Қосымша 5 Бақылау және реттеу (жүйке жүйесі, сезім мүшелері, эндокриндік жүйе)-силлабусына



Дата25.11.2023
өлшемі23,19 Kb.
#127668
түріСабақ

ҚМУ КеАҚ Ф 4/3-01/1
Қосымша 5
«Бақылау және реттеу (жүйке жүйесі, сезім мүшелері, эндокриндік жүйе)-силлабусына

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»


Тәжірбиелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс


Тақырып: № : «Қалқанша, қалқанша маңы бездерінің, ұйқы безі гормондарының қызметі»
Пән: «Бақылау және реттеу (жүйке жүйесі, сезім мүшелері,эндокриндік жүйе)
Блок: «Физиология» Білім беру бағдарламасы: 6B10102 «Жалпы медицина» Курс: 1 курс
Құрастырушы: профессор ассистенті Адилбекова А.А.
Аударған: оқытушы Сарсембаева Ш.Ш.
Уақыт (ұзақтығы) 2 сағат

Қарағанды 2019 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген


№ 1 хаттама 02 .09.2019 ж.

Морфология және физиология кафедрасының
меңгерушісі, м.ғ.к. Наурызов Н.Н.


Тақырып: «Ұйқы безі, қалқанша, қалқанша маңы бездері гормондарының қызметі»

  • Мақсаты: Сабақ соңында студенттер қалқанша, қалқанша маңы, ұйқы бездері гормондарының, жалпы сипаттамасын, негізгі физиологиялық қасиеттерін меңгеру, эндокринді жүйенің қызметтерін жасқа сай ерекшеліктері бойынша сұрақтарға жауап бере алу тиіс.

  • Оқыту міндеттері:

  • теориялық білімдерін жұмысты орындау және қорытындыларды толтыру барысында практикада қолдану

  • жұмыстарды орындау барысында үнемі өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру




  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1.Қалқанша безі гормондарының жалпы сипаттамасы. Құрамында йод бар гормондардың Т-3, Т-4, метаболиттік нәтижелері.
2. Қалқанша безі гормондары, олардың кальций және фосфор гомеостазын реттеудегі ролі.
3.Қалқанша маңы безінің гормондары, олардың кальций және фосфор гомеостазын реттеудегі ролі.
4.Ұйқы безінің эндокринді қызметтері және оның реттелуі.
5. Инсулиннің көмірсу, май және ақуыздардың алмасуына әсері. Глюкагонның көмірсулар алмасуына әсері.



  • Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтардағы жұмыс, ауызша сұрау, тесттілеу, жағдайлық есептердің шығару, дискуссия, сызбаларды, графиктерді құру.

Орындалатын жұмыстар тізімі




1 Жұмыс. Тақырып бойынша жағдайлық есептерді шешу.
1 тапсырма.
Гипогликемия ағза үшін гипергликемияға қарағанда қауіпті. Бұған қандай жанама растау беруге болады?
2-тапсырма
25 жастағы науқас өзіндегі жүрек соғысының жиілеуіне, ентігуге, ашуланшақтыққа, ұйқының нашарлығына, салмақ жоғалту, қолдардың дірілдеуіне шағымданады (қолжазба өзгерді). Тәбет жоғарылайды, бірақ бір уақытта дене салмағының жоғалуы байқалады. Азоттың теріс балансы байқалады, дене қызуы көтеріледі, терісі ылғалды, қалқанша безі үлкейген. Пульсі 118 соғу / мин.
Бұл қандай эндокринді бездің қызметінің бұзылуы мен байланысты?
Сіздің тұжырымыңыз?


Әдебиеттер
Негізгі:
Косицкий Г. И. Аударған: Миндубаева Ф. А. Адам физиологиясы: оқулық / ред. Г. И. Косицкий, ауд., жауап. ред. Ф. А. Миндубаева. - Алматы: Эверо, 1 том. - 2015. - 294 б
Сәтбаева Х.К. Адам физиологиясы : оқулық / Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева. - 2-ші бас., эҝз. ж.толық. - Алматы : Эверо, 2011. - 663 с.
Судаков К. В. Аударған: Миндубаева Ф. А Қалыпты физиология: оқулық / ҚММУ; ред. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2015. - 864 б.: сур.
Судаков., Аударған: Қанқожа М.Қ. Адам физиологиясы. Динамикалық сызбалар атласы : оқу құралы / К. В. Судаков [и др.] ; ред. К. В.. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 464 б: сур.
Жәутікова С. Б., Нұрсұлтанова С. Д., Досмагамбетова Р. С. Жүйке жүйесі модулі = Модуль Нервная система : оқулық / ҚММУ ; - М. : Литтерра, 2014. - 264 б. : сур. - (Интеграцияланған оқулық = Интегрированный учебник)
Жәутікова С. Б., Нұрсұлтанова С. Д., Досмагамбетова Р. С. Тірек-қимыл жүйесі модулі = Модуль Опорно-двигательная система : оқулық / ҚММУ ; - М. : Литтерра, 2014. - 240 б. : сур. - (Интеграцияланған оқулық = Интегрированный учебник)
Жәутікова С. Б., Нұрсұлтанова С.Д.; Досмағамбетова Р.С Эндокриндік жүйесі модулі : оқулық = Модуль Эндокринная система : интегрированный учебник / ҚММУ; - М.: Литтерра, 2014. - 328 б. : ил. - (Интеграцияланған оқулық = Интегрированный учебник)
Қосымша
Сәтбаева Х.К. Адам физиологиясы : оқулық / Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева. - 2-ші бас., эҝз. ж.толық. - Алматы : Эверо, 2010. - 663 с.



  • Бақылау

Сұрақтар

      1. Қалқанша без гормондарының қызметтерін атаңыздар.

      2. Қалқанша маңы безі гормондарының қызметтерін атаңыздар?

      3. Ұйқы безі гормондарының қызметтерін атаңыздар?



Тест сұрақтары (мысал)
1. Қалқанша безінің қызметіне әсер ететін гормон
A. тиреотропты
B. соматотропты
C. адренокортикотропты
D. гонадотропты
E. фолликулды белсендіргіш

2. Қалқанша маңы безінің гормоны


A. тироксин
B. паратгормон
C. инсулин
D. глюкагон
E. альдостерон

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет