Дәрістің мазмұны: электрстанцияларда кернеуді реттеу, төмендеткіш қосалқы станцияларда кернеуді реттеу, екіорамды трансформатордың РПН құрылғысы, автотрансформатордың РПН құрылғысы, желілік реттеуіштердің көмегімен кернеуді реттеу.
Дәрістіңмақсаттары: трансформаторлардың, автотрансформаторлардың және желілік реттеуіштердің көмегімен кернеуді реттейтін құрылғылардың қиыстырмасын зерттеу.
Электрстанцияларда кернеуді реттеу
Электрстанцияларда кернеуді реттеу генераторлар мен жоғарылатқыш трансформаторларда жүргізіледі.
Генераторлардың кернеуін өзгерту қоздыру тогын реттеумен мүмкін. Генератордың активтік қуатын өзгертпей кернеуді 5 % шектерінде өзгертуге болады. Кернеуді номиналдыдан жоғары 5 % көтеру болаттағы шығындардың көбейуімен және оның қызуының көтерілуімен ілеседі. Кернеудің 0,95 Uном дейін төмендегенінде статордың номиналды тогы 5 % өседі және соған сәйкес орамның қызуы көбейеді.
Трансформацияның әр сатысында шамамен кернеудің 5 - 10 % жоғалады. Сондықтан торапта кернеудің қажетті деңгейін ұстап тұру үшін генераторлардың реттеу аралығының жеткіліксіз екені анық. Одан басқа, жақын және қашық электр қабылдағыштар үшін кернеуді реттеуге қойылатын талаптарын үйлестіру қиын. Сондықтан электрстанциялар генераторлары кернеуді реттеудің көмекші құралы болып табылады. Генераторлар реттеудің жалғыз құралы ретінде тек қарапайым жүйе үшін қолданылады: электрстанция – таралмаған жүктеме. Мұнда электрстанциялардың шиналарында кернеудің қарсы реттелуі жүргізіледі. Максималды жүктеме сағаттарында қоздыру тогын өзгертіп кернеуді көтереді және минималды жүктеме кезінде оны төмендетеді.
Электрстанциялардағы жоғарылатқыш трансформаторлар кернеуді реттеудің көмекші құралы болып табылады. Қуаты 250 МВА дейінгі кернеуі 110 және 220 кВ трансформаторларлардың типі ПБВ (қоздырмай ауыстырып қосу, яғни тораптан ағытып тастап) кернеуді реттеу құрылғысы бар. Құрылғының кернеуді реттеу шегі 2 х 2,5 %. Қуаты одан көп жоғарылатқыш трансформаторлар ПБВ құрылғыларынсыз шығарылады.