Педагогтің аты-жөні



бет1/12
Дата27.02.2023
өлшемі284,21 Kb.
#70354
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




«Хор» өнері

Мектеп:












Педагогтің аты-жөні:













Күні:













Сынып:




Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:










Сабақтың тақырыбы:

Хор жанры. Хордың түрлері.










Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Дауыс жұмысын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға дағдыландыру,сыни ойлауға қалыптастыру.












Сабақтың мақсаты:

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, жазуға үйренеді.










Сабақтың барысы










Сабақтың кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар










Сабақтың басы

Сабақтың ортасы





Хор (грек. choros) — ежелгі грек театрындағы трагедия мен комедияларда өнер көрсететін орындаушылар тобы. Оның даму эволюциясы салтанатты хор лирикасының пайда болуымен тығыз байланысты. Дионис құдайдың құрметіне арналған хор әндерінен драманың өмірге келгені белгілі. Осыған орай хор алғашында басты рөл атқарды. Мысалы, трагедияхоры 12 — 15, ал комедия хоры 24 қатысушыдан (хоревтен) құралды. Б.з.б. 4 ғасырдың аяғында хор театр спектакльдеріне қатыспайтын болды, ол тек халық мерекелерінде ғана бой көрсетіп отырды. Қазақ театрында алғаш рет реж. Ә.Мәмбетов 1967 жылы қойған М.Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыланды” спектаклінде хор пайдаланылды.
Хордың түрлері. Хордың түрлері оның құрамына кіретін дауыс топтарына байланысты. Біріңғай хорларға: балалар, әйелдер, ерлер хоры жатады. Әр түрлі дауыстардан тұратын хорды аралас хор деп атайды. Тек қана әйелдер дауысынан құралған хорды біріңғай әйелдер хоры деп атайды. Оның құрамында: сопрано1-2, альт 1-2 дауыстары болады. Ерлер дауысынан құралған хорды біріңғай ерлер хоры деп атайды. Ерлер мен әйелдер дауыстарынан құралатын хорды – аралас хор деп атайды.

Хор туралы мәліметтер жинау және онымен бөліседі.


Өз тапсырмаларын таныстырады және бағалайды.





«Бес саусақ» әдісі

Смайлик-тер арқылы бағалау



Музыка хрестоматия

Фоно хрестоматия


Интернет ресурстары

Тақырыптық суреттер мен сөздер














Сабақтың соңы

Хор және оны құрайтын дауыстар. Хордың түрлері. Хор партиясы. Хор жанрының халық арасына кеңінен таралып, көпшілікпен орындалатын лайықты шығармаларды уағыздау, халықты өнерге тәрбиелеу мен ортақ іске жұмылдыру мақсатында дамып келеді. Кейбіреулер кез келген бір топ адамның бас қосып ән салуын хор деп санайды.Тіпті, жеке дауыста орындауға бейім шығармаларды бәрі бірігіп, бір дауыста орындаса да хормен орындадық деп мәз болысады. Оны орындаудағы біркелкілік, мәнерлілікке еш мән берілмейді. Мұндай топтың орындауларын хор деп атауға болмайды.Ондай кездейсоқ орындалған әуендерді көпшіліктің үйреншікті жалпылама айтып жүрген әні деуге болады.Хор- әртүрлі дауыста ән салатын адамдардан топтасып,ұйымдасқан коллектив.Дәлірек айтқанда,хор дегеніміз- шығарманы көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбай, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген,әсемдеу жағынан толық мағлұматы бар коллектив.Сонымен,хор негізінде ән айтуға қабілетті адамдардың ұйымдасқан коллективі.Хор коллективін әртүрлі дауыстардан топтасып тұратын бөлшегі құрайды,оны хордың партиясы деп атайды.Партиялар дауыстың диапазонымен дыбыс сипатына, бояуына қарай топтасады. Әйелдердің жоғары дауысы- сопрано деп аталады. Әйелдердің төменгі дауысы- альт деп аталады. Ерлердің жоғары дауысы- тенор деп аталады. Ерлердің төменгі дауысы- бас деп аталады Көбінде әр партия екі топқа бөлінеді, оны divisi деп атайды. Мұндайда жеңілірек ашық жоғары дауыстарды бірінші топқа бөледі де, ал қалғандарынан екінші топты құрайды.Сөйтіп, әр партия бірінші және екінші дауыс болып екіге бөлінеді. Мысалы: сопрано- 1,2: альт- 1,2: тенор- 1,2: бас- 1,2. 6ас


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет