1
Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасы
«ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» МКМ
ТӘЛКЕККЕ ТҮСКЕН ТАҒДЫРЛАР
немесе түрмеден келген хаттар
ШЫМКЕНТ 2016
2
Бұл кітапша 29.08.2016 ж. № 07-01/483 хат негізінде
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің дінтану
сараптамасынан өткен.
Құрастырған: «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ орталығы
Бұл кітапша діни ақпаратты ілімді ғаламтордан іздеудің нәтижесінде жат
ағымның жетегіне түсіп, соңы темір торға тоғытылуға себеп болған
азаматтардың хаттарының жиынтығынан тұрады. Сондықтан бұл хаттар білім
ізденуші жастарға сабақ болсын, олардың жіберген қателіктерін қайталамасын
деген мақсатта ұсынылып отыр.
3
КІРІСПЕ
Бүгінде экстремизм мен терроризм мәселесі бір елдің ғана емес, бүкіл
әлемнің басты проблемасына айналып отыр. Лаңкестік – адамдардың діни шала
сауаттылығынан біреудің қол шоқпарына айналып, айдағына жүру. Лаңкес
болуға бел байлаған адамның санасы, дүниетанымы улану үрдісінен өтеді.
Көбіне бұл кеселге өмірде өз бағытын дұрыс таңдай алмаған, нанымы мен ой-
пікірін пісіріп жеткізе алмайтын, танымы тар адамдар ұрынады.
Дін – тым «кірпияз» тақырып. Дін мәселесін айтқанда абай болғанымыз
жөн. «Өз елімізде дұрыс діни білім бермейді, діни білімді шетелден алу керек»
деп шекара асып, дінді саясаттың құралы еткісі келетін діндарсымақтардан
теріс білім алып, елімізге оралғаннан кейін радикализмді насихаттап жүрген
қаншама жастар бар. Олар осы әрекеттері үшін түрмеге қамалып та жатыр.
Иә, өкінішсіз өмір жоқ. Өкінішсіз адам жоқ. Жұмыр басты пенде болғасын
жаза баспайтын аяқ та, қате баспайтын қадам да жоқ. Осы бір өмір заңдылығын
ата-бабамыз «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деп тамаша
тәмсілдеген. Ал ең бастысы кез келген саналы адам қателігіне өкінеді, өз
өкінішінен сабақ алады. Бүгінде кең ойламай кем ойлап темір торға түскен
қандастарымыз шалыс басқанын түсініп, беті бері қарап жатыр. «Адасқанның
алды жөн, арты соқпақ» деп Абай атамыз айтқандай, осындай жастарымыздың
орда бұзып, халқына, еліне қызмет ететін шағында шатасып, темірторға
қамалып жатқаны жанымызға батады. Дегеннмен олар өздерінің қателескенін
мойындап, өзі қатарлы жастарға сабақ болсын деген ниетпен хаттар жазып
отыр. Біз осы хаттарды жариялай отырып, адасып жүрген, ақиқатқа көз
жеткізбей, «көлденең көк аттының» соңына еріп, ғаламторды өзіне серік еткен
бауырларымыз ойланса екен дейміз. Ең бастысы, ұлтымыздың береке-бірлігі
жойылмасын!
4
КЕШ КЕЛГЕН ӨКІНІШ
Әлхамдулиллә, ата-бабамыз сан ғасырлардан бері аңсап өткен
тәуелсіздікке қол жеткізудің арқасында асыл дініміздің қайнар бұлақтарымен
қайта қауышып жатырмыз. Халқымыз дербестікпен бірге дәстүрлі мәдениетіне,
тілі мен дініне толыққанды ие болып, оларды заманға сай дамытуға мүмкіндік
алды. Өшкеніміз жанып, ұмытқанымыз жадымызда жаңғырды. Мұның барлығы
қазақ елінің ұстанған бағыт-бағдарының дұрыстығын, ата-баба жолынан
айнымағандығын білдіреді.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде: «Біз тегіміз түрік,
дініміз Ислам және Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттер екенімізді
ұмытпауымыз керек», – деп айтқан болатын. Осы сөзі қазақ жастарына рухани
дем беріп, елімізде намаз оқитын жастардың саны көбейіп, солардың арасында
мен де болдым.
Мен ұлтым қазақ болғандықтан және ата-анам мұсылман етіп
тәрбиелегендіктен өзімді мұсыл-ман деп білдім. Бірақ маған ата-анам
мұсылманшылықтың құн-дылықтарын үйретпегендіктен, Ислам діні жайлы
білімім болмады. Өйткені ата-анам кеңес дәуірінің адамдары болғандықтан, ол
кісілердің де Ислам діні жайлы білімі шамалы еді.
Мен өсе келе «бұл дүниеге не үшін келдік және қайда барамыз?» деген
сұрақ мазалап жүрді. Сол уақытта менімен бірге оқыған досым Асхат қаладан
ауылға келді. Ол намаз оқып жүретін еді. Онымен сөйлескенде мұсылман адам
намаз оқу керек екендігін және бұл дүниеден кейін о дүние бар екендігін, ол
дүниеде жәннат пен тозақ бар екенін және бұл дүниеге Аллаға құлшылық ету
үшін келгенімізді түсіндірді. Мен ертесіне намаз оқып, досыммен бірге қалаға
жұмыс істеуге келдім. Досым өзінің намаз оқитын достарымен таныстырды.
Олардың арасында араб мемлекетінде оқып келген Санат есімді азамат
арабшадан қазақшаға аударып уағыз айтатын. Менің де солай уағыз айтқым
келетін.
Мен сол кезде мәзһаб ұстанбайтынмын. «Сүннетпен жүрем» деушілерден
едім және имамдарды дұрыс қабылдамайтынмын. Себебі оларда білім жоқ деп
ойладым. Сосын бір жыл өткен соң үш бала болып (мен, Қайрат, Абдулуәһаб)
Мысыр елінің сауат ашу орталығына оқуға бардық. Ол жақта оқып жүріп
үшеуміз үш жаққа кеттік. Мен оқып жүріп өзбек тілінде сөйлейтін Абдулбасит
атты тәжік жігітпен таныстым. Ол жігіт Исламдағы жиһадты айтып маған көп
уағыздайтын және Ауғанстандағы мұсылмандарға көмектесу керектігін
айтатын. Содан біраз уақыттан кейін қазақстандық төрт жігіт, Абдулбасит және
мен
–
алтаумыз
Пәкістан
Ислам
республикасындағы
Вазиристан
провинциясына мұсылмандарға көмектесу үшін жиһад жасауға бардық.
Өйткені бұл жолды нағыз тура жол деп білдім, бейне бір жәннатқа кіріп бара
жатқандай сезіндім.
Ол жерде бізді Өзбекстаннан қашып кеткен Ибрагим, Абдулхамит атты
өзбек кісілер күтіп алды. Сол ортаның басшысы бізге келіп, дұрыс жолда
екенімізді, әрбір мұсылман малымен және жанымен жиһад жасау керектігін
5
айтып, Құран-хадистен «…Істің басы – Ислам, тірегі – намаз, шыңы – жиһад»,
«Шын мәнінде, ертелі-кеш Алла жолында жүру – мына дүние мен ондағы
барлық нығметтерден де қайырлы» деген үзінділер келтірді.
Біз бара салып жиһадқа қарулы дайындықты бастап кеттік. Ол жерде
дайындық жеті бөлімнен тұратын: кіші қаруды қолдану, қалалық жағдайда
соғысу, жарылғыш зат дайындау, жарылғыш затты қалай қолдану, электроника,
жасырын жүру, үлкен қаруды қолдану.
Бірінші бөлімнен өткен соң, мен бір жағдаймен жеңіл көлікпен бір үйге
бардым. Ол жерде осында он бес жылдан бері жүрген Ұлықбек деген Өзбекстан
азаматымен жолықтық. Ол кісі өзінің еліне қайта бара алмайтынын айтып
өкініш білдіріп, бір кісінің бір жылдан соң қайта ораламыз деген сөзіне сеніп
осында келгенін айтты. Бұл кісінің сөзі маған қатты әсер етіп, «мен мұнда не
үшін жүрмін?» деген сұрақ пайда болды. Өйткені ол жерде себепсіз және
мақсатсыз қан төгу әрекеттерін байқадым.
Олар мені керек кезде көмектесесің деп жіберді және қайтамын деген
жігіттерді келген жағына қайтара беретін, менің басты мақсатым ол жерден
қалай болмасын қайту еді. Содан жеті этаптан өтіп өз еліме келдім. Үй ішім
мені Мысыр елінде оқып келді деп білді. Одан басқа ештеңе айтпадым. Мен әлі
өз ойымнан толық қайтпаған едім. Жеті ай өткен соң, мені ҰҚК қызметкерлері
ұстап қамауға алды. Кейін білсем, менімен бірге дайындықтан өткен жігіттер
Қырғызстан мемлекетінде лаңкестік әрекет жасап, ұсталып, арасындағы кейбір
жігіттер мен жайлы айтқан. Мен де өз кінәмді мойындадым. Сөйтіп сот
үкімімен бас бостандығымнан айырып, жазамды өтеу үшін түзеу мекемесіне
келдім.
Түзеу мекемесінде имам-теологтар бізге уағыз айтып, жиһад және ақида
(сенім) мәселесінде менің істеген нәрсемнің дұрыс емес екендігін түсіндірді.
Мен имам-теологтарды тыңдап, өзімнің ілімім жоқ екендігін білдім және хадис-
аяттарды, «Тәубе» сүресінің 5-аятындағы: «…. мүшіріктерді тапқан жерлеріңде
өлтіріңдер, тұтқындаңдар, қоршауға алыңдар және әрбір жолда оларды
торуылдаңдар» деген секілді аяттарды қате түсінгендігіме және оған дұрыс
емес амал жасаған-дығыма көзім жетті. Өйткені хадис-аяттардың тәпсірі мен
түсіндірмесі болатынын білдім. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Білмесеңдер,
білім иелерінен сұраңдар», – деп айтты. Ал, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Білім
жәннатқа кіруді жеңілдетеді», – деген еді. Атам қазақ:
Жарар ед өзімізге қарасақ біз,
Ғылымның керегіне жарақ біз,
Ғылымды ғибадатқа ат қып мініп,
Көбірек тәпсір, хадис қарасақ біз, – деп хадистерді мағынасымен оқуға,
ғылым үйренуге шақырған. Сол үшін де жоғарыда Алла Тағала және
пайғамбармыз (с.ғ.с.) аят-хадистерде айтқандай, біз діни білім алуымыз керек
екен. Менің қазақстандық мұсылман бауырларыма айта-тыным, имам-
телогтардан білім алыңыздар, өз беттеріңізше және ғаламтордан білім алып,
адасып, кейін өкініп жүрмеңіздер. Және салт-дәстүрмен үйлесіп келген Әбу
6
Ханифа мәзһабына сәйкес бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып,
ынтымағымыздан айырылмайық. Алла Тағала Құран Кәрімде ауызбіршілікке
шақырып, «Әл-Имран» сүресінің 103-аятында: «Түп-түгел Алланың дініне
жабысыңдар және бөлінбеңдер», – деген. Әбу Мусадан жеткен риуаятта
пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Расында мүміндер біртұтас құрылыс сияқты, бірін-бірі
бекітіп тұрады», – деп саусақтарын айқастырған. Атам қазақ айтқандай:
«Ынтымақты ел озады, ынтымақсыз ел тозады».
Ей,
Алла,
елімізге
тыныштық,
ынтымақ,
ырыс-береке
және
жастарымыздың жүрегіне иман бере гөр, Әмин.
С. Шүкірбеков,
ИЧ-167/3 мекемесінде жазасын
өтеп жатқан сотталған,
Шымкент қаласы
7
БІЛІМСІЗДІКТІҢ ЗАРДАБЫ
немесе «Тәкфир» ағымында болған жігіттің өкініші
Мен 1988 жылы Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласында дүниеге келдім.
Аталмыш қаланың №1 орта мектебінде 9-сыныпты бітіріп, 2004 жылы
қыркүйек айында № 1 училищеге түстім. Онда 3 жыл оқып, «электр және
газбен дәнекерлеуші» мамандығын 4-ші разрядпен бітіріп шықтым. Кейін 2007-
2008 жылдар аралығында Қандыағаш қаласындағы «Ақтөбе Мұнай Маш
Компект» зауытында дәнекерлеуші болып жұмысқа тұрдым. Ол кезде әлі
үйленбеген болатынмын.
2007 жылы дін жолына түсуіме Аслан есімді жолдас бала себеп болды. Біз
ол кезде жаспыз, әрине кешкісін көшеде түнге дейін жүріп қаламыз. Басқа
балалармен төбелесіп қалатын кездер де болады, яғни, өміріміз солай өтетін.
Әлгі жолдасым маған: «Сен қазір осылай жүрсің, бір күні өлесің, сонда Алла
Тағаланың алдына барғанда не деп жауап бересің?», – деп айтатын. Уақыт өте
ойлана бастадым, шынымен де не деп жауап беремін деп өз-өзіме сұрақ қойып,
кейін осы сұрағыма жауап табу үшін іздене бастадым. Мешітке баруды
ұйғардым, себебі, мешіт училищеге жақын орналасқан еді. Жұма намазына
барып жүрдім. Сол мешіттен өзімді мазалап жүрген сұрақтарыма жауап
таптым. Содан бір күні бес уақыт намазға жығылдым.
Алла Тағала Құранда: «Адамдар мен жындарды өзіме құлшылық
жасаулары үшін ғана жараттым», – дейді («Зарият» сүресі 56-аят). Қандыағаш
қаласының мешітіне барып намаз оқып жүрдім, мешітте мұсылман балалармен
таныстым, олармен сөйлесіп араласып кеттім. 2008 жылы шамамен наурыз
айында олар маған Ислам жайлы насихат айта бастады. Алғашында менде «Кім
Ислам жайлы бір нәрсе айтып жатса, соны мұқият тындау керек» дейтін түсінік
болды. Ислам жайлы бір нәрсе болса да біліп қалайын деген талпыныс жоғары
болатын. Негізінде, адам дін жолына алғаш келгенде «сорғыш» сияқты болады
екен, айтқан нәрсенің бәрін құлағына құя береді. Ол айтылғандар дұрыс па,
бұрыс па, ажырата бермейді. Ол кезде мен де терең ойланбастан, кез келген
нәрсеге сеніп кететін жағдайда болатынмын. Қазір ойлап қарасам, сонда мен
тәкфир ағымының айтқандарын тыңдап жүріппін. Бір таң қалатыным, мешіт
имамдарынан естімеген уағыз-әңгімелерді олар басқаша айтып жүрді. Мысалы,
олар маған: «Жиһад жасау керек», – деп айтатын. Мен: «Ол не?», – деп
сұраймын. Олар: «Кәпірлерге қарсы соғыс», – дейді. Мен: «Кәпірлер кімдер?»,
– десем, «Олар – намаз оқымайтын адамдар, олармен соғысу керек», – дейді.
Сол балалардың айтуына сеніп жүрдім.
Мен ол кезде «Бақара» сүресінің 256-аятында: «Дінде зорлық жоқ», – деген
қағида бар екенін білген емеспін. Біздің міндетіміз тек жеткізу, әрбір адамның
өз тандау құқығы бар екенін ескермедік, біз біреуді мәжбүрлеп дінге кіргізе де
алмаймыз, намаз оқисың деп мәжбүрлеп оқыта да алмаймыз. Әрбір адам өзі
істеген амалы үшін Алла Тағаланың алдында жауап береді, біз ол үшін жауап
бермейміз. Егер сен өзіңді күштімін деп санасаң, Исламды көркем түрде
жеткізуге тырыс, бұл үшін сен Алла Тағаланың алдында үлкен сауап аласың.
8
Адамдардың жүректеріне үрей салып, қорқытып ешқашан Ислам дініне шақыра
алмаймыз. Оған дәлел, «Али Имран» сүресіндегі 159-аят: «(Мұхаммед) оларға,
Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал
жүректі болсаң еді, әрине, олар маңайыңнан тарқап кетер еді». Егер бұлай
болмаған жағдайда адамдар дінімізден бет бұрып теріс айналады да, Исламға
қатысты жағымсыз сөздер айта бастайды. Міне, осыдан барып, жақсы дінімізді
жаман жағынан көрсете бастаймыз. Бірақ, біздегі көп адамдар елімізде Ислам
атын жамылған «тәкфиршілер» дейтін зиян ағым бар екенін қайдан білсін?! Сол
кезде оны мен де білмедім.
Уақыт өтіп жатты. 2008 жылдың желтоқсан айы болатын, көп ойланып
жүрдім. Менің ата-анам, бауырларым намаз оқымайды, бірақ менің намаз
оқығаныма қарсы да емес, намаз оқыма деп те айтпайды. Әсіресе, Рамазан
айында ораза ұстағанымда анам таңертең ерте тұрып тамағымды пісіріп
дайындап қояды. Сонда олар да кәпір болғаны ма? Мен осы жағдайды көп
ойлап жүрдім, олар намаз оқымайды ғой деп ойлана-ойлана мазам кетті.
Тәкфир ағымын ұстанушылардың айтқандарымен толықтай келісе алмадым,
себебі мен үшін бұл дүниеде ата-анамнан артық нәрсе жоқ, бір жағынан
тәкфирлер-дің де айтқандарын жоққа шығара алмадым. Олармен бүкіл
қатынасымды да үзіп тастай алмадым, себебі, олардың «сен қайтып қалдың,
қорқақсың, Аллаға қарсы шықтың» деп айтуларынан қорқып сақтандым. Егер
де олар, маған сол кезде «сенің ата-анаң, бауырларың намаз оқымайды,
олардың айтқандарын тыңдама, олармен қатынасыңды үзсең де болады» деп
айтса, сол мезеттен бастап мұсылман деп жүрген балалармен қатынасымды
үзуге баратын едім. Себебі, мен ата-анама қарсы шыға алмаймын, бізді олар
кішкентайымыздан әлпештеп өсірді. Әр кезде анамның маған айтары: «Балам,
тек жақсы бол» дейді, егер біз мұның бәріне мән бермей ата-анамызға қарсы
шықсақ, хайуаннан айырмашылығымыз болмайды.
Алла Тағала «Исра» сүресінің 23-24-аяттарында: «Раббың, өзіне ғана
ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал, егер ол
екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе, «түһ» деме (кейіс
білдірме). Сондай-ақ, ол екеуіне зекіме де екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне
мәрхамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда
тәрбиелегендей, сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!» де», – дейді. Сол кезде
менде діни білімім болмаса да, әлгі достарымның айтқандарына қосыла алмай,
ата-анамды кәпірлікке шығармадым. Десе де, сол кезде біз қандай надан едік,
білім іздемей, оған дәлел сұрамай айтқан нәрсеге еріп кете беретінбіз.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім бір адамға кәпір деп айтып, бірақ, ол сөздің ол
адамға қатысы болмаса, ол айтқан сөзі өзіне қайтып келеді», – дейді. Яғни, сол
айтқан адамның өзі кәпір болады деген ақиқатқа енді көз жеткіздім. Жалған
сенімде болғанымды түсіндім.
2009 жылы қаңтар айында діни аудио және видео дискілерді тыңдап, көріп
жүрдім. Сол дискілерден Ауғанстан, Кавказ, тағы бір жерлерде соғысып
жүргендерді көрдім, олардың қолдарында түрлі қарулар бар, орманда, тауда,
9
сайда жүреді. Соны көргенде қызық көріп, бір нәр алғандай боласың, оларға
ұқсап, сен де солардың жүрген жерлерімен жүргің келеді, ол кезде соны бір
абырой санадым. Бірақ, қайдан білейік бұның Исламға еш қатысы жоқ екенін…
Ислам – ол бейбітшілік, ол көркем түрде жайылатын дін, қаталдық діні емес.
Осылайша, көрсоқыр сеніммен жүріп уақыт өте келе бірінші қылмысты да
жасап қойдым. Дін жолында жүрген жігіттердің «Сен бар» деп айтақтауымен
теміржол қоймасын күзетіп тұрған күзетшінің қаруын тартып алып келдім. Сол
кезде бір үлкен шаруа бітіргендей сезіндім. Жоғарыда аталған дисклерді
көргеннен кейін, бәрі оңай сияқты, арты қалай болады деп еш ойланбайсың.
Істеген ісімді дұрыс деп жүрдім. Сөйтіп, ақыры құрықталдым. Сот мені кінәлі
деп тауып, 12 жыл мерзімге бас бостандығымнан айырды.
Мен жасаған қылмысым үшін жазамды өтеудемін. Сол кезде «тәкфир»
ағымы адасқан, қателік деп түсіндіріп айтатын адам болмағандықтан, сол топта
жүрдім, мен ол кезде мұны қателік, қылмыс, Ислам шариғатына қайшы деп
санамадым, керісінше біз дұрыс істеп жүрміз деп ойладым. «Жігіттер,
бұларыңды қойыңдар, бұл Исламға қайшы, сендердің істерің қылмыс,
бұларыңды тоқтатындар» деп бір адам шыққанда, мүмкін менің өмірім басқаша
болар ма еді. Бірақ, менің де қателігім бар, өзім мешіт имамда-рының сөздеріне
құлақ салмай, ағым өкіл-дері бұрмалай жеткізген уағыздардың шынайылығын
тексеруге ешқандай амал жасағаным жоқ. Егер ата-анамның қасында, соларға
қызмет жасап, олардың разылығын табуға тырысып жүргенде, қазіргі жағдайға
душар болмас едім. Міне, осы менің қателігім.
Ақтөбе облысы, Жем ауылының түрмесінде отырғанда некеге тұрдым,
үйлендім. Қазір мен түрмеде отырмын, әйелім бостандықта жүр, жалғыз өзіне
оңай емес. Осының бәрін көріп, естіп, өзіңді қоярға жер таба алмайсың,
қиналасың. Әйеліміз – біздің Алла Тағаланың алдындағы аманатымыз ғой,
біздің міндетіміз – әйелімізді, бала-шағамызды бағу, оларды киіндіру,
тамақтандыру, басқа да керек заттарын алып беру, оқыту. Ал, мен бұның бәрін
істей алмай отырмын. Өз қателігім үшін әйелім осылай күн кешіп жүр.
Қазір мен әрбір нәрсеге сабырлықпен, көркем мінезбен қарауға
тырысамын. Дін жағынан насихат айтылып жатса, сол мәселе төңірегінде
ойланамын әрі түсінбеген нәрсемді, Алла Тағала Құранда: «Егер де
білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар», – дегеніндей, діни білімі бар
имамдардан сұрап, амал етемін.
2012 жылы 20 мамырда Шымкент қаласы, 167/11 мекемесіне ауысты-
рылдым. Содан көкейімдегі тығылып жатып қалған түйдек-түйдек ойларыма
қозғау сала отырып, осы мақаламды жазуға қолға қалам алдым. Мұны қағаз
бетіне түсіруіме дінтанушы Дәлелхан, имам Мұрат себепші болғанын айрықша
атап өткім келеді.
Ислам діні төңірегінде көптеген мәселелерді түсіндім, Аллаға шүкір, біз
отырған мекемеге имамдар, теологтар келіп, дінімді дұрыс түсінуіме және
үйренуіме себепші болды. Олар Исламды маған терең түсіндірді, мен қазір Әбу
Ханифа мәзһабын ұстанамын, бұл менің таңдауым, менің шешімім, Аллаға
10
шүкір, мен түсіндім, енді басқалардың да түсінгенін қалаймын. Менің жасаған
қателіктерімді олар да жасап, түрмеге түскенін қаламаймын. Бұдан былай
мемлекетіміздің, еліміздің ынтымағына, бірлігіне жұмыс істейтін отаншылдық,
рухани «ішкі сүзгіні» қалыпқа келтіріп, дәстүрлі дініміздің негізінде тарихы-
мызды, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді жаң-ғыртамыз деген ниеттемін.
Осы жоғарыда жазылған шынайы ой-пікірлерімді газет-журналдарға,
бұқаралық ақпарат құралдарына жа-риялауға бел будым. Себебі, қоғамдағы
діни мәселелердің шешімін табуына, адамдардың білімсіздік салдарынан
адасып кетпеуіне өзімнің тарапымнан да үлесімді қоссам деген ниетім бар.
Достарыңызбен бөлісу: |