Оқулық Алматы 2006 мазмұНЫ


 Философияның категориялары



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#5606
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

3.1.5. Философияның категориялары.
 
Философияның  методологиялық  функциясы  ең  алдымен  танымдық  жəне
практикалық  əрекеттiң  жалпы,  универсалды  алғы  шарттарын  (ережелерi  мен 
принциптерiн)  қалыптастырумен  байланысты  болады  жəне  ол  ең  жалпы  ұғымдардың  –
категориялардың көмегiмен жүзеге асады. Категорияларға мыналар жатады: “бүтiн” жəне 
“бөлiк”, “жүйе”, “құрылым”, “элемент”, “байланыс”, “қатынас”, “форма”  жəне  “мазмұн”, 
“жалпы”, “ерекше”  жəне  “жалқылық”.  Дəл  осылардың  көмегiмен  алуантүрлiлiктiң 
тұтастығының философиялық принципi методологиялық дауысқа ие болады.
 
Жоғарыда  келтiрiлген  категориялардың  барлығы  өзара  байланысты.  Бiз  талдауды 
олардың  iшiндегi  ерте  кезден  белгiлiсi “бүтiн”  жəне  “бөлiк”  ұғымдарынан  бастаймыз.  Бұл 
ұғымдар  ненi  бiлдiредi?  Олардың  мағынасын  анықтау  оңай  емес.  Ол  үшiн  жеке 
тəжiрибеге,  мысалдарға  сүйенейiк.  Мысалы,  бiз 2,4,6,8 сандарын  дұрыс  бөлiк, 
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 жəне т.б. натуральды сандардың көпшiлiгi деп атаймыз. Адасқан екi қой 
–  отардың  бөлiгi,  жəне  цех-заводтың  бөлiгi,  ми,  бүйрек,  бауыр,  жəне  т.б.  жеке  органдар 
бүтiн  ретiндегi  адам  ағзасының  бөлiктерi.  Жекелеген  заттар  өзiн  құрайтын  бөлiктерге 
бөлiне  алатындығы  ерте  кездегi  адамдар  үшiн  үлкен  жаңалық  болды.  Адамдар  күрделi 
мiндеттердi  қарапайымға  бөлiп,  жəне  бөлiктерi  бойынша  шешiп  үйрендi. “Бөлiк”  жəне 
“бүтiн”  ұғымдары  екi  жағдайды  бiлдiрдi: 1) объективтi  заттар  қарапайым,  жай  заттардан 
құралған; 2) адамдар  бастапқы  нəрсенi  бұзып,  оны  жай  құрамдастарға  (бөлiктерге)  бөле 
алады. Тарихи тұрғыда “бүтiн” ұғымы күнделiктi практикада ұшырасатын аяқталған, толған 

заттарға  қатысты  айтылуы  қалыптасты.  Ал  бұл  ұғымды  шексiз  объективтi  əлемге 
қолдану үлкен қиындықтарға əкелдi. Жəне бұл жаңа заманнан бастап белгiлi болды. 
 
Редукционистiк  бағдарлама  кез-келген  бүтiндi,  оның  iшiнде  алуан  түрлiлiгiмен 
сипатталатын əлемдi де бөлiктерге бөлiп, түбегейлi ұғынуға болады деген сенiмнен келiп 
шыққан едi. Бұл бөлiктердi толығымен зерттеп, сипаттап алынған жекелеген мəлiметтердi 
жинақтағаннан кейiн бүтiн туралы толық жəне түбегейлi бiлiм алуға болады деп есептелдi. 
Барлық күрделi физикалық, химиялық, психикалық, əлеуметтiк құбылыстарды қарапайым 
механикалық  бөлiктер  мен  кеңiстiктегi  орын  ауыстыруларға  əкелiп  тiредi.  Ал  осы  жерде 
“бөлiк” жəне “бүтiн” ұғымдары нақты əлемдi тек шамалап қана бейнелейтiнi белгiлi болды. 
Ағзаны  жекелеген  органдарға  бөле  отырып,  физиологтар  олардың  құрылысын  зерттей
алды. Бiрақ бұл жағдайда бiр маңызды нəрсе естен шықты. Бөлiктерге бөлiнген ағза өмiр 
сүруiн  тоқтатады.  Барлық  органдарды  тiрiлей  бүтiннiң  бөлiктерi  қылатын  нəрсе  жоғалып 
кетедi.
 
ХIХ  ғасырдың  ортасына  қарай,  өте  көп  мөлшердегi  құрамдастары  бар  аса  күрделi 
құбылыстарды  зерттеу  қажеттiлiгi  пайда  болды.  Оларға,  əсiресе  адамзат  қоғамы, 
органикалық əлем, адамзат тiлдерi, сұйықтар мен газдардың қозғалысы жəне т.б. жатады. 
ХХ  ғасырда  бұлардың  қатарына  телефон,  электр,  транспорт  тораптары  сияқты  күрделi 
техникалық  жобалар  қосылды.  Осындай  құбылыстарды  зерттеу  үшiн  “жүйе”, “құрылым”, 
“элемент”  жəне  “байланыс”  сияқты  ұғымдарды  дайындау  мен  пайдалану  қажет  болды. 
Мəнiсiне  келгенде  олар  “бөлiк”  жəне  “бүтiн”  категорияларының  күрделiленуi  мен  онан 
арғы   дамуы  болып  табылады.  Олар  қандай  жаңалық  əкелдi?  Олардың  артықшылығы 
неде?
 
Кез-келген құбылыс, əрбiр объект егер белгiлi бiр тəсiлмен өзара байланысты жəне 
өзара  əрекет  етушi  бөлiктерге,  немесе  жай  жүйеге  бөлiнсе,  онда  ол  жүйе болып 
табылады.  Жай  жүйелер,  өз  кезегiнде  екiншi  деңгейдегi  жай  жүйеге  бөлiнедi  жəне  т.б., 
осылайша  өзара  байланысты  жəне  өзара  əрекет  етушi  элементтердiң  деңгейiне 
жеткенге  дейiн  бөлуге  болады.  Осы  жерде  жаңа  ұғымдардың  артықшылығы  байқалады. 
Бiрiншiден, “жүйе” ұғымында жай жүйелер мен элементтер арасындағы байланыстар мен
өзара  əрекеттердiң  маңыздылығы  айқын  көрiнедi.  Байланыстар  мен  өзара  əрекеттер 
бүтiндi  бөлiктерге  механикалық  түрде  ыдыратқанда  жойылып  кеткен  құпия  “нəрсенiң”  өзi 
едi.  Шындығында,   дəл  осы  байланыстар  мен  өзара  əрекеттердi  зерттеу  ғана  күрделi 
жүйелердiң құпиясын ашып бере алады екен. Байланысты танудың арқасында ғана адам
тiрi  ағзаның,  адамзат  қоғамының  мəнiн,  осы  немесе  өзге  мəдениеттiң  ерекшелiктерiн, 
ақырында ойлау процесiнiң өзiнiң мəнiн ұғына алады. Екiншiден, күрделi жүйенi бөлiктерге 
бөлiп,  оларды  ажыратып  сипаттай  отырып  жəне  сипаттамаларды  жай  ғана  жинақтай
отырып,  бүтiн  туралы  дұрыс  түсiнiк  алу  мүмкiн  еместiгi  белгiлi  болды,  өйткенi  ондай 
жағдайда  iшкi  байланыстар  мен  өзара  əрекеттер  туралы  ақпарат  жоғалады.  Үшiншiден, 
“элемент”  жəне  “элементарлық”  деңгей  ұғымдарын  енгiзу  маңызды  жаңалық  болды. 
Элемент  ұғымы  əлемнiң  алуантүрлiлiгiн  əкелiп  тiрейтiн  түпнегiздi  белгiлеу  үшiн  ерте 
кезден-ақ  қолданыла  бастаған.  Элемент  қазiргi  ұғымында  абсолюттi  нəрсе  болып 
табылмайды.  Ол  тек  берiлген  жүйеде  ғана   бөлiнбейдi,  берiлген  талдау  тəсiлiнде  ғана 

пайдаланудың  шетi,  түбi  болып  табылады.  Ал  басқа  жағдайда  берiлген  құбылыс 
(немесе  процесс)  элементарлық  белгiлерiнен  айрылады,  өйткенi  өзi  күрделi  жүйе  болуы 
мүмкiн.  Транспорттық  тасымалдау  жүйесiнде  жеке  автомобиль  элемент  ретiнде 
құрастырылады. Ал өз кезегiнде автомобильдiң өзi конструктор үшiн жүйе болады да, ал 
оның  жекелеген  блоктары  мен  бөлшектерi – элементтер  болып  табылады.  Дəл   осы 
сияқты  атомдар  немесе  иондар  молекуланың  элементтерi  ретiнде,  ал  молекулалар 
кристалдың  элементтерi  ретiнде  қарастырыла  алады.  Алайда  əлемдегi  физикалық 
“майдаланудың”  ең  шеткi  түпнегiздерi  ретiнде  ұзақ  уақыт  бойы  қабылданылып  келген
элементарлық бөлшектердiң өзiнiң бүгiнгi күнi күрделi жүйе екендiгi белгiлi болды. Мұның 
бəрi бүтiн жəне бөлiктiң арасындағы немесе, дəлiрек айтқанда, жүйенiң, жай жүйенiң жəне 
элементтiң  арасындағы  шекара  метафизиктер  ойлағандай  абсолюттi  емес,  керiсiнше 
шартты,  салыстырмалы,  қозғалмалы,  диалектикалы  екендiгiн  дəлелдейдi.  Ол  объективтi 
өмiр сүредi, еркiн талдаудың немесе шешiмнiң нəтижесi болып табылмайды. Төртiншiден, 
бұл  жаңа  ұғымдардың  маңызды  жетiстiгi,  оларды  тек  тұрақты  жəне  өзгермейтiн 
болмыстарға  ғана  емес,  сонымен  қатар  қозғалмалы,  өзгермелi  құбылыстарға  да 
қолдануға болатындығында.
 
Жүйенi негiзгi үш түрге бөлу қабылданған: тұрақты, қызметтiк жəне дамушы. Жүйенiң 
бiрiншi  түрiнде  жай  жүйелер  мен  элементтерiнiң  саны  үнемi  тұрақты  болады,  оларды 
бiрiктiретiн  байланыстар  тұрақты  жəне  уақыттың  үлкен  интервалдарында  өзгермейдi. 
Мұндай  жүйенiң  мысал  ретiнде  тұрғын  үйдi  алуға  болады.  Оның  жай  жүйелерi  қатарына 
пəтерлер, элементтерiне бөлмелер, технологиялық коммуникация жəне т.б. байланыстың 
тұрақты жиынтығын құрайтын нəрселер жатады. Екiншi түрдегi жүйелерге де жай жүйелер 
мен  элементтердiң  тұрақты  жиынтығы  тəн,  бiрақ  олардың  арасындағы  байланыс  пен 
өзара  əрекет  өзгерiп  отырады,  олардың  өздерi  қозғалыста  болады,  ал  бұл  қозғалыс 
циклдердiң қайталануы режимiнде жүзеге асады. Қызмет етушi жүйелерге мысал ретiнде 
қол сағаттарын, адамды, күнбағысты жатқызуға болады. Олардың органдары немесе жай 
жүйелерi  бiр  тəулiктiң  iшiнде  əртүрлi  əрекет  пен  қозғалыс  жасап  келесi  тəулiктiк  циклдiң 
басына дейiн бастапқы жағдайына қайта оралады.  Ал үшiншi түрi  динамикалық жүйелер
үнемi  даму  үстiнде  болады,  оның  iшiнде  жекелеген  элементтер  мен  бүкiл  жай  жүйелер, 
əртүрлi  байланыстар  мен  өзара  əрекеттер  жойылып  кетiп,  қайта  пайда  болып  отырады. 
Олардың  қатарына  бiз  бақылап  отыратын  Ғалам,  Адамзат  қоғамы,  жекелеген 
халықтардың мəдениетi жəне тəулiктiк циклде емес, үлкен уақыт интервалында алғандағы 
əрбiр жеке адамды жатқызуға болады. 
 
Күрделi  құбылыстар  көбiне  тұрақты  да,  қызмет  етушi  де,  дамушы  да  жүйелердiң 
қасиеттерiне бiрдей ие бола алады. Кез-келген жануар өз өмiрiнiң ауқымында өседi. Түрiн 
өзгертедi, қартаяды, яғни динамикалық жүйе болып табылады; оның органдары тəулiктiк 
циклде  өз  функцияларын  қайталайды  (қызмет  етушi  жүйенiң  белгiсi) ; ақырында,  оның 
клеткаларында өмiр қамын реттеп жəне тұқым қуалаушылық белгiлердi жеткiзiп отыратын 
тұрақты, өзгерiске түсе қоймайтын ДНК молекулалары болады (тұрақты жүйе). 
 
Осылайша 
“жүйе” 
ұғымының 
“бүтiн” 
ұғымымен 
салыстырғанда 
қандай 
артықшылықтары  бар  екенiн  аңғаруға  болады.  Ол  бөлiктермен  қатар  элементтер 

арасындағы  байланыстар  мен  өзара  əрекеттердi  де  қамтиды.  Жүйелерде  əртүрлi 
қозғалыстар,  өзгерiстер,  даму,  жаңа  элементтердiң,  жай  жүйелердiң  жəне  олардың 
арасындағы  байланыстардың  пайда  болуы  мен  ескiлердiң  өлуi  жүзеге  асып  жатады. 
“Жүйе”  ұғымы  “бүтiн”  ұғымының  жалғасы  жəне  күрделiленуi  болды.  Жүйе  ұғымы  арнайы 
салаларда – техникада, математикада, механикада, биологияда пайда болып, тез арада 
жалпығылыми,  кейiнiрек  философиялық  ұғымға,  яғни  категорияға  айналды.  Сонымен 
қатар  ол  зерттелетiн  құбылыстар  мен  процестердiң  iшiндегi  өзара  ауыс-түйiстердi, 
байланыстарды,  өзара  əрекеттердi  зерттеудiң  аса  маңыздылығын  бiлдiретiн  ерекше 
методологиялық  функцияны  да  атқарады.  Оны  табысты  түрде  Ғаламды  жəне  жекелеген
микроорганизмдердi,  физикалық  атомдар  мен  адамзат  қоғамын  зерттеуге  қолдануға
болатыны анықталды.
 
Сонымен “жүйе”, “байланыс”, “элемент” ұғымдары алуан түрлi əлемнiң бiрлiгi туралы, 
олардың  iшкi  өзара  байланысы  мен  өзара  əрекеттерi  туралы  бiздiң  көзқарасымызды 
тереңдетуге  мүмкiндiк  бередi,  бiрақ  бұл  бағытта  одан  əрi  қарай  жүру  үшiн  “қатынас”, 
“құрылым”, “форма”  жəне  “мазмұн”  категорияларын  қарастыру  қажет.  Олар  “жүйе” 
ұғымымен тығыз байланыста.
 
Кез келген жүйенi талдай отырып, олардың элементтерi мен жай жүйелерi арасында 
пайда болатын жəне өмiр сүретiн көп немесе аз тұрақты қатынастарды аңғаруға болады. 
Мысалы, қарапайым реттiк сандардың арасында “артық” немесе “кем” қатынастар болады 
– əрбiр кейiнгi сан алдындағысынан бiреуге артық, ал алдыңғы сан кейiнгiден бiреуге кем. 
Бойымен  қатарға  тұрған  денешынықтырушылардың  арасында  “биiк”  қатынасы,  ал  қатты 
заттардың арасында (алмаз, рубин, қорғасын, графит) “қатты” қатынасы болады. Мұндай 
қатынастар,  олардың  арасындағы  ұқсас  қасиеттерге  қарамастан  сандар,  адамдар  жəне 
минералдар  жүйелерiне  белгiлi  бiр  тəртiп  енгiзедi.  Сондықтан  оларды  реттiк  қатынастар 
деп  атайды.  Өзге  типтегi  қатынастар  да  өмiр  сүредi.  Егер  өзгерiстегi  құбылысты 
қарастырар  болсақ,  онда  оның  əртүрлi  сатыдағы  жағдайларын  сонымен  қатар  iлеспелi 
қатынастарын да байқауға болады. Өндiрiстiк ұжымдарда өзара көмек, бəсекелестiк жəне 
т.б.  қатынастар  болады.  Таптық  қоғамдарда  таптар  арасында  белгiлi  қатынастар 
орнайды.  Əрбiр  жүйеде  тұрақсыз,  тез  алмасатын  қатынастар  да,  сонымен  қатар 
салыстырмалы  тұрақты  немесе  үнемi  қайталанатын  қатынастар  болады.  Жекелеген  жай 
жүйелер  мен  элементтердi  қамтитын  тұрақты,  үнемi  пайдаланатын  қатынастардың 
жиынтығы  жүйенiң  құрылымын  құрайды.  Құрылым  туралы  элементтер  мен  жай  жүйелер
өзара  əрекеттiң  тұрақты  қатынастарына  енген  кезде  айту  қабылданған.  Басқаша 
айтқанда,  құрылым  жай  жүйелердi  немесе  элементтердi  қамтитын  тұрақты 
қатынастардың бiрлiгiн бiлдiредi. 
 
Сəйкес  элементтер  мен  жай  жүйелерден  қашық,  үзiлген  қатынастардың
материалдық  нақтылықта  емес,  қиялда,  ойда  өмiр  сүре  алатынын  айта  кетуiмiз  қажет. 
Сонымен бiрге жай жүйелер мен элементтер белгiлi бiр қатынастармен бiрiктiрiлуi керек. 
Онсыз олар жүйе құра алмайды. Алайда əрекет пен таным процесiнде бiз бұл ажырамас 
тұтастықтың белгiлi бiр жағына ғана көңiл аударып, ал екiншi жағын көлеңкеде қалдырып 
қоя беремiз. Бұл мақсатта “форма” жəне “мазмұн” категорияларын қолдану қажет. 
 

Форма – бұл  берiлген  құрылымның  тұрақты  қатынастарын  олар  қамтитын  жай
жүйелер  мен  элементтерден  бөлек  алып  қарастыратын  категория.  Мысалы,  ньютондық 
тартылыс заңы  Ft = y (m
1
 x m
2
) /r
2
  жəне кулондық электростат заңының Fe =K(g
1
 x g
2
)/r
2
құрылымдарын салыстырғанда олардың алгебралық формаларының ұқсас екендiгiн оңай 
байқауға  болады  (бұл,  бiздi  электр  жəне  гравитация  күштерiнiң  арасында  қандай  да  бiр 
терең тұтастық бар деген ойға жетелейдi). Мазмұн – берiлген құрылымның құрамындағы 
элементтер  мен  жай  жүйелердiң  нақты  жиынтығын  бiлдiретiн  категория.  Мысалы, 
жоғарыда келтiрiлген құрылымдардың физикалық мазмұны аспан денелерi (Ньютон заңы 
үшiн) жəне электр зарядтары (Кулон заңы үшiн) болып табылады. Объективтi нақтылықта 
форма мен мазмұн бiр-бiрiнен ажырамайды. Оларды ажырату тек таным процесiнде ғана 
жүргiзiледi.  Сондықтан  да  олар  диалектикалық  тұтастықта  деп  айтылады.  Гегельдiң 
айтуынша, “мазмұн – форманың  мазмұнға  айналуы,  ал  форма – мазмұнның  формаға 
айналуы”.
 
Форма  мен  мазмұнның  тұтастығы,  өзара  байланысы  туралы  айтқанда,  мазмұнның 
бұл  тұтастықта  жетекшi,  анықтаушы  қырымен  көрiнетiнiн  ескеру  қажет.  Тiрi  ағзаны 
динамикалық  жəне  қызмет  етушi  жүйе  ретiнде  қарастыра  отырып,  оның  əртүрлi 
органдары  мен  олардың  функциялары – мазмұнды,  ал  олардың  өзара  байланысы  мен 
бағыныштылығы – ағзаның формасын құрайды деп есептей аламыз.  Екеуiнiң бiр-бiрiмен 
тұтастығына  қарамастан,  шешушi  ықпалды  мазмұн  жасайды.  Дəл  осы  мазмұнға 
форманың  сипаты,  яғни  ағзаның  iшкi  жəне  сыртқы  байланыстары  бағынышты.  Сонымен 
бiрге  форма  да  белсендi  рөл  атқарады – ол  мазмұнға  кедергi  жəне  ықпал  ете  алады, 
мазмұнға “көше алады”.
 
Өткен  заманның  философтары  “форма”  жəне  “мазмұн”  категорияларын  əртүрлi 
түсiндi.  Мысалы,  Аристотель  форманы  барлық  заттардың  жетекшi,  бастауы  деп  түсiндi. 
Материалдық  мазмұн,  мысалы,  мыстың  бiр  бөлiгi,  оның  айтуынша  пассивтi,  формасыз. 
Алайда, мүсiншi мыстың бөлшегiнен статуя жасап, мазмұнға форма бередi. Аристотельдiң 
ойынша форманың белсендiлiгi осында. Ал Ф.Бэкон форманы құбылыстарға тəн тұрақты 
iшкi байланыстар ретiнде түсiндi.
 
Аристотель  мен  Бэконның  көзқарастары  сырттай  қарама-қайшы,  бiрақ  олар 
форманы  танудағы  əртүрлi  сатыларды,  əртүрлi  деңгейлердi  бiлдiредi.  Құбылыстардың 
сыртқы формалары жəне iшкi формаларындағы айырмашылық бар екенi белгiлi. Сыртқы 
форма  сезiм  арқылы  қабылдана  алады.  Ол  жүйенiң  сезiммен  қабылдана  алатын 
элементтерiнiң арасындағы тұрақты, ең бастысы кеңiстiк қатынастарды бiлдiредi. Дəл осы 
мағынада  бiз  мүсiннiң  сыртқы  формасы,  архитетуралық  құрылыстың  формасы  жəне  т.б. 
туралы  айтамыз. Iшкi  форма – бұл  сезiмдiк  қабылдаудан  жасырын  қатынастар,  берiлген 
құрылымның  ең  маңызды  элементтерi  мен  жай  жүйелерiн  қамтитын  жəне  ерекше 
тұрақтылығымен  сипатталатын  қатынастар. “Форма”  өзiнiң  бұл  мағынасында  маңызды 
философиялық категория болып табылатын “заң” ұғымына жақындайды. Бэкон ғылымның 
мақсаты – форманы тану дегенде iстiң осы жағына меңзеген едi.
 
Философия  мен  ғылымдағы  маңызды  түсiнiктiң  бiрi “объективтi  заң”  ұғымы  болып 
табылады.  Объективтi  заңдар  адамның  санасы  мен  еркiнен  тыс  қатынастар  мен 

байланыстар болып табылады жəне олар тұрақты, қызмет етушi жəне динамикалық 
жүйелердiң “iшiнде”  өмiр  сүредi.  Олар  iшкi  формамен  салыстырғанда  ерекше 
тұрақтылығымен 
жəне 
қажеттiлiгiмен, 
үнемi 
қайталанатындығымен 
жəне 
өзгермейтiндiгiмен сипатталады.
 
Сонымен,  ендiгi  жерде  бүкiл  алуантүрлiлiктiң  тұтастығы  мəселесi  философиялық 
“мөлдiрлiкке” ие болды. Оның шешiмi белгiсiз бiр тұтас затты iздеуде емес, қозғалыстың 
барлық  формасын  бiр  қарапайымына  əкелiп  тiреуде  емес,  тек  əртүрлi  заттардың  ғана 
өмiр  сүруiн  мойындаумен  қатар,  оларға  қарсы  универсалдық  ұғымдарды  мойындауда
емес,  нақты  өмiр  сүретiн  құбылыстардың  алуан  түрлi  формаларының  объективтi 
байланыстарымен  жəне  өзара  əрекетпен  қамтылғанын  мойындауда  болып  отыр.  Оның 
iшiнде  үнемi  тұрақты  жəне  iштей  қажеттi  байланыстар  мен  қатынастар  объективтi 
заңдарды  бiлдiредi.  Бұл  картинада  əлем  өте  көптеген  шексiз  iрiлi-ұсақты  жүйелерден 
құралатын  бүтiндей  алып  динамикалық  жүйе  түрiнде  көрiнедi.  Əрбiр  жүйенiң,  əрбiр 
құбылыстың  өзiнiң  жекелеген,  элементарлы  құрамдастары,  өзара  байланысты  жай-
жүйелерi (жүйелер  оған  қатысында  нақты  жалпылық  болып  табылады)  бар.  Бiрақ  сол 
жүйелер  мен  құбылыстар  өздерiнен  гөрi  неғұрлым  жалпы,  оларды  қамтушы  жүйелердiң 
элементтерi  мен  ерекше  бөлiктерiне  айналуы  мүмкiн.  Бұл  жерде  барлығы  қарастыру 
деңгейi  мен  объективтi  нақтылықтың  құрылысына  байланысты.  Бұл  тұрғыдан  алғанда
“жалпы”, “ерекше”, “жалқы” категориялары өзiнiң ортағасырлық философия мен теология 
берген  мистикалық  бояуынан  айрылып,  табиғаттың,  қоғам  мен  ойлаудың,  бүтiндей 
алғанда  əлемнiң  күрделiлiгiн  шартты,  диалектикалық  формада  бейнелейтiн  ұғымдар 
ретiнде көрiнедi.
 
Алуантүрлiлiктiң  тұтастығын  философиялық  зерттеу  адам  əрекетiнiң  де,  таным 
ережелерiнiң  де  методологиялық  қондырғысын  қалыптастыруға  мүмкiндiк  бередi.  Адам 
өзiнiң  əлеуметтiк  маңызды  мақсаттарына  жетуде  ең  алдымен  əрбiр  жүйелердiң  қызмет 
етуi  мен  дамуындағы  объективтi  заңдарды  тануға  ұмтылуы  тиiс.  Дəл  осы  заңдар,  яғни 
берiлген  жүйенiң  алуан  түрлi  құбылыстарының  арасындағы  тұрақты  жəне  жалпы
байланыстар  мен  қатынастар  мақсатты  жəне  эффективтi  əрекеттiң  iргетасы  қызметiн 
атқара алады. Əрбiр нақты ғылым өзiнiң ерекше заңдарын ашады, алайда бұл өзгешелiк 
жалпының ерекше бiр көрiнiсi ғана екендiгi мiндеттi түрде ескерiлуi тиiс. 
 

3.2. Таным теориясы 
 
 
  3.2.1. Сана ұғымы.
 
Адам  түс көрген кезде, ол əртүрлi қылықтар жасайды, белгiлi бiр сезiмдердi бастан 
кешiредi,  ал  оның  тəнi  сырттан  ешнəрсенi  қабылдамай,  толық  тыныштықта  болады. 
Алғашқы қауымдық адамдар өз денесiнiң құрылысын бiлмей түс көрудi түсiндiре алмады 
жəне  оларда  ойлау  мен  сезiну - дененiң  емес,  жанның,  яғни  адам  ұйықтағанда  дененi
уақытша,  ал  өлгенде  оны  мүлдем  тастап  кететiн  белгiсiз  тəнсiз  бастаудың  əрекетi  деген 
түсiнiк  қалыптасты.  Адамдар  өзiнiң  денесiн  қимыл  жасауға  мəжбүр  етiп,  қандай  қылық, 
əрекет  жасаса  да,  оны  осыған  итермелейтiн - ойлар  мен  сезiмдер.  Демек,  дəл  осы  жан 
тəннiң алдына мақсат қояды деген сөз.
 
Ең  алғаш  мифологияда  қалыптасқан  сананың  дененi  басқаратын,  құпия  бастаудың 
əрекетi  ретiнде  түсiндiретiн  көзқарасы  кейiнiрек  бүкiл  əлемге  таралды.  Бұл  тəнсiз 
бастаудың ойы мен мақсаты бүкiл табиғат пен қоғамдағы барлық нəрсенi басқарады деген 
көзқарас қалыптасты. Сана туралы осыған жақын ойды Платон да жазды. Адамның денесi
өлi, ол мəңгiлiк өмiр сүретiн жанның уақытша абақтысы, ал тəнсiз мəңгi жан ғаламдағының 
барлығын  басқарады,  ол  заттарды  идеяларға  елiктеуге,  ал  идеяларды  заттардың  iшiне 
енуге мəжбүрлейдi.
 
Ортағасырларда  əлемге  дейiн  өмiр  сүрген  жəне  ештеңеден  əлемдi  қалыптастырған 
əлемнен тыс тəнсiз рухани бастаудың еркi мен ойы деген мəселе алдыңғы орынға шықты. 
Тек сол ғана адамның санасында ойлайды, қалайды, сезедi. Адамның санасы, оның ақыл-
ойы - құдайдың ақыл-ойының бөлiгi.
 
Р.Декарт  өз  дəуiрiндегi  жағдайлардың  көпшiлiктiң  қабылдаған,  жалпы  мойындалған 
жəне  шiркеу  иелерiнiң  беделiмен  қасиеттендiрiлген  пiкiрлердiң  жарамсыздығын 
көрсеткендiктен,  бiзге  белгiлi  көрiнетiн  нəрселердiң  барлығына  күмəн  келтiрудi  ұсынды. 
Егер  мен  өзiмнiң  барлық  бiлгенiме  күмəнданып,  тiптi  оны  жалған  деп  есептесем  жəне 
қоршаған  денелер  де,  менiң  өз  денем  де  өмiр  сүрмейдi  деп  санасам,  онда  "мен 
күмəнданамын", немесе, басқаша айтқанда "мен ойлаймын" деген тұжырым ғана күдiксiз 
қалады.  Бiрақ  өмiр  сүретiн  нəрсе  ғана  ойлана  алады.  Яғни,  мына  нəрсе  күмəнсiз,  мен 
ойлаймын,  демек.  мен  өмiр  сүремiн.  Тек  мен  ойланғандықтан  жəне  мен  əзiрше 
ойланғандықтан,  мен  өмiр  сүремiн.  Ойлауды  тоқтатсам,  мүмкiн  мен  өмiр  сүрудi  де 
тоқтатармын.  Яғни,  Декарттың  ойынша, "демек,  мен  тек  ойланатын  затпын,  яғни  рух 
(esprit),  немесе  жан,  немесе  зерде (entendement), немесе  ақыл-оймын   (ratson)...  Мен 
адам денесi деп аталатын мүшелердiң қосындысы емеспiн. 
 
Егер  Р.Декарт  ақыл-оймен  қатар  материяның  да  осындай  тəуелсiздiгiн  мойындаса 
идеалистiк  философияның  ең  көрнектi  өкiлдерi  Г.В.Лейбниц  пен  Н.Мальбранштан (1638-
1715) И.Г.Фихте (1762-1814), Ф.В.И.Шеллинг (1775-1854), жəне Г.В.Ф.Гегельге дейiн бүкiл 
нағыз  нақтылық  санаға,  яғни  ерекше  материалдық  емес  бастау - "рухтың"  белсендi
əрекетi  ретiнде  қарастырылатын  санаға  тiкелей  бағынышты  деп  есептедi.  Бұл  əрекет 
адамда,  қоғамда,  табиғатта  жүзеге  асатын  барлық  материалды  процестерге  шешушi, 
анықтаушы ықпалын тигiздi.
 

Табиғаттың  барлығына  тəн  бейнелену  өз  дамуының  барысында  бiрнеше 
кезеңдерден  өтiп,  мəнi  жағынан  жаңа  құбылыс - санаға айналатын  жаңа  сатысына 
көтерiледi.  Санада  жəне  бейнеленудiң  өзге  формаларындағы  да  жалпы  нəрсе  бiр 
материалдық  объектiлердiң  екiншiлерiне  ықпалы  соңғыларында  алғашқыларының
бейнесiн туғызады. Мұндағы принципиалды айырмашылық сананың идеалдылығымен, ал 
бейнеленудiң басқа формаларының материалдылығымен сипатталады. Кибернетика мен 
ақпарат  теориясының  арқасында  əртүрлi  жүйелер  үшiн  жалпы  басқару  жəне  ақпараттық 
қызмет  ету  заңдылықтары  ашылды.  Бүгiнгi  күнi  кəсiпорындарды  басқаратын,  ауруларды 
танитын, математикалық теорияларды дəлелдейтiн, шахмат ойнайтын құрылғылар ойлап 
табылған.  Мұның  бəрi  тiрi  жəне  өлi  табиғатта,  психикалыққа  дейiнгi  жəне  психикалық 
деңгейлерде,  адамның  нерв  жүйесi  жəне  қоғамның  экономикалық  жүйесiнде  бейнелену 
процесiнiң тұтастығын көрсетедi.
 
Бейнеленудiң  бейнеленушiмен  ұқсастығы  бейнелену  соңғысының  реттiлiгiн 
қайталауымен  (дəлiрек  айтқанда,  реттiлiгiнiң  бiреуiн)  сипатталады.  Мысалы,  метеориттiң 
құлауы  тауда  жаңғырық  туғыза  алады - оның  құлауы  барысындағы  шудың  бейнеленуi. 
Құлап бара жатқан метеориттiң шуылының əрбiр дыбыстық толқынына тау жаңғырығының 
тек  бiр  ғана  дыбыстық  толқыны  сəйкес  келсе,  осы  шудың  дыбыстық  толқындары 
арасындағы  уақыттың  əрбiр  қатынасына - жаңғырықтың  дыбыстық  толқындары 
арасындағы  тек  бiр  ғана  қатынас  сəйкес  келсе,  онда  жаңғырық  құлап  бара  жатқан 
метеориттiң  шуылының  реттiлiгiн  қайталайды.  Бұл  жағдайда  құлап  бара  жатқан 
метеориттiң  шуының  да  (бейнеленушi),  оның  жаңғырығының  да  (бейнелену)  физикалық  
тұрғыда  бiр-бiрiнен  айырмашылығы  жоқ  жəне  шу  мен  жаңғырық - бұл  дыбыстық 
толқындар. Алайда бейнеленудiң физикалық қатынасында бейнеленушiден мəндi өзгерiсi
де  болады.  Магниттелген  пленкада  құлап  бара  жатқан  метеориттiң  шуы  оның  əртүрлi
магниттелген  кесiндiлерiнiң  ретiне  қарай  бейнеленедi.  Олардың  реттiлiгi  құлаушы 
метеориттiң  дыбыстық  толқындiкiмен  бiрдей,  бiрақ  физикалық  қатынаста  магниттелу 
дыбыстық толқындарға мүлдем ұқсамайды.
 
Жалпы табиғаттан бейнелейтiн (бейнеленушi емес) объектiге мыналар бағнышты: 1) 
бейнеленудiң  физикалық  ерекшелiктерi, 2) бейнелену  бейнеленушiнi  бүтiндей  қайталай 
алмайды, 3) бейнеленушi объекттiң реттiлiгi көп немесе аз бұрмаланумен қайталанады. 
 
Бұл ерекшелiктер барлық бейнеленуге тəн - өлi материяға да, жəне тiрi табиғатта да, 
алайда  өмiрдiң  пайда  болуымен  бейнеленудiң  сипаты  мен  оның  мағынасы  түбегейлi
өзгередi.  Белгiлi  бiр  талапты  аз  қанағаттандыратын  жағдайдан,  оны  көбiрек 
қанағаттандыратын  жағдайға  жүйенiң  өтуi  басқару  деп  аталғандықтан,  ал  тiрi  ағза  бұл 
басқа жағдайға өтудi өзi жүзеге асырса, онда кез-келген, тiптi ең тұрпайы ағзаның өзi—бұл 
өзiн-өзi басқарушы жүйе. Мұндағы қойылатын талап—жағдайлардың өзгеруiндегi ағзаның 
сақталуы.  Оның  үстiне  тiрi  ағзалардағы  өзiн-өзi  басқару  əрбiр  өкiлдiң  жəне  əрбiр  түрдiң 
дамуында  реттiлiк,  ұйымдастырушылық  төмендемей  сақталатынын  немесе  өсетiнiн 
ескере отырып, жүзеге асырылады. Жаңа туылғаннан гөрi ересек жануар қоршаған ортаға 
ретiмен бейiмделедi, сол сияқты жаңа пайда болған түр жойылып кеткен түрге қарағанда
жақсы  ұйымдасады.  Ағзаның  сақталуына  жəне  оның  өсуiнiң  ұйымдасуына  жағдай 

жасайтын  немесе  кедергi  келтiретiн  қоршаған  ортадағы  өзгерiстердi  ағзаның 
бейнелеуi өзiн-өзi басқару факторларына айналады.
 
Басқару  процесiнде  пайда  болатын,  сақталатын,  кейiнге  берiлетiн  жəне 
пайдаланылатын бейнелену ақпарат деп аталады. Тiрi ағзалар - бұл өзiн-өзi басқаратын 
жүйелер.  Оларға  тəн  бейнеленудi  ақпарат  ретiнде  түсiндiруге  болады.  Ол  сыртқы 
əсерлердi  қабылдайтын  органдардан  ағзаның  басқару  бөлiмiне  алынып,  онда 
сақталынады  жəне  ағзаның  сыртқы  ықпалға  жауап  беру  қажеттiлiгi  жөнiндегi  ақпаратқа 
айналады. Ақпарат əрбiр түр өкiлiнiң iшiнде ғана емес олардың арасында да таралып, бiр 
бөлiгi кейiнгi ұрпаққа берiлiп отырады.
 
Психиканың субъективтiлiгi, онда сыртқы құбылыстар айқын бейнеленiп қана қоймай, 
жануарлардың  оларға  деген  қатынасымен  де  сипатталады,  яғни  пайдалы  объектiлерге 
деген  талпыныс,  ал  зиянды  объектiлердi  керi  итередi.  Төменгi  жануарларда  мұндай
жағдайлар  лəззат  алуға  жəне  ауыруға  əкелсе,  ал  жоғары  ұйымдасқан  жануарларда  -
алуан-түрлi  эмоциялар  мен  қажеттiлiктерге  əкеледi.  Нақтырақ  айтқанда  ұлудың  тұрпайы 
талпыныстары да, иттiң күрделi эмоциялары да таза субъективтi бола алмайды. Олар бұл 
жануарларды  жақын  тартатын  (немесе  керi  итеретiн)  объектiлер  маңызының  бейнеленуi
ғана.
 
Тiрi  жүйелердiң  өзiн-өзi  басқаруы  үшiн  психиканың  маңызы  өте  жоғары.  Сырттан 
қабылданған  ақпаратты  нерв  жүйесiнiң  жəне  оның  орталығы - мидың  өңдеуi  ең  қолайлы 
өмiр сүру тəртiбiн өте дəл (нерв жүйесi болмайтын жəндiктермен салыстырғанда) таңдап 
алуға  жағдай  жасайды.  Ал  сезiм  осы  өмiр  сүру  тəртiбiн  жүзеге  асыруда,  ондай  сезiмнен 
ада  жəндiктерге  қарағанда  үлкен  энергия  бөлуiмен  ерекшеленедi.  Биологиялық 
эволюцияның  барысында  жануардың  жүрiс-тұрысы  күрделiленiп,  оның  басқару  жəне 
бейнелену  аппараты - нерв  жүйесi  де  күрделiленiп,  жетiле  түседi.  Түрдiң  дамуы 
барысында  (филогенез)  мида  əрекеттiң  бiрқатар  бағдарламаларын  жүзеге  асыруды
қамтамасыз  ететiн  жаңа  құрылымдар  пайда  болып  отырады.  Оның  үстiне  түр  өкiлiнiң 
жинақтаған тəжiрибесiнiң (онтогонез) нəтижесiнде, ол жадыда сақталатын əрекеттiң жаңа 
бағдарламаларын  жасап  шығарады.  Осының  нəтижесiнде  жануардың  жүрiс-тұрысы  тек 
сыртқы ықпалға жауап берумен ғана емес, көбiне iшкi бағдарламалармен де анықталады. 
Нобель  сыйлығының  лауреаты,  нейрофизиолог  Р.Сперридiң  көрсеткенiндей  сезiмнiң 
қалыптасуы  бiр  сəтте  ғана  əрекет  ететiн  "ағзаның  сыртқы  ықпалға  бастапқы,  тұрпайы 
жауап  беретiн  жүрiс-тұрысынан  азат  еттi",  сезiм  "тiрi  жүйеге  өзiнiң  жүрiс-тұрысын 
басқаруда  қосымша  артықшылықтар  бередi".  Жануарлар  өздерiнiң  сезiмiмен  ғана  бiз  өз 
мақсаттарымызға  сай   бағдарлама  енгiзетiн  бүгiнгi  күнгi  кез-келген  ЭЕМ  (ЭВМ)  нен 
ерекшеленедi.
 
Жануарлар  тобыры  сияқты  өз-өзiнен  ұйымдасатын  жүйеде  басқару  белгiлi  бiр 
мəлiметтердi  жануарлардың  бiр-бiрiне  беруi  арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  үшiн  жануарлар 
барлық  тобыр  үшiн  белгi,  сигнал  болып  табылатындай  етiп  денелерiн  қозғалтады.  Белгi
бұл  қарым-қатынастағы  белгiлi  бiр  жағдайды  (затты,  қасиеттi  немесе  əрекеттi)  бiлдiретiн 
жəне  мəлiметтi  алу  мен  таратуға  пайдаланылатын  сезiммен  қабылданатын  əрекет.  Егер 
жануарлар  жем-шөбi  көп  жердi  тапса,  ол  өзгелерiне  белгi  бередi  де  барлық  тобыр  сол

жерге  жиналады.  Егер  бiр  жануар  қауiптiң  жақындағанын  сезiп  белгi  берсе  онда 
тобыр  қорғаныс  позициясын  ұстанады  немесе  үркiп  қашады.  Бiрлесу  осындай  күрделi
емес  жəне  аз  ғана  əрекеттермен  байланысты  болғандықтан  белгiлер  арқылы 
қатынасудың  көлемi  мен  маңызы,  салыстырмалы  түрде,  шамалы.  Көптеген 
жануарлардың  белгiлерi   арқылы  қатынасу  қабiлетi  бар.  Алайда  бiрде-бiр  жануардың 
адамның  тiлi  сияқты  белгiлер  жүйесiн  пайдалана  бiлу  қабiлетi  жоқ.  Кейбiр  құстарды  сөз 
айтуға  үйретуге  болады,  бiрақ  олар  оның  мағынасын  түсiнбейдi.  Адам   тəрiздi
маймылдардың  кеңiрдегiнiң  құрылысы  буынға  бөлiнген  дыбыстар  шығаруға  мүмкiндiк 
бермейдi.
 
Ертедегi  адамдардың  өмiрiндегi  бiрқатар  жағдайларға  байланысты  өте  маңызды
өзгерiстер болды. Бұл адам тектес жануарлар əуел баста кейбiр жағдайларға байланысты 
құрал  ретiнде  əйтеуiр  бiр  заттарды  (жемiс,  тас  немесе  жапырақтары  жұлынған 
бұтақтарды)  қолданса,  кейiнiрек  тастан  немесе  сүйектен  жасалған  құралдарды  жүйелi
түрде дайындап, қолдана бастады. Жануарлар тобыры ендiгi жерде бiрлестiгi алуан түрлi
жəне тобырдағыдан гөрi жиi жəне əртүрлi қатынасты керек ететiн күрделi жүйе - қоғамға 
айнала бастайды. Тас құралдарды дайындап жəне оны пайдалану үшiн, бiрлесiп шұңқыр 
қазып,  оны  бүркемелеп  жəне  оған  аңды  қамап,  өлтiру  үшiн  аңшылар  бiр-бiрiне  көп 
нəрселердi  хабарлауы  тиiс  болды  жəне  өмiр  де  осыны  үйренуге  мəжбүр  еттi.  Бiрлескен 
еңбектiң  ұтымдылығы  бiр  адамның  қолынан  келмейтiн  мiндеттi  жалпының  күшiмен 
шешуде  ғана  емес,  ақпаратты  ұтымды  түрде  пайдалануда  да  болып  шықты:  ұжымды 
əрекетке қатысушылардың барлығы да көрген, естiген нəрсесiн, жалғыз қимыл жасағанда 
көре де, ести де алмайды.
 
Бiздiң  арғы  аталарымыздың  бiр-бiрiне  беретiн  алуан  түрлi  ақпараты  əрбiр  белгi  тек 
бiр  ғана  зат  немесе  əрекеттен  хабар  беретiндей  емес,  жалпы  қасиеттерi  бiр  əртүрлi
объекттер  туралы  жəне  сондықтан  адамдар  тарапынан  бiрдей  реакция  тудыратындай 
белгiлердi  талап  еттi.  Белгi  объектiлердiң  белгiлi  бiр  класы  үшiн  ортақ  жəне  еңбек 
процесiне  қатысушылардың  барлығы  үшiн  ортақ  болуы  тиiс.   Ым  бұл  талаптарды
қанағаттандыра  алмады,  өйткенi  оны  көрген  адам  ғана  қабылдай  алады.  Ұжымдық 
еңбекте,  əрине  бiрiн-бiрi  көрмей  де  əрекет  етуге  болады.  Сондықтан  да  əрекеттiң, 
оқиғалардың  жəне  заттардың  бүкiл  жалпы  класын  бiлдiретiн  қасиеттерiне  меңзейтiн 
дыбыстық жүйеге деген қажеттiлiк қалыптасты. 
 
Ежелгi  адамдар  күнделiктi  тiршiлiкте  үнемi  кездесiп  отыратын  кəдуiлгi
байланыстарды  меңгере  бастады: "егер  мына  зат  екiншiсiнен  қаттылау  болса,  ал  ол 
үшiншiсiнен қатты болса, демек бiрiншi зат үшiншiсiнен қатты”, “егер мына зат келесiсiнiң 
iшiнде  болып,  ал  ол  үшiншiсiнiң  iшiнде  болса,  демек  бiрiншi  зат  үшiншiсiнiң  iшiнде 
орналасқан", "берiлген  қасиеттерi  бар  барлық  затты  берiлген  iске  қолдануға  болады,  ал 
мына  заттың  берiлген  қасиеттерi  бар,  демек  оны  осы  берiлген  iске  қолдануға  болады". 
Осылайша  ойқорытынды  пайда  болды,  яғни  логикалық  деп  аталатын  бiрнеше  белгiлi
алғышарттарды  байланыстырудың  нəтижесiнде  жаңа  бiлiм  алу  қалыптасты.  Уақыт  өте 
келе  логикалық  ой  қорытындылау  қабiлетi  беки  түстi,  өйткенi  кейiнгi  ұрпақтар  бұл 
логикалық  байланыстардың  оқиғалардың,  əрекеттердiң  жəне  заттардың  арасындағы 

қатынастар  мен  өзара  əрекеттерге  сəйкес  келетiнiне  көздерi  жеттi.  Осылайша, 
адамның ойлауына тəн логика пайда болды.
 
Сонымен, сана өзiнiң атрибуттарымен қоса алғанда (сезiну, ойлау, логика жəне т.б.), 
сонымен  қатар,  тiл  де  қоғамдық  еңбек  əрекетiнiң  нəтижесiнде  туындап,  жануар 
тобырының  өте  ұзақ  уақыт  бойы  адамзат  қоғамына  айналу  процесiнде  қалыптасқан 
қоғамдық спецификалық құбылыс болып табылады.
 
Сыртқы  объектiнiң  ойдағы  бейнелерi,  олардың  арасындағы  қатынастар,  өзi  туралы, 
өзiнiң  сыртқы  объектiлермен  қатынасы  туралы  ойлар,  өз  ойлары,  сезiмдерi  жəне  т.б. 
туралы  ойлар  адам  санасындағы  ерекше  белгiлер  жүйесi  болып  табылатын  тiлмен 
ажырамас  байланыста  болады.  Бұл  ойдағы  идеалды  образдар  (бейнелер)  тек  адам 
санасында  өмiр  сүрiп,  ой-толғауды,  пiкiрдi, iшкi  тiл  қатуды  бiлдiредi,  онда  сөздер  мен 
сөйлемдер  нақты  заттардың,  əрекеттердiң,  қатынастардың  идеалды  орынбасарлары 
ретiнде  көрiнедi.  Адам  практикалық  тұрғыда  бiр  iстi  атқарғанда  түпнұсқалармен 
(оригиналдармен)   қалай  жұмыс  жасаса,  сол  сияқты  ойша  да  осы  идеалды 
орынбасарлармен  жұмыс  жасай  алады.  Көздеген  мақсатқа  жеткiзетiнi  белгiсiз 
практикалық əрекеттердi адам тiкелей қолға алмай-ақ, ойға алған iстiң мақсатына жетуге 
бағытталған  оның  əртүрлi  варианттарын  идеалды  орынбасарлар  арқылы  оймен
пайымдап  "репитиция"  жасай  алады  (мысалы  шахматшының  ойын  еске  түсiрiңiз: "егер 
мен былай жүрсем, ол былай жауап бередi, онда мен... жəне т.с.с.). Осылайша мақсатқа 
жетудiң мүмкiндiгi мен оның өзгелерден жақын жолы анықталады.
 
Тараудың  басында  қойылған  мəселеге  қайта  оралайық.  Электронды  есептегiш 
машиналарды  "ойлаушы  машина", "электронды  ми"  деп  жиi  айтады.  Шындығында  оның 
ешқайсысы  да  өзiн-өзi  басқарушы  жүйе  болып  табылмайды.  Олар  тек  адам  енгiзген 
ақпаратты,  оның  қойған  мақсаты  жəне  оған  жетудi  қадағалауына  сай  өзгертiп  қана 
отырады. ЭЕМ-ның өзiнiң мақсаты жоқ. Оларда ойлау да, сезiм де жоқ. ЭЕМ-ға қосылушы 
элементтердiң  мөлшерi  жүз  мыңдаған  санмен  есептеледi,  ал  адамның  нерв  жүйесiндегi
мұндай  элементтер — нейрондар — 15 миллиард.  Жақсы  жетiлген  ЭЕМ  миллиондаған, 
яғни секундына 10
6
 элементарлық операциялар жүргiзсе, ал мида секундына 10
14 
мұндай 
операциялар жүрiп жатады. Тек бүтiндей ми ғана емес, оның көптеген жай жүйелерi де өз 
бағдарламаларын  жасай  алады.  Оның  үстiне  нерв  жүйесi  мен  мидың  жұмысы  бүкiл 
ағзаның  жұмысымен  тiкелей  байланысты.  Бұл  бүкiл  күрделi  жүйенiң  құрылысы  мен 
қызмет  етуi  туралы  бiздiң  бiлiмiмiз  өте  таяз.  Сондықтан  да  ЭЕМ-ға  енгiзiлген 
бағдарламалар  бiздiң  миымыздағы  бағдарламалардың  тек  жай  ұқсастығы  ғана.  Соған 
қарамастан, "жасанды  интеллекттi  қалыптастыруға  бола  ма?”  деген  сұраққа  терiс  жауап 
беруге  негiз  жоқ.  Егер  бiздiң  миымыздағы  барлық  бағдарламаларды  толық  қамтитындай
құрылғы ойлап табылса, онда ол биологиялық емес ғылыми-техникалық дамудың жоғары 
деңгейiнде  орналасқан  қоғамның  бiлiмiн  заттандыратын  əлеуметтiк  өнiм  болып  табылар 
едi.
 
Адамның  санасы  нақтылықтан  ондаған  жылдарға  алға  озып  кете  алады,  бiрақ 
мұндай  деңгейде  болмаса  да  озық  бейнелену  өзге  де  ағзаларда  кездеседi.  Адам 
психикасының айрықша ерекшелiктерi қоғам мен еңбектiң арқасында пайда болды. Бiрақ 

адамзат  қоғамы  мен  еңбек  бос  орында  пайда  болған  жоқ,  олар  жануарлар 
тобырындағы  жануарлар  əрекетiнен  дамыды.  Мұның  бəрiн  "адам  рухының  алдыңғы 
тарихын  түсiну  үшiн,  оның  дамуының  əртүрлi  сатыларын — төменгi  ағзалардың 
протоплазмаларынан адамның ойлана алатын миына дейiн ұғыну үшiн ескеру қажет. Ал 
бұл  алдыңғы  тарихсыз  ойлана  алатын  адам  миының  өмiр  сүруi  жұмбақ  күйiнде  қалып 
қояды."
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет