Отаным-бақыт ордасы



Дата07.01.2022
өлшемі17,38 Kb.
#17148

Отаным-бақыт ордасы
Тағдырыма жазылған туған жерім - Қазақстан,

Жазық қырлы, нулы, сулы, бақуатты ғажапстан

Күллі Азия көз тігетін, таңданатын жұмағым,

Әр қырыңды білсем дағы, қанбақ емес құмарым


Қысың құрғақ, жазың жылы жадыратар жанымды,

Өр намыс пен өткір лебіз толтырады қанымды

Рухы биік, ұлты мықты, халқы тату- бірлікте,

Мақта теріп, егін егіп жұмыла қылар тірлікті.


Қарбыз, қауын, бидай, күріш - барлығы да өседі,

Жүгерінің биіктігі даңғарадай бес елі.

Сырдың бойы алтындайын астыққа бай киелі

Әр қазаққа қайырлы өнім пейілге сай тиеді


Ардақтаған ақындары ар-намыстың бастауы,

Еліктеген ертеңгі ұрпақ, жалғасатын жас бауы.

Батырлары жанын тіккен азаттықтың жолына,

Бостандықтың боз таңы атты қазағымның бағына.

Керей, Қасым,Тәуекел,Тәуке, Абылай

Басты қосқан, жауды тосқан, қолға қылыш алып -ай,

Кенесары, Исатай, Сырым, Саржан, Махамбет,

Көтеріліс ашқандар "Елді неге сатам?" деп.


Шындық айтып шырылдаған Шерхан атам бар еді,

"Қазақ" деген ат әперген Сәкен атам нар еді.

Әліпбиді құрастырған Байтұрсынның ұлы Ахмет,

Алаш ардақтыларына жас буыннан мың рахмет!


Тарихы осы ұлы бақыт ордасының бүгінгі,

Сол қазағым соғыста да Раббысына жүгінді.

Діні, тілі, әдет-ғұрпы, салт-санасы жарасқан,

Ұлы еліммен, ешбір ел де бой көтере таласпан.


Менің елім! Менің жерім-мәңгі бақыт ордасы

Тәуелсіздік, бірлік, байлық- осы орданың олжасы.

Қырандайын көкте самғап, еркіндікке шомылған,

Рухы биік елімнің мәңгі тәңірі болсын жолдасы!



«Отаным – бақыт ордасы» байқауына өтінім


Аты-жөні:

Аудан/ Мектеп

Сынып

Байланыс тел.

Жетекші мұғалім

Джумагалиева Бинур

Тереңкөл ауданы

Песчан №2 ЖОББМ



11

8 777 781 36 26

Айнур Канзелхан


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет