Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78


 Ел активінің жылдың басы мен соңындағы балансы



Pdf көрінісі
бет39/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63

16.2. Ел активінің жылдың басы мен соңындағы балансы 

Активтер


Міндеттемелер мен меншікті капитал 

1.1. Қаржылық емес активтер 2.1. Қаржылық міндеттемелер 

1.2. Қаржылық активтер 2.2. 

Меншікті капиталдың таза меншігі (1.1.+ 1.2. – 2.1.)

Актив  пен  пассив  балансының  деректері  бойынша  экономика  сек-

торының «меншікті капиталының таза құны (тозуды қоспағанда)» есеп теу 

арқылы шығарылады. Қаржы активтері мен ішкі экономика секторлары-

ның арасындағы қаржылық міндеттемелер өзара өтеледі. Экономиканың 

бар лық секторларының меншікті капиталының таза құнының жиынтығы 

ұлт тық байлықты немесе елдің ұлттық капиталын құрайды. 

Елдің ұлттық байлығы 

немесе «меншікті 

капиталдың таза құны» 

=

Осы ел резиденттерінің 



қаржылық емес 

активтерінің құны



+

Басқа елдерге 

қойылатын қаржы 

талаптарының таза 

құны 


326       IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Басқа елдерге 

қойылатын қаржы 

талаптарының таза 

құны

=

Осы елдің 



резиденттерінің 

шетелдегі қаржы 

активтерінің құны 

Осы елдің резиденттерінің 

қалған əлемге шетелдік 

қаржы міндеттемелерінің 

құны 

ҚР  Статистика  агенттігі 90-жылдардың  соңынан  бастап  ұлттық 



байлықты ҰШЖ əдістемесі бойынша есептейді. Алайда, бұрынғы əдістеме 

бойынша  ұлттық  байлыққа  негізінен  қоғамның  еңбегінің  арқасында 

жинақталған  материалдық  игіліктер  кіреді.  Нəтижесінде  экономикалық 

активтердің  бүкіл  құрамынан  жинақталған  ұлттық  байлыққа  қаржылық 

емес  активтердің  бөлігі  ғана,  яғни  негізгі  капитал,  материалдық  айналым 

қаражатының қоры, халықтың үй мүлкі (жердің, жер қойнауының құнын-

сыз) кіреді. Табиғи ресурстардың, яғни өндірілмеген материалдық қаржы-

лық емес активтер табиғи түрде (оларды жақсартуға жұмсалған шығын ғана) 

есептеледі жəне осы күнге дейін олар ақшалай түрде баға ланбаған. Табиғи 

ресурстар  ақшалай  бағаланбауына  байланысты  ұлттық  байлық  құнының 

сандық толық есебі жүргізілмейді. Осыған орай тіпті ең дамыған көптеген 

елдер сияқты Қазақстан үшін де ұлттық байлықты ҰШЖ əдістемесі бойын-

ша  толық  шамада  есептеу  ұлттық  байлық  статистикасын  жетілдірудің  ең 

өзекті мəселесі болып табылады. 

Елдің  жинақталған  ағымдағы  бағадағы  ұлттық  байлығы  инсти-

туционалдық  бірліктердің  жыл  соңында  қалыптасқан  жағдай  бойын-

ша  материалдық,  табиғи  ресурстардың  ұдайы  өндірісіне  жұмсаған  ақша 

шығынын көрсетеді. 

Ұлттық  байлықтың  құрамдас  бөлігінің  үлесі  (өзіндік  салмағы)  ретін-

де есептелген құрылым өзінің жалпы қорытындысында ұлттық байлықтың 

құрамын (құрылымын) сипаттайды. Ұлттық байлықтың есепті жəне базис-

тік кезеңдердегі құрылымын салыстыра отырып орын алған құрылымдық 

өзгерістерді анықтауға болады. 

Ұлттық  байлықтың  нақты  көлемінің  динамикасын  сипаттау  үшін 

оның элементтерін тұрақты бағаларда бағалау пайдаланылады немесе олар 

индекстің көмегімен қайтадан есептеледі: 

0

0

p



1

1

0



0

1

0



q

q

p



i

q

p



q

p

q



p

I

Σ



Σ

=

Σ



Σ

=

,



мұнда: 

q



I

 ұлттық байлықтың нақты көлемінің индексі; 

    Σp

0

q



– есепті кезеңнің ұлттық байлығының тұрақты бағаға қайта ес-

ептелген шартты (нақты) құны; 

    Σp


0

q



– ұлттық байлықтың базистік кезеңдегі құны; 

16-тақырып. Ұлттық байлық статистикасы        327

Σp

1



q

– ұлттық байлықтың есепті кезеңдегі құны; 



p

i

 – ұлттық  байлықтың  құрамдастарының,  яғни  негізгі  капиталдың, 



материалдық айналым қаражаты қорларының жəне басқа да түрлері бойын-

ша бағаларының жеке индекстері. 



Айналым  капиталы – бір  өндірістік  циклде  немесе  қысқа  күнтізбелік 

кезең  ішінде  (бір  жылдан  аспайтын)  тұтынылатын  еңбек  заттары,  олар 

жасалған өнімге заттай кіреді жəне оған өзінің құнын толықтай көшіреді. 

Материалдық  айналым  капиталының  (құралдардың)  қорлары  өндірістік 

қорларға, аяқталмаған өндіріске, даяр өнімге, қайта сатылатын тауарларға, 

мемлекеттік материалдық резервтерге бөлінеді. 



Өндірістік  қорлар  –  кəсіпорын  аралық  тұтыну  ретінде  өндірісте  пай-

далану үшін қорда ұстайтын барлық тауарлар. Оларға:

шикізат пен материалдар;

отын мен жанар-жағармай;

жинақтаушы бұйымдар, конструкциялар, қосалқы бөлшектер;

арзан бағалы жəне жылдам тозатын заттар;

құрылыс материалдары;

бордақыланатын жас төл мен үлкен мал; 

кеңсе тауарлары.

Аяқталмаған  өндіріс – кəсіпорын  өңдей  бастаған,  алайда  басқа  инс-

титуционалдық бірлікке беру үшін бір мекемесі (цехы) аяқталмаған заттар. 

Аяқталмаған құрылысқа: 

а)  бір рет пайдалану үшін өсірілетін өсімдіктер, ағаштар, жас төл, үй 

құсы;

ə)  тапсырысшымен  келісімшарт  жасалмай  жасалған  жəне  ол  үшін 



төлем түспеген аяқталмаған құрылыс, аяқталмаған күрделі жөндеу.

Құрылыс  салуға  келісімшарт  болып,  ол  шаруашылық  тəсілмен  орын-

далған жағдайда аяқталмаған күрделі құрылыс негізгі капиталға жатады. 

Жартылай фабрикаттар – бір цехта өндірісі аяқталмаған, алайда басқа 

цехтарда,  кəсіпорындарда  одан  əрі  өңделуге  немесе  жинақталуы  тиіс 

өнімдер. 



Даяр  өнім – басқа  институционалдық  бірлікке  жеткізілгенге  дейін 

өндірушіде сақталатын тауарлар. Тауарлар белгіленген стандартқа сəйкес 

келеді,  олар  сертификатпен  жабдықталған,  толықтай  қапталған,  басқа 

кəсіпорында ешқандай өңдеуді қажет етпейді. 



Қайта  сатуға  арналған  тауарлар  –  көтерме  сауда  немесе  бөлшек 

сау да  саудагерлер  қайта  сату  мақсатында  сатып  алған  тауарлар.  Көтерме 

сауда  жəне  бөлшек  сауда  саудагерлер  қайта  сатуға  арналған  тауарларды 

өңдемейді,  тек  сату  үшін  тартымды  жəне  қолайлы  болу  үшін  тауардың 

түрін көркемдейді (жуады, сұрыптайды, орап-буады). 







328       IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Мемлекеттік материалдық резервтер – мемлекет, басқару органдары 

болжанбаған,  қажет  болған  жағдайларда  кəсіпорындардың,  ұйымдардың, 

мекемелердің  тұрақты  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету  үшін  резервтейтін 

материалдық ресурстардың (шикізат, отын, материалдар, тұқым, жем-шөп 

жəне т.б.) запастары. 

Ұлттық байлықтың ұдайы өндірісі инвестициялардың есебінен жүзеге 

асырылады.  Инвестициялар – бұл  ақша  капиталының  табыс  (пайда)  алу 

немесе  оң  əлеуметтік  əсерге  жету  мақсатында  ел  ішінде  жəне  шет  елде 

қаржылық емес активтер мен құрылысқа салымы. 

Инвестициялар статистикасының мақсаты: 

1.  Ақпарат жинау, инвестициялардың жалпы көлемін анықтау. 

2.  Инвестициялардың құрамын, құрылымын, динамикасын статис ти-

калық зерттеу.

3.  Инвестицияларды игеру мен пайдалануды статистикалық талдау. 

Ақша капиталы келесі қаржылық емес активтерге салынады: 

1)  негізгі  капиталға  инвестиция  жұмсау  –  ғимараттарға,  құрылыс-

тарға, машиналарға, жабдықтарға, малға, өсімдіктерге, пайдалы кенді бар-

лауға,  компьютерлік  бағдарламалық  қамтамасыздандыруға,  əдеби  жəне 

көркем шығармалардың түпнұсқаларына, жаңа ақпаратқа, арнайы білімге; 

2)  материалдық  айналым  капиталының  қорын  толықтыруға  инвес-

тиция жұмсау – өндірістік қорларға, аяқталмаған құрылысқа, даяр өнімге, 

қайта сатуға арналған тауарларға; 



3)  құндылықтарға  инвестиция  жұмсау  –  асыл  тастарға,  бағалы 

металдарға, өнер туындыларына, топтамаларға, зергерлік бұйымдарға; 

4)  өндірілмеген  материалдық  активтерді  сатып  алуға  инвестиция 

жұмсау – жерге, жер теліміне, жер қойнауы мен табиғатты пайдаланудың 

басқа объектілеріне; 

5)  өндірілмеген материалдық емес активтерге инвестиция жұмсау: 

патентке, лицензияға, авторлық құқыққа, сауда белгісіне жəне т.б. 

Статистика инвестициялардың құрамы мен құрылымын келесі белгілер 

бойынша зерттейді; 

А.  Негізгі  капиталдың  ұдайы  өндірісінің  (инвестициялардың  ұдайы 

өндіріс құрылымы) бағытына байланысты шығыс түрлері бойынша: 

1)  жаңа құрылысты;

2)  жұмыс  істейтін  кəсіпорындарды  техникалық  қайта  жарақтандыру 

мен қайта жаңартуды; 

3)  жұмыс істейтін кəсіпорындарды кеңейтуді; 

4)  жұмыс істейтін қуаттарды қолдауды. 

В. Төменде атап өтілгендер үшін негізгі капиталды жасау мен жетіл-

діруге арналған жұмыстар мен шығын түріне байланысты инвестицияның 

технологиялық құрылымындағы: 



16-тақырып. Ұлттық байлық статистикасы        329

1)  құрылыс-монтаж жұмыстары;

2)  жабдық, құрал, сайман сатып алу; 

3)  басқа  шығындарды  (жобалау-іздестіру  жұмыстары,  дақыл  өсіру, 

жұмыс  істейтін  малды  сатып  алу,  құрғатуды  қажет  етпейтін  жерлерде 

мəдени-техникалық жұмыс жүргізу жəне т.б.).

С.  Кəсіпорындардың, ұйымдардың меншік нысаны бойынша: 

1)  мемлекеттік; 

2)  жеке меншік; 

3)  шетел.

D.  Қаржыландыру көзі бойынша:

1)  кəсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты;

2)  бюджеттік  қаражат,  оның  ішінде  республикалық  бюджеттің,  жер-

гілікті бюджеттің есебінен; 

3)  шетелдік инвестициялар. 

E.  Салынып жатқан объектінің экономикалық қызметінің түрі бойын-

ша (4-қосымша). 

F.  Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша.



Инвестицияны игеру мен пайдалану қандай көрсеткіштермен сипат-

талады? 

Инвестицияны игеру мен пайдалану көрсеткіштері: 

1. Инвестицияны игеру дəрежесі  =

Негізгі капиталды 

пайдалануға беру 

негізгі капиталға 

инвестиция жұмсау 

2.  Негізгі капиталды пайдалануға беруге мыналар кіреді:

құрылысы  аяқталған  жəне  есепті  кезеңде  пайдалануға  берілетін 

кəсіпорындардың, ғимараттардың, құрылыстардың құны; 

пайдалануға берілетін жабдықтардың, көлік құралдарының барлық 

түрлерінің құны; 

көп жылғы өсімдіктердің құны; 

жерлерді суландыру мен құрғату жөніндегі жұмыстардың құны; 

бұрғылауы аяқталған жəне пайдалануға берілген мұнай-газ пайда-

лану ұңғыларының құны;

жерлерді жақсарту жөніндегі күрделі шығын мен негізгі капиталдың 

құнын арттырумен байланысты басқа шығын. 

3.  Мердігерлік  жұмыстардың  көлемінің  құрылысқа  жұмсалатын 

инвестицияға арақатынасы. 







330       IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

16.2.

Негізгі капиталдың 

статистикасы

Негізгі  капитал  (негізгі  құрал-жабдық) – экономикада  ұзақ  уақыт 

бойы (1 жылдан астам) немесе өзгермейтін натуралды-заттай нысанда бірне-

ше рет немесе тұрақты түрде өзінің құнын жасалатын тауарлар мен қызмет-

терге бірте-бірте көшіріп пайдаланылатын өндіріс құралдары, экономика-

лық қаржылық емес активтер. Негізгі капиталдың құрамдас бөліктері 16.3-

кестеде келтірілген. 

Негізгі  капиталдың  əр  түрлері  өндірісте  əр  түрлі  рөл  атқарады. 

Сондықтан негізгі капитал актив жəне пассив капиталға бөлінеді. 

Негізгі  капиталдың  актив  бөлігіне  негізгі  капиталдың  еңбек  құрал-

дарына,  яғни  машиналарға,  жабдықтарға,  құралдарға  жəне  т.б.  тікелей 

ықпал  ететін  түрлері  кіреді.  Негізгі  капиталдың  пассив  бөлігіне  негізгі 

капиталдың өндіріс процесін қалыпты ұйымдастырып жүргізу үшін жағдай 

жасайтын түрлері, яғни ғимараттар, құрылыстар жатады. 

16.3. Негізгі капиталдың жіктелуі

Негізгі капитал

материалдық

материалдық емес

Ғимараттар мен құрылыстар, оның ішінде: 

тұрғын үй ғимараттары 

басқа ғимараттар жəне құрылыстар

Геологиялық жəне бұрғылау жұмыстары 

Компьютерлік бағдарламалық 

қамтамасыздандыру

Машиналар мен жабдықтар, оның ішінде: 

көлік


басқа машиналар мен жабдықтар 

Көркем жəне көңіл көтеретін 

шығармалардың түпнұсқалар (кино, бейне, 

музыка, суреттер жəне т.б.)

Культивацияланатын (өсірілетін)

биологиялық ресурстар, оның ішінде:

көп жылдық өсімдіктер 

жұмысшы, өнімді, асыл тұқымды мал 

балық өсіру, араотбасылары 

Еңбекті көп қажет ететін өнеркəсіптік 

технологиялар 

Негізгі  баланс  туралы  негізгі  ақпарат  көзі – бұл  баланс.  Негізгі 

капиталдың балансы бастапқы (толық жəне ағымдағы) құн жəне баланстық 

(қалдық)  құн  бойынша  жəне  микро-  жəне  макродеңгейлерде  жасалады. 

Макростатистикалық баланстың схемасы 16.4-кестеде келтірілген. 


16-тақырып. Ұлттық байлық статистикасы        331

16.4. Негізгі капиталдың қалдық құны бойынша балансы 

Баланстың бабы

Экономика, 

барлығы


Оның ішінде 

кəсіпорынның 

қызмет түрлері, 

меншік нысаны 

бойынша 

1. Жыл басында болғаны

2. Жыл ішінде толығу мен қалпына келтіру, барлығы, 

оның ішінде:

пайдалануға берілгені (жаңа) 

күрделі жөндеу 

басқа себептер бойынша (индекстеу) 

3. Жыл ішінде тозғаны жəне кеткені, барлығы, 

оның ішінде: 

жойылғаны (есептен шығарылғаны) 

тозу

басқа себептер бойынша (ысырап)



4.  Жыл соңында болғаны

5.  Негізгі капиталдың өсімі

6.  Күрделі салымдар

7.  Аяқталмаған құрылыс:

жылдың басында

жылдың соңында

Негізгі  капиталдың  баланстарында  капиталдың  жыл  басында  бо-

луы,  барлық  көздерден  келіп  түсуі,  барлық  бағыттар  бойынша  кетуі, 

жыл  соңындағы  болуы  көрсетіледі.  Баланстың  деректері  бойынша  негізгі 

капиталдың жылдың (кезеңнің) басы мен соңындағы болуының арасындағы 

келесідей тəуелділіктің бары анықталады: 

НК

ж.с. 



= НК

ж.б.


 + Т – Ш,

мұнда: НК



ж.с 

– негізгі капиталдың жыл соңындағы толық құны; 



    НК

ж.б

– негізгі капиталдың жыл басындағы толық құны; 



   Т – жыл бойы барлық баптар бойынша келіп түскен капиталдың құны; 

  К – жыл бойы барлық себептермен кеткен негізгі капиталдың құны. 

Негізгі капиталдың толық құны бойынша балансының схемасы осын-

дай болады, алайда оған: 

1)  бастапқы құнды кемітетін есептелген амортизацияның сомасы; 

2)  негізгі  капиталдың  жыл  соңындағы  құнын  ұлғайтатын  күрделі 

жөндеуге жұмсалған шығын кірмейді. 

Күрделі жөндеу көрсеткіштері: 

1)  негізгі  капиталдың  құнының  ұлғаюын  (қалдық  құн  бойынша  ба -

ла нста); 


332       IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

2)  күрделі жөндеуге бөлінген ақшаны игеруді сипаттайды. 

Негізгі капиталдың бар болу көрсеткішіне: 

1.  Бастапқы (толық) құн (БҚ) – салықтар мен жиындарды қосқанда 

активті салуға, сатып алуға нақты жұмсалған шығындардың құны, сондай-

ақ оны құрастыру, орнату, пайдалануға беру мен оны тағайындалуы бойын-

ша жұмыс жағдайына келтірумен байланысты басқа да шығыстар. 



Ағымдағы  құн  –  активтің  қолданыстағы  нарықтық  баға  бойынша 

құны. 


2.  Баланстық (қалдық) құн (ҚҚ) – негізгі капиталдың жинақталған тозу 

сомасы  шегерілген  бастапқы  құны.  Амортизация  (А) – тозудың  ақшалай 

түрі (латынша amortizatio – өтеу), сонда ҚҚ = БҚ – А. Тозу – негізгі капитал-

дың ескіруі. Тозудың түрлері: 

1)  табиғи – негізгі  капиталдың  материалдық  ескіруі  (тозуы),  пай-

далану  немесе  жұмыс  істемей  тұру  нəтижесінде,  табиғат  күшінің  немесе 

зілзаланың  салдарынан  оның  табиғи  қасиеттері  мен  құнының  бірте-бірте 

жоғалтуы. Тозудың келесі түрлері болады: а) белгіленген кезеңде есептел-

ген; ə) негізгі капитал жұмыс істей бастағаннан бастап жинақталған тозу; 

2)  моральдық – негізгі  капиталдың  құнының  жұмыс  істейтін  ұдайы 

өндірістің  арзандауымен  немесе  бұдан  жетілдірілген  негізгі  капиталдың 

жасалуымен байланысты төмендеуі. Моральдық тозудың мынадай түрлері 

болады:  а)  негізгі  капиталдың  құнсыздануы,  өйткені  осындай  жабдық 

аз  шығынмен  жасалады  жəне  бұрынғы  жабдықтан  арзанырақ  болады; 

ə) ғылыми-техникалық прогрестің нəтижесінде озық жəне бұдан да өнімді 

жабдық пайда болады. 

Моральдық тозған жабдықты жаңартып, жетілдіру қажет, ал бұл үшін 

күрделі салымның үлесін арттыруға қажет болады. 



3.  Қалпына  келтіру  (толық)  құны  (ҚҚ) – негізгі  капиталдың  жаңа 

жағдайда  ағымдағы  бағалар  деңгейінің  өзгеруі  ескерілген  ұдайы  өндіріс 

құны. ҰШЖ ұсыныстары бойынша қалпына келтіру құны негізгі капитал-

дың  динамикасын  көрсету  үшін  қажет,  өйткені  өзінің  конструктивтік  де-

ректері бойынша бірдей объектілер өзге тең жағдайларда бірдей ақша со-

масымен бағаланады. Қалпына келтіру сомасы негізгі капиталды түгендеу 

жəне  қайта  бағалау  негізінде  анықталады.  Бастапқы  жəне  қалдық  құны 

қалпына келтіру құнына қайта есептеледі. Ол үшін қайта бағалаудың мына 

əдістері қолданылады: 

1)  ҚР Статистика агенттігі жариялайтын бағалар индексін (I



p

) пайда-


лану, яғни: 

ҚКҚ = БҚ × I

P

;

ҚҚ

қкқ

 = ҚКҚ – А,

мұнда: I



p

 – негізгі капиталдың элементтерінің бағалар индексі; 



   ҚҚ

қкқ

 – қалпына келтіру құнынан тозу шегеріліп есептелген қалдық 

құн; 


16-тақырып. Ұлттық байлық статистикасы        333

2)  бағалаушының сертификаты бар кəсіби сарапшының есептерін пай-

далану.

Қайта  бағалау  нəтижесінде  негізгі  капиталдың  құны  бағалардың, 



инфляцияның ағымдағы деңгейіне сəйкестікке келтіріледі. 

Негізгі капиталдың қалпына келтіру құны жөніндегі ақпарат: 

инвестициялардың  негізгі  көзі  ретіндегі  амортизацияны  толық 

көлемде есептеу; 

экономиканың  инвестициялық  ресурстарын  микро-  жəне  макро-

деңгейде басқару үшін қажет. ҰШЖ-де негізгі капитал тек қалпына 

келтіру құны бойынша бағаланады. 

4.  Жойылу құны (ЖҚ), ол металл сынығы сатылатын баға бойынша 

анықталады, – бұл негізгі капиталдың ескіру мен тозуынан кеткен негізгі 

капиталдың қалдық құны (оны сатудан түскен түсім). Негізгі капиталдың 

құнының осы бөлігіне амортизациялық аударым жасалмайды. 

1.  Негізгі капиталдың жыл басында болуы (НКж.б.).

2.  Негізгі капиталдың жыл соңында болуы (НКж.с.).

3.  Негізгі капиталдың есепті кезең ішінде негізгі капиталдың келу мен 

кету  қозғалысына  байланысты,  оның  кезең  ішінде  орташа  болуы.  Негіз-

гі  капиталдың  орташа  жылдық  құны:  а)  амортизацияның  жылдық  құнын 

анықтау;  ə)  негізгі  капиталды  тиімді  пайдалану  көрсеткіштерін  есептеу 

үшін  пайдаланылады.  Орта  шамаларды  есептейтін  формулалар 6 жəне 

15.1.2-тақырыптарда келтірілген. 

Негізгі капиталдың жай-күйінің көрсеткіштеріне тозу жəне жарамдылық 

коэффициенттері жатады. Олар есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезет-

тік көрсеткіштері ретінде есептеледі. 

К

тоз.ж.б.


 =

Т

ж.б.



немесе

К

тоз.ж.с.



 =

Т

ж.с.



.

БҚ

ж.б.



БҚ

ж.с.


мұнда: К

тоз.ж.б.


, К

тоз.ж.а.


 – жылдың тиісінше басы мен соңындағы тозу коэффи-

циент; 


    

Тоз


ж.б.

Тоз

ж.с.


– жылдың басындағы, жылдың соңындағы тозу сомасы; 

К

ж.ж.б.



 =

ҚҚ

ж.б.



=

БҚ

ж.б.



 – Т

ж.б.


= – К

тж.б.


,

БК

ж.б.



БҚ

ж.б.


К

ж.ж.с.


 =

ҚҚ

ж.с.



=

БҚ

ж.с.



 – Т

ж.с.


= – К

тж.с.


.

БҚ

ж.с.



БҚ

ж.с.


мұнда: К

ж.ж.б.


, К

ж.ж.с..


 – жылдың басы мен жылдың соңындағы жарамды лық 

коэффициенті;

ҚҚ

ж.б.


, ҚҚ

ж.с.


 – жылдың басындағы, жылдың соңындағы қалдық құн. 



334       IІ БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Негізгі капиталдың қозғалыс көрсеткіштеріне тарату, түсу жəне жаңар-

ту коэффициенттері жатады. Кезеңнің жойылу жəне жаңарту коэффициент-

тері негізгі капиталдың кеңейтілген ұдайы өндірісін көрсетеді. 



К

жою

 =

Жойыл.

;

К

т

 =

Т

;

К

жаңарту

 =

Жаңарт.

,

БҚ



ж.б.

БК

ж.с.

БҚ

ж.с.

мұнда: Жойыл. – кезеңде жойылған (есептен шығарылған) негізгі капитал; 



К

жою 

– кезеңде негізгі капиталды тарату коэффициенті;



Т – кезеңде толықтыру мен қалпына келтіру, оның ішінде: 

Жаңарт.

 

– кезеңде жаңадан енгізілген негізгі капитал; 



К

т 

– кезеңде барлық көздерден негізгі капиталдың түсу коэффициенті; 



К

жаңарту 

– негізгі капиталдың жаңарту коэффициенті.

Келтірілген  коэффициенттерді  талдағанда  олардың  əлеуметтік-эко-

номикалық  маңызын  анықтау  қажет.  Жаңарту  мен  жойылу  коэффициен-

терін салыстырудан негізгі капиталдың бағытын, яғни ескі негізгі капитал-

ды ауыстыруға (кейде интенсивті жаңарту нысанымен байланысты) неме-

се  кеңейтуге  (экстенсивтік  жаңарту  нысанымен  үйлеседі)  бағытталғанын 

көруге болады. 



К

жою

=

Жойыл.

:

Жаңарт.

=

Жойыл.

×

БҚ

ж.с.

К

жаңарту

БҚ

ж.б.

БҚ

ж.а.

жаңарт.

БҚ

ж.б.

Арақатынасы 



Жойыл.

жаңарт.

–  бұл  негізгі  капиталдың  жаңарту 

интенсивтілігінің  коэффиценті,  ол  жаңа  енгізілген  негізгі  капиталдың 

жойылған  үлесінің  орнына  келуін  сипаттайды.  Осы  коэффиценттің  өсуі 

негізгі капиталдың ауысу интенсивтілігінің төмендеуіне алып келеді жəне 

керісінше. Арақатынасы: 



БҚ

ж.с.

БҚ

ж.б.

 бір жылға (периодтағы) арналған негізгі 

капиталдың динамикасын көрсетеді. 

Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі жай ұдайы өндіріске жəне күрделі 

ұдайы  өндіріске  бөлінеді.  Негізгі  капиталдың  жылдық  ұдайы  өндірісінің 

көлемі жаңадан енгізілген негізгі капиталдың бағасы мен күрделі жөндеуге 

жұмсалған  шығынның  қосылған  құнына  тең  болады.  Негізгі  капиталдың 

жай ұдайы өндірісі амортизациялық қор есебінен жасалады. 



Жай ұдайы өндіріс көрсеткіштері: 

1)  жай  ұдайы  өндіріс  көлемі = жылдық  ұдайы  өндіріс  көлемі – 

кеңейтілген ұдайы өндірістің көлемі. 

2)  амортизациялық қор; 

3)  жыл сайынғы амортизациялық аударымдар; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет