Оқу практикасының есебі



Дата27.04.2023
өлшемі15,5 Kb.
#87546
Байланысты:
Î?ó ïðàêòèêàñûíû? åñåá³


Оқу практикасының есебі

Педагогикалық практикадан өту уақытында Зайсан ауданындағы Х.Мустафина атындағы мектеп-лицейінің “6” сыныбы маған берілді. Сыныпта негізінен 25 оқушы, оның ішінде .... ұл, ... қыз оқиды. Жетекшісі Қойшыбаева Жайна ... . Сыныпта жаратылыстану пәндерін тереңдетіп оқытады. Практика барысында сыныпқа информатика сабағына және жетекшілік ретінде практиканы атқардым. Практика 24.01.2022 -25.02.2022 күндері аралығында болды.


Педагогикалық практиканың негізгі міндеті жас педагог студенттерді болашаққа даярлап, оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты сезіндіре білу және жас мамандар даярлау болып табылады.
Оқу практикасына шықпас бұрын студенттерге конференциялар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, zoom платформасы арқылы практикадан өту барысында практика бағдармаласында көзделген тапсырмаларды толық орындау, практика күнделігін жүргізу; практикадан өтетін ұйымда ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін оқып, қатаң сақтау; педагогикалық практика бағдарламасында қарастырылған барлық жұмыс түрлерін уақытылы орындау; практика кезінде ол тәртіпті, ұйымшылдықты, әлеуметтік белсенділікті, педагогикалық мамандыққа терең қызығушылық пен балаларға деген сүйіспеншілікті көрсетуі, педагогикалық әдептілікті сақтау керек екендігі тұралы айтылып, ескертілді.
Практиканың алғашқы күнінде мен жалпы практика бойынша құрылған жоспар бойынша жалпы мектеппен және өзімнің жетекшіммен таныстыру өткізілді. Бұл күні маған ең бірінші мектепте өзіңді қалай ұстау керек және мектептің ішкі тәртібі туралы түсіндіріліп өтілді. Сонымен қатар мектептің қауіпсіздік техникасы мен санитария ережелерін оқып шықтым. Одан кейін мені осы практика бойы қадағалап, бағыт бағдар беріп жүретін жекетшіммен таныстырды. Сондай-ақ, мені мектептің директоры және оның оқу ісі жөніндегі орынбасарымен таныстым. Таныстырып болғаннан кейін мені өзіме тапсырылған сыныппен таныстырды. Маған бірінші аусымның 6-сынып оқушылары тапсырылды. Мен өзіме тапсырылған сынып оқушыларымен жақын танысып, тез тіл табысып кету үшін танысу жұмыстарын ұйымдастырдым. Және де мен өз мақсатыма жете алдым, мен оқушылармен тез тіл-табысып араласып кеттім.
Бұдан кейін мен өзімнің жетекшіммен жеке қалып маған сабақтың тақырыптарын таныстырып, сабақтың өткізілу барысын түсіндіріп, сондай-ақ оқу бағдарламасын көрсетіп шықты. Менің жетекшім маған мектеп ішінде кішігірім экскурсия жасады, мені басқа да сыныптармен, мектеп кітапханасымен, психолог кабинетімен, спорт залмен, акт залмен және мединициналық кабинетпен таныстырып өтті.
Осылайша менің практикамның бірінші аптасы жоспарланған жұмыс бойынша орындалды. Бірінші күннен бастап мен мектептің директорымен және оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен әңгімелесуден бастап, өз оқушыларымен таныстырылып, мектеп бойынша экскурсия жасалып, мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайымен таныстым. Мен бұл аптада болашақ мұғалім мамандығы туралы түсінікті меңгердім деген ойнадым.
Менің практикамның екінші аптасы жоспар бойынша сабаққа қатысу, мектепің нормативтік құжаттарымен танысу және сынып жетекшінің тапсырмасын орындауға тапсырылды. Мен бұл аптанын бірінші күнін маған тапсырылған 6-сыныпқа өткізілген саббаққа қатыстым. Біз өтетін тақырып балаларға қызықты әрі түсінікті өткізілуі үшін алдын ала жоспар құрып, тақырыпқа байланысты бірнеше ойындар ұйымдастырып, үй тапсырмаларын дайындап қойдық.
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың жазылу ережелері.
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Біз жаңа тақырыпты бастамас бұрын ең алдымен үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеріп алдық. Сосын жаңа тақырыпты түсіндірдік.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Өрнектер және олардың жазылуы Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы: (5+7*х)/1. 8; (sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т. б Өрнектердің жазылуы Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си , т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады. Амалдар Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді. Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады.
Тапсырмалар № 1 (a + b):(ху) 8-2+[21/4];мұндағы [] бүтін бөлу дегенді білдіреді. (2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар (5+2*4):3 (3,18-4,98)(1,171-0,27):(2,7-1,9)+5,96 (8+4):10 25 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар 42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар Өрнекті Паскаль ережесі бойынша жазыңыз.
Тапсырмалар №2 Өрнек дегеніміз не? Сабақты бекіту сұрақтары • Атаулар дегеніміз не ,олар не үшін қолданылады? • Сандарды жазу ережесі қандай?. Паскальда сандардың қандай типтері бар? • Айнымалы , тұрақты шамалар деп қандай шамаларды айтады? • Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады? • Төмендегіөрнектіңмағнасы бола ... 2.5 DIV ... 7 MOD 1.2 ... Рефлексия Үй тапсырмасы: Өрнектердің жазылу ережелері. Жаттығу Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет