Оқу сабағының жоспары (теориялық немесе өндірістік оқыту) Э



Дата23.01.2023
өлшемі31,5 Kb.
#62415
түріСабақ
Байланысты:
20.10.22


Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
(білім беру ұйымының атауы)


Оқу сабағының жоспары (теориялық немесе өндірістік оқыту)


Эстафеталық жүгіріс техникасына үйретуде қолданылатын жаттығуларды талдайды.
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы: Дене шынықтыру
Педагог: Садвакасов А.С дайындады
2022 жылғы «20» қазан
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 1 курс А –12
Сабақтың түрі Практикалық
2. Мақсаты, міндеттері: Студенттердің жан - жақты даму сапасын дағдыландыру, оқуда және қоғамның іс-әрекетіне белсенді қатысуына белсенділігін арттыру, қажетті дене сапасын дамыту. Эстафеталық таяқшаны беру әдісін меңгеру
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі: Жеңіл атлетика түсінігі және қозғалыстың озық дағдысын меңгеру
4. Қажетті ресурстар: Секундомер, дене тәрбиесі оқулығы.
5. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Сап құру. Сәлемдесу, сабақтың тақырыбымен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін студенттер қалай түсінетінін сұрастыру. Орында бұрылу жаттығулары. Жүру түрлері. Жүгіру түрлері. ЖДЖ орындау.
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасының фазаларын айтып, көрсету. Әр түрлі ұксас, дайындық жаттығуларын орындау. Таяқшаны беру әдіс-тәсілдерін талдау. Жылдамдықты сақтай отырып таяқшаны белгіленген ара қашықтықта тура беру. Таяқшаны беру және қабылдау техникасын көрсету және қателіктерді талдау. Студенттердің дене сапаларын дамытуға арналған жаттығулар, қозғалмалы ойындарды қолдану. Тыныс алу жаттығуларын орындау, сапа құру. Өткен материалдарды бекіту негізінде сұрақ-жауап тәсілдерін қолдану. Студенттерден денеге түсетін салмақ, жаттығулардың адам ағзасына әсерін анықтау және эстафеталық жүгіру техникасы туралы мәліметтер алу, сұрақ жауап, әңгімелесу арқылы.


«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес педагог тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және пәннің немесе модульдің ерекшеліктері мен білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша элементтерді енгізуге құқылы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет