Сана мен тілдің генезисі
Сана жəне тілдік сана ұғымдары əртүрлі ғылыми жұмыстардың зерттеу пəніне айналды. Айталық, психология, философия, логика, лингвистика ғылымдарының əрқилы салаларында жан-жақты сөз етіліп жүрген аталмыш ұғымдар ғылыми термин ретінде əрқалай түсіндіріліп жүргендігі белгілі. Оның себебі бұл ұғымдардың күрделі табиғатынан болса керек. Əр ғылым саласы сана ұғымының өзіне тəн ерекшеліктерін айқындауға талпынуда. Осы уақытқа дейін сана мен тілдік сана бір нəрсе ретінде қарастырылып келсе, қазіргі таңда сана мен тілдік сана арасында теңдік белгісін қоюға болмайтындығына көптеген зерттеушілер назар аударып отыр.
Психологияда «сана» ұғымы «адамдардың қоғамдық-тарихи əрекетінің жалпыға бірдей формаларымен сипатталатын объективтік əрекетке қатысты адамға тəн амал. Сана – əлемнің объективтік заңдылықтары, қасиеттері мен мүмкіндіктері жайлы біліммен дүниеге деген көзқарас» [1, 361-362 бб.] ретінде анықталады. Сана көптеген пəндер үшін ақиқатты мінсіз қайталау қабілетін, сондай-ақ əртүрлі деңгейде механизмдер мен формаларды білдіретін негізгі ұғым болып табылады. Өткен ғасырда сана мəселесі тек гуманитарлық ілімдер пəні, соның ішінде əсіресе философия мен психологияның пəні болып табылады деп есептелді. ХХ ғасыр бұл шеңберді айтарлықтай кеңейтті. Көптеген жаратылыстану жəне гуманитарлық ғылымдар да сананы зерттеумен айналысып, оның кейбір заңдылықтарын айқындады. Философия мен психология үшін сана мəселесі негізгі зерттеу нысандарының бірі болып саналады. Ал тіл білімін сананың тілдік сипаты қызықтыратыны сөзсіз, осы тұрғыдан лингвистиканың қарқынды дамып келе жатқан жас бағыттарының бірі психолингвистика үшін «тілдік сана» ұғымы орталық ұғымдардың біріне айналып үлгерді, оның себебі де жоқ емес. Тіл – сана мазмұнын білдіретін негізгі құрал болып табылады. Тілдің өзі тіл білімінің жас бағыты психолингвистикада арнайы бейнеде əлемді бейнелейтін жəне адамдардың айналадағы ақиқат жайлы ұғымтүсінігін қалыптастыратын тірі құрал ретінде түсініледі.
Тілдік сананы лингвистикалық та, психолингвистикалық та деңгейде зерттеуге болады. Екі бағдардың да өз əдістері бар, олар тіл жүйесін сипаттауда бір-бірін толықтырады. Дəстүрлілингвистикалық сипаттамалардың шынайылығы егер олар психолингвистикалық сипаттаулар нəтижелерін қосып алатын болса жоғарылай түспек.
Қорытындылай келе, Е.Ф. Тарасовтың айтқан мына пікірін келтіргенді жөн көрдік: «бірдей ұлттық мəдениет жоқ, оның үстіне бірдей жəне сол бір мəдени затты сипаттайтын біркелкі сана бейнелері жоқ. Егер мəдени зат бір ұлттық мəдениеттен екіншісіне тасымалданған болса да, онда сезімдік бейне бірдей болуы тиіс еді, бірақ бұл олай болмайды, себебі оның қалыптасуы үшін тек бұл затты сезімдік қабылдауда алынған перцептивтік деректер ғана емес, сондай-ақ табиғаты жағынан концептуалдық, мəдени білімнен тұратын априорлық білімдер де қолданылады. Бұл заттың ақыл-ой бейнесінде (бір мəдениеттен екіншісіне ауысқан) əрқашан ұлттық-мəдени айрықшылық элементтері болады» [7, 19 б.].
Демек, бөтен мəдениетке жетуде алынған жаңа білімдер адамның өз жəне өзге мəдениеттің бейнелері арасындағы айырмашылықтарды іздеу жəне бұл айырмашылықтардың мəнін айқындау қажеттілігін сезінгенде ғана қалыптасады, ал бұл танылған бейне əлі толық танылмаған бөтен ретінде қабылданған жағдайда ғана болмақ. Бөтен мəдениетті танудың мұн дай амалында жаңа білімдер талдап отырған субъектінің ескі білімдерінен қалыптасатындығын есте ұстау қажет.
Білім мəдениет құбылысы ретінде танымның ортақ үдерістерімен де, мəдениеттен қалыптасатын ақиқаттың ұйымдастырылу жəне мəнін ұғыну формаларымен де байланысты өзіндік даму заңдылықтарына ие. Бұл, ең алдымен, қабылдау жəне кеңістік, уақыт, қозғалыс, себепсалдарлық байланыстардың мəнін ұғыну құрылымдарымен байланысты білімнің категориялық-семантикалық формалары.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Психологический словарь. – М., 1998. – С. 361-362.
Леонтьев А.А. Основы психолингвистики. – М., 1999. – 287 с.
Ушакова Т.Н. Языковое сознание и принципы его исследования // Языковое сознание и образ мира. – М., 2000. – С. 13-23.
Уфимцева Н.В. Археология языкового сознания: первые результаты // Язык. Сознание. Культура / Отв. ред. Н.В. Уфимцева, Т.Н. Ушакова. – М., 2005. – С. 205-215.
Тарасов Е.Ф. Актуальные проблемы анализа языкового сознания // Языковое сознание и образ мира / Отв. ред. Н.В. Уфимцева. – М., 2000. – С. 24-32.
Стернин И.А. (2002) Коммуникативное и когнитивное сознание // http://www.comch.ru.
Тарасов Е.Ф. Межкультурное общение – новая онтология анализа языкового сознания // Этнокультурная специфика языкового сознания / Отв. ред. Н.В. Уфимцева. – М., 1996. – С. 7-22.
Достарыңызбен бөлісу: |