Оңтүстік Кореяның бұқаралық мәдениеті бренд ретінде



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі1,21 Mb.
#127225
  1   2   3

Оңтүстік Кореяның бұқаралық мәдениеті бренд ретінде («Корея толқыны» мысалында)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  • «Корея толқыны» немесе «Халлю» - бүкіл әлемде Корея Республикасының мәдениетін алға тартқан ұғым. Бұл термин 1999 жылы Қытайда енгізіліп, қытай тілшілері корей ойын-сауық индустриясының тез дамуына таң қалып осындай атау берген. Осы ұғым арқылы Оңтүстік Кореяның бұқаралық мәдениеті бренд ретінде қалыптасып жатыр. Бұрын Оңтүстік Кореяға байланысты жағымсыз стереотиптер көп болатын, солардың бірі Корей соғысы, кедейлік циклдер, саяси оқиғалар және т.б. Алайда Оңтүстік Корея өзінің имиджін бұқаралық мәдениет арқылы көтерді. Samsung, LG технологияларынан бастап, к-поп музыка жанры, кино индустриясы, Корея Республикасында тегін білім алуға болатын әртүрлі степендияларды ұсынып, тіл және медицина жағынан да әлемді өзіне қаратып жатыр. Осылайша, Оңтүстік Кореяның бұқаралық мәдениеті бренд болып қалыптасуы диплом жобасының өзектілігі болып табылады.

1 тарау. Оңтүстік Кореяның бұқаралық мәдениетінің теориялық-әдістемелік негіздері

1.1 Оңтүстік Кореяда бұқаралық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы


1960 жылдары «медианың жаңа дәуірі» мемлекеттік және жеке радио және теледидарлармен, тағы басқалар белгіленді. Өйткені Пак Чон Хи президентінің басшылығымен жүргізілген «экспорт арқылы жоғары өсу» саясаты 1960 жылдың басында жақсы нәтиже берді.
1970 жылдар үкімет үшін «Отанды жаңғырту» дәуірі болды, студенттік белсенділер мен солшыл зиялы қауым үшін - танымал демократияны қалпына келтіру дәуірі болды; бірақ қарапайым адамдар үшін бұқаралық мәдениет дәуірі болды
1981-1988 жылдары Үкімет билікке деген заңдылығын алға жылжыту мақсатында жиі ірі мәдени шаралар өткізді. Мысалы, Әлем сұлуы, 1986 Азия ойындары және 1988 жылғы Олимпиада
1990 жылы Мәдениет және көпшілік ақпарат министрі жаңа Мәдениет министрлігін құрды және «мәдени демократия» мақсатымен мәдениетті дамытудың 10 жылдық жоспарын жасады.
Халлю (Корей толқыны) 1990-шы жылдардан бері Кореяның танымал мәдениетін «трансұлттық ағындар» ретінде бәсекеге қабілетті мәдени мазмұннан, «фандомаларды» кеңейтілген масштабта көрсетуге қабілетті тартымды жұлдыздардан және бұқаралық ақпарат құралдарынан тұрады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет