Отбасы – шағын әлеуметтік топ ретінде.
НД22_03
Отбасы — ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.
Отбасының ерекшелікті қызметтеріне:
- халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;
- балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды);
- балаларды тәрбиелеу (әлеуметтенді) жатады.
Family
LОтбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның өзара әрекетін талдау) қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді.
Қазіргі кездегі халықты ұдайы көбейтіп, өсірудің (репродуктивтік) жағдайына тоқталатын болсақ, онда еліміздегі әр отбасында екі немесе үш баладан болуы керек, сонда ғана халықтың саны азаймайды. Алайда, бүгінде дүниеге нәресте әкелу деңгейінің төмендеуі, қарттардың санының артуы, бір балалы немесе баласыз отбасыларының көбеюі, некесіз туған сәбилер санының артуы байқалады. 80-жылдарда қалыптасқан қағида бойынша көптеген отбасылар баланы күтуге, асырауға, жақсы тәрбие беруге жағдай жоқ, оған баспананың тарлығы, материалдық қиыншылықтар, үй шаруашылығының ауырлығы мүмкіндік бермейді десе, енді берулері ең алдымен өздері үшін өмір сүргісі келетіндерін желеу етті. 90-жылдары бала тууды шектеудің сылтаулары мен қағидаларында басқа да үлкен өзгерістер байқалды, соның ішінде материалдық - экономикалық себептер, ертеңгі күнге деген сенімсіздік алдыңғы қатарға шықты. Ажыра - сулар, некеге адамдардың кеш отыруы да (35—40 жаста) бала туу санның азаюына әкеліп соғуда.
ТАРИХЫ
Отбасы туралы
Әлеуметтанушылардың пікіріне сүйенсек, отбасы тәрбиесінің қалыптасқан бірнеше тұрақты стереотиптері бар: бала центризмі, профессионализмі, прагматизмі.
Қоғамдағы отбасы
Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың коғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.
OLIVIA WILSON
Назарларыңызға рахмет