Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтіқ жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы



Дата24.05.2023
өлшемі25,57 Kb.
#96830

Әкімдіктің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 42 "Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтіқ жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 272 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 шілдеде № 5779 болып тіркелді

  • Мәтін

  • Ресми жарияланым

  • Ақпарат

  • Өзгерістер тарихы

  • Сілтемелер

  • Көшіру

  • Басқа

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 42 "Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5417 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Психологиялық қызметтің құрамына білім беру ұйымының басшысы, оның қызметін ұйымдастыратын және бақылайтын басшының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, сондай-ақ сынып жетекшілігін жүзеге асыратын педагогтар, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар кіреді. Психологиялық қызметтің құрамына келісім бойынша медициналық қызметкерлер, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ата-аналар комитетінің өкілдері енгізілуі мүмкін.";
6-тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын:
"8) оқу тоқсанында тестілеуді кемінде 1 рет жүйелі түрде өткізу арқылы кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсауға деген психологиялық бейімділіктерін, сондай-ақ бейәлеуметтік бейімділіктерін (құқық бұзушылыққа деген бейімділік, спирт ішімдіктерін, есірткі құралдарын пайдалану, құқық бұзушылық жасау) анықтау және олардың алдын алу;
9) өзіне-өзі қол жұмсау және олардың әрекет етуінің алдын алу мақсатында өзіне-өзі қол жұмсауға бейім кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың ата-аналарына (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) психологиялық көмек көрсету.";
6-тармақ 6-1-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"6-1. Психологиялық қызмет жұмысының негізгі нысаналы топтары:
1) аутодеструктивті мінез-құлыққа (өзіне-өзі қол жұмсауға) бейім немесе бұрын өзіне-өзі қол жұмсаған;
2) психобелсенді заттарды, спирт ішімдіктерін, есірткі заттарын пайдаланатын немесе пайдалануға бейім;
3) құқық бұзушылық жасауға бейім, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған;
4) әлеуметтік қолайсыз отбасылардан шыққан;
5) толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан;
6) өзіне-өзі қол жұмсаған немесе өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет еткен жақын туыстары немесе достары;
7) өзіне-өзі жұмсауға бағытталған интернет-ресурстардың қоғамдық топтарына кіретін және тіркелген;
8) тестілеу нәтижелері мен өмірлік жағдайларға сәйкес өзге де оқушылар болып табылады.";
8-тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын:
"5) өзіне-өзі қол жұмсау бағытындағы интернет-ресурстарды анықтау мақсатында прокуратура органдарын хабардар ете отырып, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу;
6) өзіне-өзі қол жұмсау бағытындағы интернет-ресурстардың қоғамдық топтарына білім алушылардың кіруі және тіркеу фактілерін анықтау, ата-аналарды (оларды ауыстыратын тұлғаларды) хабардар ету және осындай білім алушыларға психологиялық көмек көрсету.";
15-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) білім алушылардың бейәлеуметтік іс-әрекеті мен өзіне-өзі қол жұмсаушылыққа бейімділігін ескерту және оларды уақытында түзетуді жүзеге асыру;";
16-тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын:
"10) жедел түрде кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсау және оларды болғызбау бойынша бірлескен шаралар қабылдау үшін қобалжушылықтың жоғары деңгейі мен өзіне-өзі қол жұмсаушылық бейімділігін анықтау туралы ата-аналарын (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларды) және сынып жетекшісін хабардар ету;
11) кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсаушылыққа бейімдеуді анықтау әдістері мен нысандарын оларды түзету және толықтыру бойынша ұсыныстар енгізумен жетілдіру.";
16-тармақ 16-1-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"16-1. Жүктелген міндеттерді орындамаған немесе дұрыс орындамағаны үшін басшы, басшының орынбасары, педагог-психолог заңмен белгіленген жауапкершілік алады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі Н. Садуақасо

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет