Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді



Pdf көрінісі
бет144/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   481
7.3 Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек – бюджеттің кірісіне өткізуге жататын 

кірістер

Мемлекеттік мекеме бюджет кірісі болып табылатын сома бойынша:

 

– бюджеттің кірісіне өткізуге жататын активтерді жəне басқа материалдық 



құндылықтарды сатудан түскен сома; 

 

– кінəлі  тұлғаларға  жатқызылған  жəне  бюджет  кірісіне  тапсыруға  жа-



татын  материалдық  құндылықтар  мен  ақша  қаражатының  анықталған 

жетіспеушіліктері;




155

 

– өткен қаржы жылдары пайда болған дебиторлық берешекті қайтару со-



масы;

 

– жаңа  қаржы  жылында  бюджеттік  шоттарға  мемлекеттік  мекемелер 



қайтаратын өткен қаржы жылындағы пайдаланылмаған бюджет қаражатының 

сомасы;


 

– өзге түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүргізеді.

Бюджетпен  есеп  айырысу  бойынша  туындаған  сома 3130 «Бюджетпен 

есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қосалқы 

шоттарының кредитіне жазылады, бюджет кірісіне тиісті соманы аудару шама-

сына қарай – осы шоттың дебетіне жазылады [7.4-кесте]. 

Активтерді сатудан түскен қаражат бойынша бюджет алдында мемлекеттік 

мекеменің  міндеттемелерін  есептеу  мынадай  жазбамен  көрсетіледі: 7120 

«Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 3131 

«Активтерді сатудан түсетін кіріс бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді 

кредиторлық  берешек»  қосалқы  шотының  кредиті;  берешекті  өтеу 3131 

«Активтерді сатудан түсетін кіріс бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді 

кредиторлық  берешек»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне  Шоттар  жоспарының 

ақша қаражатының тиісті қосалқы шотының/шотының 1231 «Сатып алушылар 

мен  тапсырыс  берушілердің  қысқа  мерзімді  дебиторлық  берешегі»  қосалқы 

шотының кредиті бойынша көрсетіледі. 

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақша-

ның түсімі мен жұмсалуы жоспарында көзделген сомадан тыс түскен қаражат 

бойынша бюджет алдындағы   міндеттеме мынадай жазбамен көрсетіледі: 7120 

«Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 3132 

«Тауарларды,  жұмыстарды  жəне  көрсетілетін  қызметтерді  өткізуден  түсетін 

кірістер бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық  берешек»  

қосалқы  шотының кредиті. Ал бюджетке қаражатты аудару: 3132 «Тауарлар-

ды,  жұмыстарды  жəне  көрсетілетін  қызметтерді  өткізуден  түсетін  кірістер 

бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы 

шотының  дебеті  жəне 1042 «Ақылы  қызметтер  ҚБШ»  қосалқы  шотының 

кредиті.

7.4-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет