Өтетін орны: Ауылдық клубта Өтетін уақыты: 31 мамыр 2022 жыл Сағ: 11: 00 де



бет1/3
Дата13.06.2023
өлшемі23,79 Kb.
#100933
түріСценарий
  1   2   3

«Ақиқатқа арналған ата-баба арманы» атты 31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған әдеби
кештің сценарийі


Өтетін орны: Ауылдық клубта
Өтетін уақыты: 31 мамыр 2022 жыл
Сағ: 11:00 де


Жүргізуші: 31 мамыр—Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі-жаппай қуғын-сүргін және милиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерлерге 5 млн астам адам жіберілді.
Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды.
Бүгін сол құрбандарды еске ала отырып сіздердің назарларыңызға Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» атты өлеңін «Көркемсөз» үйірмесінің қатысушыларының орындауында ұсынып отырмыз.


Мағжан Жұмабаев «Сағындым»


Аяулым:
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.


Арайлым;
Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас,
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,
Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.


Айым:
Тапал, салқын, тым қараңғы үңгір тар,
Есігімде мықты қара құлып бар.
Кіп-кішкене терезелер темірлі,
Мұндай үйден кімге естілер ащы зар!


Нұрғаным:
Алтын Күнді, қара жерді сағындым,
Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым.
Асау тайдай еркелетіп өсірген,
Ағайынды, туған елді сағындым.


Аяулым:
Әлдеқайда Күн шығады, батады,
Сорлы тұтқын күңіреніп жатады.
Қарар болсаң терезеден темірлі,
Көздеп тұрған күзетшілер атады.


Гүлнұр:
Ас бола ма сасық сорпа, қара нан?
Алма бетте қалмады ғой тамшы қан.
Қоңырау қағып оятады ақырып,
Тым болмаса сібірлеп те атпай таң.


Нұрай:
Бостандықта өткен күнді сағындым,
Желдей зулап кеткен күнді сағындым.
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,
Ойдағыны еткен күнді сағындым.


Ұлмира:
Абақтының айға баға күні ұзақ.
Жанды жейтін жылға баға түні ұзақ.
Ескі мола дән дыбыс жоқ, тым-тырыс,
Тық-тық басып күзетші жүр жалғыз-ақ.


Әсем:
Қара жылан – қалың ойлар қаптады,
Шыбын жаным барар жерді таппады.
Ойлар жейді жас жүректі жегідей,
Тәңірі ием, таңың-дағы атпады!


Аяулым:
Ойыны бір құрдастарды сағындым,
Тілегі бір жолдастарды сағындым.
Келешекке бірге жоспар құрысқан
Сырласатын жан достарды сағындым.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет