Оқу процесінде инновациялық технологияны қолданудың кейбір ерекшеліктері



Дата07.01.2022
өлшемі21,71 Kb.
#19122
Байланысты:
25.01.21 конф Тілеуова С.С.


ББК 74.00

ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тілеуова С.С. п.ғ.к., доцент

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан


Резюме
В XXI веке одной из доминирующих тенденций развития информационного общества является глобальная информатизация. В настоящее время наблюдается лавинообразный процесс развития информатизации, который характеризуется в первую очередь широким внедрением современных информационных технологий в различные сферы человеческой деятельности. Информационно-коммуникационные технологии сейчас широко используются в сфере воспитания и образования подрастающего поколения от детских садов до университетов. Электронное обучение направлено на обеспечение равного доступа всех участников образовательного процесса к лучшим образовательным ресурсам и технологиям.
Summary

In the XXI century, one of the dominant trends in the development of the information society is global informatization. Currently, there is an avalanche-like process of development of informatization, which is characterized primarily by the widespread introduction of modern information technologies in various spheres of human activity.

Information and communication technologies are now widely used in the field of education and upbringing of the younger generation from kindergartens to universities. E-learning is aimed at ensuring equal access of all participants in the educational process to the best educational resources and technology

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктеріне негізделген ғаламның тенденциялары мамандардың кәсіби даярлығына жаңа талаптар қоюда. Болашақ мамандарда желілік әлемдегі кәсіби қоғамдастықтарда шектеусіз инфокоммуникациялық өзара байланысуына, желілік саясат пен экономика жағдайында өзін-өзі актуализациялауға мүмкіндік болуы қажет.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жоғары білімді ақпараттандыру оқу орындардың электронды инфраструктурасы мен локальды және глобальды желілердің ақпараттық көздердің таралуына негізделе отырып, кәсіби даярлау парадигмасын қайта қарауға объективті шарттар анықталып отыр. Жаңа инфокоммуникациялық өзара байланыс парадигмасы кәсіби даярлық процесі барысында студенттердің дербес кәсіби дамуының траекториясын жасауға, жаңа идеялар мен жобалады туындатуға мүмкіндік жасайды.

Білім жүйесіне акпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) енгізу тұлғаның бәсекелестігінін қалыптастырудың негізгі факторлары болып табылады және де оның ғаламдық қоғамдастыққа енуімен анықталады.

Тәжірибе көрсеткендей, ғаламдық ақпараттық кеністікте шамамен 100 миллион адам білім алады, олардың санын күннен күнге артып келеді. Білім беру қызметі әлемде негізінен локальды және галамдық желіні пайдалану арқылы көрсетіледі. Түрлі болжамдар бойынша әлемдік білім беру желілік технологиялар арқылы жүргізіледі

Мамандарды даярлау процесінде АКТны пайдалану білім субъектілерінің желілік қарым қатынасты ұйымдастыру қажет етеді, осы орайда кәсіби білім беру субъектілерінің инфокоммуникциялық өзара қатынас парадигмасын қайта қарастыру қажет.



Парадигма деп нақты ғылыми зерттеуді анықтайтын теориялық және методологиялық жағдайлардың жиынтығын айтамыз, арнайы қызметтің нақты зерттеу ғана емес, сондай-ақ, практикалық міндеттерін шешу үшін пайдалануға бағытталған. Инфокоммуникациялық өзара қатынас парадигмасы дегеніміз қазіргі заманғы локальды және ғаламдық желі жағдайында байқалатын кәсіби қатынас жолын айтамыз. Олар желілік даярлықты өзін өзі актуализациялау заңдылықтары, мақсаттық сәйкестікті ұғыну, контексті ситуативті шарттылық және білім субъектілерінің интеллектуалдық белсенділік заңдылықтарымен нақтыланады. Ақпараттық-коммуникациялық өзара қатынас төмендегі принципттермен анықталады:

– Кәсіби өзін актуализациялау,

– өз өзін бағыттау,

– кәсіби желі қоғамдастықтың мүшелерінің бірігуі,

ақпаратты дербес қабылдау,

– бірлескен қызметке шығармашылық қатынас,

– маманның дербес дамуы мен кәсіби қызметтегі жетістіктерінің байланысы,

– ашықтық,

– кәсіби іс әрекеттердің тиімділігі, ынтымақтастық негізінде бейимдік қатынас,

– өзін өзі бағалау.

Болашақ мамандардың желілік даярлығының теориялық үлгісі мына критерийлермен анықталады: желілік қоғамдастыққа құндылық бағдар, желілік саясат пен экономикаға құндылық бағдарлану. Желілік қоғамдастыққа құндылық бағдарлану тұлғаның желі әлемін өркениеттің жаңа үлгісі ретінде ұғынуымен байқалса, сонда ғана өзін өзі желідегі тұлға ретінде сезінеді. Жаңа әлемдік құрылымды кәсіби қоғамдастықтардың өзара қарым қатынсты орнату формасы ретінде ұғыну маманның коммуникациялық кеңістікті басқа жаңа деңгейде қызыға қарауға және сол жаңа формаларды пайдалануға құштарлықты арттырады.

Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану. Оқу процессінде компьютерлік оқулықтар, есептер жинақ тары, энциклопедиялар, тестілеу мен бақылау, анықтамалық жүйелер және басқа да ОКҚ-лар кеңінен қолданыс табуда. ОКҚ-ны білім берудің ақпараттық технологияларының негізгі бір түрі ретінде қарастыруға болады. Жалпы білім берудің ақпаратгық технологиялары дәстүрлі оқыту әдістері мен тәсілдерінде кейбір педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа құралдары ретінде пайданылады Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін атқаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Білім беруді ақпараттандырудың маңызды факторы Интернетке шығу болып саналады. Интернет – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге бірік-тіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Коменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді.

Сонымен ОКҚ-ның дидактика мен әдістеменің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни, ОКҚ-ны оқу процессінде пайдалану негізінде

• окытудың сапасы артады;

• оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;

• оқытушылардың оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау алу, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының  шығармашылық іс-әрекетке (ғылыми-ізденіс және әдістемелік мәселелерді шешу, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау т.с.с.) көшуіне алып келеді;

• оқытудың мазмұны мен құрылымдарының  өзгерістеріне қарай  оқу процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыруды жеделдетеді.

Осы айтылгандардан қазіргі уақытта білім беру жүйесінде дәстүрлі құралдарға қарагаңца ОКҚ қоддану кажеттігі артып келе жатқандығын көруге болады. Сондай-ақ, ОКҚ-ны дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдармен үйлестіре қолданудың тиімділігін практика көрсетіп отыр. Дегенмен, ОКҚ компьютерсіз оқыту құралдарын толығымен алмастыра алмайды. Шындығында ОКҚ дәстүрлі құралдардың тиімді тұстарын ала отырып, оқытудың жаңа сапалық деңгейіне алып келеді.

Электрондық оқулық — мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.

Электронды оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әр түрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып отыр.

Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады.

Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.

Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: "Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту". Білім берудің кез келген саласында "Электрондық оқулыкгарды" пайдалану окушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.

Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.

Электронды оқытудың технологиялық құралдарын былайша топтастыруға болады:

1. Аппараттық құралдар, мультимедиалық бағдарламалар және Интернет.

2. Электронды оқытуды әзірлеудің бағдарламалық құралдары.

3. Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі.

Білім беру мекемелерінде пәндерді оқытуда ақпараттық – коммуникативті технологияны жүйелі қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.

Мультимедиалық қосымша материалдар - презентациялар (сызбалар; кестелер; графиктер; бейнефильмдер) оқу материалының толық баяндалуына үлкен үлес қосады:

— өзіндік білімді тексеру жүйесі;

— өзіндік бақылау жүйесі;

— мәтіндік үзінділермен жұмыс істеу жүйесі;

— әдістемелік нұсқаулар;

— терминдік сөздер;

— қысқаша конспектілер.

Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады:

— Оқушылардың өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді;

Компьютерлік өнімдер, оның ішінде оқыту программалары мен электронды оқулықтар саны жылдан-жылға көбеюде. Алайда, осы күнге дейін электронды оқулық кандай болу керек және қандай функциялар оның міндеттемелеріне айналу керек деген мәселе шешуін таппай отыр.

Электрондық оқулықтарды даярлаудың тиімді кұралдары. Олар:

-дәстүрлі алгоритмдік тілдер;

-жалпы мақсатгағы инструментальді кұралдар;

-мультимедиа құралдары;

-гипертекстік және гипермедиалық кұралдары;

Ал, электрондық оқулықгың жұмыс істеу режимдеріне тоқталсақ, электронды оқулықгың негізгі үш жұмыс істеу режимі бар:

-бақылаусыз оқыту;

-бақылаумен оқыту

-тестік бақылау.

Мұндағы бақылаумен оқытуда материалды игеру деңгейін анықтау мақсатында әрбір тараудың соңында оқушыға бірнеше сұрақгар берілсе, тестік бақылауда баға қою арқылы білімді тексереді.

Қазіргі кезде оқулықтарға қойылатын талаптар: берілетін материалды кұрылымдандыру, пайдалану ыңғайлылығы, материалдың мазмұнының көрнекілігі. Жоғарыдағы айтылған талаптарды қанағаттандыру үшін гипертекст технологиясын қолданған дұрыс. Оқытудағы негізгі мәселелердің бірі білімді бақылау болғандықтан, электронды оқулық кұрамында бақылау құралы қамтамасыз етілу міндетті.

Әдебиеттер





  1. Нургалиева Г.К. Ценностное ориентирование личности в условиях информатизации образования. – Алматы. РЦИО, 2004 – 311с.

  2. Кларин М.В. Инновации в обучении. — М.: Наука, 1997.

  3. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: кон­текстный подход. — М., 1991.

  4. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқББКу орындарында қолдану - Алматы,2009, -328 бет

  5. С.С.Тілеуова Жоғары мектеп педагогикасы. –Шымкент, 2006


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет