Өтешова Ақнұр Әмірханқызы ҚТӘ-303 Сөздіктерді топтастыру, жіктеу мәселесі



Дата23.10.2023
өлшемі16,35 Kb.
#120686

Өтешова Ақнұр Әмірханқызы ҚТӘ-303
Сөздіктерді топтастыру, жіктеу мәселесі
Терминология саласында қазір аударма, түсіндірме, тақырыптық терминографиялық сөздіктер қолданылады. Соңғы ғылымның дамуына байланысты ақпараттық-терминологиялық сөздіктер шыққан.
Қазіргі түсіндірмелі терминологиялық сөздіктерде термин туралы ақпарат, оған берілетін анықтамалар күрделі сөйлем түрінде келуі, сала мамандарына ғана емес, қолданушыларға түсінікті болмауы – жалпы қауымның сұраныстарын қанағаттандыра қоймайды.
Терминологиялық сөздік адресатқа арнап шығарылғаны еленбей, оның сұранысы мен соған қойылатын өлшем деңгейі сияқты макроқұрылымдық элементтер қазіргі қазақ терминографиясындағы тәжірибелік еңбектерде мүлдем дерлік ескерілмей жатады. Осындай жағдайларға байланысты терминографиядағы тар салалық сөздіктер, кең салалық сөздіктер сияқты терминологиялық сөздік түрлерінің көрсетілуі негізсіз емес. Қазіргі қазақ қоғамында жалпы көпшілікке арналған, термин туралы түсінікті әрі нақты ақпарат беретін түсіндірмелі немесе аударма сөздіктердің қажет екендігі айқын. Ал шығарылып жатқан терминологиялық түсіндірме, аударма сөздіктердің басым бөлігі мұндай ақпарат бере алмай, қолданушының сұранысына жауап бере алмай жатады. Мысалы, соңғы кезеңдерде
шығарылып жатқан «Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздіктері» сериясы осындай ерекшеліктерге ие екенін жасыруға болмайды. Осы сөздіктердің ішіндегі биология саласына арналған сөздіктен мысал келтірсек, онда: «Желкен – бұршакгүлділер тұқымдасына жататын, өсімдіктердің гүліндегі 5 күлтенің ең үлкені, жалпақ, көлемдірек болғандықтан, басқа күлтелерінен ерекше көрінеді. Сондықтан тозаңға қонатын жәндіктерге алыстан тез байқалады», - деген түсіндірме берілген. Анықтамадағы түсіндірме көпшілікке желкен өсімдігі туралы жалпыға ұғынықты түсіндірме бере қоймайды әрі түсіндірме тым күрделі ғылыми анықтама беруге ұмтылған десе болады.
Бұл арада өсімдік түрі туралы толығырақ ақпарат бере түсу үшін оның суретінің немесе жалпы пішіні салынған сызба сияқты қосымша иллюстрациялық материалдар қолданса, сөздікті пайдаланушыға үлкен көмек болар еді. Себебі, қазірге кезде көп өсімдіктің атын білсе де, түр-түсін танып білмейтіндер баршылық.. Бұл да қазіргі терминологиялық сөздіктер құрылымындағы өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, осы сияқты нақты заттардың, бөлшектердің атауын түсіндіретін жаратылыстану ғылымдарының, техника ғылымдарының терминологиялық сөздіктерінің қай-қайсысында болса да осындай иллюстрациялық материалдар, сызбалар арқылы анықтама, түсіндірме беру тәсілдерінің қолданылуы қазіргі қазақ терминографиясындағы сөздіктерді жаксартуға сеп болар еді.
Кірме терминдер қазақ тіліндегі терминдердің бағанасына сол қалпында беріле салуы, бір кірме терминнің қазақ тілінде екі баламасының берілуі секілді жайттар қазіргі терминографиялық сөздіктердің әлі де ақсаңдап тұрғанын байқатады. Сол себепті сөздіктерді дайындауда негізге алынатын қағидаттарды жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдерін анықтап алған дұрыс. Әр сөздіктің өзіне тән ерекшелігі басқа терминографиялық сөздіктерде кездеспеуін басты назарда ұстаған жөн. Мәселен, терминнің жасалу жолдары, морфологиялық құрылымы бір сөздік түрінде берілсе, келесісінде оны бермеу деген секілді. 344 сөз

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет