Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78


-òà¿ûðûï ШЫҒЫН МЕН  АРАЛЫЌ ТҰТЫНУ  СТАТИСТИКАСЫ 17-тақырып



Pdf көрінісі
бет42/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63

17-òà¿ûðûï

ШЫҒЫН МЕН 

АРАЛЫЌ ТҰТЫНУ 

СТАТИСТИКАСЫ



17-тақырып. Шығын мен аралық тұтыну статистикасы        353

жеткізу, сақтау, қайта өңдеу, өлшеп орау, қаптау, тұтынушыға босату жəне 

т.б. есебінен ұлғаяды. Осы шығындар сату шығындары деп аталады. 

Статистикада өнімді өндіру мен сатуға жұмсалған шығынның жал-



пы сомасы мына түрлер бойынша бөлінеді: 

1.  Материалдық шығын, жиыны:

оның ішінде:

шикізат пен негізгі материалдар; 

сатып алынатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар; 

қосалқы материалдар (отын, энергия, табиғи шикізатты пайдалану 

үшін төленетін төлем);

бөгде  ұйымдар  орындаған  өндірістік  сипаттағы  жұмыстар  мен 

қызметтерді  (құрылыс  сипатындағы  жүкті  тасымалдау,  күрделі 

жөндеу, ағымдағы жөндеу) төлеу; 

материалдық құндылықтардың жетіспеуі мен бүлінуінен шегілетін 

ысырап; 


басқа шығындар. 

2.  Негізгі капиталдың тозуы. 

3.  Материалдық емес активтердің амортизациясы.

4.  Өзге шығын, жиыны: 

оның ішінде:

іссапар шығыны, көтермеақы; 

жалға алу төлемі; 

кен  өндіру  салаларының  дайындау  жұмыстарына  жұмсайтын 

шығыны; 

өкілдік шығыстар; 

банк кредитінің пайыздары; 

міндетті сақтандыру төлемдері; 

салық төлемдері; 

бюджеттен  тыс  қорларға  (медициналық  сақтандыруды  қоспағанда 

зейнетақы,  жұмыспен  қамту,  міндетті  сақтандыру  қорларына 

аударым;  коммуналдық  шаруашылықтың  қызметін,  банктердің, 

консультациялық,  ақпараттық,  аудиторлық  ұйымдардың,  өрт  күзе-

тінің, тұрмыстық қызмет көрсету, сот, арбитраждық, нотариал дық, 

жолаушылар  көлігі,  байланыс,  маркетинг  пен  жарнама  қызметі 

мекемелерінің төлеу). 

5.  Еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығын, жиыны: 

оның ішінде: 

тізімдегі жəне тізімнен тыс құрамның еңбекақысы;

əлеуметтік сақтандыру аударымы; 

қызметкерлерге  кəсіпорын  қаражатының  есебінен  əлеуметтік  жəр-

демақы төлеу. 













23 – 3/10-09



354       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Өнімнің  өзіндік  құны  осы  ақшалай  шығыннан,  алайда  белгіленген 

өнімнің көлемін өндіру процесінде табиғи ресурстарды, шикізатты, мате-

риалдарды, отынды, энергияны, негізгі капиталды, еңбек ресурстарын пай-

даланумен байланысты ақшалай шығыннан құралады. 

Өнімнің  өзіндік  құны  көрсеткіштерін  талдап  қорыту,  біріктіру 

дəрежесіне байланысты олар мына түрлерге бөлінеді: 

1.  Бүкіл өнімнің жалпы өзіндік құны – өнімнің белгіленген түрі жəне 

құрамын жасау мен сатуға жұмсалатын шығынның жалпы сомасы. 

2.  Өнім бірлігінің жеке өзіндік құны – бір бұйымды жасауға, мысалы, 

ерлерге арналған бір костюмді тігуге жұмсалған шығын. 

Өнім  бірлігінің  өзіндік  құны  өнімнің  белгіленген  көлемін  өндіруге 

жұмсалған  шығын  сомасының  осы  өнімнің  санына  қатынасы  ретінде  бы-

лайша есептеледі: 

Z =


zq

,

q



мұнда: Z – өнім бірлігінің өзіндік құны; 

    q – өнімнің табиғи түрдегі саны; 

    zq – өнімнің белгіленген көлемін өндіруге жұмсалған шығын. 

3.  Өнім бірлігінің орташа өзіндік құны – өнімнің белгіленген көлемін 

өндіруге жұмсалған шығынның өндірілген осы өнімнің санына жұмсалған 

жалпы сомасы. Мысалы, шаруашылықтардағы бір центнер сүттің орташа 

өзіндік құны. Өнім бірлігінің орташа өзіндік құны арифметикалық орташа 

салмақталған формула бойынша анықталады: 

Z =

∑zq


∑zd,

∑q



мұнда: 

Z

 – өнім бірлігінің орташа өзіндік құны; 



d =

q



∑q

  өнімнің  белгіленген  түрінің  осы  өнімнің  жалпы  өн-

дірісіндегі құрылымы, өзіндік салмағы немесе үлесі. Мысалы, аудан, облыс 

шаруашылықтарының сүт өндірісінің жалпы республика бойынша жалпы 

сүт өндірісіндегі үлесі. 

Экономикалық  қызметтің  кейбір  салаларында  өнімнің  өзіндік 

құнын есептеудің ерекшеліктері: 

1.  Өнеркəсіпте өнімнің əр сағаттағы күндегі, аптадағы, айдағы, тоқ-

сандағы, жылдағы өзіндік құнын анықтауға болады. 



2.  Ауыл  шаруашылығында  ұдайы  өндірістің  табиғи  жағдайларының 

салдарынан,  сондай-ақ  ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  түсімділігіне, 

мал мен құстың өсімталдығына байланысты:

а)  өзіндік құн тек жылдың нəтижелері бойынша есептеледі; 



17-тақырып. Шығын мен аралық тұтыну статистикасы        355

ə)  өсімдік өсіру, мал шаруашылығы өнімі бірлігінің өзіндік құны, сон-

дай-ақ жекелеген жұмыс түрлерінің, яғни 1 га ауыл шаруашылық алқабын 

жырту  мен  егудің  өзіндік  құнының  жанама  көрсеткіштері, 1 бас  малды 

ұстауға жұмсалған шығыс анықталады. 

3.  Құрылыста  өнімнің  конструктивтік  элементтері  немесе  жұмыс-

тардың  жер,  құрастыру,  жобалау,  іргетасты  қалау,  еден  төсеу  жəне  т.б. 

сияқты  жекелеген  бірліктері  калькуляцияланады.  Сондықтан  құрылыста 

мыналардың өзіндік құны анықталады: 

а)  құрылыс, монтаж жұмыстарының жекелеген түрлері смета бойын-

ша жəне нақты анықталады. Сонымен бірге құрылыстың ұзақ уақыт бойы 

жүргізілуіне,  оның  капитал  сыйымдылығы  əр  түрлі  болуына  байланысты 

статистикалық  қызметтер  өзіндік  құнды  құрылысы  аяқталған  объектілер 

мен құрылыс өндірісінің аяқталмаған объектілері бойынша есептейді; 

ə)  даяр құрылыс өнімі бірлігінің (мысалы, 1 м тұрғын үй ауданы ның, 

1 м кəсіпорын корпусының кəсіпорынның өндірістік қуатының бірлігі). 

ҰШЖ-де шығын бастапқы шығын жəне аралық тұтыну деп аталатын 

екі түрге бөлінеді. 



Бастапқы  шығынға  өндірістің  бастапқы  факторларының  шығыны 

жатады  жəне  оған  еңбекақы,  өндіріске  салынатын  салық,  негізгі  капи-

талды тұтыну кіреді. Аралық тұтыну (АТ) жаңа, басқа тауар мен қызмет 

жасау  процесінде  жұмсалған  тауарлар  мен  қызметтердің  өндірісінің 

құнын қамтиды. Аралық тұтыну ҰШЖ макроэкономикалық көрсеткіштер 

разрядына  жатады  жəне  негізгі  капитал  мен  еңбекақыны  қоспағанда, 

отандық  өндірушілер  осы  кезең  ішіндегі  өндірістік  қызмет  процесінде 

жұмсаған өнімнің құнын білдіреді. Аралық тұтыну кəсіпорындардың тек 

макродеңгейде өнім өндіруге жəне оны сатуға жұмсаған шығын жөніндегі 

деректердің негізінде есептеледі. 

Шығын  баптарына  бөліктері  бір  өндірістік  циклмен  толықтай  қам-

тылмайтын, сол себептен аралық тұтынуға енгізілмеген шығынның түрлері 

мен элементтері кіреді. Мысалы, кадр даярлауға жұмсалатын шығыс келесі 

түрлеріне қарай шектеледі: 

1)  оқушылардың сақталатын еңбекақысы еңбекақыға жатады; 

2)  шəкіртақылар,  оқу  демалыстарын  төлеу  мен  оқитын  жерге  бару 

төлемі трансферт болып саналады; 

3)  қызметкерлерді курста оқытқан ұйымдардың қызметін төлеу: қыз-

меткерлердің курстағы оқу төлемі, оқу үй-жайларын ұстауға жұмсалатын 

шығыс аралық тұтынуға кіреді. 

Осыдан  кадр  даярлауға  жұмсалатын  барлық  шығыстан  аралық 

тұтынудың  құрамына  еңбек  жағдайын  жақсартумен  байланысты  шығыс 

жəне бөгде ұйымдарға кадрларды оқыту мен даярлау үшін төленетін төлем 

кіреді. 


356       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Аралық тұтынуға шығынның қандай элементтері кіреді? 

Аралық тұтынуға тауарлар мен қызметтердің келесі түрлері: шикі-

затты, жартылай фабрикаттарды, негізгі жəне қосалқы материалдарды, 

отын мен энергияны пайдалану, тауарлы-материалдық қордың жетіспеуі 

мен бүлінуінен шегілетін ысырап, қызметтердің төлемі (мысалы: теле-

фон төлемі, өкілдік шығыс, адвокаттар мен консультанттарға, өндірістік 

үй-жайға, бөгде ұйымдардың жұмысы мен қызметін, көлік қызметтерін, 

қаржы қызметтерін төлеуге, қызметкерлерді жинауға жұмсалатын шығыс, 

іссапарға жұмсалатын шығыс) жатады. Сөйтіп, аралық тұтынуға тауар-

лар мен қызметтерді тұтыну (алайда тауарды сатып алу емес) енгізіледі 

жəне өндірілген ғана тауарлар мен қызметтер ғана кіреді. Сондықтан жер 

телімдерін жалға алу төлем, лицензиялық төлем, патенттер мен басқа да 

авторлық құқықтардың төлемдері аралық тұтынуға кірмейді. 

Республика  экономикасында  аралық  тұтыну  экономиканың  барлық 

салалары мен қаржы мекемелері қызметтерінің өнімін аралық тұтынудың 

сомасы  ретінде  есептеледі.  Бұл  ҰШЖ-де  қаржы  делдалдарының  өнімі 

тартылған  қаражаттың  кредитке  берілуіне  байланысты  алынған  жəне 

төленген  пайыздардың  арасындағы  айырманың  көлемінде  шартты  түрде 

бағаланатынымен байланысты. Екінші қайтара есептеуге жол бермеу жəне 

ЖІӨ жалпы көлемін көтермеу үшін қаржы мекемелерінің осындай өнімін 

қайсы бір саланың шығынында немесе жеке санау қиын. Сондықтан ҰШЖ-

де  қаржы  мекемелерінің  өнімін  жалпы  экономиканың  аралық  тұтынуына 

шартты түрде жатқызу ұсынылады. Сөйтіп, макродеңгейде өнім (zq) өндіру 

мен оны сатуға жұмсалатын шығын аралық тұтынудың (АТ), негізгі капи-

талды тұтынудың (НКТ), жалдамалы қызметкерлерге еңбекақы төлеу (ЕТ) 

жəне өндіріске салынатын басқа да таза салықтың (БТС) сомасына тең бо-

лады, яғни 

zq = АТ + НКТ + ЕТ+ БТС.



17.2.

Шығынды факторлық 

индекстік талдау

Индекстік  талдау  факторлардың  ықпалының  мөлшерін  талдау  үшін 

қолданылады. Өнімді өндіруге жəне оны сатуға жұмсалатын шығын: 

1)  өнім бірлігінің өзіндік құны; 

2)  өнім өндірісінің көлемінен, оның құрылымы; 

3)  өнім  бірлігінің  бағасы  факторларынан  функционалдық  жағынан 

тəуелді болады.


17-тақырып. Шығын мен аралық тұтыну статистикасы        357

Кəсіпорынның типіне, оның мамандандырылуына, салалық тиесі лігінің 

ерекшеліктеріне байланысты статистикада қолданылу талаптары қойылған 

индекстер жүйесі белгіленген. 



А. Өнім бірлігінің өзіндік құнының (z) немесе өнім өндіруге жұмсалатын 

шығынның (zq) жеке  индекстері  қайсы  бір  көрсеткіштің  динамикадағы, 

бір бірліктің (мысалы, өнімнің нақты түрінің) кеңістіктегі өзгерістерін си-

паттайды. 

Өнімнің өзіндік құны (i

z

) динамикасының жеке индексі: 



0

1

z



Z

Z

i



=

,

мұнда: i



z

 – өнім бірлігінің өзіндік құнының жеке индексі; 



     Z

i

 – өнім бірлігінің есепті кезеңдегі өзіндік құны; 



     Z

0

 – өнім бірлігінің базистік кезеңдегі өзіндік құны. 

Өнімнің  өзіндік  құнының  жоспарлы  тапсырмасының  жеке  индексін 

формуланың  алымында  өнім  бірлігінің  жоспарлы  өзіндік  құны  алынған 

жағдайда алуға болады, ал керісінше бөлгіште өнім бірлігінің өзіндік құны 

алынса өнімнің өзіндік құн жоспарын орындау индексін алуға болады. 

Өнім өндірісіне жұмсалған шығынның жеке индексі (i

zq

):



i

zq

 =



Z

пл

q



пл

Z

0



q

0

, немесе 



Z

1

q



1

Z

пл



q

пл

, немесе 



Z

1

q



1

Z

0



q

0

,



мұнда: i

zq

 – өнім өндірісіне жұмсалған шығынның жеке индексі; 



     Z

1

q

1

 – есепті кезеңде бүкіл өнім өндірісіне жұмсалған шығын; 



     Z

0

q

0

 – базистік кезеңде бүкіл өнім өндірісіне жұмсалған шығын; 



     Z

пл

q

пл

 – жоспар бойынша бүкіл өнім өндірісіне жұмсалған шығын. 

Өзіндік құнның өзгеруінен алынатын абсолюттік экономикалық ықпал 

ақшалай  қаражаттың  үнемінің  немесе  оның  артық  жұмсалған  сомасымен 

көрсетіледі жəне келесі формула бойынша есептеледі: 

∆Zq


z

 = (Z


1

 – Z


0

) × q


1

.

Өнімнің  өзіндік  құнының  нақты  өзгеруінен  артық  ақша  жұмсау 



(ақшалай қаражатты үнемдеу): 

∆Zq


z

 = (Z


1

 – Z


пл

) × q


1

.

Жоспарлы  тапсырмада  көзделген  ақшалай  қаражатты  артық  жұмсау 



(үнемдеу): 

∆Zq


z

 = (Z


пл

 – Z


0

) × q


пл

.

B.  Өнім  өндіруге,  өнім  бірлігінің  өзіндік  құнына  жұмсалатын 



шығынның жалпы индекстері əр түрлі тауар шығаратын кəсіпорындардың, 

358       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

кəсіпорындар тобының, салалардың қызметінде пайдаланылады. Мына ин-

декстерді қолдануға болады: 

1.  Өнім өндіруге жұмсалған шығынның жалпы индексі экономикалық 

қызмет саласының тұтастай кəсіпорнының немесе кəсіпорындар тобының 

қызметін  сипаттау  үшін  пайдаланылады.  Осы  индекстер  өнім  өндіруге 

жұмсалатын шығынның бүкіл динамикада, оның ішінде əрбір фактордың 

zq = z × q. Тəуелділікке негізделген өзгеруінің ықпалының есебінен қалай 

өзгеретінін  зерттейді.  Экономикалық  көрсеткіштердің  арасындағы  осы 

тəуелділік жалпы индекстердің арасында да былайша сақталады: I

zq

 = I


× I


q

мұнда: I



zq

 – өнім өндіруге жұмсалатын шығынның жалпы индексі; 



     I

z

 – өнім бірлігінің өзіндік құнының жалпы индексі; 



    I

q

 – өнімнің нақты көлемінің жалпы индексі. 

Өнім өндіруге жұмсалатын шығынның жалпы индексі мына формула 

бойынша анықталады:

 





=

0

0



1

1

zq



q

Z

q



Z

I

 немесе  



пл



пл

1

1



q

Z

q



Z

,

мұнда:  ∑z



1

q

1



 – есепті  кезеңде  бүкіл  өнім  өндіруге  жұмсалған  шығынның 

сомасы; 


     ∑z

пл

q



пл

 – бүкіл өнім өндіруге жұмсалған жоспарлы шығынның сомасы; 

    ∑Z

0

q



0

 – базистік кезеңде бүкіл өнімді өндіруге жұмсалған жоспарлы 

шығынның сомасы. 

Осы индекстен ∆Zq бүкіл өнімді өндіруге жұмсалған ақшалай шығын-

ның жалпы артық жұмсалған (үнемделген) сома былайша есептеледі: 

 



=



Δ

0

0



1

1

q



Z

q

Z



Zq

, немесе 

 





пл

пл



1

1

q



Z

q

Z



,

оның ішінде факторлардың өзгеруінің есебінен: 

а)  өнім бірлігінің өзіндік құнының. Бұл үшін өнімнің өзіндік құнының 

жалпы индексі I

z

 есептеледі.



 



=

1

0



1

1

Z



q

Z

q



Z

I

, немесе 



 



1

пл

1



1

q

Z



q

Z

,



мұнда:  ∑Z

0

q



1

,  ∑Z


пл

q

1



 – базистік  (жоспарлы)  кезеңнің  өнім  бірлігінің 

өзіндік құны мен есепті кезеңдегі өндіріс көлемінің көбейтінді сомасының 

негізінде  есептелген  өнім  өндіруге  жұмсалған  шартты  шығын.  Өнімнің 

өзіндік құнының өзгеруінің ықпалы есебінен өнім өндіруге артық жұмсалған 

ақшалай шығын (үнем) (∆Zq

z

) мынаған тең болады: 



∆Zq

z

 = ∑Z



1

q

1



 – ∑Z

0

q



1

, немесе ∑Z

1

q

1



 – ∑Z

пл

q



1

;


17-тақырып. Шығын мен аралық тұтыну статистикасы        359

ə)  өнім  өндіру  көлемінің  ықпалы  есебінен  өнімнің  нақты  көлемінің 

жалпы индексі I

q

 былайша есептеледі: 



 

0

0



1

0

q



q

Z

q



Z

I



=

, немесе 



 



пл

пл

1



пл

q

Z



q

Z

.



Өнім  өндіру  көлемі  өзгеруінің  ықпалынан  ақшалай  шығынды  артық 

жұмсау (үнем) ∆Zq

q

 былайша анықталады: 



∆Zq

q

 = ∑Z



0

q

1



 – ∑Z

0

q



0

, немесе ∑Z

пл

q

1



 – ∑Z

пл

q



пл

.

Осы индекстер мен шығынның абсолюттік өсімінің өзара байланысы: 



1) I

zq

 = I



z

 × I


q

2) ∆Z



q

 = ∆Zq


z

 + ∆Zq


q

.

Өнімнің өзіндік құнының жалпы индексі I



z

 – осы индекстер жүйесінің 

негізгісі,  өйткені  ол  басқа  тең  жағдайларда  пайданы  арттыратын  негізгі 

резерв жəне бағаны төмендету мүмкіндігі ретінде өнім бірлігіне шаққанда 

ақшаны  үнемдеу  дəрежесін  көрсетеді.  Егер  өнім  өндіруге  жұмсалатын 

шығын  халықтың  осы  өнімге  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін 

шығарылатын  өнім  көлемінің  ұлғаюына  байланысты  өссе,  бұл  жағдайда 

өндірісті  кеңейтудың  бастапқы  сатысында  ақшалай  қаражаттың  осылай 

өсуі  орынды.  Кəсіпорындар  өндірісті  игергеннен  кейін  технологияларды 

жетілдіру, жаңалық енгізу, еңбек өнімділігін арттыру, шикізатты, матери-

алдар мен жартылай фабрикаттарды уақытында жеткізу, маркетингтік жəне 

басқа да қызметтер жүйесінің жұмысын жолға қою арқылы өнімнің өзіндік 

құнын төмендету үшін ғана күш салуға тиіс. 

С.  Өнімнің  өзіндік  құнының  орташа  индекстері  –  құрамы  өзгермелі, 

тұрақты  өнімнің  өзіндік  құнының,  құрылымдық  өзгерістердің  индексі. 

Осы индекстер кəсіпорындардың мамандандырылуының, олардың өндірісі 

құрылымының  экономикалық  тиімділігін  ескереді,  өнімнің  тек  біркелкі 

түрін шығаратын кəсіпорындар тобының қызметін зерттегенде пайдаланы-

лады.  Мысалы,  көмір  шахталарының  көмір  өндіруі,  ауыл  шаруашылығы 

бөлімшелерінің астық жинауы, фермерлік шаруашылықтардың ірі қара мал 

өсіруі жəне т.б. 

Индекстер орташа өзіндік құндардың арақатынасы ретінде есептеледі, 

олардың  мөлшері  екі  фактордың,  яғни  жекелеген  кəсіпорында  өнімнің 

өзіндік  құнына (Z) жəне  өндіріс  көлемінің (q) немесе  құрылымына  (осы 

өнімнің  жалпы  шығарылымының  көлемінен  жекелеген  кəсіпорындағы 

өнім өндірісінің үлесі, d) байланысты болады. Бұл ретте орташа өзіндік құн 

арифметикалық  орташа  салмақталған  формула  Z =

∑zq

∑zq,


∑q

  бойын-



ша есептеледі. Студенттер төмендегі D əдісті зерделеп, өзгермелі, тұрақты 

құрамның, құрылымдық өзгерістердің өзіндік құнының индекстерінің фор-

мулаларын өздері жаза алады. 


360       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

D.  Өзгермелі, тұрақты құрамның, құрылымдық өзгерістер шығыны-

ның салыстырмалы деңгейінің индекстері – өңір, кəсіпорын түрі, меншік 

ны саны,  сала,  экономика  секторы  сияқты  белгілер  бойынша  айырмашы-

лық тардың есебінен шығын деңгейі мен өнімнің шығарылған жиынындағы 

ағымдағы шығындардың тиімділігін сипаттайды. 

Талдау мына ретпен жасалады.

1.  Жекелеген  мекеме,  кəсіпорын,  қала,  облыс  бойынша  тиісінше  ба-

зистік  жəне  есепті  кезеңдердегі  шығындардың  қатысты  деңгейі  (И)  есеп-

теледі: 


                          

 

0



0

0

0



0

q

q



p

z

И



=

 



1

1

1



1

1

q



q

p

z



И

=

,                   (1)



мұнда:  И

0

,  И

1

 – базистік  жəне  есепті  кезеңдерде  бір  теңгеге  шығарылған 

өнімнің қатысты шығын деңгейі; 

 

z

0

q

0

; z

1

q

1

 – базистік  жəне  есепті  кезеңдерде  өнім  өндіру  мен  оны 

сатуға жұмсалатын шығын; 

 

z

0;

  z

1

 – өнім  бірлігінің  базистік  жəне  есепті  кезеңдердегі  өзіндік 

құны; 

 

q

0;

  q

1

 – базистік  жəне  есепті  кезеңде  шығарылған  өнімнің  нақты 

көлемі (табиғи түрде); 

 

p

0

q

0

,; p

1

q

1 

–  базистік  жəне  есепті  кезеңдерде  шығарылған  өнімнің 

құны; 

 

p

0;

  p

1

 – базистік  жəне  есепті  кезеңдердегі  тауар,  қызмет  бірлігінің 

бағасы. 

Өнім өндіру мен оны сатуға жұмсалатын шығында екі көбейткіштің, яғни 

шығынның қатысты деңгейі мен шығарылған өнім көлемінің көбейтіндісі 

түрінде көрсетуге болады, яғни: 

              z

o

q



o

 = И


o

 (p


o

q

o



), z

1

q



1

 = И


1

 (p


1

q

1



)                     (2)

2.  Кəсіпорындар,  қалалар,  облыстар,  экономика  салаларының  жи-

ын тығы  шығынының  орташа  қатысты  деңгейі  арифметикалық  орташа 

салмақталған формула бойынша былайша анықталады: 

              

 

)



(





=

=

=



0

0

0



0

0

0



0

0

0



0

0

0



d

И

q



p

q

p



И

q

p



q

z

И



,          (3)





=

=

=



1

1

1



1

1

1



1

1

1



1

1

1



d

И

q



p

)

q



p

(

И



q

p

q



z

И

,



мұнда: 

1



0

И

;



И

  базистік  жəне  есепті  кезеңдердегі  шығынның  орташа 

қатысты деңгейі; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет