Оқу жылының күзгі семестрі



Дата17.10.2023
өлшемі24,94 Kb.
#117517
түріБілім беру бағдарламасы

2023-2024 оқу жылының күзгі семестрі
6В05202 Экология, 6В05203 Гидрология, 6В07304 Кадастр, 6В07302 Геоинформатика, 6В11103 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, 6В05205 География, 6В05204 Метеорология, 6В04206 Корпоративтік құқық, 6В05206 Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандықтарының білім беру бағдарламасы
ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
КОНТЕКСТІНДЕГІ ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ
ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТҰЛҒА ЖӘНЕ
ҰЛТТЫҚ САНА МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы
бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.
Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет,
қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген.
Тұлға деп жеке әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір
үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Адамның танымдық
психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму
ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттеріқатарына
жатқызылмайды, тұлғаның қасиеттері болып адамдар мен қоғамға қатысты
көрініс беретін қасиеттер саналады. Адам тұлға болып тек әлеуметтік ортада
қалыптасады.
Адамды жүйелі зерттеу мәселелерін қарастырған Б.Г.Ананьев және оның
шәкірті В.А. Ганзеннің айтуы бойынша, адам төрт макроқұрылымнан тұрады.
Олардың қатарына индивид, тұлға, іс-әрекет субьектісі, жеке даралық
жатқызылған
Адам интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын
пайдалануға мүмкіндік береді, осы белгілер адам баласын хайуаннан
ажыратады.
“Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді
иеленушіретінде сипаттайды.
Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер
жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа
иеленеді, тұлғаболып қалыптасады.
Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық
қатынастар, ұжымдық еңбек адамының биологиялық дене құрлымын өзгертіп,
өзіне бағындырды.Сонымен қатар, адам түрлі кәсіби мамандық иегері ретінде
іс-әрекет субъектісі болып қалыптасады.
Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның
қайталанбастығын сипттап, оның жеке даралығын анықтайды. Даралық
дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы
түрінде байқалатын нақты өзгешілігі деп түсініледі.
Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде
сипаттау үшін керек.
Тұлға құрылымы (В.А. Ганзен, 1984)
В.А. Ганзеннің жүйелік талдау әдістемесіне сәйкес, тұлға құрылымына
темперамент, мінез, бағыттылық (мақсат, мотивация, құндылықтар,
қызығушылықтар) және қабілет кіреді. Бұл психологиялық сипаттамалар
адамның әлеуметтік даму барысында қалыптасып, қарым-қатынас жетістігінің
негізі болып табылады.
Әрбір әлеуметтік ортаның өз мәдениеті мен дәстүрлері бар. Тіл, мәдениет
пен дәстүрлер ұлтаралық ерекшеліктерді анықтайтын өлшемдер. Осы тұрғыда
әрбір адам нақты бір ұлт өкілі және сол ұлттың мәдениетін танытатын субъект.
Ұлттық сана адамға өзін нақты бір ұлт өкілі және сол ұлттың құндылықтарын
ұстанушы субъект ретінде тануға мүмкіндік беретін ұғым. Ол халықтың
әлеуметтік даму барысында қалыптасады.
Бағыттылық (мақсат,
мотивация, құндылықтар,
қызығушылықтар)
Қабілет (дарындылық,
шеберлік, гений)
Темперамент Мінез
Тұлға
Ұлттық сана халықтың тұрмыс-тіршілігімен, тілімен, құндылықтар
жүйесімен тығыз байланысты. Ұлттық сана халықтың әлеуметтік-мәдени,
экономикалық, саяси тарихымен бірге қалыптасады. Осы тұрғыда ұлттық сана
адамның өзін сол этностың бір бөлігі, сол әлеуметтік құндылықтардың өкілі
ретінде тануына көмектеседі. Адам өзін өзге ұлт өкілдерінен ажыратып, өз
ұлтына қатыстырады.
Бұл Б.Ф. Поршневұсынған «бізжәнеолар»антитезасынсуреттеп, ұлтық,
этностық сана формуласын қалыптастырады.Ұлттық сана негізіне адамның
өзінің бір «түбірге» қатыстығы, яғни өз халқының тарихына, рухани
құндылықтарына, жетістіктері мен жеңістеріне қатыстығын ұғынуы жатады.
Ұлттық сана халық бірлігінің басты факторы мен механизмі. Ол тілде,
халық дәстүрлерінде, аңыздар мен ертегілерде, әлеуметтік және тұрмыстық
қарым-қатынаста, сөйлеу мәдениетінде, әдет ғұрыпта көрініс алады.
Қазақтың ұлттық деңгейіне қарасақ, ұлттық сана дегеніміз елдің өткен
тәжірибесі мен өзінің бойындағы бар мүмкіндігін (адамгершілік, қабілет,
білім) қатар иеленіп, қоғамында орыналып, өзекті болып отырған әлеуметтік
мәселелерге жауапкершілікпен қарайтын, жеке басына ие және қоғамын
игілікке жетелей білетін, өз болашағына жауапты, ел болашағына ізгілік
әкелетін нәрселерді танып, иелене алған адамның түсінігін, ұғымын, ой
өрісін, іс-әрекетін айтамыз.
Осығанбайланысты Әл-Фараби мемлекетіне қызмет ететін адамның
бойында болуы тиіс қасиеттерді былайша сомдаған: «болмыс мінсіздігі,
әлеуметтік ортаға бейімділік, түсінік, ел жағдайын түсіне білетін және
зерделей алатын қабілеттің, есте сақтау қабілетінің болуы.
Алғырлық, аңғарымдылық, сезімталдық, ақылды болу, сөзгешешен, өнер,
білімгеқұштарлық, жалықпайтын, ізденебілетін, еңбекқор, қиындыққа төзімді,
барлығына қылмен зерделеп, сабырмен қабылдайтын мінез, ұқыптылық,
үлгерімді, қанағатшыл, ар - намысы, ұяты мол, иманды, шыншыл, рухы биік,
елін сыйлайтын, тектілікті сүйетін, тарихты білетін, ізгі нәрселерге ғана
ұмтылатын, оңай олжа табуға жирене қарайтын, әділетті, шынайы,
қайрымды, рақымшыл, ақкөңіл, зұлымдығы жоқ, кез- келген жағдайда дұрыс
шешім қабылдай білетін, батыл, ер жүрек адам. Осы әл-Фараби сомдаған
кісілік қасиеттер ұлттық сана негізінде жеке адам мен ел болмысының
бойында ұялайды, ұлттық мінезді қалыптастырады.
Сонымен қатар, жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн:
Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның
психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық
келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.
Екіншіден, бұл – жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық
үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз
байланысы мен өзара тәуелділігі.
Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз
байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар
мен кедергілерді жеңе отырып, жоғары моральдық және дамыған ұжымдық
сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға
“жеке бөліктерге” бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке
тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.
Үшіншіден, бұл – жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені
өзгертуге,түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте
бейнеленеді.
Жеке тұлғаның қалыптасуына орта, яғни адам және қоғам өміріндегі
әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта
макро және микро болып бөлінеді.
Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың
мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің
қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар
құралдары).
Микро-орта бұл — адамның ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол —
адамды әрдайым коршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты
заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи
немесе географиялық орта, ауа райы, табиғат жағдайлары әсер етеді. Орта
компоненттері және олардың адам дамуына әсері:
1. Табиғи және географиялық орта (ауа райы, табиғат жағдайлары).Адам
организмінің мүмкін болатын күштерін оятады.
2. Әлеуметтік орта (макро-орта): а) өндіріс күштерінің дәрежесі; ә) өндіріс
қарым-қатынастарының деңгейі; б) өмір сүрудің материалдық жағдайы;
в) мәдени даму дәрежесі; г) бұқаралық ақпарат құралдары;
д) техникалық құралдар.
Қоғам адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін береді, санаға әсер етеді,
белгілі көзқарас енгізеді. Даму жағдайын қамтамасыз етеді.
3. Микро-орта (үй-іші ортасы, баланы қоршаған жақындарының ортасы, аула,
көше әсерлері). Талап-тілектерді анықтайды, құндылыктырды
қалыптастырады, қарым-қатынас негізін қалайды.
Туа біткен қасиеттер әлеуметтік ортада қалыптасып, тұлғаның тұрақты
жеке дара ерекшеліктерін құрайды. Адaмныңтұлғaлық ерекшеліктерін оның
өзіне және қоршaғaнортaсынa деген қaтынaсы, мінез-құлқы aнықтaйды.
Бұл қасиеттер психология ғылымында «Үлкен бестік» (Big 5) моделінде
анықталып, сипатталады. Бес фaкторлы«Үлкен бестік»
сaуaлнaмaсыныңәдіснaмaлық негізін aмерикaлықпсихологтaр Р. МaкКрaе мен
П. Костa 1983-1985 жж. арaлығындaжaсaғaн.
Р. МaкКрaе мен П. Костaның пaйымдaуыншa, бес тәуелсіз aйнымaлылaр,
яғни aдaмды психологиялық тұрғыдaн сипaттaйтын темперaмент пен
мінездің тұлғaлық фaкторлaры aрқылы тұлғaның объективті
психологиялық портрет-моделін білуге жеткілікті деп есептейді.
Бес фaкторды OCEAN aббревиaтурaсыaрқылыжaттaпaлуғaболaды, олар:
«тәжірибеге aшықтық (openness)», «aдaлдық (conscientiousness)» «экстрaверсия
(extraversion)», «aқкөңілділік (agreeableness)», «нейротизм (neuroticism)».
1-кесте. Тұлғаның сипаттамалары
Тұрақты тұлғалық
қасиеттер
Жоғарғы полюс сипаттамасы
Экстравесия-
интроверсия
Қaрым-қaтынaс, жaғымды эмоция, энтузиaзм,
өзіне сенімділікпен бaғaлaнaды (мысaлы, «Мaғaн
дене шынықтырумен aйнaлысқaн ұнaйды», «Мaғaн
жaңa достaр мен тaныстaр тaбу ұнaйды», «Мaғaн
бейтaныс aдaмдaрменс өйлескен ұнaйды»)
Ақкөңілділік- оғаштық Тaртымдылық, сенім, aльтруизм, қaрaпaйымдылық
және aшық ойлaу қaбілетімен бaғaлaнaды
(мысaлы, «Адaмдaр мені aшық-жaрқын және
мейірімді aдaм деп сaнaйды», «Мен
бaрлықaдaмдaрғa мейірімді болуғa тырысaмын»,
«Мен әрдaйым біреуге қол ұшын беріп немесе
қиындықтaрын бөлісуге дaйынмын»).
Адалдық - табиғи Нормaлaрды қaдaғaлaу, сенімділік, жaуaпкершілік,
құзыреттілік, жетістікке жету және өзіндік реттеу
сaпaлaрынбaғaлaуғaaрнaлғaн (мысaлы, «Мен
бaрлық нәрседе тaзaлық пен ұқыптылықты
бaғaлaймын», «Мен жұмысқa жaуaпкершілікпен
және мұқияттылықпен қaрaймын», «Дүкенде өзім
aлғым келген зaттaрды әдетте ұзaқ уaқыт
тaңдaймын»).
Нейротизм–эмоциялық
тұрақтылық
Эмоциялық тұрaқсыздық, aлaңдaушылық, қaстық,
мaзaсыздық, қырсықтық, депрессиялық, өзіне
сенімсіздікті aнықтaуғaбaғыттaлғaн (мысaлы,
«Кейде болмaшы нәрселерге менің көңіл-күйім
түседі», «Кейде мен өзімді жaлғыз, мұңды және
қолымнaн ештеңе келмейтін сияқты сезінемін»,
«Егер мен сәтсіздікке ұшырaсaм, әдетте өзімді
кінәлaймын»).
Тәжірибеге ашықтық -
консервативтілік
Мәдениет деңгейі, интеллект, идеялaрды жинaқтaу
дaғдысы, тaнымдық қaбілеттер, жaңa білімдерге
сезімтaл болумен бaйлaнысты (мысaлы, «Бaрлық
жaңaшылдық менің қызығушылығымды тудырaды»,
«Мaғaн күтпеген жaғдaйлaр ұнaйды», «Жaуaбы
aлдынaлa белгілі нәрселер мaғaн қызықты емес»).
Экстраверт
Ерекше қасиеттері: көпшіл, ұжымдық іс-шаралар мен ойын сауыққа
кұмар, достары мен таныстар шеңбері кең, уақытты қызықты өткізуге болатын
адамдармен қарым-қатынас орнатуды қажет етеді, өзін оқумен немесе
жұмыспен жүктегенді ұнатпайды, әсерлі сезімдерге құштар, жиі тәуекелге
барып, алғашқы ұшқын сезімге беріліп, ойланбай әрекет жасауы мүмкін.
Экстраверттер қамсыз оптимист және өзгерістерді ұнатады. Олар өз
сезімдері мен іс-әрекеттерін қиын қадағалайды, сондықтан ашуға берілгіш
болуы мүмкін. Экстраверттер – батыл адамдар. Жұмыс орындауда олар,
әдетте, жылдамдыққа бағытталған, бірқалыпты жұмыстан тез жалығады.
Экстраверттер адамдармен жұмыс жасағанды ұнатады.
Іс-әрекетте экстраверттер, интроверттерге қарағанда, есінен ақпаратты
тез алып, қиын тапсырмаларды уақыт дефициті жағдайында жақсырақ
орындайды. Олардық қысқа мерзімді еске сақтау қабілеті жақсы.
Экстраверттер өздерін кешкі мезгілде сергек сезініп, түстен кейнгі уақытта
жақсы жұмыс жасайды. Мұндай адамдар мақтауға сезімтал болады.
Интроверт:
Ерекше қасиеттері:
Өз ісінің жөнділігіне сенімсіздік, айналасындағы болып жатқан
жағдайларды елемейді; өзге адамдардың пікіріне қарағанда, өз күші мен
тілектеріне сенімділік танытып; нақты құбылыстарға қарағанда, абстрактілі
идеяларға таңдау береді.
Интроверттердің көңіл-күйлері бірқалыпты, аздап түсіріңкі болады. Олар
өздерінің жеке басты шаруалары мен сезімдеріне алаңдайды. Мұндай адамдар,
әдетте, ұстамды, ұяң, өзі туралы айтқанды ұнатпайды, және өзгелердің
мәселерімен қызықпайды.Олар адамдармен сөйлескенге кітаптарды артық
көреді. Интроверттер қызметте теориялық және ғылыми істерді таңдайды.
Оқуда олар экстраверттерге қарағанда айқынды нәтижелерге жетеді.
Интроверт адамдар өз болашағын жоспарлағанды ұнатады, алғашқы ниет пен
әуестеріне сенбейді, сатып алуда мұқият ақылға салады және өз сезімдерін
қатаң қадағалайды.
Осындай психологиялық сипаттамадағы адамдар бірқалыпты жұмысты
жақсы көтереді, зейінді қажет ететін істерде табысты, тыныштық жағдайында
және күннің алғашқы жартысында жақсы жұмыс жасай алады. Олар мақтауға
қарағанда, жазалауға сезімталдық танытады.
Ақкөңілділік
Ерекше қасиеттері:
Адамдарға деген позитивті қатынас, өзге адамдар жанында болу
қажеттілігі. Әдетте, бұл қайырымды, жауапты адамдар, олар өзгелерді жақсы
түсінеді, өздерін басқалардың аман-саулығына жауапты сезінеді, өзгелердің
кемшіліктеріне түсінікпен қарай алады.
Мұндай адамдар ұжымдық іс-шараларды қолдап, ортақ іске
жауапкершілікпен қарайды, өз міндеттеріне алған істі адал әрі жауапты
орындайды. Өзгелермен қарым-қатынаста бұл адамдар қайшылықтардан
қашады және бәселестікті ұнатпайды; бақталастықтан гөрі ынтымақтастықты
артық көреді. Топта мұндай адамдар сыйлы болады.
Оғаштық
Ерекше қасиеттері:
Тәуелсіз және дербес болуға ұмтылыс. Мұндай адамдар қарым-қатынаста
ара қашықтықты сақтауға тырысады және өздерінің жекеше көзқарасын
ұстанады. Олар қоғамдык істерден қашады және өз міндеттері мен уәдесіне
ұқыпсыз болады.
Бұл фактордағы адамдар өзгелерге суыққандылық танытып, сөйлескен
адамдарын түсінбеуі мүмкін. Оларды алдымен өздерінің жеке басты
мәселелері алаңдатады. Олар бәсекеде өз мүдделерін өзгелердікінен биік
қойып, қорғап қала алады.
Мұндай адамдар, әдетте, әр істің кемеліне жетуге тырысады. Өз
мақсатына жету үшін олар барлық жолдарды пайдаланады. Мұндай сипаттағы
адамдар басшылыққа сирек демократиялық жолмен жетеді.
Адалдық
Ерекше қасиеттері:
Іс-әректті ерікті басқару; ұқыптылық, жауапкершілік, міндеттілік,
нақтылық пен мұқияттылық секілді қасиеттер тән. Мұндай адамдар тәртіп пен
жайлылықты ұнатады, істе табандылық танытып, биік жетістіктерге жетеді.
Олар моральдық принциптерді ұстанады, қоғамда қабылданған іс-әрекет
тәртібі мен нормаларын бұзбайды, тіпті ол нормалар бос формальдылық болып
көрінсе де.
Жоғары ұқыптылық пен саналық өзін-өзі жақсы басқару мен жалпы
адамзаттық құндылықтарды бекітуге ұмтылыспен жақсы үйлеседі. Мұндай
адамдар өздерін сезімдеріне толық ерік беретіндей еркін сезіне алмайды.
Табиғи
Ерекше қасиеттері:
Бұл типтегі адам өмірінде еріктік қасиеттерді сирек танытады, өмірін
қиындатпауға тырысады. Ол «жеңіл өмір» іздейді. Бұл тұлғаға табиғи іс-
қимыл, қамсыздық пен ойсыз іс-әрекеттер тән.
Мұндай адам жұмысына ықылассыз қарайды және мақсатқа жету
жолында табандылық танытпайды. Ол қоғамда қабылданған талаптар мен
мәдени іс-қимыл нормаларын орындауға күш салмайды және моральдық
құндылықтарға ерінін шүйіріп қарауы мүмкін.
Мұндай сипаттағы адам бейтарап әлеуметтік іс-әрекеттерге бейім
болады. Өз пайдасы үшін өтірік пен қулыққа баруы мүмкін. Мұндай адам
болашағын ойламай, бір күнімен өмір сүреді.
Нейротизм
Ерекше қасиеттері:
Импульсивтііс-әрекеттері мен эмоцияларын басқара алмау. Іс-қимылда
бұл жауапкершіліктің болмауы, шындықтан жалтарту, қыңырлық болып
көрінеді. Мұндай адамдар өздерін шарасыз, өмірлік қиындықтарға төтеп бере
алмайтындай сезінеді.
Олардың іс-әрекеті көбіне жағдайға байланысты болады. Олар үреймен
жағымсыз жаңалықтарды күтеді, депрессияға тез түседі. Мұндай адамдар
психологиялық қысым бар стресстік жағдайда нашар жұмыс жасайды. Әдетте
олар өзін-өзі бағалауы төмен және ренжігіш болып келеді.
Эмоциялық тұрақтылық
Ерекше қасиеттері: өз-өзіне жеткіліктілік, өз күшіне сенімділік,
эмоциялықкемелділік. Олар байсалды, өз жоспарлары мен құштарлықтары
тұрақты, көңіл-күйдің кездейсоқ өзгерістеріне берілмейді. Мұндай адамдар
өмірге шынайы әрі байыппен қарайды, өмір талаптарын жақсы ұғынады, өз-
өздерінен кемшіліктерін жасырмайды, болмашы заттарға көңілдері
бұзылмайды, өздерін өмірге бейімді сезінеді. Эмоциясытұрақты адамдар ең
жағымсыз жағдайда да байсалдылық пен суыққандылықты сақтай алады. Олар
көбінесе көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.
Тәжірибеге ашықтық
Ерекше қасиеттері:
Өмірге деген жеңіл көзқарас. Мұндай адам өзінің әр қадамын есептеп,
материалдық жағдайын жақсартуға бар күшін жұмсайтын адамдарды
түсінбейтін қамсыз және жауапкершіліксіз болып көрінеді. Ол өмірге ойын
секілді қарайды, оның кейбір іс-қимылдары өзгелерге жеңілтектік болып
көрінеді.
Бұл типтегі адам өмірдің түрлі жақтарына қызығушылық танытып, өз
әуестігін қанағаттандырады. Ол оқуда зейінді болғанымен, жүйелі түрде
ғылымға ден салмағандықтан, ғылымда үлкен жетістіктерге сирек жетеді.
Мұндай адам жалғанды шындықтан жиі айыра алмайды. Ол көбіне парасатты
мағына емес, өзінің сезімдері мен интуициясына сенеді, күнделікті тіршілік
істері мен міндеттеріне аз көңіл бөледі, ондай жұмыстан қашады.
Бұл эмоциялық, экспрессивті, эстетикалық және көркемдік талғамы бар
адам. Тәжірибеге aшықaдaмдaр кең қызығушылық, дaмығaн қиял, икемді
aқылғa, ерекше және эстетикaлықсезімтaлдыққa ие, олaрдыжaңaшылдық пен
ерекшелік қызықтырaды. Кең мaғынaдaолaрды зерттеушілер деп
aтaуғaболaды.
Олaр мәселені шешудегі жaңaқaдaмғaaшық, өзіндік тaлдaу мен
рефлексияғa бейімдіктерімен ерекшеленеді. Мұндaйaдaмдaр кәсіпкер ретінде,
сәулетші, суретші, ғaлым-теоретик ретінде (әлеуметтік және
жaрaтылыстaнуғылымындa) жетістікке жете aлaды.
Консервативтілік
Ерекше қасиеттері:
Шыншыл, күнделікті өмірге жақсы бейімделген. Ол өмірге парасатты әрі
шынайы қарайды, дерексіз ойға қарағанда, материалдық құндылықтарға
көбірек сенеді. Ол көбіне өзінің материалдық мәселелеріне бас ауыртады,
қайратты еңбектеніп, жоспарларын жүзеге асыру жолында табандылық
танытады.
Ол икемсіз, әртістік қабілеті жоқ, күнделікті өмірде юморға орын
бермейтін, қызығушылықтары мен әдеттерін өзгертпейтін адам. Бұл адам
өмірдегі жылдам өзгерістерді ұнатпайды, айналасындағы барлық затта
тұрақтылық пен сенімділікті бағалайды.
Ол сентименталды болмағандықтан, оны өз-өзінен шығару және жасаған
таңдауына әсер ету өте қиын. Бұл адам өмірдегі барлық жағдайларға
логикалық өлшеммен қарап, дұрыс түсінік пен тәжірбиелік пайда іздейді.
«Үлкен бестік» теориялық моделінің танымалдылығы, адамды
интегралды жүйе ретіндесипаттайды және «Адам» жүйесінің ішкі
құрылымдарына сәйкес келеді.
1-дәріс бойынша тексеру сұрақтары, сұрақтарға жауап беріп өз
біліміңізді бекітесіз:
1.Тұлғаның психологиялық анықтамасын айтыңыз
2.Тұлғаны жүйелік талдаған В.А. Ганзеннің түсінгін қалай талдайсыз?
3.Тұлғаның негізгі қасиеттері қандай?
4.Үлкен бестік ұғымын талдаңыз
5.Тұлға және ұлттық сана түсініктерін арақатысты талдаңыз
Әдебиеттер:
Негізгі:
1 Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. – СПб.: Питер, 2001. – 288
c.
2.Ганзен В.А. Системные описания в психологии. – Л.: Изд-во ЛГУ, 1984.
– 176 c.
3.Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. – Алматы, 2013.
4.Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері. - Алматы, 2002ж.
5.Жарықбаев Қ.Б., Санғылбаев О.С. Психология. Энциклопедиялық
сөздік.-Алматы, 2011
6.Намазбаева Ж.И. Жалпы психология: оқулық/ - Алматы: Абай атын.
ҚазҰПУ, 2006.- 294.
Қосымша әдебиеттер:
1.Жолдaсовa М.К., Борбaсовa Г.Н., ДжералдМэттьюс, Кұстубaевa А.М.
«Үлкен бестік» бес факторлы тұлғалық сауалнамасының қазақ тілді нұсқасын
бейімдеу туралы. – Алматы: Қазақ университеті. Хабаршы. Психология және
социология сериясы. – No 4 (67), 2018. – 124-133 б.
2.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.- М., 2009.
3.Немов Р.С. Психология: В 3 кн. – Кн. 1. – М., 2013.
4.Хон Н.Н., Рогалева Л.Н., Ким А.М., Айдосова Ж.К., Алдабергенов Н.А.
Личностная модель «большая пятерка», системный подход и эффективность
трудовой деятельности. – Алматы: Қазақ универститеті. Вестник серия
психология и социоогия. – No 1 (72), 2020. – C. 85-93//
https://doi.org/10.26577/JPsS.2020.v72.i1.08
5.Хромов А.Б. Пятифакторный опросник личности. – Курган: Изд-во
Курганского гос. ун-та, 2000. – 23 с.
Интернет-ресурстар:
1.http://www.psychology.ru
2.http://www.flogiston.ru
3.http://www.colorado.edu/VC Research/integrity/human research/CITI.htm
4.Cyber Bear (http://cvberbear.umt.edu)
5. hs.umt.edu › psychology

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет