Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет86/167
Дата06.01.2022
өлшемі3.69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   167
 
5.6. Идентификациялаудың жіктеу әдісі
Идентификациялаудың  жіктеу  әдісі  өзінің  ақпараттығы  мен 
жүйелілігіне байланысты басқа әдістермен бірге үйлесіп кеңінен пай-
даланылады. Объекттерді жіктеудің ең жиі қолданылатын екі тәсілі бар: 
иерархиялық және фасеттік. 
Иерархиялық тәсіл объекттердің бастапқы жиынтығы ретті түрде 
тағы  да  жиынтықтарға  (жіктеу  топтамалары),  олардың  әрқайсысы  да 
жиынтықтарға және т.с.с. бөлінетіндігімен сипатталады. Жиынтықтар 
бағыныңқы топтамаларға бөлінеді. 
Объекттердің  жіктелуші  жиынтығы  осы  объекттерді  жалпыдан 
жалқыға  ұстанымы  бойынша  сипаттайтын  негізгі  белгілеріне  қарай 


169
түрлерге, топтарға, класстарға және т.с.с. бөлінеді, яғни әрбір топтама 
таңдалып алынған белгілерге (бөлу негізі) сәйкес бірнеше басқа топтарға 
бөлінеді.  Осылайша,  жіктелу  топтамалары  арасында  бағынушылық 
қарым-қатынас орнатылады. 
Иерархиялық жүктеуді құру кезінде пайда болған ең маңызды әрі 
күрделі  мәселелер  бөлудің  негізі  ретінде  пайдаланылатын  белгілер 
жүйесін таңдау мен олардың орналасу тәртібін анықтау болып табы-
лады. 
Жіктеудің  иерархиялық  тәсілі  бойынша  объекттердің  қосымша 
жиынтықтарының құрылуы 5.33-суретте көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   167




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет