe aspera,  M atthiola fragrans.
Түтікшегүлділер  катары -  Tubiflorales
Осы  катарға 20-30  тұкымдастар  кіреді.  Гүлдері  алуантүрлі, түтікше  тэрізді. 
күлтесі  актиноморфты, аталығы 4-5, сирек -  2,  аналығы  ценокарпты.
Шытыр түкымдасы -  Boraginaceae
Ш ытыр  түкымдасының  100 
туысы,  2500  мыңға  жуык  түрі  белгілі. 
Ш өптесін  өсімдіктер,  тропиктерде  бүта  жэне  ағаштектес  формалары  да 
кездеседі.  Қатты түктермен  түктену  бұл түкымдаска тэн  белгі  болып  табылады. 
Гүлдері 
актиноморфты, 
зигоморфтылары 
сирек 
кездеседі. 
Тостаған 
жапырақшалары  -5,  күлтежапыракшалары  -   5,  аталыгы  -5,  аналығы-  біреу.  екі 
жемісжапыракшасынан  ту рады.  Түйіні  жоғары  орналаскан.  Гү'лшоғыры  -  бүйра 
гүл.  Ж апырактары  жай,  кезектесіп  орналаскан,  жапырак серіктері  жок.  Жемісі -  
бөлшекті, төртбөлікті  жаңғак.
Кейбір түрлерінің  (ботакез,  балшытыр)  тозаңданғаннан  кейін  гүлдері  түсін 
өзгертеді.(  Гүлдері  тозаңдануға дейін  алкызыл  болса,  тозақданғаннан  кейін  көк 
түсті).
Ботакөз  -  Myositis. 
Ш алгындык,  орман  жиегінің  өсімдігі,  дала 
аймағында сирек кездеседі.  Әдемі өсімдік, сэндік  максатта өсіріледі.
Кәріқыз  - липучка  -  Lappulen. 
Біржылдык  арамшөп,  түктенген,  түктері 
қатты. Ж емісі- тікенекті  ұсак жанғактар.
Ноннея  -   Nonnea. 
Қатты  түктермен  түктенген.  көпжылдык  шөптесін 
өсімдік. Гүлдері  кою  коныр түсті, осыдан  атауы  (ноннея -  монашенка)  шыккан.
Балшытыр  -   медуница  -  Pulmonaria. 
Бул  ерте  гүлдейтін.  орман 
зонасының  өсімдігі.  Емдік  касиеті  бар  (өкпе  ауруларына  карсы  пайдаланады). 
Өте жақсы балшырынды  өсімдік.
К в к б ас гү л  
-  
Echium. 
Көпжылдык 
шөптесін 
өсімдік. 
Гүлдері 
зигоморфты.
69

А л қ а л а р  т ұ қ ы м д а сы  -  S o la n a cea e
Дүние  жүзінде  алкалар  тукымдасының  90  туысы,  2900-ге  жуык  түрі 
белгілі.  Батыс  Қазакстанда  6  түрі,  4  туысы  кездеседі.  Ш өптесін  осімдіктер. 
бұталар,  тропикада  аласа  ағаштектес  формалары  д а  өседі.  Қоңыржай  және 
тропиктік 
белдеуде 
(әсіресе, 
Оңтүстік 
А мерикада) 
таралған. 
Гүлдері 
актиноморфты,  5-  бөлікті,  тек  меңдуананың  гүлдері  зигоморфты.  Ж емісі  -  
корапша  (кауашак)  немесе  жидек  .  Гүлшоғыры  -   бұйрагүл.  Ж апырактары  жай, 
бүтін,  кезектесіп,  кейбір  түрлерінің  жапырактары  карама-карсы  орналаскан. 
Ө сімдіктерінің  құрамында алкалоидтар болады.
Ең  манызды  өкілдері: 
Картоп  -   Solanum  tuberosum. 
Азыктык  жэне 
техникалық  маңызы  зор,  мэдени  ж ағдайда  кең  тараган  өсімдік.  Гүлдері  5- 
бөлікті,  актиноморфты,  ак,  ашык-сия,  сарғыш-қызғыш  реңді,  Ж емісі  шырынды 
жидек,  2-үялы,  өркен  үшындағы  гүлдерден  пайда болады.  Ж емісінің күрамында 
алкалоид  болады,  сондыктан  улы.  Ж ер  асты  бұта-сталондарда  түйнек  (түрі 
өзгерген  жер  асты  өркені)  жетіледі.  Түйнегініц  кұрамында  25% -ға  дейін 
крахмал,  78% -ға  жуык  су 
болады.  Отаны  -   Чили,  Оңтүстік  А мерика.  Бүл 
аймактарда  картоптын  жабайы  түрлері  өседі.  Еуропага,  Испанияға  1560-1570 
жылдары  келген,  ал  Ресейге  1703  жылы  Петр  1  әкелген. 
Картоптан  200  түрлі 
тағам дайындалады.
Баклажан  -   Solanum  melangina 
Ж емісі-  сопақш а  келген  күлгін-көк 
түсті  жидек  жеміс.  Біржылдык  өсімдік,  мэдени  дакыл  (Кавказда,  Орталык 
Азияда, Украинада,  Қазакстанда өсіріледі).  Отаны -  Үндістан.
Бүл  туы сқа 
қара  алқа 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет