Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Қауымының Хз. Нұхқа қарсыласуы



Pdf көрінісі
бет111/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   359
Қауымының Хз. Нұхқа қарсыласуы
Олар: «Саған қор кісілер ерді деп, иман келтірейік пе?» – десті. 
(Нұх ғ.с.): «Олардың не істегендерін білмеймін. Егер сезетін болсаң-
дар,  олардың  есебі  Раббыма  тəн.  Иман  келтіргендерді  қумаймын. 
Сондай-ақ мен ашық бір ескертушімін», – деді. 
(Шұғара сүресі, 111-115)
Хз. Нұхтың қауымына берілмеуі 
Елінің қарсы келген бастықтары: «Біз сені өзіміз тəрізді ғана адам 
көреміз,  саған  тар  көзқарасты  қорларымыздан  басқаның  ергенін 
көрмейміз.  Сондай-ақ  сендердің  бізге  бір  артықшылықтарыңды 
көрмейміз. Тіпті сендерді өтірікші деп ойлаймыз», – деді.  Нұх (ғ.с.): 
«Ей, елім! Көрдіңдер ме? Раббым тарапынан ашық бір дəлел үстінде 
болсам  жəне  Ол  өз  қасынан  бір  мəрхамет  еткен  болса,  ал  ол  сен-
дерге  көрінбесе,  сондай-ақ  сендер  оны  жек  көрсеңдер  де,  сендер-
ге  оны  зорлап  қабылдата  аламыз  ба?» – деді.  «Ей,  елім!  Сендер-
ден  мал  сұрамаймын.  Жалақым  Аллаға  ғана  тəн.  Сондай-ақ  иман 
келтіргендерді  қуалаушы  емеспін.  Өйткені,  олар  Раббыларына 
жолығушылар. Бірақ мен сендерді надан көремін», «Ей, елім! Егер 
мен  оларды  қуаласам,  мені  Алладан  кім  қорғайды,  түсінбейсіңдер 
ме?» Мен сендерге: «Жанымда Алланың қазыналары бар демеймін 
де, көместі де білмеймін. Мен бір періштемін де демеймін. Сондай-
ақ  көздеріңе  ілмейтіндерге: «Алла  əсте  жақсылық  қылмайды» 


117
 
демеймін. Алла олардың ішіндегілерді жақсы біледі. Ол уақытта мен 
залымдардан болармын» (деді.)
  (Һуд сүресі, 27-31)
Елінің  бастықтары: «Əрине,  біз  сені  ашық  адасуда  көреміз», – 
деді. «Ей, елім! Менде ешбір адасқандық жоқ. Бірақ, мен əлемдердің 
Раббы  тарапынан  бір  елшімін», – деді. «Сендерге  Раббымның 
жібергендерін  жалғастырып,  сендерді  үгіттеймін.  Жəне  Алладан 
сендер  білмегенді  білемін».  Сақсынып,  мəрхаметке  бөленулерің 
үшін  Раббыларың  тарапынан,  өздеріңнен  сендерге  ескертетін  бір 
кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма? 
(Ағраф сүресі, 60-63)
Олар: «Ей,  Нұх! Егер тыйылмасаң, əрине, таспен  атқыланған-
дардан боласың», – деді. 
(Шұғара сүресі, 116)
Сондай-ақ Нұхқа (ғ.с.): «Еліңнен иман келтіргеннен басқалары, 
əсте иман келтірмейді. Енді олардың істегендеріне кейіме» делінген 
түрде уахи етілді. Көз алдымызда нұсқауымыз бойынша кеме жаса. 
Залымдар турасында маған айтпа! Өйткені, олар суға батырылады. 
(Һуд сүресі, 36-37)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет