《Анимациялық мультфильмдер: «Vyond», «Powtoon», «Animaker» қосымшаларының мүмкіндіктері»



Дата27.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#110914

《Анимациялық мультфильмдер:
«Vyond», «Powtoon», «Animaker» қосымшаларының мүмкіндіктері»
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу міндеті қойылған [1].
«Әр елдің салты басқа» демекші, олардың ұлттық ұстанымдары бөлек болғандықтан, мультфильмдерінің негізгі мазмұны біз үшін жат болуы әбден мүмкін. Осы мәселені шешуде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына [2] сәйкес анимациялық мультфильмдерді жасайтын қосымшалардың мүмкіндігін пайдаланып, өзіміз мульфильмдер жасауға болады. Бүгінгі күні «Vyond», «Powtoon», «Animaker» қосымшаларының мүмкіндіктері өте зор.
Анимация термині – латынның “anima” жан сөзінен шыққан, яғни жандану, тірілу деген мағынаны білдіреді.
Анимация – суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі. Анимацияны құрудың екі жолы бар: бірінші дайын суретті қолдану арқылы суреттер жасау, бұл классикалық әдіс деп аталады. Классикалық әдіс “gif”арқылы жасалады. Екінші жолы компьютерлік ойындарды жасағанда кадрлық анимациялар ұсынылады, мұнда кадрлар экранның кез-келген жерінен шығу жолымен іске асады.
Ресей арналарының зерттеуі бойынша кішкентайларға арналған 20 ең жақсы танымдық мультфильмдер тізімі берілді, қазіргі кезде бұл мультфильмдар Қазақстан арналарында да кеңінен таралған. Бұл мультфильмдерді 1-6 жас аралығындағы балаларға көруге болады.
1)«Малышарики»
2)«Фиксики»
3) «Даша-путешественница»
20) пингвиненок пороро
Қазақстанда «Білім кидс» платформасында, «Баланапан» телеарнасында қазақша мульфильмдер ұсынылған. Мысалы, «Алдар көсе», «Сиқырлы кітаптар», «Айдар Батыр» және т.б. Дегенмен, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін анимациялық мультфильмдер әлі де аз.
Анимациялық мультфильмннің шығу тарихы 1892 жылы 28 қазанда басталған болатын. Париж қаласында суретші Эмиль Рейно қозғалып тұратын суреттерді көрсететін "праксиноскоп" атты аппаратын таныстырады және осыдан кейін бұл қазіргі мультфильмдердің шығуына жол ашты.
Ең алғашқы толықметражды мультфильм туралы айта кетсек:1926 жылы неміс режиссері Лотте Рейнигердің «Ханзада Ахмедтің шытырман оқиғалары» атты мультфильмі жарық көрген еді. Бұл — ең алғашқы толықметражды анимациялық фильм. Сюжет желісі бойынша батыр өз әпкесін зұлым сиқыршыдан құтқаруға тырысады. «Ханзада Ахмедтің шытырман оқиғалары» силуэт анимация техникасын қолдана отырып түсірілген.
Қазақ анимациясына биыл-56жыл болады. 1967 жылы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты тұңғыш қазақ мультфильмі түсірілді. Оның авторы — Ұлттық өнер академиясының профессоры, режиссер-аниматор, қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаров.
Автор алғашқы мультипликациялық туындысын шығармас бұрын қазақ аңыз-ертегілері мен қиса-дастандарын оқып, қазақ ауыз әдебиетіне үлкен және ортаңғы . «Қарлығаш ұясын бұзуға болмайды» деген тыйым сөзді естіп өскен ол мен үшін бірінш халық халық ертегісін арқау еткен.
Ұзақтығы 10 минутқа жететін мультфильм жасауға бір жарым жыл уақыт кеткен екен. Туынды әлемнің 48 елінде көрсетілген болатын.
«Vyond»-бұрын GoAnimate деген атпен белгілі болған, оқыту және маркетингтік мақсаттар үшін анимациялық бейнелерді жасаушы. Vyond корпоративті ұсыныстар жиынтығын ұсынады, соның ішінде қосымша деректерді қорғау және арнайы клиенттерге қызмет көрсету менеджері бар "ақ қолғап" қызметі және т. б.
Негізгі сипаттамалары:
-2D кейіпкерлерінің үш түрі: заманауи, бизнеске ыңғайлы және тақтадағы анимация;
-бейнемен көп ойыншы ынтымақтастық (үлкен жоспарлар үшін) кәсіпорын деңгейінде қолдау;
-деректерді қорғаудың қосымша мүмкіндіктері;
-құны: жылына 299 доллардан басталады;
-«Vyond»-да тегін жоспар жоқ.
«Animaker» - бұл жаңадан бастаушылар мен техниктерге арналған анимация және нақты уақыттағы бейне жасау бағдарламалық құралы. Қысқа анимациялық бейнелер саласында танымал құрал бола отырып, Animaker сіздің кішкентай анимациялық кейіпкерлеріңіз үшін ерінді автоматты түрде синхрондау сияқты кейбір жетілдірілген мүмкіндіктермен, сондай-ақ Сіздің компанияңыздың түстерін, аріптерін және логотиптерін сақтауға арналған қолтаңба жиынтығымен мақтана алады.
Негізгі сипаттамалары:
-4K бейнені сүйреп апару және кейіпкерлер құрастырушысы;
-100 миллионнан астам тегін бейнелер, суреттер, дыбыстық эффектілер және музыка;
-1000-нан астам шаблон;
-нақты әлеуметтік платформалар үшін өлшемді өзгерту;
-GIF жасаушы;
-анимациялық кейіпкерлерге арналған ерінді автоматты түрде синхрондау;
-субтитрлер;
-ресурстарды, қаріптерді және түстерді сақтауға арналған фирмалық жинақ;
-құны: айына 19 доллардан басталады;
-«Animaker» тегін жоспары бар.
«PowToon» – бұл анимациялық презентациялар мен видеолар жасауға мүмкіндік беретін онлайнды сервис. Оны 2013 жылы Илья Спитальник және Даниэль Затуранский жасап шықты және сол жылдың желтоқсан айында олар өздеріне 600 мың доллар көлемінде инвестиция тартты. Аталған сервис те «фримиум» әдісі бойынша жұмыс істейді. Сайтта тіркелгеннен соң, қолданушы фонға, дыбыс әсерлеріне (эффект), кейіпкерлерге арналған шаблондар коллекциясына рұқсат алады. PowToon қандай да бір өнім жайлы айтылатын ролик жасауға, стартап-презентацияға немесе сайттың басты бетін жасап шығуға әбден жарайды. Сервистің басты артықшылығы ретінде графиканың айтарлықтай стильді болып, кейіпкерлер санын және оларды өзара байланыстыра алу мүмкіндігін айтуға болады. Сонымен қатар, дайын болған видеоны YouTube-ке салуға немесе MP4 форматында сақтауға болады. Сервис мультипликаторларға қарапайым болғанымен, шағын бизнес иелеріне керектінің дәл өзі.
Мен анимациялық видео құттықтау жасауға «Animaker» қосымшасын қолдандым.
Алғашында «animaker.com» сайтына кіріп, тіркелдім.
Тіркеліп болғаннан кейін «создать видео» батырмасын бастым.
Видеоны жасау барысында кейіпкерлерді «характер» тетігінен алсам, дауысты «записать закадровый голос» тетігі арқылы жаздым.
«Animaker» қосымшасы өзінің қарапайымдылығы мен үйренуге оңайлылығымен ерекшеленеді. Анимациялық видео жасау барысында бәрі қолжетімді, түсінікті болды. Бұл қосымшаның берер мүмкіндіктері мол екенің осыдан ақ байқауға болады. Әрбір тәрбиеші, студент осы қосымшалармен жұмыс жасау арқылы «z» ұрпақтарын тәрбиелену процестеріне үлкен үлес қоса алады.
Анимациялық мультфильмдерді жасайтын қосымшаларды тәжірибеде тиімді пайдалану - балалардың белсенді танымдық қызығушылықтарын танытуға мүмкіндік береді.
Қосымшаларды пайдалана алу бүгінгі таңда педагогтардың алдында білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Оларды мектепке дейінгі білім беру саласында қолдану талабы арта түсуде. Сандық технологияның қолайлы-қолайсыз әсерлеріне балалардың шалдығуы байқалуда. Сәйкесінше, білім беру мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін неғұрлым тиімді, табиғи және шығармашылық тәсілдермен қолдануға негізделген механизмдерді табу қажет. Қосымшалар мен интерактивтік жабдықтарды қолдану ұзақ дайындықты, компьютермен жұмыс дағдысын және міндетті түрде тәрбиешіден әрбір ұйымдастырылған іс әрекеттеріне мұқият даярлықты талап етеді.
Сонымен, ХХІ ғасырда білім берудің ұлттық жүйесін дамытудың негізгі бағыттары тәрбие мен оқытуда инновациялық қағидаттар мен тәсілдерді қолдану, білім беруді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін тереңдету, материалдық-техникалық базаны жаңарту және кеңейту, білім беру бағдарламалары мен қызметтерінің кең таңдауын қамтамасыз ету, білім беруді ақпараттандыру болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет