Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебі
Тамшыбұлақ – Жер-Ананың көз жасы
Нұрланова Аяулым
9 сынып оқушысы
Абылай ханның шөбересі Шоқан Уәлихановтың атақты Қашқар сапары
тұп тура осы бір қасиетті жерден басталыпты. Мен Жер –Ананың құдіреті
мен қасиетін дәл Тамшыбұлақ бастауының басындағыдай сезініп көрмеппін.
Тау жыныстарының арасынан ағып шығып жатқан таңғажайып бұлақ суы
«тамшы бұрқақ» жүрегіңді еріксіз, беймаза күйге түсіреді екен.
Терең сайға бастап апаратын баспалдақтар бұталармен көмкеріліп,
аяғыңнын астына жұпар иісті, жасыл кілем төсегендей әсер қалдырады. Сан
алуан шөптер мен жалбыз иісі жаныңды жадыратып, тынысыңды ашады.
Сол сәт сенен бақытты, сенен артық адам жоқтай көрінеді. Бір сиқыр
жаныңды еркін, ерке күйге бөлеп, тамшы бұрқағына елітіп билегіңді
келтіреді. Енді бірде бойыңды сұп-суық тер басып, белгісіз күш жаныңды
жегідей жеп, бұп-бұйығы момақан күйге түсіреді.
Киелі Тамшыбұлақты бірінші көрген адам судың қалай пайда
болғандығының байыбына бара алмай абдырап қалады. Жап-жасыл мүк пен
ұйыса өскен жабысқақ жарбақтаң өн бойынан қайдан шыққаны белгісіз
мөлдір тамшылар төмен қарай, орта тұстарында орташа екпінмен, енді бір
жерлерінде баяу тамшылайды. Төменгі тұсы қазанды көзге елестетеді. Одан
ары жиналған тастай су төмен қарай сылдырай ағады. Қысы-жазы бұлақтың
буы бұрқырап, қақаған сарышұнақ аязда да қатпай, суы мұздай сұп-суық
болып жатады.
Жергілікті халықтың аузындағы аңызына сүйенсек, бұл «су-тамшы»
аруақ пен табиғат арасындағы тылсым күшті сездіреді және бұл судың емдік
қасиеті бар деп есептейді. Шынымен ақ, бұлақтың емдік қасиетінің бар
екендігіне Тамшыбұлақ басында болған бір де бір жан күмән келтірмейді.
Тұрғылықты халық бұлаққа келіп түсіп, қасиетті бұлақ суымен бетін жуып,
бұлаққа түсіп, дертіне шипа тауып жатады екен.
15
Тамшыбұлақ бастауының құдіреті, жанды тербетер сиқыр сыры, киесі
қарға тамырлы қазақтың басынан өткен тарихын бойына жасырған жер. Тек
сол сырды естір құлақ түрулі, көкірек ояу болуы керек сияқты. Маған
Тамшыбұлақ бастауы ғасырлар бойы қат-қабат болып жиналған Жер-
Ананың мұң мен өкінішті өксігінің көз жасы іспетті болып көрінді.
16
Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебі
Қазақ зиялысы –Ілияс Жансүгіров
Санбаева Ақмарал
9 «А» сыныбы оқушысы
Тарихтың толғауын толғап, тереңіне бойлау тым қиын. Тарихты
жасайтын халық.
Халқының қамын жеп, жоғын жоқтап өктем жұрттан таяқ жеген қазақ
зиялылары, ел жанашырлары Ілияс Жансүгіров сынды арыстарымыздың ел
үшін сіңірген еңбегі өлшеусіз. Ілияс Жансүгіровтың тағдыр талқысы қазақ
тағдырымен біте қайнасқан, жұп-жұмыр дүние.
Туған елі мен жері үшін қасық қаны қалғанша жан аямай басын бәйгеге
тіккен асылдар қаншама? Сол асылдар ішінде шоқтығы биік, адамдығы мен
ақындығы асқан қазақтың Бес арысы мен Үш бәйтерегінің еңбегі ерекше.
«Туған елге тағзым» атты экспедиция негізінде Жетісу өңіріне ат басын
тіреп, Ілияс Жансүгіров мұражайына баруым өмірден сабақ алумен бірдей
болды.
Ақын қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты
поэмаларын жете білгеніммен, ақынның елі үшін жалалы боп, тартқан күйігі
мен жан азабын дәл осы мұражайда түсінгендеймін.
Ілияс Жансүгіров мұражайында ақын атамыз жайлы әрбір келушілердің
жазған лебіздері жазылған кітапшада: «Абайдан кейінгі ғұлама ақын»
делініпті. Шынымен-ақ, тарихи әділетсіздік халқымызды қынадай қырғанда,
Алаш деген айбынды жұрт бір-біріне сеңдей соғылып, елі мен жерінен безіп,
ел ауып, тарыдай шашылып кетті. Қалғанының көрмеген азабы жоқ. Ең
даланы еркін жайлаған жайсаң жанды, жомарт халықтың өз еркі өзіне тимей,
еріксіз тілі байланды.
Осындай тұста бас көтеріп, елдің ертеңі үшін жаны ашыған, елінің есін
жидырмақ болған Ілияс Жансүгіровтей бабаларымыз «халық жауы» атанды.
Бірақ, ар азабын жан азабынан артық қойған Ілияс Жансүгіров бабамның
ерен ерлігі сол бір мұражайдың ішінде көз алдымда өткен тарихтың
17
парақтарымын бірге талданды. Еленіп, ескерілмеген тұстары қайтадан
қаралып, түгенделіп жатқандай әсер қалдырды. Осы мұражай қабырғасында
тұрып, бұралаң тарихтың ақтаңдақ беттерін қайта парақтап, оқығым, білген
үстіне білгім келе түсті. Елі үшін еңбек етуді бақыты деп білген қазақ
зиялысының бет-бейнесі, азаматтық ажарының еш кіршіксіз сұлу
болғандығы мені қатты қызықтырды. Ойлап қарасам Ілияс Жансүгіровтің
қалам тартпаған саласы жоқ. Шетінен сапалы, құнды еңбектер. Ол қазақ сөз
өнерінің поэтикасын өзінің қайталанбас нақышымен кемелдендірген,
көріктендірген қайталанбас дарын иесі. Оның шығармалары ұдайы
көркемдікке жетелейтін мәңгілік үлгі- өнеге.
Ілияс Жансүгіров – қазақ жырының тұлпар Құлагері. Ол әдебиетіміздің
бір асқар Алатауы немесе жыр Жетісуы. Егер салыстырмалы түрде қарайтын
болсақ «Евгений Онегинді» тек А.С.Пушкиннен басқа ешкім жаза алмаса,
«Жетісу суреттерін», «Рүстем қырғынын», «Исатай-Махамбетті» нақ Ілиясша
ешкім жаза алмасы шындық.
Шындық үшін, халқының бақыты үшін басын бәйгеге тіккен абзал
ұлын елі ешқашан естен шығарған емес. Мойнына қыл бұрау түсіп, жанын
шүберекке түйсе де, мойымаған асыл ердің ерлігі, еңбектерінің бағасы
мәңгілік құнды. Ар сақтап, адал нан тапқан, жүрек түкпірінде арамдығы жоқ
Ілияс Жансүгіровтей азаматтардың уақыт алға жылжып, заман озған сайын
ерлігі мен өнегесі одан ары айшықталып, тарих қалтарыстарында жатқан
мұрасының біз білмеген қырлары ашыла түспек.
Осы мұражай босағасында тұрып өзіме -өзім «мен де өз елімнің дамып,
өркениетті елдердің алдыңғы қатарынан көрінуі үшін жан аямай еңбек ететін,
Ілияс Жансүгіровтей зиялысы болуым үшін барымды салатын боламын» -
деп іштей күбірлей бердім.
18
Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебі
«Қайнар» акционерлік қоғамы
Қинаятова Мадина
10 «В» сынып оқушысы
Мен, біріншіден, Назарбаев Зияткерлік мекпептерінде тұңғыш рет
ұйымдастырылған «Туған жерге тағзым» атты экспедициясына қатысқаныма
өте қуаныштымын. Өзім Шығыс Қазақстанда туып өскендіктен табиғаттың
сұлулығын бала кезімнен көріп, табиғаттың шын кереметін бар жаныммен
түсініп өскенмін. Бұл жердің тек жерінің байлығымен ғана емес Жетісудегі
кәсіпорындарды да араладық.
Экспедицияның арқасында мен география пәнінен алған теориялық
білімімді практикада ұштастыра алдым. Мені қызықтырған Талдықорған
қаласындағы аккумулятор зауыты «Қайнар» акционерлік қоғамы. Өйткені бұл
зауыт – еліміздегі аккумулятор шығататын жалғыз және қаладағы ең ірі
кәсіпорын. Өндіріс орнын аралау барысында кәсіпорыннның бүгінгі тыныс-
тіршілігінің нарық заманына бейімделіп, қарқынды даму үстінде екеніне көзіміз
жетті. Зауытта жаңадан қорғасын балқыту цехы, АҚШ, Италия т.б. елдердің
жаңа озық техникалары мен технологиялары іске қосылып өндіріс тиімділігі
артқан. Соның арқасында кәсіпорын өткен жылы бір миллионнан астам дана
аккумулятор шығарған. Өнімдерімен елімізді ғана емес шетелге де экспортқа
шығаруда. Талдықорғандағы батарея шығаратын зауыт бүгінде жаңа
технологияларды бағындыра отырып, BARS GOLD, BARS SILVER, BARS деп
аталатын сапасы жоғары аккумулятор батареясын «дүниеге әкелді». «Қайнар»
өнімдері елімізде орналасқан кәсіпорынның филиалдарында сатылады. Және
Ресейдің біршама қалаларында – Мәскеу, Екатеринбург, Челябинск, Новосібір,
Санкт-Петербург пен ТМД-ның басқа да елдерінде өкілдіктері ашылған.
«КамАЗ», «Ростельмаш», «ОралАЗ», «МАЗ», «Белаз» кәсіпорындарфна
«Қайнар» аккулулятор жеткізуші бірден-бір сенімді серіктес атанған. Бұл
зауыттың халықаралық стандартқа сай, бәсекеге қабілетті өнім өндіріп
жатқанының дәлелі екеніне көз жеткіздік. Біз кәсіпорынның жетістіктеріне
қуана отырып, өз қаламыздағы «Азияавто» зауытымен байланыс орнатқанын
қалаймын.
19
Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебі
Кәріс халқының Жетісуға қоныс аударуының қазіргі тарихпен
байланысы.
Тәжібай Мағжан
9 «В» сынып оқушысы
«Қайғы адамдарды біріктіреді» деген сөз бар. Халықтардың басын
қосқан қайғы-қасірет бұл басқа ұлт өкілдернің Қазақстанға жер аударылуы.
Міне, енді бүгін Қазақстан атты ортақ шаңырақтың астында тату-тәтті тұрып
жатырмыз. Бізде толеранттық, достық, ауызбірлік бар.
Қазір «толеранттық» деген термин жиі айтылады. Қазақшасы
«татулық» деген болу керек. Кешегі ауыр жылдарда менің халқымның
толеранттылығы сынақтан өтті. Бұл, ең алдымен, қазақ халқының арқасы. Біз
бұл сынақтан халқымның бойындағы тамаша қасиеттер нәтижесінде өттік.
Біздің елімізде қазір толеранттылық ұғымына көп мән беріледі. Бірақ
мынандай сұрақтың қойылатыны бар: «Қазақстандық этносаралық
толеранттылықтың сыры неде?». Осыған байланысты әртүрлі жауаптар
айтылады. Біреулер пәлсапа соғып жатады, енді біреулер ғылыми
тұжырымдарды ортаға салады. Біздің бұл сауалға қайтарар өз түсінігіміз, өз
жауабымыз бар.
Менің бір кітаптан оқығаным есімде қалыпты: «Кішкентай бала
кезімізде біздің қалада көрші бір шешен ақсақалы тұрды. Өзі молда, дін
жағынан терең білімді. Ақылды, ойшыл адам еді. Әлгі ақсақал кетер кезде
көршілерді жинап, былай деп айтқаны бар еді. «Аллаға шүкір, бізге рұқсат
берді. Отанымызға қайтып баруға. Мен де жолға шыққалы тұрмын. Осы
сапарымда қасиетті қазақ жерінің бір уыс топырағын алып бара жатырмын.
Мен мынаны айтқым келеді. Қазақ халқы жұмаққа баратын халық…». Сол
кезде біреулер сұрап жатты: «Кімнің қайда барары бір Аллаға белгілі емес
пе?» деп, сонда ақсақалдың айтқаны: «Бұл халықта қасиетті үш нәрсе бар:
бірінші, ұлы азапташыдау. Екінші, ұлы шыдамдылық. Үшінші, дастарханы
берекелі. Осы үш нәрсе үшін жұмаққа бара алады». Біздің де әлгі
20
«Қазақстандық этносаралық толеранттылықтың сыры не?» дегенге
айтарымыз, аузы дуалы ақсақалдың осы сөзі.
30-жылдары Қазақстанға жер аударылған халықтар қазақ жерінен пана
тапты. Басына қиындық түскен адамдардың барлығына қазақ халқы мен
республикадағы өзге де ұлттар көмек қолын созды. 1937 жылдың 21
тамызында осындай зар күй кәрістердің басына туды. № 1428-326 «Қиыр
Шығыстың шекаралық аумақтарынан кәріс ұлтын көшіру туралы» Қаулысы
шықты. Аз уақыттың ішінде қазақ жеріне 20141 отбасы немесе 98474 кәріс
азаматтары көшірілді. Оларды негізінен еліміздің оңтүстік аймақтарына
орналастырды. Бүгінгі таңда біздің елімізде салтанат құрып тұрған
бейбітшілік пен келісім Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың
халық тарапынан қолдау тапқанын көрсетеді. Бұл мәліметтерді біз тарих
пәнінен білеміз.
«Өзіңді -өзің тану тәрізді, тарихты танып-білу де - қазіргі даму
процесіне аса қажет әрекет. Ол - болмай қоймайтын жоғалтулар мұңын
тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, сонымен бірге прогреске кең жол
ашады»,- дегендей Олжас Сүлейменов ағамыз, біз «Туған елге тағзым»
ғылыми-зерттеу экспедициясы аясында тарихи Жетісу өлкесіне кәріс
халқының қоныс аударуына байланысты құнды мәліметтер жинадық. Кітап
бетінен ашып оқыған бір бөлек, сол жерге барып, адамдармен кездесіп,
қызықты әңгімелерін тыңдаған, адамға қатты әсер береді екен. Кәріс
халқының Жетісуға қоныс аударуының қазіргі тарихымен байланысын, тайға
таңба басқандай, бүге-шігесіне дейін талдап, тарқатып Қаратал аудандық
кәріс қоғамының төрағасы В.В. Ким баяндап берді. Қазіргі кәріс халқының
этно-мәдени орталығының жұмысымен таныстық. Әңгіме барысында В.Ким
кәрістердің қазақ халқына деген шексіз алғысының бір көрінісі ретінде
үстіміздегі жылы Үштөбе қаласында ескерткіш орнатылғанын тілге тиек етті.
Кәріс тарихының қатпарларында қанмен жазылған 1937 жылғы депортация
турасында сөз өрбіді. Бұл оқиға бізге қатты ұнады, бірден Үштөбеге аттанып,
Бестөбедегі
ескерткішті
өз
көзімізбен
көріп
қайттық.
Қас қағым сәтте өтіп кеткен бір аптаға жуық уақыт арасында Талдықорған
21
өңірінің шежірелі тарихымен етене танысып, көз тартар көрінісі бар сұлу
табиғатын тамашаладық. Маған сол сәтте Ілияс Жансүгіровтың «Жетісу
суреттері» атты өлеңі ойымнан кетпеді. Біз Жетісудағы алдыңғы қатардағы
өндіріс орындарының жұмысымен танысу барысында талай мәліметтер
алдық.
В.В. Ким кез келген кәріс халқын құшақ жая қарсы алып бір тілім нанын
бөліп берген қазақ бауырларға ризашылығымыз шексіз, сондықтан да қазақ
халқының алдында бас иеміз деген сөзі, біздің қазақ деген ұлттық
намысымызды оятты. Бұл экспедиция бізге қатты әсер қалдырды, өмірге
деген көзқарастарымызды өзгертті. Біз Жетісуда көрген – білгендерімізді
сыныптастарымызға мақтанышпен айтамыз. Сонымен қатар осы тарихи,
шежірелі, қасиетті жер жанаты атанған өлкеге сенім артып, бізді жіберген
мектебімізге алғысымыз шексіз!
22
Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебі
М.Тынышпаев- қазақтың тұңғыш инженері
Төлеуханова Назерке
9 «Е» сынып оқушысы
Міне, біз жолға шықтық. Жүрегім бір түрлі қобалжып тұр. Жүрегімде
үлкен қуаныш сезімі билейді. Өйткені мен Жетісуға өз мектебімнің
балаларымен кетіп бара жатырмын. Әр түрлі ойлар келді, Талдықорған
қаласын елестеттім, нені көреміз, бізді қандай жаңалықтар, не күтіп тұр деп
ойладым. Қазақ халқының бастан кешкен қасіретті тарихын еске алдым.
Қазақ жерінде атқан егемендік таңы ең алдымен, алып та дархан даланың
төсін қанымен суарған, терісі сөгіле қызмет еткен ата-бабаларымыздың
қасиетті күресінің заңды да нақты нәтижесі. Еркіндікті аңсаған ата-баба
мұрасы жүзеге асып, Алаштың ең асыл мұраты - тәуелсіздікке қол жетті.
Қазіргі таңда, еңселі ел болудың даңғыл жолына түстік. Қазақ халқының
әлеуеті артты, дәулеті еселенді. Осы Алаштың ірі қоғам және мемлекет
қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан
Тынышбаевтың облыстық өлкетану мұражайына бардық.
Жетісу өңірі туралы не көрдім баяндап берейін. Жетісу өңірі – өлең-
жырға сұранып тұрған көркем өңір.«Ағашы тұнған жеміс екен, шаруаға
жайлы қоныс екен» деп қазақтың данагөй абызы Асан қайғы сүйсінген жер
таңғажайып
табиғат
көріністеріне,
рухани
жәдігерлерге,
ежелгі
ескерткіштерге бай. Мәселен, республикалық дәрежедегі М.Тынышбаев
атындағы облыстық тарихи-өлкетану, Черкасск қорғанысы, Ескелді би
кесенесі, М.Төлебаев мемориалы, Сүйінбай әдеби-мемориалды мұражайлары
ерекше көз тартады екен.
Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыры- білім мен ағартуға, ұлттық
теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Күрделі
кезеңде түрлі саяси-мемлекеттік жүйеде қилы жауапты іс жасаған
қайраткердің ұлтқа болысқан еңбегі нәтижесіз емес еді. Мұхамеджанның
орасан жұмысын былайша топтап-таразылауға болады:
23
1.
саяси қайраткер ретінде құқы аяққа тапталған ұлтының теңдігі
жолында дәйекті іс атқарды;
2.
маман-теміржол инженері ретінде төңкеріске дейін де, одан кейін де
шойын жолды салуда ұлт мүддесін бірінші кезекке қойды;
3.
публицист ретінде орыс тілінде шыққан мақалаларында Петербордың
зиялы қауымына патша шенеуніктерінің әділетсіздігін жеткізсе, қазақ
тіліндегі мақалаларында қандастарына теңдік алудың жөн-жобасын
көрсетті;
4.
тарихшы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі шынайы
тарихын жасаудың батыл бағыттарын іс жүзінде анықтап берді.
Тәуелсіздік алғалы жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жанып жатқаны
белгілі. Имандылық ұясы «Туған жерге – тағзым» атты экспедиция
арқасында Мұхамеджан Тынышпаев ағамызды басқа қырынан таныдым,
құнды мәліметтермен таныстым.Ол адамға деген ерекше мақтаныш сезімім
қалыптасты.
М.Тынышбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Қазақ
ССР Министрлер Кеңесінің 4 желтоқсан 1973 жылғы № 992-Р жарлығына
сәйкес 1 наурыз 1974 жылы құрылған екен. Жалпы көлемі - 1457 шаршы
метр. Музейлік маңызы бар материалдар саны - 27871, оның ішінде 12657-і -
негізгі қорды құрайды. Музейдің экспозициялық залдары келушілерді Жетісу
жерінің әсем табиғатымен, ежелгі тарихы және қазіргі күн жетістіктерімен
таныстырады. Ұжым мүшелерінің өз ісіне творчестволық тұрғыдан
қарауының нәтижесінде Жетісу өлкесінің тарихы, ұлы адамдары көз алдыма
елестеді. Менің алған әсерімді сөзбен айтып, қағазға түсіру қиын.
Қазақстанда жастарды ұлттық құндылықтарды бағалай білуге үйрететін,
зерттеу жұмысына баулитын, жетелейтін тарихи өнегесі мол өлкелердің
барына қатты қуанамын!
24
Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического
направления г. Усть-Каменогорска
Семиречье есть эндемик Мирового масштаба
Нурашева Нуризат
11 «В» класс
Моё лето началось с незабываемых моментов. Одним из них стало мое
участие в экспедиции «Поклон родной земле», организованное нашей
школой. Вначале никто точно не знал целей этой поездки. Но на
проведенном школьном собрании стало ясно, что это не просто
туристическая поездка, но и большая ответственность. Мой любимый
предмет – биология. Я искала интересный материал, связанный с
Алматинской областью. Посоветовавшись с преподавателем биологии,
решила изучить эндемиков Семиречья. Перед отъездом взяла себе тему
«Семиреченский лягушкозуб»
(Ranodon sibiricus)
.
Итак, 17 июня мы сели в поезд Защита-Алматы. Трудно передать
словами те ощущения, которые переполняли нас. В поезде мы
познакомились с другими ребятами, много общались. Всю дорогу обсуждали
свои темы, делились идеями и не заметили, как приехали на вокзал. Утром 18
июня наша экспедиция началась. Все это было как будто вчера. С блокнотом
и ручкой, камерами и фотоаппаратами мы начали собирать данные.
Встречающиеся только в живописных местах Семиречья в ущелье Текели,
эти земноводные находятся под угрозой вымирания. Вот поэтому я хотела
выяснить, почему это происходит, и присоединиться к их защитникам. В
ходе этой экспедиции, я видела и держала в руках это редкое существо-
Семиреченского лягушкозуба. В тот момент я как будто открыла новый
континент. Я была очень счастлива. Вернувшись в город, я продолжила
работу над этой темой. Это работа настолько заинтересовала меня
, что я
консультировалась с преподавателями из Университетов. Я искала людей,
которые ведут работу в данном направлении. Но, к сожалению.я не нашла
никого. В сентябре в нашу школу прибыли сразу два иностранных биолога.
Они рассказали, что Семиреченский лягушкозуб нигде, кроме Казахстана,
25
не встречается, таким образом является эндемиком Мирового масштаба. И я
была очень рада участвовать в данной экспедиции. В будущем хотелось бы
систематизировать свои накопленные данные и написать работу на трех
языках, а также поделиться опытом с нашими иностранными коллегами. Я
надеюсь, что моя работа поможет решить проблему исчезновения растений и
животных.
26
Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического
Достарыңызбен бөлісу: |