Лекция №1 Корея әдебиеті



бет1/28
Дата14.10.2023
өлшемі221,14 Kb.
#114217
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Лекция № 1
Корея әдебиеті
Корей әдебиеті дамуының жаңа дәуірі түрлі әдеби ағымдар мен құрал-тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осы кезеңдегі шығармалардың мазмұны тереңдей түсіп, авторлар өз шығармаларында адамның өмірлік мақсаты туралы ой-толғаулар келтіріп, өздерінің дүние­танымы мен көзқарастары арқылы түрлі жағдаяттарға тап болған адамдардың жандүниесі мен қайғы-қасіреттерін шебер көрсетуге ұмтылады. Корей әдебиетінің дамуына корей жерінде таралған түрлі діндер мен шығыс философиясының тигізген ықпалын ескеру қажет.
Корей әдебиеті тарихында жаңа заман кезеңін анақтауда түрлі пікірлер айтылады. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша кэха дәуірінен бастап корей әдебиетінің жаңа кезеңі қалыптасып, 1910-1920 жылдар аралығында бұл құбылыс айқын көріне бастайды. Осылайша қазіргі замандағы корей әдебиеті 1908 жылдан, яғни Че Нам Сонның «Теңіздің жас жігітіне» атты өлеңі жарыққа шыққан кезден бастау алады. Корей жазушылары Че Нам Сон мен И Кванг Судың әдеби шығармалары қазіргі корей әдебиетінің бастауы болды деген ортақ пікір мен тұжырымдар да кезедеседі.
Жаңдану кезеңі (1908-1919). Корея тарихында бұл кезең мемлекет билігін басып алумен және елдің тұтастай отарлануымен есте қалған. Осындай ауыр жағдайларға қара­мас­тан әдебиет дами түсіп, халықтың сана-сезімі оянады. Батыс Еуропа мәдениеті корей әдебие­тіне атарлықтай әсер етіп, әдебиетте жаңа көркем тәсілдер мен құралдар, сондай-ақ жаңа ұғымдар пайда болады.
Корей ақын-жазушылары Батыс Еуропа авторларына еліктей отырып, Батыс әдебиетіне тән көркем тәсілдер мен ұғымдарды пайдалана бастайды. Олардың қатарында Че Нам Сон, И Кванг Су, Ким Ок сынды жарқын есімдер пайда болады. Олардың шығармалары мазмұны жағынан ұлттық сипатта болып, олар корей әдебиетінде бұрын-соңды қабылданған әдеби нормалардан батыл түрде бас тартады.
Батыс Еуропа ақын-жазушыларының шығармалары жарияланатын «Тесомунэсибо» («Батыс әдебиеті мен өнеріндегі жаңалықтар») журналы да жарыққа шығады. Осылайша, оқырмандар Батыс Еуропа әдебиетімен таныса бастайды. Символикалық поэзияның даму негіздері пайда болады.
Ақындар 'синче-си' үлгісіндегі жаңа өлеңдер жазу барысында каса мен чанга үлгіле­рі­нен сенімді түрде бас тартады. Поэтикалық шығармалардың мазмұнында идеалистік сипат­та­ғы ноталар пайда болады. Бұл корей қоғамының Жапонияның қол астында болуымен түсін­ді­ріледі. Корей ақындары өз өлеңдерінде ұлттық сана-сезім мен патриотизмді көрсетіп, шығар­маларын жарыққа шығаруды армандағанымен, қоғамда орын алған жағдайларға байла­­нысты бұл мүмкін болмайды.
Прозалық өлеңде алғаш рет жаңа сиджо стиліне жақын 'синче-си' формасын қолданған ақын әрі тарихшы Че Нам Сон болды. 1909 ж. ақын Ан Чханг Хомен бірге «Мектеп кезін­дегі жолдас» журналын жарыққа шығарып, ағарту идеологиясын жақтай отырып, халықтың сана-сезімін ояту үшін көп еңбек етеді. 1919 ж. тәуелсіздік Манифесінің алғашқы құрушысы болып, Кореядағы «Жеткіншек», «Жастық», «Қызыл чогори», «Аққан жұлдыз» сынды көп­теген журналдарды баспаға шығарады. Оның шығармашылығына «Теңізден шыққан жас», «Таза су», «Бізге қымбат адам», «Жаңа корей жігіті», «Теңіз жағасында» атты туындыларды жатқызуға болады.
«Еркін» немесе «прозалық» деп аталатын жаңа формадағы өлеңдердің пайда болуы өз кезегінде корей әдебиетіндегі ерекше құбылыс болады. Осы күнге дейін өлең шығаруда тек дәстүрлі сиджо ырғағы ғана танылып келген. еді. Тіпті ұзақ сиджоның (сааольсиджо) пайда болуының өзі түрлі таластар тудырған болатын. Осылайша, Че Нам Сонның синче-си үлгі­сіндегі жаңа өлеңді дүниеге әкелуі корей ұлттық әдебиеті тарихындағы маңызды оқиға болады.
1918 ж. бастап корей поэзиясында еркін өлең (велибр) қалыптасады. «Батыс әдебиеті мен өнері туралы жаңалықтар» атты журналда француз ақын-символистері шығарламары­ның аудармалары алғаш рет жарық көреді. Оны корей ақыны Ким Ока аударған болатын. Бұл аудармалардың арасынан «Көктем кетіп барады» өлеңі халық арасында кең тарайды. Хванг Сок Удың «Жалғыздың әні», Чан Дудың «Не үшін, неліктен?» өлеңдері жарыққа шы­ғып, сол жылы «Рухтың жай-күйі» аты будда журналында Хан Ёнг Унның «Рух» өлеңі жарияланады. Ал 1919 ж. «Жолдас» әдеби журналында Чжу Ё Ханның «Көктем» және «Жылға» атты өлеңдері шығады. Дәстүрлі корей өлеңдерінің шектеулі сыртқы құрылым­да­ры­нан бас тарта отырып, корей ақындары ішкі құрылымдық мазмұн мен өлең ырғағына басты назар аудара бастайды.
Символизмді жақтаушылардың бірі, көрнекті корей ақыны Хванг Сок Удың шығарма­лары «Чангчжо» және «Пехо» журналдарында жарық көреді. Ол 1921 ж. бастап «Чжанми­чон» («Раушан елі») мен сунсу-си - ұлттық корей поэзиясы журналы ретінде танымал болған «Чжосонсидан» («Чосонның поэтикалық әлемі») журналдарын басқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет