Өтетін мерзімі: Өтетін орны: 1-Жүргізуші



Дата22.05.2023
өлшемі19,81 Kb.
#96157
түріСценарий

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі
«Дара жол» форматындағы колледж оқытушысы Шәкір Бақыт Айтқұрманұлымен кездесу сценарийі


Мақсаты:
Өтетін мерзімі:
Өтетін орны:


1-Жүргізуші:
Қайырлы күн «Дара жол» бағдарламасының құрметті де қадірлі, аса сыйлы қонақтары! «Жігітке жеті өнерде аз» деп дана халқымыз тегін айтпаған, бүгінгі «Дара жолдың» кейіпкері қадірлі ұстаз, ?жар, ?әке, ?ата, ? дос жанына қыл қаламды серік еткен дара тұлға Шәкір Бақыт Айтқұрманұлы! Ортамызға қош келдіңіз, қандай адам білесің?????


2-Жүргізуші:
Сәби күндер, бала күндер баяғы,
Қайдан енді бізге құшақ жаяды.
Үйге кірмей, ойынға да тоймастан,
Жеп те кейде алар едік таяқты.
Әңгімені әу бастан бала кезіңізден бастасақ? Бала Бақыт қандай болды? Осындай сабырлы ұлды өсірген ата-анаңыз жайлы, өскен ортаңыз, жас кезіңіздегі қызықтар жайлы айта отырсаңыз.


1-Жүргізуші:
Сіз еңбек жолыңызды қасиетті қара шаңырақ, колледжімізде ұстаздық етіп жалғастырып жатырсыз. Колледжіміздегі ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме?

2-Жүргізуші:
Сізбен әріптес болған басшылар да еңбегіңіздің өлшеусіз екенін жақсы біледі. «Ұстаздық патшалық құрудан да қиын» деген бар. Осыған келісесіз бе? Неге ұстаздықты таңдадыңыз?
Осы орайда колледжімізде қызмет атқарған уақытта Сізбен әріптес болған, қазір де осы колледжіміздің ұжымын ұйытып ұстап отырған колледжіміздің директоры Баян Нүсіпбекқызы ортамызда. «Дара жолға қош келдіңіз!
Ұстаз ретінде Бақыт Айтқұрманұлыныңқандай қасиеттері көз алдарыңызда? Ұжым арасында қандай еді деген сұрақтар қойсақ. Естеліктер келтіре кетсеңіз.
1-Жүргізуші:
Осы тұста өзіңіз жайлы дайындалған бейнероликке назар аударсақ.
(бейнеролик көрсетіледі)
2-Жүргізуші:
Бұл сіз туралы айтылған мәліметтердің азы ғана, ал біз білмейтін сіздің қырларыңыз бен сырларыңыз қанша ма? Бүгінгі Дара жолда сіз туралы барлық мағлұматты жарыңыз .......... өз аузынан естісек. Дара жолымыздың қонақтары ..... (Жары, баласы) шақырсақ.
Сұрақтар?????
1-Жүргізуші:
Ендігі кезекті студенттеріміздің ыстық ықыласпен арнаған өлең жолдарын қабыл алсаңыздар.
Тұрағалды Шұғыла
Қасым Дидар
Бақыт Ақпейіл

Аймак Мадина


Жанат Айдана
Валиева Шағала


2-Жүргізуші:
Адамдар қанша жасқа келсе де,ұстаздары мен әріптестерін сағынып жатады. Бүгін бағдарламаға, (40жылғы бұрынғы әріптесі),
әрі ұстаздық атты ұлы жолды өзіңіз сияқты ұлықтаған әріптесіңіз,
(........ ) келіп отыр. Сәлеметсіз бе, бағдарламаға қош келдіңіз.
Осы Бақыт аға сабырлы, көпшіл ме еді? Әріптесі ретінде қандай естелік айта аласыз?


1-Жүргізуші:
«Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші, өзіңіз тәлім берген шәкірттеріңіз (шәкірті Жақып аға) және (қазіргі шәкірттері) келіп отыр. Шәкірт ретінде студенттік кезеңге бір көз жүгіртіп, ағаймен өткен қызықты сәттерді әңгімелей отырсаңыздар.
Сұрақ????
Жүргізуші:
(Хабарлаусыз)
Ән: 302-топ студенттері.
Би: 301-топ студенттері.


2-Жүргізуші:
Өйтпесең, жұрттың оншама
Көңілі саған толмайды...
Өнерсіз адам болса да,
Өнерсіз қазақ болмайды! –дейді Қадыр Мырза Әли. Аға, қонақкәде ретінде бізге қандай өнеріңізді көрсетер едіңіз.


1-Жүргізуші:


Ендігі сөзді қасыңызда отырған жұбайыңыз (.......) апайға берейік. Қазір байқағанымыздай біздің Бақыт ағайымыз өмірде талантты, еңбекқор, өзінің ортасында сыйлы, жақсы адам екен. Ал отбасында қандай отағасы, қандай әке?


2-Жүргізуші:
Жақсы апай, осы жерде әңгімеміз әдемі ойысып келе жатыр, сіздерге арнап дайындап келген студенттеріміздің өнерін тамашалаңыздар.
Хор: «Ұстазым әні» 301-топ студенттері
Би: .... 302-топ студенттері


1-Жүргізуші:
Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз!Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы — Отанда, ұл — қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін!
Бүгінгі Шәкір Бақыт Айтқұрманұлының «Дара жолы» болатын. Әр адамның өмірде өз жолы бар, оны дара ету әркімнің өз қолында!
Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет