Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата05.02.2017
өлшемі0,62 Mb.
#3440
  1   2   3

 

1

 

 



 

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев 

Зияткерлік мектебі 

 


 

2

 

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік 



мектебі 

ҚАЗАҚСТАН ЭНДЕМИГІ - ЖЕТІСУ БАҚАТІСІ 

Нурашева Нуризат 

11 «В» сынып оқушысы 

 «Армансыз адам - қанатсыз құс» демекші, қиял мен  арман болашаққа 

нұрлы жол салатын алтын көпір сияқты. Мен бала шағымда жусаны аңқыған 

боз  далада  атам  мен  апамның  ауылында  асыр  салып  ойнап,    шыбын  мен 

шіркейіне  таланып,  шалшық  суын  кешіп,  көбелек  қуып  ойнайтынмын. 

Дархан  даланың  құдыреті  менің  бойыма  шымырлап  құйылып,  қуат 

беретіндей  болып  тұрады.  Таңертең  ерте  оянып,  балғын  шөпті  кешіп, 

шегірткенің  шырылын, береке  мен  құтқа  тұнған  егістік  даласын  тау  басына 

шығып тамашалағанды жақсы көремін.  

Осындай  сәтті  аңсап  жүрген  уақытта,  «Туған  жерге  тағзым»  атты 

экспедиция ұйымдастырылып,  жер жанаты – Жетісу өлкесіне баруға жолым 

түсті.  Бұл  аты  аңызға  айналған  жердің  атын  талай  естігеніммен    барып 

көрмеген едім. Экспедиция мүшелерімен Іле Алатау ұлттық паркіне де саяхат 

жасап, осы қалалардың маңындағы біраз жерлерді тамашаладық. Алған әсер 

сөзбен айтып жеткізгісіз.  

Бұл  саяхатта  маған  Текелі  шатқалының  әсем  табиғатында  ғана 

кездесетін  қосмекенді  Жетісу  бақатісін  көзіммен  көріп,  тіршілік  әрекетін 

бақылап көруге мүмкіндік алғандығыма өте қуаныштымын.  

Қазақстанда  өсімдіктердің  730  -  дан  астам  түрі  эндемикке  жатады. 

Олардың  175  түрі  далалық  алқаптарда,  ал  540-570  түрі  таулы  өңірлерде 

таралған.  Қазақстанның  оңтүстігінде  өсетін  өсімдіктердің  165-170-тей  түрі- 

Эндемиктер  болып  саналады.  Оның  ішінде  Жетісу  бақатісі  бар.  Эндемик 

түрлерінің  көпшілігі  сирек  кездесетін  болғандықтан,  әрі  ғылыми  тұрғыда 

толық зерттелмегендіктен Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.  

Сондықтан  да  мен  Бақатістің  санының  азайып    бара  жату  себебін 

анықтап,  оны  қорғалушылар  қатарына  қосып,  Жетісу  бақатісінің  тіршілігін, 

ерекшелігін  бақыладым.  Осы  сәтте  өзімді  бейне  бір  жаңалық  ашқандай  күй 

кештім.  Өз  қалама  келгеннен  кейін  де  зерттеу  жұмысын  жалғастырдым. 



 

3

 

Жинақтаған деректерімді жүйелеп, болашақтағы зерттеу жұмысын одан ары 



тереңдетіп,  үш  тілде  жазуды  мақсат  еттім.  Өйткені,  ойларымды  тек 

Қазақстандық емес, шетелдік әріптестеріммен де бөліскім келеді.  

Менің  зерттеген  жұмысымның  және  жасаған  қорытындымның  жер 

бетінде  жойылып  бара  жатқан  өсімдіктер  мен  жануарлардың  мәселесін  

шешуге үлесі тиеді деген сенімім зор.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

4

 

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік 



мектебі 

СИВЕРС АЛМАСЫНА КҮТІМ ЖАСАЙЫҚ 

 

Алимбаев Мансур 

11 «В» сынып оқушысы 

 

Мен  биылғы  жазғы  демалысымды  естен  кетпес  әсерлі  сәттерден 

бастадым.  Себебі,  мен  мектептен  жасақталған  «Туған  елге  тағзым»  атты 

экспедиция  мүшесі  болғанымды  мақтанышпен  айта  аламын.  Экспедиция 

барысында,  бұл  жай  саяхат  қана  емес,  бізге  жүктелген  үлкен  сенім  мен 

жауапкершілік  екенін  түсіндім.  Сапар  кезінде  ат  басын  тіреген  Жетісу 

өңірінің  жазира  баурайынан  орын  тепкен  қаланы  сәні  мен  мәніне  қарай 

«қала-бақ» деп те атайды екен.  

Бұл  жер  өте  әсем  де  сұлу,  ерекше  сән  мен  салтанатқа  ие.  Аспанмен 

таласа  жарысқан  қарлы  тау  шыңдары,  гүрілі  құлақ  тұндырар  асау  өзендер, 

ерке  назымен  майыса  сылдыраған  бұлақ  сыңғыры.  Бойына  бар  құпияны 

жасырған  жұмбақ  үңгірлер,  жап-жасыл  шоқ  тоғайлар,  жұпар  аңқыған  көк 

шалғындар,  алқызыл  гүлдер.  Құстардың  сұлу  сазы  өзіне  ынтықтырып, 

табиғаттың  бұзылмаған  сырларынан    ой  түйдім.  Қасиетті  табиғат-ананың 

махаббаты мен мейірімін мен дәл осы жерде сезіндім. 

Экспедиция 

барысында 

менің 


назарымды 

аудартып, 

қатты 

толғандырған  Іле  –Алатауы  ұлттық  қорығының  экологымен  жүргізілген 



сұхбат.  Эколог  өз  сұхбатында  «қорғауға  алынған  Сиверс  алмасы 

антропогендік фактор әсерінен құруға шақ тұрғандығын» баса атап көрсетті. 

Шынымен,  бұл  Алматы  апортының  жойылып  кеткеніндей  орны  толмайтын 

өкініш  болып  қалмақшы  ма?  Жоқ,  олай  болу  біздің  азаматтығымызға  сын 

болмай ма? Біз өзіміздегі бар артықшылықтарды бағалап, оны басқа жұртқа 

мойындата  алмасақ,  біздің  зиялылығымыздан  кімге  қайыр?    Демек,  бұл 

тұрғыда салғырттыққа салынуға жол жоқ. 

Сиверс  алмасы  -  жабайы,  таулы  аймақта  өсетін,  қазіргі  алмалардың,  

түп  атасы.  Сондықтан  да  жаңа  алмалардың  сортын  алуда  бірден  -  бір 

материал  бола  алатын  Сиверс  алмасының    құрып  кетуі,  жаңа  сортты  



 

5

 

алмаларды алуда тығырыққа тірейді. Адамның сұлулығы мен  қуаттылығына 



үлкен  әсері  бар  сан  мың  алма  сорттарының  дастарханымызда  болып- 

болмауы  Сиверс  алмасына  тікелей  байланысты  екенін    барлық  адам  жете 

түсінсе  ғой.  Алманың  бұл  түрін  жоюдан  көрі,  баптап,  өсіруге  күш  салса, 

әрбір  адам  бір  Сиверс  алмасының  ағашын  күтімге  алса  деген  ой  менің 

жүрегімде тулап жатыр.  

Мен ендігі кезекте Сиверс алмасын негізге ала отырып, дәмі  тіл үйірер 

жаңа  алма  сортын  тапсам,  деген  ой  үстіндемін.  Ойым  жүзеге  асу  үшін 

көптеген  ғылыми  кітаптар  оқып,    өзімнің  шағын  тәжірибелерімді  жасап 

жүрмін.  Мен  алма  сорттары  мен  сапасының  артуына  өз  септігімді 

тигізетініме сенімдімін.  

 

  

 

 


 

6

 

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік 



мектебі 

ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ЖАУҚАЗЫННЫҢ ОТАНЫ – ҚАЗАҚСТАН 

Смагулова Камила 

11 «В»сынып оқушысы 

 

Қазағымның көңіліндей кең даласына бір сәт көз жіберейікші. Әр тауы 

мен  тасы,  сарқырап  аққан  өзені,  хош  иісті  жусаны  өткен  тарих  беттерінен 

сыр шертіп жатқандай! 

Бұлай  деуімнің  себебі  мен  биылғы  жылғы  жазғы  демалысымды 

өмірімде  естен  кетпес  әсерлі  сәттерден  бастадым.  Себебі,    мен  мектептен 

жасақталған  «Туған  елге  тағзым»  атты  экспедицияның  мүшесі  ретінде    жер 

жаннаты - Жетісуға сапар шектім.           

Жер  жаннаты  Жетісу  -  қазақ  даласының  баға  жетпес  бір  мекені.  Бұл 

жерді «алтын бесік» деп те текке атамаса керек. Тіршілік атаулының барлығы 

үшін  өте  қолайлы  бұл  мекен  жер  қойнауының  шұрайлылығымен  және  мал 

мен өсімдік шаруашылығының әр түрлілігімен де танымал.  

Экспедиция  барысында  Іле  Алатауы  мемлекеттік  ұлттық  бағына 

жолымыз түсті. Бұған дейін Қазақстанның жабайы жауқазындары бұл біздің 

мақтанышымыз бен байлығымыз екені туралы оқығаным бар болатын. 

Өз  Отанында  әулие  атануға  тиіс  жауқазынның  қадірін  осы  уақытқа 

дейін  дұрыс  түсінбей,  қоғамда  «Жауқазынның  отаны  -  Голландия»  деген 

сенім қалыптасқан. Ал шын мәнінде жауқазынның отаны - Қазақстан.  

Жауқазынның  бірден  -  бір  отаны  Қазақстан  екенін  барлық  жерде 

дәлелдеп  жүрген  биолог,  ботаник  ғалым  –  Іле  Алатауы  мемлекеттік  ұлттық 

бағының аға ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Анна 

Андреевна  Иващенко.  Бұл  ғалым  Қазақстанның  жабайы  және  сирек 

кездесетін  өсімдіктерінің  флорасын  зерттеумен  және  оларды  қорғаумен 

айналысады. 

Мұнда 

тарихшылардың 



пікірінше, 

Іле 


Алатауының 

жауқазындары орта ғасырларда Ұлы жібек жолы арқылы Орта Азияға, одан 

бүгінгі  таңда  ұлттық  нышан  етіп  отырған  Голландияға  барғанын  білдік. 

Осындай  адамдардың  арқасында  тарих  тасқынының  астында  қалып  қоймай 



 

7

 

шет  елдерге  танымал  болған  қазақстандық  жауқазынның  ерекшелігін 



зерттеуді мен өз алдыма міндет етіп қойдым. 

Менің  сүйіп  оқитын  пәнім-  биология.  Сол  себептен  өзім  үшін  осы 

бағытта  Алматы облысына  қатысты  қызықты  тақырып іздедім.  Киелі  мекен 

Жетісу  өңірінде  кездесетін  бірден  –  бір  өсімдік  -  дала  жауқазынын  зерттеу 

туралы  шешім  қабылдадым.  Мен  болашақта  Алматы  облысының  қазіргі 

таңдағы  ерекше  флорасы  мен  фаунасын  зерттеуді,  өсімдік  байлығының  әр 

түрлі  маңызды  түрлерін  табуды  көздеп  отырмын.  Әртүрлі  жағдайда 

жауқазындардың өсуі мен дамуына бақылау жасау, әдемілікті өз қолымызбен 

туғызу,  гүлді  дұрыс  күтуді  үйрену,  ерекше  қорғауға  алынған  аймақтардың 

мәселелерін  табу  және  ол  мәселелерді  шешу  жолдарына  ат  салысу  әр 

азаматтың міндеті деп білемін. 

Экспедиция  барысында  алынған  материалдар  жоғалып  бара  жатқан 

өсімдік  түрлерінің  санын  сақтауда,  жергілікті  халық  пен  туристердің 

арасында  түсіндіру,  үгіт  -  насихат  жұмыстарын  ұйымдастыру  керектігін 

дәлелдеді.    Қазақстанның  ертеңін  көркейтер,  білімді  ұрпақ  -  біздерміз. 

Болашақ  біздің  қолымызда.  Біз  сапалы  білім,  саналы  тәртібімізбен  өз 

үлесімізді  қосамыз.  Менің  де  арманым  Іле  Алатауы  мемлекеттік  ұлттық 

бағының  аға  ғылыми  қызметкері,  биология  ғылымдарының  кандидаты  А.А. 

Иващенко  сияқты  ғалыммен  кездесіп,  зерттеулерімен  танысып,  ары  қарай 

ғылыми жобамды жалғастырғым келеді. 

Бұндай  қол  жетпес  байлығымыздың  қадірі  мен  құнын  біліп,  қорғап, 

аялай білейік!  

 

 


 

8

 

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік 



мектебі 

Тарих сырын шерткен - киелі Есік 

Тәжібай Ақжан 

9 сынып оқушысы 

 

Біз  химия-биология  бағытындағы  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің 

оқушылары  маусым  айының  17–сі  мен  26-  сы  аралығында  Алматы 

облысының аумағына экспедиция жасадық.  

Сапарымыздың  мақсаты  –  киелі  Жетісу  өлкесінің  тарихы,  табиғаты 

және  географиялық  орнымен  танысу.  Бабаларымыздың  жанын  беріп,  қасық 

қаны қалғанша қорғап келген кең жазира даласының тарих қатпарында том-

том  болып  жатқан  қатпарлы  беттерін  қайта  ақтардық  десе  де  болады. 

Білмегенімізді  біліп,  өз  еліміздің  рухани-мәдени,  тұрмыстық,  саяси, 

экономикалық жақтарын, ел мен жер ахуалын толық зерттеп танысып, көрген 

білгенімізді  ой  елегінен  өткізу  болатын.  Экспедиция  барысында  Үштөбе, 

Есік,  Талдықорған,  Текелі,  Қапал  сияқты  қалаларды  араладық.  «Ел  қадірін 

жүрген  білер,  ат  қадірін  мінген  білер»  дегендей,  адамның  көре-көре  көсем 

болатындығына  көзім  жетті,  оқып-тоқығаным,  көріп-білгенім,  санаға 

түйгенім де, алған әсерім де ерекше.  

Тарихты  жасайтын - халық. Адамзат баласына тұрақ болған құдіретті 

мекен,  қасиетті  қара  жер-  киелі  Есік  шаһары.    Әйгілі  «Алтын    Адамды» 

тапқан  Бекен  Нұрмұхамед  атамызбен  кездесу  менің  жүрегімде  үлкен 

мақтаныш  сезімін  оятты.  Есік  қаласының  тарихына  тоқталар  болсақ:  Есік-

 Алматы  облысындағы  Еңбекшіқазақ  ауданының  орталығы,  қала.  Облыс 

орталығы –Алматы қаласынан шығысқа қарай 43 км жерде, Іле Алатауының 

солтүстік  баурайында,  теңіз  деңгейінен  935  —  1040  м  биіктікте, Есік 

өзенінің  конусында орналасқан.  Есік қаласының орнын адамдар өте ертеден 

мекендеген.  Қаланың  солтүстік  жағында сақ  мәдениетінің  б.з.б.  5-  4 

ғасырлардағы аса көрнекті ескерткіші — Есік обасы орналасқан.  

Есік қорғанының тарихымен таныстырған тарихшы Бекен Нұрмұхамед 

атамыздың  мынандай  ой  тұжырымы  маған  қатты  әсер  етті:  «Тарих- 


 

9

 

шыңырау,  оның  түбіндегі  маржандар  шайқалса  ғана  бетіне  шығады.  Осы 



жолда тер төгіп,  тарихи шындықтың ақиқатын ашу үшін жан бергендер де 

жоқ  емес,  ендігі  ел  қамын  жеп,  жоғын  жоқтайтын-  сендер»  деген  байламы 

бізге деген үміт пен сенімнің орасан зор екендігін аңғартты. 

Демек  тарихшы  атамыз  артқан  сенімді  ақтап,өркениетті  қоғамның 

жанталасында, көш соңында қалып қоймауға міндеттіміз. 

Экспедиция  барысында  ат  басын  тіреген  тұңғыш  қазақ  инженері 

Мұхаметжан  Тынышпаев  атындағы  мұражай,  «Казцинктың»  көмегімен 

салынған  Текелідегі  полиметалл  зауыттары,  Қапал  Арасан  жеріндегі  Сара 

Жиенқұлқызының  мұражайы  және  Тамшыбұлақ,    тарих  сырын  шерткен  - 

киелі  Есік  қаласының  естен  кетпес  мәні  мен  сәні,  жұмбақ  сыры,  мені 

толғандырып, ізденіске итермеледі.  

 

 



 

 

 



 

10

 

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік 



мектебі 

«Іле Алатау ұлттық паркі- ел мақтанышы» 

Жәнібекова Алтын 

9 сынып оқушысы 

 

Елін,  даласының  әр  тасын,  әр  тал  шөбін  қасық  қандары  қалғанша 

қорғаған  бабаларымыздың  келер  ұрпақтың  осындай  ғажайып  сұлу  өлкеде 

өмір сүретініне әсте күмәндері болмаған болар деп ойлаймын!  

Себебі,  біз  сапар  шеккен  жер  жаннаты  Жетісу-  қазақ  даласының  баға 

жетпес бір мекені. Экспедиция кезінде

 

осы облыс халқының  мақтанышы  Іле 



Алатауы  мемлекеттік  ұлттық  бағына  жолымыз  түсті.  Іле-Алатауы  ұлттық 

табиғи саябағы бұл жердің әсем  ландшафтарын  қорғау, өсімдік жамылғысы 

мен 

жануарлар 



әлемін 

сақтау, 


туризмді дамыту 

мақсатында 

ұйымдастырылған.  1996  жылы  Алматы  облысы  Талғар,  Қарасай, 

Еңбекшіқазақ   аудандарының  аумағында  орналасқан  Қаскелең,  Пригород, 

Түрген орман шаруашылықтарының негізінде құрылған екен. 

Жері негізінен қара топырақты. Саябақтың флорасында 1 мыңнан астам 

өсімдік түрі бар, оның 500-ден астамы жапырақты орман, 400-ден астамы – 

қылқан  жапырақты  орман  алқаптарында  өседі.  Бұл  өсімдіктердің  36  түрі 

Қазақстанның «Қызыл 

кітабына» 

тіркелген 

(мысалы, 

Алматы 

кекіресі, Сиверс 



алмасы, Мушкетов 

түйесіңірі,т.б.).Қоректік 

өсімдіктерден: Тянь- Шань  сұлбасы, шалғын қоңырбас, беде, сиыржоңышқа, 

илік – қымыздық, рауғаш, таран,  дәрілік – түймешетен, өгейшөп, шырғанақ, 

бақбақ,  эфирлі-майлы  – аюбалдырған, арша,  жусан,жеміс-жидектерден  өрік, 

алма, таңқурай, бүлдірген, бөріқарақат, долана т.б. өседі.  

Жануарлар  әлемі  де  өте  бай.  Омыртқасыздардың  8  класқа  бірігетін  2 

мыңнан астам түрі белгілі. Барылдауық қоңыздардың 252, стафилинидтердің 

180, 

жапырақ 


жегіштердің 

102, 


күндізгі 

көбелектердің 

145, 

жарғаққанаттылардың  110,  қазғыш  жабайы  аралардың  97,  құмырсқалардың 



33, шаншарлардың 30 түрі анықталған. Омыртқасыздардың 24 түрі (мысалы, 

Түркістан  туркомиласы,  әшекейленген  жүйрік  қоңыз,  шығыс  ахраноксиясы, 



 

11

 

Іле  хош  иісті  отын  кескіш  қоңызы,  т.б.)  Қазақстанның  “Қызыл  кітабына” 



тіркелген.  

Омыртқалы  жануарлардың  245  түрі,  олардың  8  түрі  балықтар;  4-еуі  – 

қосмекенділер;  8-і  –  бауырымен  жорғалаушылар;  178-і  –  құстар;  47-сі  – 

сүтқоректілер.  Бұлардың  ішінде  балықтардың  4,  қосмекенділердің  2, 

 құстардың  11, сүтқоректілердің  7  түрі  Қазақстанның  “Қызыл  кітабына” 

енгізілген. 

 Саябақ  аумағында Талқыз  және  Түрген  ескі  қалашықтарының  орны 

сақталған.  Түрген  шатқалында  ертедегі  темір  дәуірінің  зираттары  мен  Есік 

өзенінің  бойында  сақ  қорғандары  бар.  Бутаков  сарқырамасы,  реликті  мүк 

басқан  Шыңтүрген  шыршалары  да  табиғат  ескерткіштері  болып  саналады. 

Соңғысында  мүк  астында  30  –  40  см  тереңдікте  қалыңдығы  2  –  3  метр 

болатын  мәңгі  мұз  қабаты  бар.  Әсем  табиғаты,  алуан  түрлі  флорасы  мен 

фаунасы бар саябақтың қоршаған ортаны қорғауда алатын орны ерекше. 

Бұл  біздің  болашақ  экологтар  үшін  құнды  саяхат  болды.  Ол  жер 

табиғатының 

Шығыс 


Қазақстан 

табиғатымен 

ұқсастығын 

көріп 


тамашаладық. 

Бұл саяхаттан ойымызға түйгеніміз осы аймақтың туризмі дамып келе 

жатқаны.  Олай    дейтініміз  Турген  шатқалына  барғанымызда  саяхатшылар 

мен  демалушыларды  өте  көп  кездестірдік.  Бірақ  көңілімізге  қаяу  түсіргені, 

осындай 

тамылжыған 

әсем 

табиғатты 



тамашалауға 

келген 


демалушыларымыздың  ойланбастан,  суын  ішіп  ләззәт  алған  қасиетті  бұлақ 

басын, өздері дем алған орындарын ластап кете баратыны. Сол себепті біздің 

оқушыларымыз  табиғатты  қорғау  ісіне  өз  үлестерін  тигізіп,  қайтар  жолда 

тазалық  жұмыстарын  жүргізіп,  кездескен  саяхатшыларға  «Үндеу» 

парақтарын таратты. 

Бұл  өлкенің  таза  ауасымен  тыныстап,  кіршіксіз  мөлдір  суын  ішіп, 

тамылжыған әсем  табиғатын тамашаладық. Осындай киелі «Қазақстан» деп 

аталатын жер менің Отаным екеніне мақтанамын.  

 

 


 

12

 

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік 



мектебі 

«Қазақстанның ұлттық символына айналған - Алтын адам» 

Нурекенов Бауыржан 

9 сынып оқушысы 

 

Қазіргі  заманғы  Қазақстан  туралы, басты ұлттық  символдардың  бірі  – 

Алтын адамды еске алмай ойлау мүмкін емес. Алтайдан Атырауға дейін кең 

алқапты алып жатқан мемлекет  Қазақстанның азаттық символына айналған 

ерекше құндылық бұл- Алтын адам. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына 

орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді. 

Осындай  тарихи  маңызы  ерекше  құндылықпен  танысу  үшін  Жетісу 

өңіріндегі  экспедициямыздың  бір  күнін  Іле  Алатауының  теріскей 

баурайының  әсем  шатқалындағы  Есік  көлінде  жалғастырдық.  Мақсатымыз- 

Жетісудың  жүрегі  іспеттес  Есік  атанған  көлдің  табиғатын  тамашалап  қана 

қоймай, Алтын адам табылған обаны көріп танысу.  

Алтын адам ХХ ғасырдың 70 жылдары Есік қаласының солтүстігіндегі 

Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан 

табылған  алтын  киімді  сақ  жауынгерінің  мүрдесі  (5  ғасыр).  Бұл  күндері 

кеңінен  танымал  сақ  қорғанының  астында,  шыршаның  бөренелерімен 

қапталған мазарда, ағаш еденнің үстінде алтын тіліктер қадалған киім киген 

(Алтын  адам)  сақ  жауынгерінің  сүйегі  жатқан.  Басына  күн  құдайының 

символындай  қанатты  аттар  бейнеленген,  әшекеймен  безендірілген  биік 

үшкір  бөрік  кигізілген.  Жерленген  адамның  қаруы  ұзын  қылыш  пен  қысқа 

қанжардан  тұратын.  Жауынгердің  жанында саз балшықтан  жасалған  құтыға 

құйылған қымыз, кесек-кесек ет салынған ағаш подностар, күміс пен қоладан 

жасалған қымбат құтылар қойылған. 

Табылған  мола  40-тан  астам  қорғаннан  тұратын  және  тарихтың 

көптеген  құпияларын  сақтаған  үлкен  мазардың  оңтүстік  шетіне  орналасқан. 

Антропологтардың  анықтамасы  бойынша  Есік  қорғанында  жерленген 

адамның  жасы  17-18-дерде  және  ол  біздің  эрамызға  дейінгі  ІҮ  ғасырдың 

аяғында өмір сүрген.  


 

13

 

Алтын  адам  киімі  4  мыңға  жуық  алтын  әшекейлермен  безендірілген. 



Әшекейлер  барыс,  бұлан,  таутеке,  арқар,  ат,  түрлі  құс  бейнелерін  беретін 

«хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен 

әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне 

ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек 

жүзік  сияқты  алтын алқа,  іш  көйлегі,  көкірегінің  тұсы,  жеңі  алтын 

тоғалармен 

өрнектелген, 

саусағында 

екі 

алтын 


жүзік, 

камзолы 


құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 

тоға  жапсырылған,  оң  жағында  қызыл  қынапты  ұзын  семсер,  сол  жағында 

алтын  пластиналар  жапсырылған  қынға  салынған  темір қанжар –  ақинақ, 

шалбар  балағы  да  алтын  тоғалармен  әшекейленген.  Киім  үлгісі,  жерлеу 

рәсімі,  Алтын  адамның Жетісу жерін  мекендеген  сақтардың  көрнекті 

елбасының  ұлы  немесе  жас  көсем,  әскербасы  екенін  айқын  көрсетеді. Көне 

дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология т.б. салалардан мол дерек 

беретін  Алтын  адам  сол  кездегі  сақтарда  мемлекеттік  өркениет  ертеден 

қалыптасқанын дәлелдейді.  

Біз үшін осы күннің ең әсерлі сәті және басты жаңалығы  Қазақстанның 

символына  айналған  «Алтын  адамды»    тауып,  толық  зерттеген  және  бізге 

сырттай  жақсы  таныс  Нұрмұханбетов  Бекмұханбетпен  жүздесу  болды.  Ол 

кісінің археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан сәтіне куәгер болу, 

мәңгі ұмытылмас  ғажап кездесу болғаны анық. Аты аңызға айналған Бекен 

ағаның  әңгімесінен  алынған,  мектеп  бағдарламасында  қамтылмаған  жаңа 

мәліметтер    оқушылардың  ғылыми  -  зерттеу  жұмысына  арқау  болды.Ашық 

аспан  астындағы  «Сақ  қорғандары»  мұражайында  болу  –  осыдан  мыңдаған 

жылдар  бұрын  Ұлы  Дала  өңірінде  құрыла  бастаған  қазақ  мемлекеттігінің 

бастамасымен  танысу.  Қазақ  даласының,  қазақ  халқының  символына 

айналған  Алтын  адамдай  құндылығы  бар  елде  өмір  сүріп  жатқанымды 

мақтан тұтамын! Елбасының бастамасымен іске асырылып жатқан «Мәдени 

мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтың үлкен мәдени мұрасын, 

оның  ішінде  ұлттық  мәдениет,  ұлттық  тарихи  ерекше  маңызы  бар 

ескерткіштерін қорғап, бағалау, мақтаныш ету- біздің басты парызымыз! 



 

14

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет