Отдел науки и международных связей студенческое научное общество


Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет2/31
Дата29.12.2016
өлшемі2.81 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі: 
1. 
Бастауыш мектепте оқыту журналы № 12 (36), 2011. 
2. 
Мөженақова М.С. Мектептің педагогикалық процесінде 
оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  өлкетану  материалдары 
негізінде дамыту.п.ғ.к. дисс...Автореф Қарағанды 2004. 
3. 
Байтұрсынов  А.  Тіл  тағылымы.  –  Алматы:  Ана  тілі, 
1992. 
4. 
Бастауыш мектепте оқыту журналы № 4 (28), 2011. 
5. 
Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру 
жолдары. «Мектеп» 1978ж. 
6. 
Бұзаубақова  К.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар. 
Бастауыш мектеп    2004, №10 
7. 
Дәулет kz журналы №4, 2013. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

13 
 
ОРБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ 
 
ҚОСТАНАЙ А.А. 
Алматы университеті, «Тарих» мамандығының 1 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: СЕЛКЕБАЕВА А.Т. 
Алматы  университетінің доценті, тарих ғылымдарының 
кандидаты 
      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                 
Ұлан-ғай  ыр  даламызды  жаудан  корғау  мақсатында  қаншама 
шапқыншылықтар, жорықтар өтті.Осының ішінде жоңғарлармен болған 
шайқастар,қазақ  халқына  едәуір  қайғы  әкелді.Тарихта  «ақтабан-
шұбырынды,  алқакөл  сұламалы»,-деп  аталып  кеткен  ең  ауыр,азапты 
сәтте осы жоңғар шапқыншылығы кезінде болғанды. 
Тарихты терең зерделесек азшылық топты құрап тұрса да үлкен 
жеңістерге жеткен,жеңісті сәттер де аз болмады.Сондай айтулы жеңісті 
сәттердің бірі Орбұлақ шайқасы
Көп  жерде  бұл  шайқас  туралы  нақтыланбай  аңыз  сияқты 
естілгенімен,Орбұлақ  шайқасы  өмірде  шынайы  болған.
 
Батыр 
Қонтайшы  бастап  шыққан  50  мыңға  жуық  жау  әскеріне,бірігіп  те 
үлгермеген  600  әскер  шығады.Жау  әскерінің  тактикасын  терең  зертей 
білген  Салқам  Жәңгір  әскерді  ор  қазу  ісіне  жаттықтырып,Ор  аталатын 
кішкене өзен арасындғы тастардың ішіне 300 жауынгерді жасырып отты 
қарумен  отырғызып,  өзі  қалған  300  жауынгермен  бірге  тау-тастың 
арасына  жасыранды.Қоңтайшы  оқпанаға  жақындап  қалғанда  алдынан 
отты  қарумен  300  жауынгер  шықса  екінші  жағынан  Жәңгірдің  өзі 
шығып,  ортада  қалған  жау  әскерін  қырады.Сол  екі  ортада  20  мың 
қолмен келген Жалаңтөс батырмен біріккен қазақ қолы,Батыр бастаған 
жоңғар әскерін тас-талқанын шығарып жеңеді.   
Бұл шайқас тек әскери тәсілді мықты қолданумен ерекшеленген 
жоқ,қазақтардың  әскери  әдіс  айланы  шебер  меңгергендігімен  де 
ерекшеленді.Иә,Салқам  Жәңгір  дүлей  дауылға  ақ  найзаның  ұшымен 
емес,ақыл-парасаттың  күшімен  қарсы  тұрды.Соның  арқасында  аман 
қалып  қана  қоймай,  жауын  ойсырата  жеңді.Әйтпесе,тау-тасқа  бекінген 
аз ғана адамның 50 мың қарулы қолды кері шегіндіру былай тұрсын,10 
мың жауынгерін жер жастандыруы қай жағынан алып қарасаң да,ақылға 
қоныңқырамайды.Қазіргі  заманның  автоматымен  де  10  мың  адамды 
қырып салу оңай шаруа емес.Сонда Жәңгір ханның бұл ерлігі аңыз ба, 
ақиқат  па?  Бұл  жердегі  түйінді,Жәңгір  хан  соғыс  өнерін  қаншалықты 
шеберлікпен  қолдана  білді  деген  сұрақтың  жауабы  ғана  шеше  алатын 
сияқты.Сонда  Салқам  Жәңгір  қандай  соғыс  өнерін  қолданған?Біршама 

14 
 
деректерді  пайымдасақ,  бұл  қақтығыстың  нағыз  ақыл-парасат 
қақтығысы 
болғанына 
көз 
жеткіземіз.Әрине,қойнауына 
құт 
қонып,жеріне  қасиет  дарыған  жазиралы  Жетісу  даласы  тасын  түртсең 
тарихы  сайрай  жөнелетін  киелі  мекен  екені  баршаға  аян...Топырағына 
тарих  тұнған  өлкедегі  өнегелі  өңірдің  бірі  Жаркенттегі-Белжайлау 
даласы. 
Атақты  Орбұлақ  шайқасы  өтіп  адамзат  тарихындағы  Отан 
қорғаудың  қайталанбас  үлгісін  көрсетіп  ел  мен  жерге  деген 
сүйіспеншіліктің  берік  қамалын  орнатқан  қанды  ұрыстың  куәсі  болған 
дала.Иа,Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына 
қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға.             
Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір 
сұлтан  мен  жоңғар  қолын  басқарған  Батыр  қонтайшы  арасында 
өтеді.Жәңгір  жоңғарлардың  жолын  кесу  үшін  білтелі  мылтықпен 
қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанады. 
Әлемдік  соғыс  өнерінің  жылнамасына  енуге  лайық  Орбұлақ 
шайқасында  осы  600  қазақ  сарбазы  50  мың  жоңғар  қолын  тас-талқан 
етіп  жеңеді.  600  адамның  50  мың  адамды  жеңуі  бізге  аңыз  секілді 
көрінгенмен,  шындық  солай.Отандық  тарихнаманың  осы  айтулы 
оқиғасы  қалай  болды?600  сарбазды  бастап  шыққан  Жәңгір  сұлтан  өзі 
кім? Жеңіске жету үшін Жәңгір хан қандай қосымша тактика қолданды? 
Бұл туралы мәлімет етсек... 
Қазақ  тарихында  Салқам  Жәңгір  туралы  дерек  тым  аз 
сақталған.  Тіпті  оның  қай  жылы  туғаны  да  әлі  күнге  белгісіз.Бір 
деректерде  оның  1608  жылы  туылғандығы  айтылады.Қайтыс  болған 
жылы  да  әр  түрлі.  Біреулер  1652  жылы  соғыста  қаза  тапты  десе,  енді 
біреулер  сол  соғыста  қатты  жараланып,  сал  болып  қалған,  1680  жылы 
өлген  дейді.Салқам  Жәңгір  деп  аталуы  туралы  да  түрлі  сөздер 
айтылуда.Бір ғалымдар Жәңгірдің бойы аласа, мол денелі болғандықтан 
«Салқам» 
аталды 
десе, 
екіншілері 
сал 
болып 
қалуымен 
байланыстарады.Үшінші  тарап  «Салқам»  сөзін  «еркетотай,  бейбастақ» 
сөздерімен ұштастырады.Сондай-ақ,  қазақта  алқам-салқам деген де сөз 
бар,  алайда  бұл  мағыналардың  билікке  ерте  жасынан  араласып,  өзінің 
ержүректігімен, батырлығымен ел аузына  іліккен Жәңгір ханға қатысы 
болуы мүмкін емес.Тағы бір деректерде «Салқам» сөзі «айбатты» деген 
мағынаны білдіреді деген пікірлер де бар. 
Қазақ  тарихында  Еңсегей  бойлы  ер  Есім  атымен  қалған  Есім 
ханның баласы Жәңгір әкесінің тірі кезінде-ақ Қазақ хандығының шеткі 
ұлыстарын,нағашы  атасы  Әбдірақым  хан  билейтін  Тұрфанмен 
шекаралас 
жерлерін 
басқарып 
жүрді. 
«Қазақстан» 
ұлттық 
энциклопедиясында 
жазылғандай, 
бұл 
кезең 
қазақ-жоңгар 

15 
 
арақатынасындағы 
аумалы-төкпелі,текетіреске 
толы 
жылдар 
болатын.1620 жылдары 12 жасар Жәңгір қалмақ еліне қазақ елшілігінің 
құрамында  барған.Төрт  жыл  өткен  соң  қазақ  сұлтаны  Есім  мен 
шорастың  тайшысы  Қарақұл  бірігіп,  Ресей  иелене  бастаған  Тары 
бекінісіне шабуыл жасайды.Осы сәтті пайдаланған жоңғардың Байбағыс 
пен  Далай  тайшылары  Есім  сұлтанның  еліне  тиіседі,  бірақ  жеңіліс 
табады.Сол  ұрыстарда  жас  Жәңгір  өзінің  қолбасшылық  қабілетін 
байқатады.Жастайынан  қолбасшылық  дарынын  шыңдаган  Жәңгір 
сұлтан  қазақ-жоңгар  согысында  ,согыс  өнеріне  әбден  машықтанганын 
көрсетеді. 
Бұрындары  Орбұлақ  шайқасы  жайлы  көп  айтылмады.Ел 
аузындағы  үзік-үзік  әңгімелер  ғана  сол  алапат  майданның  Ордың 
бұлағында өткенін дәлелдейтін.Бабалар жеңісінен бір деректің болса да 
тасқа  басылып  қалуы  бек  мүмкін  еді,  бірақ  та  сыңар  саясат  ұстанған 
қызыл империя қазақ ғалымдарына төл тарихын толық зерттеуге мұрша 
бере  қоймады.Аңызға  айналып  бара  жатқан  осы  шайқастың  ақиқатын 
ашу  тек  1991  жылы  ғана  қазақ  тарихшыларының  Ресей  архивтерінен 
тапқан  Г.Ильин  мен  К.Кучембердейкенің  қоңтайшы  ұлысынан 
жеткізген  хабарынан  мүмкін  болды.Онда:  «Біз  барғанда  қоңтайшы 
ұлысында  болмай  шықты.  Өзінің  күйеу  баласы  Көшіртайды,Қой 
сұлтанды, Алтынханның балаларын және басқа ұсақ тайшыларды ертіп, 
барлығы  50  мың  әскерімен  Қазақ  Ордасы  мен  Алатау  қырғыздарына 
соғысуға кеткен екен… ал Жәңгір оларға қарсы 600 адаммен шығыпты. 
Бір  тауда  ор  қазып,оған  300  адам  орналастырып,  қолының  қалған 
жартысын  тауға  жасырып  күтіпті.  Сол  жерде  алапат  соғыс  болып, 
Жәңгір  хан  әскері  қоңтайшының  10  мың  адамын  жер  жастандырып, 
үлкен  жеңіске  ие  болады.Әскерінің  қалғанын  (олар  әлі  де  40  мыңдай) 
шегіндіріп әкетіп, кегін жібермеу үшін екінші рет тиіскенде, Жәңгір хан 
бастаған  қазақ  ордасының  күшіне  Самарқант  бегі  Жалаңтөс  20  мың 
әскерімен көмекке келіп үлгеріп,Батыр қоңтайшы арманына жете алмай, 
тағы да жеңіліс табады», — деп анық жазылған.   
Кейіннен 
бұл 
соғыс 
туралы 
тарихшылар 
И.Я.Златкиннің,Вельяминов-Зерновтың,белгілі  ғалым  М.Тынышбаев, 
С.Сейфуллин,А.П.Чулошниковтардың,жалпы  қазақ-жоңғар  тарихына 
назар  аударғандардың  бәрінің  де  еңбектерінде  жазылғандығы 
анықталып,  құнды  мағлұматтар  кездесті.Бірақ  та  олардың  ешқайсысы 
соғыс  болған  жерді  нақтылы  көрсете  алмаған.Соңғы  тың  деректерді 
пайдалана  отырып,Жәңгір  хан  бастаған  600  жанкешті  жауынгердің 
Батыр қоңтайшының өздерінен 84 есе көп әскеріне қарсы шыққан жері – 
Жаркент  қаласының  оңтүстік  шығысындағы  Қосқолаң  тауының  арасы 
екенін,және де сондағы жер-су аттарының аталмыш деректермен сәйкес 

16 
 
келетінін  тарихшы ағаларымыз дәлелдеп шыққан.Иа,1640 жылы  Батыр 
Қонтайшы  Шығыс  Түркістанды  жаулап  алганнан  кейін,бағытын  Қазақ 
Ордасы  мен  Орталық  Азияға  бұрған.Тосын  хабардан  Жәңгір  хан 
жанына бар болғаны 600-ге жуық сардарларын жинап үлгереді. Бірақ та 
Салқам  Жәңгірдің  жанына  топтасқан  600  сарбаздың  әрқайсысы  жүзге 
татитын  батырлар  еді.Олардың  ішінде  Шапырашты  Қарасай,  Арғын 
Ағынтай,  Алшын  Жиембет,  Қаңлы  Сарбұқа,  Найман  Көксерек,  Дулат 
Жақсығұл,  Арғын  Қомпай,  Суан  Елтінді,  Қырғыздан  Көтен  мен  Табай 
батырлар  ерекше  көзге  түскен.Тосын  келген  қолды  тосын  әрекетпен 
ғана  тоқтатуға  болатынын  пайымдаған  Жәңгір  хан  жанындағы  жүрегі 
түкті  батырларымен  ақылдаса  отырып,  ашық  шайқасқа  шыға 
алмайтындығын,  бұларға  Самарқант  бегі  Жалаңтөстің  көмекке  келіп 
жетуіне әлі де біраз күннің қарасы бар екенін айтып, соғыс тактикасын 
өзгертуді ұсынды.Жүрегі  түкті  дейтініміз, жаудың бес  қаруын асынған 
50  мың  атты  жасағына  қарсы  шыққан  бар  болғаны  600  батырды  көз 
алдыңызға  елестетіңізші…  Жойқын  күшті  кара  дауылға  қарсы  тұрған 
талшыбық  тәрізді  емес  пе.Сол  талшыбық  діңі  берік,  тамыры  терең 
бәйтерек 
болатынын 
көрсетті.                                                                                     
Жаудың  тосын  әрі  ұрымтал  жерінен  соғып,  біраз  кідірте  тұруға 
болатынын  түсінген  атақты  қолбасшы  жер  жағдайын  жақсы  білетін 
жергілікті  батырларды  көмекке  шақырды.Сөйтіп  Іленің  өткелін  үнемі 
кесіп,  қалмақтың  қалың  жылқысын  айдап,  барымта  жасап  жүрген 
Елтінді  батырдың  көрсетуімен  қазіргі  Орбұлақ  белі  жаудың  бетін 
қайтаруға қолайлы орын ретінде таңдалып алынады. 
Географиялық  жағынан  Соғыс  болған  жер  –  қорғануға, 
шығыстан  келген  қарақұрым  қолды  қаймықпай  қарсы  алуға  өте  сәтті 
таңдалған  орын.Өйткені  күнгей  беті  400-500  метрлік  биіктіктегі  тау 
сілемі,  оған  атты  әскер  түгілі  жаяу  адам  да  шыға  алмайды.Тым  тік 
орналасқан.Теріскейі  Үш  судың  құйғаны  аталатын  арынды  өзен.Өзен 
жағасы  құламалы  жар,құз.Ал  жау  бетінің  алды  Қосқолаңның  тарылып 
біткен,сәл  еңіске  құлдилай  тартып  барып  көтерілген  жері.Осындағы 
көлденең  жатқан  белді  таңдаған  Жәңгір  хан  әскері  тау  мен  құздың 
арасындағы  тар  өткелектен  ұзындығы  3  шақырымға  жуық  оқпана 
қазған.Осы  оқпанаға  300  мергенді  қалдырып,  Қарасай  мен  Ағынтай 
батырлардың қолын және Жәңгір хан өзінің айналасындағы батырларды 
Орбұлақтың  желкесінен  төніп  тұрған  Қызылқия  тауының  ішіне 
жасырады.Тосын  шабуылдан  қорғануға  еш  дайындығы  жоқ  қоңтайшы 
әскері  жердің  шаңын  шығарып,Жарбұлақты  жағалап,Орбұлаққа  құлай 
берістегі  сайға  лықси  төгіліп,өрге  көтерілгенде  маңдайын  тасқа 
соққандай әсерде қалды.Қарсы алдарынан зуылдаған, ысқырған жебелер 
ес  жиып  үлгергенше  талай  сауыттың  көбесін  сөгіп,  қоғадай  жапырып 

17 
 
тастаған  еді.Бір-біріне  сеңдей  соқтығысқан  қалың  әскердің  сол  қанаты 
Шыңғырлаудың  құзына  құлап,  өздігінен  мертігіп  жатса,батысынан 
шепті  бұза-жара  кіріп,оңды-солды  қазақ  жауынгерлерінің  қылышынан 
қалмақ  өліктері  тау  болып  үйіле  бастаған  еді.Осы  тұста  Жәңгірдің 
Шыңғыс хан бабасындай мықты Стратег екенін аңғаруға болады.Жәңгір 
хан  ең  алдымен  жердің  географиялық  орналасу  ерекшелігін  асқан 
данышпандықпен  таңдап  алған.Ол  жоңғар  қолының  өтетін  жолындағы 
ең  тар  шатқалға,бекініс  жасауға  оңтайлы  жерге  ұрыс  қимылдарының 
жоспарын 
жасап,600 
адамын 
білтелі 
мылтықтармен 
қаруландырып,оларды  екіге  бөліп,бір  бөлігін  жауға  бетпе-бет  шабуыл 
жасайтындай  етіп  тастардан  қаланған  бекініске  қойған.Ал  екінші 
бөлігін жаудың ту сыртынан ататындай етіп жасырған.Бірақта бұл әдіс 
көпке  дейін  шыдамайтын  еді...Білтелі  мылтық  бір  атқан  соң,  оны 
қайтадан  оқтау  біраз  уақыт  алады.Тек  қаруға  сенсе,қаптаған  жау  600 
адамды  таптап  өтері  анық.Сондықтан  Жәңгір  шатқалда  желдің  қалай 
соғатынын  да  зерттеді.Яғни,осы  арқылы  жауды  улы  шөптердің 
түтінімен  улап  жеңуді  жөн  деп  тапқан.Тарихшы,ғалымдардың 
мәліметінше,Жәңгір  алдымен  жоңғарларды  Сасықтекенің  түтінімен 
улаған  екен.Сасықтеке  деген  гүл  таутекелер  күйлеген  кезде  иіскейтін 
және  сол  уақытта  гүлдейтін  болса  керек.Соны  суға  қайнатып,  оған 
шүберек  малып  кептіреді  де,жағып  жіберсе  түтіні  айналасындағы  тірі 
жанның  барлығын  уландырып  тастайды.Қазақ  сарбаздары  осы  улы 
шүберектерді,  дымдап  қойған  улы  шөптерді  жоңғарлардың  жолына 
тастап,олар  шатқалға  ентелей  енген  кезде  отты  жебемен  дәлдеп  атып, 
тұтатып  жібереді.Аузы-басын  тұмшалап,  ешкінің  майымен  майлап 
алған  қазақ  жауынгерлеріне  улы  түтін  әсер  ете  қоймайды.Өйткені 
ешкінің  майы  тез  тоңазиды  да  сүзгінің  рөлін  атқарады.  Байқамай 
уланып  қалғандары  болса,қымыз  бен  меңдуананы  араластырып  ішіп, 
құсады  да,  тазарып  аман  қалады.Ал  аттары  уланса  тұмсығына  құйрық 
маймен ұрып, уды қайтарады.Осылайша улы түтінге ұрынып, мәңгіріп, 
есеңгіреп  қалған  жоңғарлардың  алдыңғы  шебін  қазақтар  екі  жақтан 
атқылап,қырғынға ұшыратады.Тіпті оқ тимей-ақ,Сасықтекенің уытынан 
көз  жұмғандарда  да  есеп  болмаған.  Алғашқыда  не  болғанын  түсінбей 
қалған  жоңғарлар  мәнісін  кейіннен  біледі.Он  мыңдай  жасағынан 
айырылған  олар  кейін  шегінеді.Осы  кезде  жиырма  мың  қолымен 
Самарқанд  Әміршісі  Алшын  Жалаңтөс  Баhадүр  де  жетіп,сағы  сынып, 
жүні жығылған жоңғар жасағын кері қарай қуып тастайды. 
Осылайша  Қазақ  хандығының  нығаю  жолындағы  өте  маңызды 
шайқастардың бірі - Орбұлақ шайқасы қазақтардың жеңісімен бітеді.Ат 
төбеліндей аз қазақтан тұмсығы бұзылып, тау шағылып қайтқан Батыр 

18 
 
Қоңтайшы  еліне  барған  соң  біраз  беделінен  айырылып,  билігі  әлсіреп 
қалады. 
Ал  Орыс  тарихшысы  Ю.Крижанович  Жоңғарлардың  қару-
жарақтары  мен  Салқам  Жәңгірдің  жеңісі  туралы:  «Жоңғарлар  соғысқа 
өте  мықты  қаруланып  шығады.  Дегенмен  де  соғыса  келе,  олар  өте 
жақсы ойланған қақпанға түскендерін,кезеңге шабуыл жасаудың оларға 
жеңіс  әкелмейтінін  түсінді..Ақырында  мағынасы  жоқ  шабуылды 
тоқтатудың сәті түсті.Шайқас бір жағдайда ғана тоқтауы мүмкін еді,ол – 
жоңғарлар  жағдайды  түсініп,кезеңге  шығу  үмітінен  бас  тартулары 
тиіс.Қазақ  әскерлерінің  бір  бөлігіне  таулардың  арасындағы  қалмақтар 
бекіністен тар өткелмен өткенде қоршап алу бұйырса, екіншісіне тауда 
жасырыну бұйырды.Ол қалай ойласа, солай болды. Қоңтайшы бекініске 
шабуыл  жасады.Содан  ерлікпен  қорғана  бастады.Осы  кезде  Жәңгір 
сұлтан  жауға  сырт  жағынан  шабуылдады.Винтовкасымен  соққы 
берді.Жаулар  жағынан  10000-ға  дейін  адам  қырылды»  –  деп 
сипаттайды.Қоңтайшының  сансыз  қолына  аз  ғана  әскермен  қаймықпай 
қарсы  аттанғанда  Салқам  Жәңгір  ең  әуелі  жанындағы  батырларының 
білегі  мен  жүрегіне,  ерлігіне  әрі  артынан  жетер  көмекке 
сенген.Сенбеген  болса,оның  жауынгерлерінде  сенімділік,  мақсаттың 
айқындығы болмас еді.Халықтық мүдде үшін қашанда бас қоса кететін 
қазақ  мәрттігін  Орбұлақ  шайқасында  тағы  да  айқындап  берді.  Ол  кез 
үшін  жер  түбі  саналатын  Самарқаннан  алшын  Жалаңтөс  батырдың  20 
мың қолмен көмекке келуі – қазақ бауырмалдығының мақтаныш ететін 
теңдесі  жоқ  көрінісі.  Ал  қырғыз  батырлары  Көтен  мен  Табайдың  бұл 
соғысқа  қатысуы  –  екі  елдің  бауырмалдығы  ежелден  екеніне  тарихи 
дәлел.Тумысынан  текті,  әлемдік  соғыс  өнеріне  тың  тактикалық  әдіс 
енгізген Салқам Жәңгір әкесі еңсегей бойлы ер Есімнің ерлігін қайталай 
отырып,халықты 
ұлт 
ретінде 
қалыптастырудың 
тілдік,территориялық,экономикалық,психикалық  тұтастығын  сақтап 
қалды  және  де  оның  ұлы,қазақ  тарихында  есімі  алтын  әріппен 
бедерленген Тәуке хан да осы ұстанымға берік болды.Иә,2008 жылы 15 
желтоқсанда  Тәуелсіздік  мерекесіне  арналған  салтанатты  жиында 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев:  «Орбұлақ  пен  Аңырақайдағы  тарихи  маңызды 
жойқын  жеңістер  де  Азаттықтың  ақ  туы  астында  желбіреді»,деп  бұл 
бақытты  күнге  сол  жеңістердің  арқасында  жеткенімізді  айрықша  атап 
өткен еді.Сол Орбұлақта оянған осы тарих – енді мәңгі халық жадында 
қалмақ.Ордабасы  басындағы  кеңес  болмағанда  халық  болып  ұйысып 
отыруымыз екіталай-тын.Ал егер де отан мен елді сүюдің жарқын үлгісі 
ретінде  тарих  қойнауына  енген  осы  Орбұлақтағы  ерлік,  осы  шайқас 
қазақ  халқының  пайдасына  шешілмегенде  жер  бетінен  құрып  кетуіміз 
де  ғажап  емес  еді.Орбұлақтағы  оқиға  қазақты  біріктіріп,жұмыла 

19 
 
көтерген  жүктің  жеңіл  болатынын  дәлелдеп  берді.Қазақ  батырлары  ел 
тәуелсіздігіне қол сұққан кез-келген жаудан қаймықпайтынын,бір-біріне 
көмек  қолын  соза  алатынын  және  кіммен  шайқасса  да,  әбжіл 
айлакерлікпен,  ақылмен  әрекет  ететіндігін  көрсетті.  «Орбұлақ» 
шайқасындағы  батыр  бабаларымыздың  тапқырлығын,жаужүректілігін 
құр  сөзбен  айту  мүмкін  емес.Бұл  шайқастың  ашылмаған,  зерттелмеген 
тұстары  әлі  де  жетерлік.Сондықтан  да,  осы  шайқасты  жіті  зерттеп, 
халқымызға  кеңінен  жеткізе  білу  керек.Себебі,өткенді  білмей 
болашақты жоспарлау мүмкін емес.                                                                                                                             
Пайдаланылған әдебиеттер:   
 
 
 
 
1.І.Есенберлин  «Шыңғыс  хан  -  Әлем  сілкіндірушісі».  Алматы, 
2001 
2.М.Қойгелдиев,Т.Омарбеков,  «Тарих  тағылымы  не  дейді?» 
Алматы, 1993  
3.«Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы».4 том Алматы, 1999 
4.Ж.Артықбаев,Ә.Пірманов, 
«Қазақстан 
тарихы.Энциклопедиялық басылым».Алматы, «Атамұра» 2008  
5.М.Мағауин  «Қазақ  тарихының  әліппесі».Алматы  1995. 
9,12,14-бет 
6.Б.Кәрібаев  «Қожа  Ахмет  Иассауи  кесенесінде  жерленген 
тарихи тұлғалар.Жәңгір хан».Түркістан 2011, 2 бет 
 
СТУДЕНТ ТҰЛҒАСЫНЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ АЙМАҒЫ 
ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІ РЕТІНДЕ 
 
МАЛИКРАМОВА А.Р. 
Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Психология» 
мамандығының 2 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ЕДІГЕНОВА А.Ж. 
Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің психология 
кафедрасының доценті, п.ғ.к. 
 
Мотив және мотивация  отандық және шетел психологиясында 
өзекті  мәселе  болып  табылады.  «Мотив»  термині  француз  сөзі 
қазақшада  «түрткі»  деген  мағынаны  білдіреді.  Бұл  мәселенің  өзекті 
болуының  бір  себебі,  күнделікті  өмірге  психологиялық  зерттеулерді 
енгізу,  яғни адамның  қылықтарының туу себебін анықтау  қажеттігінен 
туындаса,  екінші  жағынан  адамның  күнделікті  әлеуметтік  тіршілік 
жағдайында    әрекет  жасауымен,  оның  ішкі  мотивациялық 

20 
 
тенденциясының  арасындағы  байланысты  анықтаудың  қажеттігімен 
түсіндіріледі. 
 
Мотив туралы айтылған соң міндетті түрде мотивация мәселесі 
айтылуы қажет. Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-
құлқы,  іс-әрекеті  мен  белсенділігін  реттейтін  фактор  ретінде 
қарастырылады.  Ал  жеке  тұлғаның  іс-әрекеттің  қандайына  болсын 
мотивациялық  ерекшеліктерін  ескермей  әлеуметтік  психологиялық 
тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке 
тұлғаның  мотивациясы  өзіндік  сипатқа  ие  болатындықтан,  нақтылы 
фактілер  мен  заңдылықтарды  талқылауға  өтпей  тұрып,  негізгі 
ұғымдарды  анықтап  алу  керек.  Ең  әуелі  мотивация  туралы  теориялар 
ежелгі  грек  ғалымдары  Аристотель,  Демократ,  Гераклит,  Лукреций, 
Платон,  Сократ  және  т.б.  тәрізді  ғұламалардың  зерттеулерінен  орын 
алды.  ХХғ.  20  жылдары  батыс  психологиясында  тек  адамға  ғана 
қатысты мотивация теориялары пайда бола бастады.  
 
Қазіргі  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  мотив 
түсінігіне  біраз  анықтамалар  берілген,  мәселен:  мотив  мақсат  ретінде 
(А.Н.Леонтьев); 
мотив 
қажеттілік 
ретінде 
(С.Л.Рубинштейн, 
Л.И.Божович,  А.К.Ковалев,  К.К.Платонов);  мотив  адамның  ниеті 
ретінде (Д.А.Леонтьев); мотив тұлғаның тұрақты қасиеті ретінде (М.Ш. 
Магомед-Эминов,  В.С.Мерлин);  мотив  ынталандырушы  ретінде 
(И.А.Джидарьян,  В.Н.Мясищев);  мотив  өзін  белсендіруге  деген 
қажеттілік  ретінде  (А.Маслоу);  адамды  әрекет  жасауға  итермелейтін 
түрткі  ретінде  (Қ.Жарықбаев,  Т.Тәжібаев)  [1].  Кейбір  авторлар 
(В.В.Юрчук,  М.  Кордуэлл)  мотив  ұғымы  арқылы  психикалық 
құбылысты  сипаттаса, ал басқалары (А.К.Маркова, В.И.Ковалев)  жеке 
тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді  
Мотивацияның  оқу  іс-әрекетіне  және  оның  нәтижесі  болуына 
тигізетін  әсері  өте  зор.  Оқу  іс-әрекетінің  табыстылығы  психологиялық 
әлеуметтік  және  педагогикалық  факторларға  байланысты  екендігі 
мәлім.  Оқу  іс-әрекетінің  табыстылығына  оқу  мотивациясы  мен  оның 
құрылымының тигізер әсері ерекше. 
Студенттер ерекше жас категориясы ретінде, икемділігімен және 
белсенділігімен  ерекшеленетін,  еліміздің  болашағын  анықтайтын  
әлеуметтік топ болып саналады. Студенттік кез - бұл жастық шақ кезеңі. 
Жоғары  оқу  орнында  оқу  кезеңі  адамның  жан-жақты  жетілген  жеке 
басының қасиеттері уақытымен дәл келеді. Әсіресе мақсатқа жетушілік, 
шешім  қабылдау  табандылық,  белсенділік,  өзін-өзі  ұстаушылық, 
әлеуметтік,  адамгершілік  мотивтері,  өмір  сүрудің  маңыздылығы  мен 
парызы,  жауапкершілік,  махаббат  және  адалдық  т.б.  қасиеттері 
күшейеді.  Жоғары  оқу  орнында  білім  алу,  оқу  адамның  бойында  өз 

21 
 
күшіне  және  қабілетіне  сенімділік,  кәсіптік  шығармашылықты 
дамытады.  Яғни  студенттің  оқу  іс-әрекетін  алатын  болсақ  оның  іс  -
әрекетін  бағыттайды  және  оны  реттейді.  Сондықтан,  студенттер  үшін 
оқу мотивациясы жетекші орында.  
Оқу  мотивациясы  оқу  іс  -  әрекетіне,  оқудағы  іс-әрекетке  енетін 
мотивациялардың жеке түрі ретінде анықталады. Кез келген басқа үрдіс 
сияқты  оқу  мотивациясы  да  осы  әрекетке  тән  өзгеше  факторлар 
қатарымен  анықталады.  Біріншіден,  ол  білім  беру  жүйесімен,  оқу  іс  - 
әрекеті  жүзеге  асатын  білім  беру  мекемесімен;  екіншіден,  білім  беру 
үрдісін 
ұйымдастырумен; 
үшіншіден, 
студенттің 
субьектілік 
ерекшеліктерімен; 
төртіншіден, 
педагогтың 
субьектілік 
ерекшеліктерімен,  ең  алдымен  оның  студентке,  ісіне  деген  қатынастар 
жүйесімен; бесіншіден, оқу пәнінің өзгешелігімен анықталады. Оқудағы 
ішкі  мотивацияға  мыналар  кіреді:  жоғары  оқу  орнына  түсу  мотивы, 
релевантік  кәсіби  мотиві,  өзін-өзі  жетілдіру  мотивы.    Олар  келесі  бір 
сипатты көрсетеді:  кең ауқымды оқу мотивациясы оқу үдерісінің өзінде 
қаланған өз мамандығына деген  қызығушылық, жақсы оқу, терең білім 
алу,  интеллектуалдық  қанағаттандыру,  өзін-өзі  жетілдіру,    оқуды  әрі 
қарай  жалғастыру;  қиын  және  ауқымды  оқу  сабақтарын  таңдауы, 
ұтымды қиындықтың тапсырмасын және қиын тапсырмаларды қалайды; 
оқу  қызметiндегi  жоғары  когнитивтi  иiлгiштiгi,  оқудағы  тапсырманы, 
проблеманы творчестволық жағынан шешу; оқу субъектінің жоғары оқу 
ортасына және жоғары оқу жүйесіне тез бейімделе алу. Оқудағы сыртқы 
мотивацияға  кіретін  мотивтер:  жоғары  оқу  орнына  түсу  мотивы, 
иррелеванттік  кәсіби  мотивтер.  Олар  келесі  сипатты  білдіреді:    оқу 
үдерісімен байланысты емес мотивтер, оқудан тыс іс-әрекетінде болуы; 
курстарстардан  қалмау,  оқытушылардың  құрметiне  жету,  қоршаған 
ұжымның мақылдауына қол жеткізу, жеке меншікте жұмыс істеу; жеңіл 
және  аз  уақытты  алатын  оқу  сабақтарын  таңдау,  баға  алу  үшін  жеңіл 
тапсырмаларды қалайды; оқу іс-әрекетінде когнитивтi иiлгiштiгi төмен, 
креативтілік деңгейі төмен[3]. 
Оқу  іс  -  әрекеті  мотивациясының  ішкі  қайнар  көзі  –  студент 
қажеттіліктерінің  аймағы.  Студент  қажеттіліктерінің  қанағаттануы 
немесе  фрустрацияға  ұшырауы  оқытушының  аудиторияда  туғызатын 
обьективті  жағдайларға  және  студенттің  жеткен  жетістіктеріне, 
оқытушының мінез–құлқына тәуелді болады. 
Студент  оқу  іс-әрекетінде  мотивацияның  қалыптасуы  алдымен 
студенттің   ішкі  мотивтеріне  негізделеді,  ал  кейін  сыртқы  тұлға 
ретіндегі  парызы,  міндеті,  қызығушылығы,  қажеттілік  мотивітеріне 
негізделеді.  Студенттің  оқу  мотивациясын  зерттеуде,  студенттің  оқу 
мотивациясына  студенттің  болашаққа  талпыныс  ерекшелігі  өмірге 

22 
 
қажетті  маман  иесі  болу,  әлеуметтік  мәнді  дәрежеге  жету,  өз  іс-
әрекетінің  нәтижесін  жоғарылатуға  бағыттылық  және  т.б.  ерекше  әсер 
ететіні  айқындалған.  Студенттің  меңгерген  біліміне  қанағаттануы 
жалпы  өзінің  қажеттіліктеріне  сәйкес  анықталады.  Дәл  осы  студенттің 
жеке  қажеттіліктері  студенттің  оқуға  қызығушылықтары  мен 
мотивтерін  айқындап,  студенттің  әлеуметтік  белсенділігін  ұлғайтады. 
Демек,  мотивтердің  сапасы  оқу  іс-әрекетінің  сипатына  байланысты 
мазмұнды  және  тұлғаның  психофизиологиялық  ерекшеліктеріне 
байланысты динамикалық болады. 
Студенттердің  мотивтері  оқу  үрдісінде  әр  түрлі  жағдайларда 
көрініс  беретіні туралы деректерде сипатталған. Мысалы, кең ауқымды 
танымдық  мотивтер  тапсырманы  орындау  барысындағы  шешім 
қабылдаудан,  қосымша  мәліметтерді  білу  негізінде  оқытушыға  қойған 
сұрақтарынан  білінеді;  оқу-танымдылық  мотивтер  –  тапсырманы  өз 
бетімен  орындауда  әр  түрлі  амал,  тәсілдерді  іздестіруі,  жұмысты 
орындау тәсілдерін салыстыру туралы оқытушыға қойылатын сұрақтар; 
өзін-өзі  дамыту  мотивтері  –  оқу  еңбегін  тиімді  ұйымдастыруға 
байланысты ұстазға қойған сұрақтарынан көрінеді; әлеуметтік мотивтер 
студенттің  жауапкершілігі  мен  парызын  түсіну  әрекеттерінен  көрінеді;  
әлеуметтік  мотивтер  –  құрдастарымен  қарым-қатынас  жасауға 
ұмтылысы,  жолдастарына  көрсеткен  көмегі  мен  пікірі;  әлеуеметтік 
бірлескен  еңбек  мотивтері  –  ұжымдық  жұмысқа  ұмтылысы  негізінде 
пайда болады. 
 
Психологтар  оқу  мотивациясының  жағымды  және  жағымсыз 
жақтары туралы сөз қозғайды. Жағымсыз мотивация студенттердің оқу 
үрдісінде  жауапсыздық  танытуға  кезінде  саналы  түрде  пайда  болатын 
жағдайлар  (ескерту,  төменгі  бағалар,  берілетін  сөгіс,  уайымдау,  т.б.) 
арқылы  көрінеді.  Жағымды  мотивация  –  студенттің  оқу  еңбегінде 
жеткен  жетістіктері,  жаңа  білімді  меңгеруі,  қоршаған  адамдармен 
жақсы қарым-қатынаста болуымен байланысты сипатталады. 
Мотивтердің  басқа  формалары  –  мотив  күшінен,  көрінісінен, 
пайда  болу  жылдамдылығынан  көрінеді.  Олар  мысалы:  студенттердің 
тапсырманы 
орындау 
уақытының 
ұзақтылығынан, 
студенттің 
тапсырманы орындай алатын шамасынан көрінеді. 
Басқа жас ерекшеліктері сияқты студенттік кезде де мотивацияны 
тәрбиелеудің  өз  резервтері  бар.  Келесі  кезектегі  мотивтерді  тәрбиелеу 
қазіргі  кездегі  педагогикалық  психологияның  көкейтесті  мәселелері 
болып табылады: 
 
-  формасына  қарамастан  білімділікті  жетілдіру  (өзіндік  дербес 
жұмыстар,  кәсіби  іс-әрекет  барысында  өзін-өзі  тәрбиелеу,  білім  алу 
т.б.); 

23 
 
 
-  компетенттілікке  жету  –  жеке  тұлғаның  жалпы  кәсіби 
қасиеттері мен кәсіби іс-әрекет талаптарының сәйукес келуі
 
-  еңбек  ету  және  әлеуметтік  тәжірибеге  белсенді  түрде  қатысу, 
өзін-өзі  белсенді  өмір  сүруге  тәрбиелеу.  Осындай  мотивтер 
студенттердің 
жан-жақты, 
толық 
дамуының 
перспективасын 
қамтамасыз  етеді  және  болашақ  кәсіби  іс-әрекетке,  әлеуметтік  өмірге 
деген дайындығын күшейтеді. 
П.М.Якобсон  оқу  іс-әрекет  мотивіне  классификация  жасады: 
Мотивтердің  бірінші  түрін  ол  «жагымсыз»  деп  атады.  Мұндай  мотив 
ретінде  ол  мынаны  қарастырады:  егерде  студент  оқымаса  белгілі  бір 
жағымсыз  жағдайлардың  болатынын  түсініп  оқитын  болса  (яғни,  ата-
анасынан  сөз  есту  және  т.б),  онда  бұл  оқудың  соңғы  шегінің  нәтижелі 
болуына  апармайды.  Құрылымы  жағынан  мұндай  мотивке  -  оқу 
қызықсыз, оқу орнына барғысы келмеуі, білім алуға танымының төмен 
болуы тән. Оқу орнына бару мотивінің білім алу мотивіне қатысы жоқ. 
Бұл қажеттілік мотиві кейбір студенттерге ғана тән, ол оқуда жетістікке 
жеткізбейді және оның орындалуы өзін күштеу арқылы жүреді, еріктік 
аумақтың әлсіздігі барысында студенттің оқу орынынан кетуіне әкеледі. 
П.М.Якобсон  бойынша,  оқу  іс-әрекетінің  екінші  түрі  де  оқудан  тыс 
жағдайлармен байланысты, бірақ оның оқуға деген жағымды қатынасы 
бар. Қоғамдық жан-жақты әсерлер білім алушыда парыз сезімін оятады, 
ол білім алуға, азаматтық борышты орындауға, өз еліне және жанұясына 
жағымды  нәрсе  жасауға  итермелейді.  Оқудағы  мұндай  ұстанымдар, 
егерде  ол  білім  алушы  тұлғасында  берік  және  бағыттылығында 
маңызды  орынға  ие  болса,  онда  ол  оқуды  тартымды  етеді,  оқушы 
тұлғаға  қиындықты  жеңуге  күш  береді.  Мұндай  мотив  түрлеріне 
П.М.Якобсон  жеке  тұлғалық  қызығушылықтарды  жатқызады.  Мұнда 
оқу  процесі  тұлғаның  өсу  жолы  немесе  жетілуінің  баспалдағы  ретінде 
қабылданады. Мәселен, студентте оқуға деген сондай бір қызығушылық 
жоқ,  бірақ  онсыз  өмір  жолында  жетістіктерге  жетпейтінін  түсінеді, 
сондықтан да, оқуға бар жігерін салады [4]. 
Тек  оқыту  формасы  ғана  емес  сонымен  бірге  оқытушы  мен 
студенттер 
арасындағы 
интеракция 
әдісі 
оқу 
іс 
-әрекеті 
мотивациясының  сапасына  әсер  етеді.  Зерттеулер  көрсеткендей 
оқытушы мен студенттің өзара әрекетінде үлкен айырмашылықтар бар: 
 
- студентке қолдау көрсету және ақпейілділік жағымды қарым –
қатынас  қажеттіліктерінің  дамуына  жағымды  әсер  етеді  және 
студенттер арасында кооперация туғызады; 
 
- авторитарлық және пәндік талаптар студент қажеттіліктерінің 
жоғарылауынан көрінеді. 

24 
 
Оқу  үрдісінде  студенттің  дербестілігі  мен  қабілеттерін  көрсетуі 
үшін, оқу іс-әрекетіне қызығушылығын ояту үшін арнайы жағдайларды 
жасау  керек.  Педагог өз  пәнінде белсенді оқыту әдістерін қаншалықты 
көп  қолданса,  студенттердің  де  пәнді  оқуға  қызығушылықтары 
соншалықты  артады.   Студенттің  пәнді  оқуға  қызығушылығын 
арттырудың   негізгі  амалдары  –  студенттен  белсенді  танымдық  іс-
әрекетті  талап  ететін  сұрақтар  мен  тапсырмаларды  беру.   Студентке 
тапсырмалар  тізбегін  беру  кезінде  педагог  студенттің  ықтимал 
мүмкіндіктерін  ескеруі  қажет.  Студентке  берілген  тапсырмалар 
мәселелік тұрғыда берілсе және студенттің өзінде бар білімі ол мәселені 
шешуге  жетпейтін  болса,  онда  студентте  сол  мәселені  шешуге 
байланысты және жалпы жаңа білімді меңгеруге қажеттілік туындайды. 
Аталған  қажеттілік  негізінде  оқуға  деген  мотив  пен  қызығушылық 
қалыптасады.  Үнемі  белсенді  іс-әрекетті  қажет  ететін  жұмыс,  студент 
үшін қызығушылықты тудыратыны сөзсіз. Ал керісінше белсенділік пен 
интеллектуалды  жұмысты  қажет  етпейтін  іс-әрекет,  студент  үшін 
ешқандай қызығушылық оятпайды. Оқу үрдісінде қиындықтарды жеңу, 
мәселелік жағдайларды шешу оқу үрдісіне қызығушылықты  тудырады, 
қалыптастырады, арттырады. Дегенмен оқу үрдісіндегі қиындықтар мен 
мәселелік  жағдайларды  студент  шеше  алу  мүмкіндігі  болған  жағдайда 
ғана  қызығушылық  туындайды,  ал  керісінше  масілілік  тапсырмаларды 
шешуде  студенттің  ықтимал  мүмкіндігі  жетпейтін  болса,  онда 
студенттің оқу үрдісіне деген қызығушылығы күрт төмендейді [2]. 
Студенттердің  оқу  мотивациясының  қалыптасуына  мынадай 
ерекшеліктер  қатары  әсер  ететіні  белгілі:  өмірдегі  өз  орнын  табу  және 
болашаққа  жоспар  құру  қажеттілігі;  азаматтық  борышқа  байланысты 
әлеуметтік  мотивтердің  қалыптасуы;  өзін-өзі  дамытудың  барлық 
формаларына  деген  қызығушылық;  қоршаған  адамдардың  пікіріне 
тәуелсіз қызығушылықтарының тұрақтылығы; мамандыққа байланысты 
нақты  мотивтер  мен  мақсаттарды  таңдауы;  тек  өзіне  ғана  емес, 
басқаларға  да  қатысты  шешім  қабылдауы;  мамандықты  таңдаудағы  өз 
мүмкіншіліктерін  бағалауы,  өмірлік  позициясын  түсінуі;  әлеуметтік 
және  танымдық  мотивтердің  қоспасы  ретінде  студенттің  өз 
дүниетанымын  түсіну  тенденциясы;  студенттің  өзін-өзі  тану  үрдісінің 
адекватты  болуы.  Айналадағы  қоршаған  адамдармен  қарым-қатынас 
негізінде  пайда  болатын  әлеуметтік  мотивтер  де  өзгеріске  ұшырайды. 
Студент  үшін  өз  қатарластарымен,  оқытушылармен  жасаған  қарым-
қатынас  өте  маңызды  рөл  атқарады.  Бұл  студенттердің  оқытушымен 
іскерлік әрекеттерін тығыздандыра түседі. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет