Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



жүктеу 2.81 Mb.
Pdf просмотр
бет4/31
Дата29.12.2016
өлшемі2.81 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

СТУДЕНТТІК ТОПТАҒЫ  ЛИДЕРЛІК 
 
АЛЕМОВА А.Т. 
Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Психология» 
мамандығының 2 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ЕДІГЕНОВА А.Ж. 
Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің психология 
кафедрасының доценті, п.ғ.к. 
 
Психология  ғылымында  лидерлік  мәселесі  көкейкесті  мәселелердің 
бірі  болып  табылады.  Әсіресе  бұл  мәселе  қазіргі  таңда  өте  маңызды  болып 
отыр.            
Өмір  сүрудің  қазіргі  жағдайына  байланысты  лидерлерге  қойлатын 
талаптар  да  өзгерген.  Қоғам  иедалогиялық,  саяси,  экономикалық  және 
әлеуметтік  дағдарысты  бастан  кешіруде.  Пайда  болған  мәселені  шешу  үшін 
және оларды бір қадам алда көре алатын адамдар қажет. Бүгінгі студенттер - 
ертеңгі  саясаткер,  экономист,  заңгер,  психолог,  педагог  және  т.б.  мамандық 
иегерлері. Олар қоғамда қандай да бір орынға ие болады және қандай да бір 

34 
 
әрекет  саласында  лидерлер  бола  алады.  Түрлі  топтарда,  ұжымдарда, 
мекемелерде,  әскери  бөлімшелерде,  тіпті  мемлекеттік  дәрежеде  әлеуметтік 
құрылымдарды  басқара  алатындар  да  сол  лидерлер.  Кейінгі  жылдары 
студенттердің  жоғары  оқу  орындарында  білім  алу  мотивациялары  да  өзгере 
бастаған,  топтағы  студенттендің  қарым-қатынасымен,  студенттердің  өздерін 
басқара  алудың  да  әдіс-тәсілдері  өзгерген.  Сол  себептен  де  әрбір  топтағы 
лидерлерді  анықтап,  олардың  қажеттіліктері  мен  маңызын  өзге  топ 
студенттеріне түсіндіру бүгінгі таңда маңызды мәселелердің бірі болып отыр.  
Лидерлік  мәселесі  отандық  және  шетелдік  психологтардың, 
әлеуметтанушылардың басты назарында болды (түрлі кезеңдерде лидерлікті 
әртүрлі  көзқараста  қарастырған).  Қазіргі  деректерге  сүйенсек,  лидерлік   
және  лидер  ұғымдары  -  бұрынғы  уақыттардан  қазіргі  таңға  дейінгі  уақыт 
аралығында    басқару  ғылымы  саласында  көп  тартысқа  түскен 
тақырыптардың бірі болған. Бұл жағдай басқару  ғылмының даму үрдісінде  
бір  біріне  ұқсас  болса  да,    көбіне  лидерлік  пен  лидер  сөзіне        анықтама 
берілуіне себеп болған. 
Лидерлік  жеке  тұлғаға  әсер  етуші,  сонымен  қатар  топқа  да  әсер  ете 
алатын, өз мақсатына жете алатын үрдіс. Әрбір лидердің алға қойған мақсаты 
болады, мақсатсыз лидер іс-әрекет жасай алмайды. Қазіргі басқару саласында 
лидерлікке  бір  жақты  мінездеме  берілмеген:  лидерлік  –  ол  басқа  адамдарға 
әсер  ету  (В.Кац,  Л.Эдингер).  лидерлікті  табиғи  әлеуметтік  процес  ретінде 
қарастыруға  болады.  Табысу  негізіндегі  лидерлік  концепциясының  негізін 
қалаушылар  Е.Мансон,  Ф.Олпорд,    С.Бандель,  Т.Филиппс,  Б.Мур,  У.Бенниз 
теорияның  негізінде  аз  мөлшердегі  шығын  арқылы  үлкен  жетістіктерге 
жетуге болатынын атап көрсеткен. 
Лидер  белгілі  бір  топта  іс-әрекет  жасайтындықтан,  осы  топ,  ұжым 
түсініктері қоса қарастырылады. Сонымен, «лидер»  жетекші деген мағынаны 
білдіреді,  қоғамға,  ұйымға  немесе  топқа  ықпал  етуге  қабілетті  тұлға  немесе 
тәжірибеде  көшбасшы  дейміз  белгілі  бір  топтағы  беделі  жоғары,  өзгелерге 
әсер  ету  мүмкіндігі  бар,  топты  басқаратын  тұлға.    Лидерлік  –  студенттік 
топты    белгілі  бір  мақсат  төңірегіндегі    жинай    алу  мен  осы  мақсаттырды  
жүзеге  асыру  үшін,    оларды  әрекетке  көшірудегі    білім  мен  қабілеттердің 
жиынтығы.  
  Ал қазақ  тілі терминдерінің   салалық ғылыми түсіндірме  сөздігінде 
де  лидер сөзінің баламасы   жетекші деген ұғымды білдіреді.  Лидер- ол кең  
көлемдегі  топ  мүшелерінің    таңдауындағы  адам    немесе    ұдайы  таңдап 
алатындар.  Сонымен  қатар,  лидер    -  адамдарға    ықпал    ете    білудің    өнері,  
олардың    белгілі    бір    мақсатқа    жетулеріне    итермелей    білу.    Өте    жиі,  
көбіне  саясатта  лидер  өз  мақсатына  жетуге  тырысады.  Адамдар  лидердің  
басқаруымен    жүрулерінің    негізгі    себебі,    лидер    олардың    негізгі  
қажеттіліктерін    қанағаттандыру    үшін    әр    түрлі    құралдар  ұсына    білу  

35 
 
мүмкіндігінде  және  адамдардың  іс  әрекеттеріне  керекті  бағыт  бағдарды 
көрсете  білуінде.  Лидердің  билігі  бағынушылардың   жақсы  білімдеріне,   
өзін  олардың  орнына  қоя  білу  білігіне,  жағдайларды  талдай  білуіне,  өз  
іс - әрекеттерінің  жақын  және болашақ  көрінісін  анықтай  білуіне,  өзіндік  
жетілуге  тырысуына,  бағынушыларда  өздеріне  деген  сенімділікті  тудыра  
білу    қабілетіне      негізделеді.  Лидер    әріптестерінің,    қарсыластарының,  
бастықтарының    психологиялық    ерекшеліктерін    айқын    сезінеді,    түсінеді  
және  бұны  ресми, ресми  емес  уақыттарда  қолданады. Басқаларды  сендіре  
отырып,      өзінің    қарым-қатынасқа  даяр  екенін    көрсетеді.  Бірақ    лидер  
билігінің  ең  негізгі  көрінісі  оның  адамдарды   басқарудағы  тәуелсіздігі,  
өзінің  иеленіп  тұрған  орнын  кез  келген  уақытта босата  білуі.    
Көшбасшылық біздің өміріміздің  барлық салаларына   еніп, ұйымдар 
мен  өзге  де    құрылымдардың  тиімді  қызмет  етуінің    алғысшарты  болып 
табылатын    біліктілік  қасиеті.  Саяси  тұрғыдан  халықтың  немесе  белгілі  бір 
әлеуметтік  топтың  мақсат-мүддесін  толық  сезініп,  қорғай  білетін,  бойына 
саяси  қайраткерге  лайықты  қасиеттерді  жия  білген  адам  лидер  ретінде 
танылады.  Лидер  алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін  белгілі  бір  әлеуметтік 
ортада  адамдардың  күш-жігерін  біріктіріп,  іс-әрекетін  қоғам  мүддесіне  сай 
жүргізеді. 
Лидерге 
алғырлық, 
ақылдылық, 
қажырлылық, 
ұйымдастырушылық,  жұртқа  жағымдылық,  сондай-ақ  өзіне  жауапкершілік 
ала білу және іскерлік таныта білушілік т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән.  
Лидерлік  өз  табиғаты  бойынша,  қоғамдық  өмірдің  әмбебап  феномені 
болып  табылады.  Лидерлікті  зерттеушіліер      тарихшылар,  философтар,  
психологтар,  әлеуметанушылар,  саясаткерлер,  жән тағы басқа   ғалымдар 
тарапынан да   назар аударылуда. Алайда, антикалық  грек философтарынан 
бастап,  бүгінгі  күнге  дейін    лидердің  студент  лидердің  қандай  болуы 
керектігі   туралы сұрақтың жауабы іздестірілуде. 
Адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынасы,  әрекетке  түсулері  түрлі 
топтарда жүзеге асады. Ал топты ортақ қасиеттері бар элементтер бірлестігі 
деп  түсінуге  болады.  Жеке  тұлғаның  психологиясы  мен  әрекеті  оны 
қоршаған әлеуметтік топқа байланысты. Әлеуметтік ортада адамдар көптеген 
түрлі тұрақты  және  тұрақсыз түрде    біріктірілген, біз  оны  топ деп атаймыз. 
Олардың өзі үлкен және кіші т.б. деп қарастырылады.  
Топ -  әлеуметтік  тұтастықтан  белгілі  бір  нышандары  негізінде 
бөлінетін адамдардың қандай да бір шамадағы қауымдастығы.
  Топтың өзіне 
тән  белгілері  болады:  бірлесіп  әрекет  ету,    тұрақты  мақсаттарының  болуы, 
қандай  да  бір  әлеуметтік  проблемаларды  шешу  үшін  топтың  бірлесіп 
әрекеттесуі,  топта  ұйымшылдықтың  болуы,    топ  мүшелерінен  лидер, 
басқарушының  болуы,  рөлдердің  бөлінуі  (міндеттердің  бөлінуі,  басқарушы 
функцияларының  бөлінуі  т.б.),  топ  мүшелерінің  эмоциональдық  қарым-
қатынасы, ол топтың белсенділігіне өз ықпалын тигізеді, топтың құрылымын 

36 
 
қалыптастырады,  топтың  мәдениетінің  қалыптасуы  –  нормалар,  заңдар, 
талаптар, тәртіп, топтағы әрбір жеке тұлғадан күтетін мүмкіндіктері топтағы 
динамиканы  сақтап  тұрады.  Бұл  нормалар-  топтың  қалыптасып,  тұрақты 
болып қалуына өз ықпалын тигізеді. Топ қызығушылығы, қажеттілігі, өз ойы, 
құндылықтары, нормалары, мақсаттары сияқты компоненттерден тұрады. 
Ал  студенттік  топ  деген-    құрамында  15-20  адамнан  құралған  кіші 
әлеуметтік топтың бір түрі. Әлеуметтік психологияның негізгі ұғымдарының 
бірі  болып  табылады.  Студенттік  топқа    басқа  да    топтардың    негізгі 
белгілерін жатқызуға болады. Яғни кіші әлеуметтік топтар сияқты студенттік 
топ-  саны,      жеке  тұлғалардың  дербестілігі,  жалпы    топтық    мақсат,  
дифференциалдылық  және де  құрылымдылығы.  
Студенттік  топтағы  лидер    яғни    оның  мінез-  құлқының  ерекшелігі  
әрбір  қатысушының    қозғалысын  немесе      барлық  топтың    дерлік    өмірін 
анықтайды. 
Лидер 
басқаша 
айтқанда, 
студенттік 
топтың  
ұйымдастырушылық    қабілетін  арттыруға  ұйытқы  болады.  Ал  лидер  осы 
топты  ортақ  мақсатқа  біріктіріп,  басқарушы  болады.  Лидер  ортақ  бір 
мақсатқа  топтың әрекетін  дұрыстап, бағыттау  үшін жеке тұлғаның  бүкіл іс-
әрекетін  сипаттайды,  яғни  бір  мақсатқа  жету    үшін  басқа  тұлғалардың    іс-
әрекеттерін  басқарады.  Лидерлік  кең  мағынада,    бір  топ  мүшелерінің    ішкі 
және  сыртқы  оқиғалардың  болжамына,        мақсат  қоюына,    белсенділіктерін 
арттыруына,  жеке тұлғаның мотивация мен ортақ  бағыттарына  әсер ететін 
әлеуметтік  үрдіс.  Студент  белгілі  бір  топта  болады.  Ол  топтың  студент 
тұлғасының дамып,  қалыптасуына әсер етуін қарастырсақ:  
-  топта  студент  басқа  студенттермен  кездеседі,  олар  оның  рухани 
мәдениетінің қайнар көзі бола алады.  
-  топтағы  студенттердің  бір-бірімен  қарым-қатынасы  жағымды 
әлеуметтік нормаларға әсер етеді. 
- топтағы студент өзінің коммуникативті дағдыларын қалыптастырады.  
-    студент  өзінің  топ  мүшелерінен  өзін  қалай  қабылдайтындықтарын 
көріп, өзінің мүмкіншіліктерін дұрыс бағалайды.  
-  топ  әрбір  студентке  эмоцияналды  жағымды  күш  береді.  Топтағы 
тікелей қатынас арқылы студенттер өзгелердің өмірінен тәжірбие алады. 
Осы  топта  басқарушының  болуы  заңды  құбылыс  болып  табылады, 
яғни күнделікті іс-әрекеттер барысында лидерлер шыға бастайды. Осылайша 
лидер  белгілі  бір  топқа  жетекші  жасайды,  ұйымдастырады,    жоспарлайды 
және  топтағы басқа мүшелерден  гөрі аса жоғары  деңгейдегі  белсенділікті  
таныта  келе,    топтың  қызметін  басқарады.  Лидерге  келесі  бір  анықтама 
берілген  (Н.С.Жеребова):  лидер  –  топтағы    мүшелердің    өзара  әрекеттесу 

37 
 
нәтижесінде   ұсынылатын топтың бір  мүшесі,  ол топтық құнды   бағдарлар 
мен  ережелерді сәйкестендіре  келе, өзінің айналасында топ құрайды  және 
топтық    мақсаттарға    жету  үшін,  осы    топтың  ұйымдастырылуына  себепші 
болады. 
Лидерлік  сана  -  белгілі  бір    психологиялық  қасиеттердің,  
қабілеттердің  және  қоршаған  адамдармен  түсінісіп,  қарым-қатынас  жасай 
алуды білдіреді. Мұндай сапалар адамға лидерлік функциялар мен  қойылған 
міндеттердің    тиімді  орындалуын  қамтамсыз  ете  алады.  Лидерлік    сапаны 
бірнеше    қасиеттерге    жіктеп,  оларды    қалыптастырып,    дамыта  келе,    кез 
келген адам лидер болып қалыптасуы әбден мүмкін. Адам  өмірінде лидердің 
рөлі    бағасыз  құбылыс.  Лидерлік        сапалардың    қалыртасуы  -  белсенді  
қарым-қатынастың қалыптасуы, қабілеттіліктің  дамуы,  адамдарға әсер ету,  
оларды  өз  ара  әрекеттестікке,  ниеттестікке  айналдыру,  олардың  күштерін 
жалпы  әлеуметтік  мағыналы  мақсаттарға  бағыттап,    адам  өзінің  
құндылықтарын    сезіне  келе,  өз  шеберлігін    шыңдайды.  Ол  топты 
басқарғандағы, студенттік топтағы  қандай  да болмасын міндеттер,  мысалы 
студенттік  топ  ішінде  белгілі  бір      міндеттерді  бөліп  беру,    мадақтау,  топ 
мүшелеріне    сын,   белгілі   бір   нәтижеге жету  кезіндегі  талпыныстар  жән  
т.б.  туралы  айтуға  болады.  Бүгінгі  студент-  ертеңгі  іскер  жетекші  маман. 
Демек,  тұлғаның  лидерлік  қасиеттерінің  қалыптасуы  мен  дамуы  үшін  осы 
мақсаттағы  арнайы  ұйымдастырылған  іс-шаралар  қажет.  Сондықтан  қазіргі 
жастардың  өз  қатарының  лидері  болуға  лайықты  қасиеттерін  қалыптастыру 
үшін мақсатты бағытталған жұмыстар керек. 
Жалпы  студент  деген    –  қоғамның  кешегісі  мен  бүгінгісін,  саралай 
отырып,  келешегін  жасайтын  жеке  тұлға.  Студент  -  жоғары  оқу  орнында 
(институт, университет т.б.) оқып білім алушы. Студент білім алу барысында 
қандай болмасын топтарда өз іс-әрекеттерін жүзеге асырады, нақты мақсат-
міндеттерін  орындайды.  Адам  ақыл  парасаттың  иесі  ретінде,    айнала 
қоршаған  ортаны  танып  білу  барысында  оның  даму  заңдылықтарын  , 
ерекшеліктерін  біліп,  оған      өзінің  қатынасы  белгілейді.Өзінің  қажеттілігін 
қанағаттандыру    үшін,  белсенді  әрекетке  түседі.  Тұлғаның  жеке  бас 
қасиеттері  қарым-қатынас  процесінде  дамиды.  Қарым-қатынас  оның 
танымдық  іс-  әрекетіне    ықпал  етіп,  психикалық    процестерінің  
қалыптасуына  негіз  болады.  Танымдық  іс  әрекет  оқыту  процесіндегі 
студенттердің тұлғалық  белсенділігін дамытуда   маңызды рөл атқарады.  
Сонымен,  лидер  алға  қойған  мақсатқа  жету    үшін  белгілі  бір 
әлеуметтік  ортада    адамдардың  біріктіріп,    олардың  іс-әрекеттерін  қоғам 
мүддесіне 
сай 
ұйымдастырады. 
Лидерге 
алғырлық, 
белсенділік, 
жауапкершілік, ұйымдастырушылық,  адамгершілік, іскерлік, жан-жақтылық, 

38 
 
жаңашылдық  және  тағы  басқа  да    қасиеттер  мен  қабілеттер  тән.  Қандай 
болмасын  тарихи  кезеңде,  қоғамдық      саяси  өмірде    лидер    беделді    тұлға 
ретінде танылған, сондықтан бұл мәселе бүгінгі күн үшін аса маңызды болып 
табылады.  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Андреева Г.М. Социальная психология. – Москва, 1998. 
2.Баймуханбетов  Б.М  «Лидер»    «Лидерлік»    «лидерлік  сапа»  
ұғымдарының    мәнің    теориялық  талдау  /Б.М.Баймуханбетов  //Қазақстан 
ПҒА хабаршысы. Вестник. АПН Казахстана. – Алматы, 2014.-№1,40-46 бет. 
3.  Биекенов  К.,  Садырова  М.  Әлеуметтанудың  түсіндірме  сөздігі.  - 
Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. 
4.  Қазақ  Ұлттық  Энциклопедиясы  Бас  редакциясы.  -  Алматы,  2004.  - 
VI том, 259бет. 
 
 
ҚЫЗДАР ТӘРБИЕСІНДЕ ЕСКЕРІЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР 
ТУРАЛЫ 
 
АМАНГЕЛДІ А.Ғ. 
 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік 
педагогика және өзін-өзі тану мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі: АЛБЫТОВА Н.П. 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, 
п.ғ.к. 
 
Тәрбие  тарихында  әйелдер  тәрбиесі,  олардың  отбасына,  қоғамға 
қатысты  сипаттары  туралы  үздіксіз  көңіл  бөлініп  келгені  байқалады. 
Ежелгі дәуірде (Спарта, Индия) адамдар қыз бала мен ұлдар тәрбиесінде 
болатын айырмашылықтарға көңіл бөле бастаған. Әйелдердің отбасына, 
балаларын  күтуге  шын  берілуіне,  жолдасына  деген  қарым-қатынасына 
қарамастан  оның  ырқына  көнуіне  мәжбүр  етіп  тәрбиелеген.  Қыздар 
өмірлерінің  алғашқы  кезеңінде  ата-аналарына,  отбасын  құрған  соң  – 
күйеулеріне  бағынышты  болған  және  ата-анасының  қалауы  бойынша 
тұрмысқа  берген.  Қыздар  тәрбиесіне  қатысты  мұндай  сипат  өзге 
елдермен қатар қазақ халқында да болған.  
Тарихи  1917  жылдан  соң  болған  өзгерістер  білім  мен  тәрбие 
мәселесін  де  қамтыды.  Мемлекеттік  саясатта  көрініс  тапқан  ерлер  мен 
әйелдердің тең құқықтығы салдарынан мектепте қыздар мен ұлдар бірге 
оқыла  бастады.  Осыдан  ұлдар  мен  қыздар  тәрбиесіндегі  ерекшеліктер 

39 
 
туралы  ұмытыла  бастады.  20-40  жылдары  тәрбиедегі  арнайы 
моральдық-құқықтық қатынас болмады. 
Шет  елдік  педагогикада  З.Фрейдтің  көзқарасы  басым  болды. 
Мектеп  пен  отбасы  тәрбиеде  гигиена  мен  өмірдің  сексуалдық 
жақтарына  ауысып,  тәрбие  жүйесі  тұтастай  «ұтымды  неке  құру» 
тәрбиесіне ауысты.  
Қазақ елі заманауи тәрбиенің ырқына көнгенмен, ғасырлар бойы 
адам тәрбиесінде өзіндік әдіс-тәсілдері мен шешу жолдары қалыптасқан 
қазақ ұлтты қыздар тәрбиесін сақтап қалуға, насихаттауға тырысты.  
Қазақ  қызының  сұлулығы  және  олардың  тәрбиесі  жайлы 
Ш.Уәлиханов,  А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов  және  т.б. құнды 
еңбектер жазды.  
Ш.Уәлиханов  өзінің  этнографиялық  еңбектерінде  жаңа  түскен 
қалыңдықты  қайын  атасының  үйіне  кіргізерде  тізе  бүккізіп,  отқа  май 
тамызып,  от-ана,  май-ана  шапағатыңды  тигізе  көр,  -  деп  қасындағы 
әйелдер  қолдарын  отқа  қыздырып,  қалыңдықтың  бетін  сипайды.  Бұл, 
әрине,  қазақ  халқының  жас  үлкендерді  сыйлап,  олардың  атын  атамай, 
жұмсақтық  пен  биязылыққа  тәрбиелеудің  мәнін  білдіреді,  -  деп 
ескерткен.  
Қазақ  халқының  қыз  тәрбиелеуде  өзіне  тән  салт-дәстүрі  бар 
екенін,  оның  озығы  мен  тозығын  ғылыми  тұрғыда  талдап,  дәлелдеген 
ұлы  ағартушы  Ы.Алтынсарин.  Қазақ  халқының  келешегі  –  қыз 
балаларды тәрбиелеуге байланысты, тұңғыш рет қасында интернаты бар 
бірнеше қыздар училищесін ашып, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлді. 
Педагог  ислам  дінінің  аяттарындағы  адамгершілік,  имандылық, 
қайырымдылық, мейірімділік қағидаларын өзінің еңбегінде арқау еткен. 
Ал, данышпан Абай әйел бойындағы қасиеттерді бағалап көрсете 
білген.  Адамға  дұрыс  тәрбие  беріп,  шындыққа  қалыптайтын  нәрселер: 
«Ақыл,  ғылым»,  «мұның  табылмақтылығына  бірінші  себепкер  сезім, 
екінші тән сұлулығы, бұлар адамда туысынан болады». Ал қалған өзге 
қасиеттің  бәрі  «жақсы  ата,  жақсы  ана,  жақсы  құрбы,  жақсы  ұстаздан 
болады»,  -  деп  философиялық  жағынан  бейнелейді.    Қыз  тәрбиесінің 
көрсеткіші  ретінде  олардың  көркіне  ақылы  сай  болуын,  сыпайы  сөзін, 
әдебі мен жарасымды жүріс-тұрысын, жақсы мінезін суреттейді. [1, 89б] 
А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  М.Дулатұлы,  С.Торайғыров, 
Н.Құлжанова  және  т.б.  еңбектерінде  ұлттық  тәлім-тәрбиедегі  қыздар 
тәрбиесінің  алатын  орнын  нақты  көруге  болады.  Мәселен,  Ахмет 
Байтұрсыновтың  «Әдебиет  танытқыш»  атты  еңбегінде  қазақ  ұлтының 
ерекше тәрбие дәстүрлері: қыз ұзату, оны оң жақта тәрбиелеп, мәпелеп 
болашақ ана болуға дайындау әр ананың жауапкершілігіне жүктелген.  

40 
 
М.Жұмабаев  «Педагогика»  атты  әрі  оқулық,  әрі  әдістемелік 
кітабында  «...Бала  аурулы,  бала  тар  ойлы  болса,  бала  кінәлі  емес, 
тәрбиеші  кінәлі;  бала  сұлулықтан  ләззат  ала  алмайтын  мылқау  жанды 
болса,  бала  айыпты  емес,  тәрбиеші  жазалы»-деп  ересектердің  тәрбиеге 
қырағы болуын міндеттейді    [5, 28б].  
М.Әуезовтың:  «Әйел  көркейсе,  мемлекет  те  көркейеді.  Әйел 
күйресе, мемлекет те күйрейді. Имани ілімге  жүгінсек  адамдықтың  да, 
мемлекеттің  де  парқы  әйелмен  өлшенеді  екен.  Өйткені  әйел  ошақтың, 
отбасының  ғана  тірегі  емес,  мемлекеттің  де  тірегі»-  деген  ой 
тұжырымын айтып өтуге болады       [1, 98б].   
Жас 
ерешеліктеріне 
орай тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесінде Нәзипа Құлжанованың 
еңбектерінің  орны  ерекше.  Атап  айтар  болсақ,  «Мектептен  бұрынғы 
тәрбие»,  «Ана  мен  бала»,  «Әдемілік  сезімін  көтеру»,  «Мейірімділік 
әдеттерін көркейту», және т.б. еңбектері [1, 99б]. 
Ресейлік  ғалымдар  А.И.Левшин,  Н.Л.Зеланд,  В.В.Радлов, 
Н.Северцев,  Г.Н.Потанин  қазақ  қыздарының,  әйелдерінің  тәрбиесі, 
оларды  тәрбиелеу  жолдары  жайлы  терең  зерттеу  жүргізген  Мысалы, 
А.И.Левшин  қазақ  әйелдерінің  инабатты,  шаруақорлық,  іске  шебер, 
еріне  адал  болатындығына  тоқталып,  «Қырғыз»  әйелдері  –  түйе 
жетектеп  келе  жатып  та,  жасы  үлкен  ерлерге  ізеттілік  көрсетуді 
ұмытпайды» деп жазады [5, 32б].  
Соңғы  жылдары қыздар тәрбиесі философиялық, психологиялық 
және педагогикалық бағытта кеңінен зерттеле бастады. Философ ғалым, 
қоғам  қайраткері  Ұ.Есімнің  ғылыми  зерттеу  жұмысында  «Қазақ 
отбасындағы  қыз  бала  тәрбиесі»  атты  кешенді  бағдарлама  қыз  баланы 
отбасында тәрбиелеудің ерекшеліктері айқындалған [5, 33б]. 
Қ.Б.Жарықбаев,  С.Қ.Қалиев,  С.А.Ұзақбаева,  К.ҚҚожахметова, 
Р.Дүйсембінов,  Р.К.Төлеубекова,  Қ.Қ.Шалғынбаева,  Ш.И.Джанзакова 
т.б. педагог-ғалымдар халық педагогикасы жайлы зерттеу жұмыстарына 
тарихи  педагогикалық  тұрғыдан  мән  берсе,  Ж.Т.Сарыбекова  арнайы 
қыздар тәрбиесін зерттеген танымал ғалым [1, 104б]. 
Ж.Т.Сарыбекова  жаһандану  кезеңінде  қыздар  тәрбиесін  ұлттық 
тәрбиемен  ұштастыру  мәселесін  көтереді.  Ғалым:  «Қыз  тәрбиесінің 
мақсаты  –  қыз  баланы  ұлттық  сана  сезімі  жетілген,  келешекке 
шаңырақтың  береке  құтын  сақтайтын  ақ  босағаның  аруы  ретінде 
төзімділікке,  сыпайылыққа,  әдептілікке  тәрбиелеп  қалыптастыру.  Қыз 
баланы тәрбиелеудегі ең басты нысана, ол  – болашақта ұрпақ бастауы, 
отбасы ұйытқысы болатындай ардақты ана, сүйікті жар тәрбиелеу. Қыз 
тәрбиесі  дегеніміз  –  қыз  баланы  келешекте  шаңырақтың  береке  құтын 
сақтайтын ақ босағаның аруы  ретінде,  оны  төзімділікке, сыпайылыққа, 
әдептілікке тәрбиелеу»-деп нақты белгілейді. 

41 
 
Қыз  тәрбиесі  дегеніміз  –  қыз  баланы  келешекте  шаңырақтың 
береке  құтын  сақтайтын  ақ  босағаның  аруы  ретінде,  оны  төзімділікке, 
сыпайылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. 
Қыз  тәрбиесінің  мақсаты  –  қыз  баланы  ұлттық  сана  сезімі 
жетілген, келешекке шаңырақтың береке құтын сақтайтын ақ босағаның 
аруы  ретінде  төзімділікке,  сыпайылыққа,  әдептілікке  тәрбиелеп 
қалыптастыру. 
Қыз баланы тәрбиелеудегі ең басты нысана, ол – болашақта ұрпақ 
бастауы,  отбасы  ұйытқысы  болатындай  ардақты  ана,  сүйікті  жар 
тәрбиелеу [1, 155б].  
Мектеп  жасындағы  қыз  балалар  тәрбиесін  негізінен  үш  кезеңге 
бөлуге  болады.  Бастауыш  сыныптар  кезеңіндегі  тәрбиенің  мақсаты 
тазалыққа,  ұқыптылыққа,  жинақылыққа  үйрете  отырып,  баланың  көп 
білуге  құштарлығын  арттыру,  кітап  оқу  мәдениетін  дамыту.  Бесінші-
сегізнші  сыныптар  арасында  алғашқы  кезеңдегі  тәрбие  түрлері  ары 
қарай  дамытыла  түседі.  Бұл  тұста,  жас  ерекшелігіне  қарай,  қыз  бала 
анасынан  еш  нәрсе  бүкпейді.  Қит  еткен  нәрсенің  бәрін  айтып  келеді. 
Сол шыншылдығы мен ашықтығын, ескеріп, қыз баланың келешегіне ең 
керегі  нәзіктік,  ілтипаттылық,  үлкенді  сыйлау,  кішіге  қамқор  болу, 
тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру – басты борыш. Сонда бұл 
сипаттар  келешекте  жарасымды  жар,  аяулы  ана,  қоғамымыздың 
белсенді  мүшесі  болатын  қыз  баланың  бойынан  әрқашан  нұр  болып 
төгіледі.  
Үшінші  кезең  тоғызыншы-он бірінші  сыныптарды қамтиды.  Бұл 
аралықтағы  тәрбие  алдыңғы  кезеңдермен  тығыз  байланысты.  Адамға 
деген  мейрім  бала  кезден,  ең  жақын  адамын  сүюден  басталады. 
Сондықтан  әрбір  қыз  балаға  ата-анасын,  туыстарын,  ұстазын  сыйлап, 
қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз 
шаңырағын  ардақтайтын,  балаларын  жанындай  жақсы  көретін  қамқор 
ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.  
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті 
болу,  ер-тұрманы  әшекейленген  сұлу  жорғаларды  қыздарына, 
қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың 
жақсысын  қыздарына  арнау  –  ежелгі  дәстүр.  Жиын-тойларда  қыз 
баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен 
жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» 
деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды 
көрсе,  оған  қорғаныш  болып,  баратын  жеріне  дейін  шығарып  салатын 
болған.  «Қыз  өссе  –  елдің  көркі,  гүл  өссе  –  жердің  көркі»  дегендей, 
қызғалдақтай  болып  өсіп,  көктеп  келе  жатқан  гүлдің  мезгілсіз  солып 
қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал 

42 
 
да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан 
балаға мирас етіп қалдырып отырған. 
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн тұту, жіп 
иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, 
арқан  есу,  көрпе  көктеу  т.б.  өнерді  қыздарына  бөгде  босағаға  бармай 
тұрып-ақ  үйреткен.  Осылай  еңбекке  баулу  арқылы  отбасы  алдындағы 
жауапкершілік  сезімін  дамытып,  психологиялық  жағынан  даярлай 
бастаған.  
Қыздарымыздың  асыл  қасиеті,  жан-дүниесі  нәзік,  адал  махаббат 
иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-
дастандардан  білеміз.  Қазақ  қыздары  махаббат  атты  асыл  сезімді 
айрықша  қастерлеп,  аялаған.  Сүйген  адамынмен  қол  ұстасып  бірге 
жүрсе, тіпті қатықсыз  қара  көже  ішсе  де бақыттымын  деп, өмірге  риза 
болған.  
Ал,  қазір  жасыратын  не  бар,  бұрын  дәстүрімізде  болмаған 
сүреңсіз  жағдайлар  бой  көрсетуде.  Мектеп  қабырғасында  жүрген 
бірсыпыра  қыздарымыз  жарассын-жараспасын  денелерін  жартылай 
жалаңаш  қалдыратын  киімдер  киіп,  қымбат  әшекейлер,  алтын  тағып, 
бет-ауыздарын  бояп,  өздерінің  инабаттылығы  мен  сыпайылығынан, 
жастық  жарасымдылығынан  айрылады.  Табиғаттың  өзі  жан  дүниесін 
сұлу,  нәзік,  мейірбан  етіп  жаратқанына  мән  бермейді.  «Жастықтың  өзі 
жастығымен  әдемі»  дегендей,  жас  қыздардың  өздері-ақ  қырдың  қызыл 
гүліндей әсем ғой. Табиғат берген көрік пен сымбаттан артық не бар.  
Қыздардың  ішінде  ұрлық  жасайтындар  мен  шылым  шегіп,  арақ 
ішетіндер  де  кезігеді.  Демалыс  саябақтарынан  шашын  дудыратып 
ұйыстырған,  ұнамсыз  ерсі  киім  киіп,  аяғын  бірін  үстіне  бірін  салып, 
темекі  түтінін  құмарлана  жұтып  отырған  сылқым  бикештерді  жиі 
жолықтыруға болады. Қасында отырған адамдардан именбейді. Ал енді 
осыны көрген жас қыздарымыздың бұларға еліктемесіне кім кепіл? 
Әрине,  мұндай  көргенсіздіктің  өзіндік  себептері  көп  екенін 
білеміз.  Бірақ  ең  бастысы  тәрбиенің  кемшіндігі  екенінде  дау  бола 
қоймас.  Тек  өз  ұлтын,  тілін  сүйіп,  қастерлейтін  адам  ғана  сонау 
әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіне 
қамқорлық,  мейірбандық,  инабаттылық  сияқты  ізгі  қасиеттердің  иесі 
бола алады.  
Қыздарымыз 
осындай 
ұлтжандылығымен, 
өздеріне 
тән 
нәзіктігімен,  сүйкімділігімен  және  рухани  тазалығымен  ерекшеленуі 
тиіс. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым 
абыройлы, сыйлы.      [4, 6б] 
Бүгінгі  күні  жаһандану  үдерісінің  өріс  алуы  экономика,  саясат, 
әлеуметтік  мәселені  қамтумен  қатар  тәрбие,  оның  ішінде  қыздар 

43 
 
тәрбиесіне  де  өз  әсерін  тигізе  бастады.  Ол-заңды  құбылыс.  Өйткені, 
үдемелі  ақпараттың  молдығы,  ашықтығы  мен  қол  жетімдігі  үлкен  күш 
құрайды. Қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен 
теледидар,  газет-журнал,  кітаптар  мен  кинолар,  барлар  мен 
дискотекалар  жан-жақтан  әсер  етіп,  оны  тәрбиелеуде.  Бұл  тәрбиенің 
жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Қыз баланың  
табиғатында  өзіне  түсініксіз  көптеген  сұрақтар  бар.  ол  сұрақтарды 
кімнен  сұрарын  білмейді  де,  көптеген  қателіктерге,  зиянды  әдеттер 
кездеседі.  
Олай  болса,  мемлекет,  әрбір  отбасы  қыздар  тәрбиесіне  аса  мән 
беруді назарда ұстаулары қажет.  
Ғылыми  және  бұқаралық  ақпараттық  құралдардан  жинақтаған 
мәліметтермен  таныса  келе  біз,  қазіргі  таңда  қыздар  тәрбиесінде 
бірнеше  жағдайларды  ұстануды  ұсынғымыз  келеді:  біріншіден,  тәрбие 
мәселесінің ерте басталғанын (құрсақтағы кезеңнен), қыздар тәрбиесінің 
кезең-кезеңмен  іске  асырылуын  (құрсақ  кезеңі,  мектепке  дейінгі  кезең, 
мектеп  жасы,  мектептен  кейінгі  бойжеткен  жасы),  осы  кезеңдердің 
сабақтастықта  болуын,  қыздар  тәрбиесінің  мазмұнында  ұлттық 
тәрбиенің заманауи талаптармен үндескен ұлттық дүниетанымның орын 
алуын  ұстану;  екіншіден,  қыздарды  жақсы  тәрбиеге  арнайы  үйрететін 
қыздар,  ата-аналар,  педагогтар  үшін  білім  беру  орындарының, 
әдебиеттердің  т.б.  болуы,  үшіншіден,  қыз  балаға  (әйелдер  қауымына) 
құрметпен  қарау  –  оның  арына  келетін  сөз,  сурет,  өнер  туындылары, 
жарнамалар және т.б. тыйым салу. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет