Оқу-әдістемелік кешенді дайындауда білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби стандарт «Педагог» кәсіби стандарты, ҚР «Атамекен» Ұкп басқарма төрағасының


Интеллект-карта құрылысының ережесі



бет45/93
Дата31.12.2021
өлшемі6,76 Mb.
#23221
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93
Интеллект-карта құрылысының ережесі

Тони Бьюзеннің «Супермышление» атты кітабында автор интеллект-карта құрастырудың технологиясын төмендегідей сипаттайды.



Эмфазаны қолданыңыз, ол үшін:

әр уақытта орталық бейнені қолданыңыз,

орталық бейне үшін үш немесе одан да көп түсті қолданыңыз,

барынша графикалық бейнелерді қолданыңыз,

бейнеге көлем беріп, толық әріптерді қолданыңыз,

синтестезияны пайдаланыңыз,

әріп көлеміне әртүрлі түрде өзгертулер жасап тұрыңыз,

интеллект-карта элементтерінің қашықтығы бір қалыпты болу керек.



Логикалық түсініктерді біріктіріңіз, ол үшін:

менталды карта элементтері арасындағы байланысты көрсету үшін нұсқағыштарды пайдаланыңыз,

әртүрлі түсттерді қолданыңыз,

ақпаратты кодтауды пайдаланыңыз.



Ойдың анық әрі түсінікті болуына ұмтылыңыз, ол үшін:

бір сызықта бір сөзді қолдану принципін ұстаныңыз,

баспа әріптерін қолданыңыз,

кілтті сөздерді сәйкес сызықтар астына орналастырыңыз,

кілтті сөздер сызық ұзындығына сәйкес келуін қадағалаңыз,

басты тармақтарды орталық бейнемен біріктіріңіз,

негізгі сызықшаларды қалыңдау етіңіз,

суреттердің барынша анық болуын қадағалаңыз,

сөздерді көлденең орналастырыңыз.
Оқу процессінде интелект картаны қолдану оқытудың жаңа әдістері болып табылады. Зерттеулердің қортындысы мыналарды көрсетеді (П.П. Иванов, Е.Ф. Костюкевич, Е.В. Костяева, Е.П. Перминова, Т.П, Пушкарева, М.В. Симонова), оқу процессінде оны қолдану оқытуға деген ынтаны жоғарылатады. Яғни, білім жинақтауда дәлел келтіру, оқытылатын обьект жайлы хабар беру. Интеллект-карта білім беруде хабарларды талдау құралының үздік әдісі болып саналады. Оқушылардың хабарлармен жұмыс жасау, негізгіні анықтау, талдау және қортындылау шеберлігін қалыптастырады., кері байланыстың сапалы болуына ықпал жасайды.

Интеллект-карта әдісін сабақтың әр түрлі типі мен түрлерінде қолдануға болады:жаңа материалды оқытуда,жаңа материалды бекітуде,материалды қорытындылауда,реферат, баяндама, ғылыми зерттеулер жұмысы жазғанда,презентация, жоба дайындағанда конспектілеуде.

Оқу барысында ой картасын қолдану өте пайдалы және тиімді. Менталды карталарды қолдану көлемді хабарларды түсіндіру мен есте сақтауға өте қолайлы. Кәдімгі конспект түріндегі жазылған ақпараттар уақыттың көп кетуіне әкеліп соғады. Оны жазуға, оның ішіндегі қажетті ақпаратты іздеп табуға көп уақыт жоғалтамыз. Ал, интеллект-картаны құрастыру мәтінді түсіну мен есте сақтауға қолайлы ықпал жасайды, шығармашылық және креативті ойлауды дамытуға көмек береді. Ойлау қабілетіне өзіндік жаттығу болып табылады.

Біз есте сақтаймыз: 10% не оқығанымызды, 20% не естігенімізді, 30% не көргенімізді, 50% не көргеніміз және естігенімізді. Сол себепті, әдіс оқытушыларға білім сапасын жақсартуға, білім алушылар арасында бәсекелестіктің қалыптасуына, шығармашылық қабілетін дамытуға, қызметті белсенді етуге мүмкіндік береді.

Картаны қолмен салуға, блок-схема түрінде құруға немесе арнайы бағдарламалар немесе графикалық редакторлар арқылы құруға болады. Құру тәсілдері өте көп, бірақ құрудағы мақсат біреу ғана: нақты сұрақты барынша көлемді түрде ашу.

Қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы интеллект-картаның суретінің электронды түрін арнайы бағдарламалар көмегімен енгізуге болады. Бұндай бағдарламалар ақпаратты жіктеу және интеллект-карта құру үшін өте қолайлы болып табылады



Бұл әдістің тиімділігін төмендегідей қорытындылауға болады: Білім алушылардың тапсырысы мен даму деңгейіне сай келеді; Білім алушылардың алған білімдері естерінде көпке дейін сақталып, меңгерген материалдар үлесі жоғары болады; Ол практикалық, анықтамалық, үлестірмелік, көрнекілік материалдар ретінде, материалды бекіткенде, қайталауда, шығармалар, рефераттар жазғанда, презентациялар жасағанда пайдаланылады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет