Оқулық Алматы, 2012 2 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75


  Шетелдерде мектеп жасына дейінгі мекемеде балаларды да-



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10920
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

10.6   Шетелдерде мектеп жасына дейінгі мекемеде балаларды да-
мыту ортасын  жобалау
Шетелдерде  мектепке  дейінгі  мекемелерді  жобалау  (көбінесе 
европалық  мектепке  дейінгі  білім  беру  қарастырылады)  баланы 
қорғаушы, сақтандырушы, дамытушы және динамикалық орта жасауға 
бағдарланған. Дамытушы орта құруда шетел тұжырымдамасы аясын-
да  қоғамдық  орын  архитектурасы  әрбір  тәрбиеленушінің  әлеуметтік 
және  дара  дамуын  жеделдетуі  керек.  Ол  үшін  табиғи  және  жасан-
ды  элементтерді  біріктіру  қажет,  бірдей  дизайн  мен  стильден,  үш 
масштабты  пәндік  орта  құру  қажеттілігі  жөнінде  көбінде  қазақстан 

204
тұжырымдамасымен  үндес  арнайы  балалар  әлемін  құрудан  бас  тар-
ту  керек.  Дегенмен    қазақстандық  педагогикада  ортаның  бірыңғай 
жүйеқұрушы діңгегіне, стиліне, көркемдік шешіміне бағыну қажеттігі 
көрсетіледі.  Дамытушы  кеңістік  құру  бірқатар  принциптер  мен  та-
лаптарды ескере отырып ғылыми негізделген тұжырымдама негізінде 
жүзеге  асырылады.  Шетел  педагогикасында  дамытушы  орта  құру 
тұжырымдамасы қандай?
Бізге  қажетті  тұжырымдаманың  негізін  құрайтын  жеткілікті 
мөлшерде  Т.  В.  Фуряева  терең  жазып  суреттеген  мектепке  дейінгі 
балалық шақ ортасының қажетті және функционалдық сипаттамасын 
негіздеуі. Тұжырымдаманың негізін құрайтын пункттеріне тоқталайық. 
Топтық бөлме кеңістігін құрастыру дегеніміз - оны акустикалық және 
оптикалық тұрғыды бірінен бірі бөлек аумақтарға бөлу. Ол үшін жыл-
жымалы  керегелер,  мебель,  өсімдіктер,  жалюзи,  маталар  пайдаланы-
луы  мүмкін.  Құрылымдық  безендіруге  тік  жазықтықтар  да  жатады: 
биіктіктер, баспалдақтар, галереялар. Балалар іс-әрекеті аясына негізгі 
топ бөлмесіне тиісті барлық орындар (гардеробтар, фойе, холл, көмекші 
орындар) қамтылады.
Үлкендер  балаларды  арнайы  бөлмелерде  ғана  емес,  топта  да  бо-
латын түрлі деңгейдегі жабдықтар, турниктер, конструкциялар арқылы 
олардың  барынша  қозғалыс  жасауын  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Қолда 
бар  қозғалмалы  иілгіш  элементтермен  қоса  балаларға  бөлмені  өз 
талғамдарымен безендіру және өзгерту құрылымын жасауға мүмкіндік 
берген жөн болады (қорапшалардан, картоннан құрылыс салу). Үлкендер 
балалардың  жасаған  керегеге,  матаға,  орамалға,  жамылғышқа,  теріге 
және т.с.с. бекітілетін ілгегі бар, палаталық типтегі конструкцияларын 
мақтаған дұрыс болады. Балалар топта болып жатқан жағдайды байқай 
алуы үшін жабатын матаның жартылай көрініп тұратын болғаны жөн. 
Палаталық типтегі құрылыстарда зерттеу, эксперимент жасау (радио- 
және  электр  жабдықтарымен),  табиғи,  лақтыру  материалдарымен 
ойын,  онда  коллекциялар  жинау  (түймелер,  тастар,  ракушкалар  және 
т.б.) қарастырылуы мүмкін.
Ойын  аумағын  жасағанда  оның  міндеттерін  анықтауда 
жасандылыққа  жол  бермеу  керек  (мысалы,  ас  дайындайтын  ойын 
бөлмесінде  балалар  үлкендердің  басшылығымен  ас  үй  заттары-
мен  жұмыс  істеуді  үйренеді,  тамақ  ішу  мәдениетіне  дағдыланады, 
қарапайым салаттар дайындауы мүмкін).
Топта қол өнеріне, сурет салуға арналған орын болуы керек (жабы-
стыру, сурет салу, музыкалық өнерге және т.с.с.).

205
Арнайы  бұрыштардан  басқа  топтық  орындарда  барлық  бала-
лар  үшін  еркін  қолжетімді  көпфункционалды  аумақ  қарастырылуы 
керек.  Бұл  орын  тыныш  жерде  орналасуы  тиіс,  отыратын  орындар-
мен жабдықталған,  оқу,  байқау,  эксперимент жасау  материалдарымен 
қамтамасыз етілген болуы керек. Ол топтың барлық балаларының ара-
ласуы  үшін:  оқу,  айтып  беру,  келіспеушіліктерді  шешу,  жоспарларды 
талқылау  және  басқа  да  бірге  істейтін  жұмыстар  үшін  қажет.  Оның 
қасына қуыршақтармен ойнайтын бұрышты орналастыру ұсынылады. 
Топтық  бөлменің  ортасында  міндетті  түрде  мебельмен  толтырылып 
қоймаған балалар еркін қозғала алатындай кеңістік қалдырылуы тиіс.
Соңғы  кезде  балабақшасы  практикасында  көпдеңгейлі  (екі-  және 
үшқабатты)  аумақ жасау үрдісі орын алды.
Моторлық  функцияларды  дамытудан  басқа  барлық  заттық-
кеңістіктік орта бала қиялын, елестетуін оятуға, тосын оқиға атмосфе-
расын құруға (жасырын бұрыштар, қараңғы туннель, үңгір және т.с.с.) 
бағытталған болуы керек.
Балабақшасын  жабдықтаудың  заманауи  тұжырымдамасында  топ 
бір бөлме емес, бас және көмекші бөлмелерді, жуынатын бөлмелерді, 
туалетті, заттарды сақтайтын бөлмені және кіреберісті қамтитын белгілі 
бір бірлік ретінде қарастырылады. Қосалқы және ойын материалдарын 
сақтау бөлмесі балалар ұқыптылықпен қараған жағдайда балалардың 
қарамағында болуы да мүмкін. Киім шешетін орынның, оның ішінің, 
керегесінің, еденінің пайдалану мүмкіндіктеріне мұқият қараған жөн.
Жуынатын бөлмеге ерекше назар аударған жөн, оны сумен ойнау 
үшін және эксперимент жасау үшін, су бұрышын жасау үшін (су асты 
ұлуы, өсімдіктері, ракушкалары бар бақша) пайдалануға болады.
Орындарды, интерьерді, декорацияларды, өсімдіктердің орналасу-
ын,  терезелерді  жарықпен,  түрлі  түстермен,  акустикалық  безендіруді 
ойластыру  ұсынылады.  Жайлы  және  ертегідей  жағдай  туғызу  үшін 
түрлі  түсті  әйнекті  пайдалануға  болады.  Жарықтандырудың  бірнеше 
режимі  болуы  тиіс:  толық,  жартылай  қараңғылау.  Түс  гаммасын 
таңдағанда  көзге  ұрып  тұратын  түстерден  аулақ  болу  керек.  Топтың 
кеңістігін шамадан тыс толтырмау маңызды, оның басты заттары бала-
лар шығармашылығының өнімі болуы тиіс.
Балалардың  мазасыздануы  мен  жайсыздығын  болдырмау  үшін 
материалдарды  көп  мөлшерде  пайдалануға  болмайды.  Заманауи  ин-
терьер  мен  табиғат  әлемін  біріктіру  балаларда  үйлесімді,  жайлылық, 
қорғалғандық сезім ұялатады.
Қарапайымдылық,  шынайылық,  нанымдылық  балалар  өмірінің 
14–7463

206
ортасын  кеңістіктік-заттық  тұтастығын  қалыптастырудың  бастапқы 
принциптері ретінде қарастырылады.
Маңыздысы  көшеде  алаң  жабдықтау  болып  табылады.  Алаңда 
міндетті түрде мыналар болуы тиіс: су, жылға, құм, от жағатын орын, 
өрмелейтін  ағаш,  тікенсіз  және  улы  емес  бұталар,  негізгі  қозғалыс 
түрлері үшін жабдықтар (лабиринт, төбешік, тумбалар, турниктер, аспа-
лы канаттар, байқау мұнаралары). Бормен сурет салу үшін міндетті түрде 
асфальтпен  жабылған  орын  болуы  керек.  Құрастыру  үшін  ірі  табиғи 
материал болғаны жөн (ағаш кесінділері), қораптар, шиндар. Алаңды 
безендірудің  басты  мағынасы  –  түрлі  іс-әрекетті  белсенділендіру, 
балалардың қиялы мен шығармашылдығын,  физикалық дамуын ояту.
Тұжырымдаманың ең басты қағидасы бала мен үлкендер әлемінің 
серіктестігін  дамытуға  ұсыным  беру.  Кіреберіс,  холл,  гардеробтық 
орындар, айналаны жабдықтау қарқынды түрде ата-аналардың мекеме-
де көбірек болуына, қызметкерлермен, басқа да ата-аналармен қарым-
қатынас жасауына әсер етуі тиіс.
Сонымен,  шетелдерде  мектепке  дейінгі  мекемелердің  дамытушы 
ортасын  жобалау  проблемасын  қарастыра  келе,  бұл  процесті  әртүрлі 
деңгейдегі  мамандар  (инженерлер,  архитекторлар,  дизайнерлер,  пе-
дагогтар)  жүзеге  асырады  және  әбден  құрылған,  ғылыми  негізделген 
тұжырымдамаға негізделетіндігін атап өтеміз. Мектепке дейінгі балалық 
шақтың заттық ортасын жобалау мәселелері ары қарай зерттеуді қажет 
етеді, оны теория мен практикада тұрғыда құрудың жаңа нұсқаларын 
іздестіру жүзеге асырылып жатыр.
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. Сөздікті жаңа терминдермен толықтырыңыздар. Олардың арасы-
на байланыс орнатыңыздар.
2. «Заттық-кеңістіктік орта, оның мектеп жасына дейінгі балалардың 
тұлғасын және іс-әрекетін дамытудағы рөлі» атты проспект жазыңыздар   
(проспектің көлемі 1,5-2 бет).
3.  «Дамытушы  ортаны  құру  принциптері»  атты  кесте 
құрастырыңыздар.  Кестеге  бұл  принциптердің    кем  дегенде  екеуіне  
түсініктеме беріңіздер.
4.  Мектепке  дейінгі  мекеме  мен  жанұяның  дамытушы  ортасын 
құрудың  көрнекті  мысалдарын  дайындаңыздар.  Тапсырманы  орын-
дау  үшін  педагогикалық  практикадағы  суреттеріңізді,  «Обруч», 
«Дошкольное воспитание», «Детский сад» және басқа да журналдар-
ды  пайдаланыңыздар.  Көрнекті  материалды  қажетті  компоненттер 

207
тұрғысынын мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту ортасын құру 
мен оған қойылатын талаптарды ескеру тұрғысынан талдау жасаңыздар.
5.  Мектепке  дейінгі  мекеме  қызметінің  бір  саласының  (ойын, 
көркемдік, спорттық және т.б.) авторлық жобасын (жеке немесе топтық) 
жасаңыздар.
Ұсынылатын әдебиет
1. Новоселова С. Л. Развивающая предметная среда.- М., 1995.
2.  Петровский  В.  А.  и  др.  Построение  развивающей  среды  в  до-
школьном учреждении. – М., 1993.
3. Полякова М. Н. Построение развивающей среды в детском до-
школьном учреждении// Готовимся к аттестации.- СПб., 1999.
4.  Создание  развивающей  среды  в  дошкольных  учреждениях// 
Педагогика: педагогические теории, системы, технологии/ Под ред. С. 
А. Смирнова.- М., 1998.
5. Стеркина Р. Б. Аттестация и аккредитация ДОУ.- М., 1997.
6. Фуряева Т. В. Дошкольное воспитание за рубежом.- Красноярск, 
1999.
7. Ясвин В. А. Образовательная среда: от моделирования к проек-
тированию. - М., 1999.

208
ҚОСЫМША
 1-қосымша
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ 
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ-
ӘЛЕУМЕТТІК  ЖАҒДАЙЛАРЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ 
(ДАМЫТУШЫ ОРТА, ҚАУІПСІЗДІК, БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН 
ҚОРҒАУ)
1. Сәбилік жастағы балаларды дамыту үшін дамытушы орта 
құру ( 2 айлықтан 1 жасқа дейін).
1.1. Сәбилер болатын бөлме балаға үлкендермен тұрақты түрде олар-
ды көріп байқап тұратындай, жалғыз жеке қалып қалудан жайсыздықты 
сезінбейтіндей визуалды қатынас жасап тұруға мүмкіндікті қамтамасыз 
етеді.
1.2. Бөлмеде манеж немесе қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті басқа 
да жабдықтар болады.
1.3.  Еңбектеп  жүретін  балалар  үшін  бөлменің  едені  жылыланған 
болады.
1.4.  Топта  отырып  ойнайтын  ойындар  үшін  жабдық  болады 
(қозғалмалы орындықтары бар столдар және т.б.).
1.5.  Балалардың  қозғалыс  белсенділігін  дамытуға  арналған 
жабдықтар  болады  (горка,  әткеншек,  тренажерлар,  ходуноктар  және 
т.б.).
1.6. Манежде, баланы орайтын үстелде және бөлмеде баланың бой-
ымен көрсететін айна болады.
1.7. Бөлмеде өздері және үлкендермен бірге қабылдау үшін әдемі 
суреттер, ойыншықтар болады.
1.8.  Балаларды  зерттеу  және  манипуляциялау  іс-әрекетті  дамыту 
үшін  қажетті материалдармен қамтамасыз етеді (қанық боялған, дыбыс 
шығаратын  түрлі  ойыншықтар;  құламайтын  қуыршақтар  және  басқа 
адам түріндегі қуыршақтар; үй шаруасындағы заттар: қасықтар, бояу-
лар, катушкалар, қиындылар және т.с.с.).
1.9.  Кішкентай  балалардың  төсектерінің  жанына  баланың  қолы 
жететіндей жерге сылдырмақ ойыншықтар ілінеді.
1.10. Топта мазмұнды ойыншықтар болады (балалар мебелі, ыдыс-
аяқ және т.б.).
1.11.  Балалар  музыкалық  аспаптары,  дыбыс  шығаратын 
ойыншықтар болады.

209
1.12. Пластинкасымен күйтабақ немесе магнитофон болады.
1.13. Суреттері бар кітапшалар, бор, бояу, түрлі түсті карандаштар, 
қатырғы қағаз.
1.14.  Бөлмеде  ойнау  үшін,  музыкаға  ілесіп  билеу  үшін, 
ойыншықтарға еркін қол жеткізулері үшін  қозғалыс кеңістігі болады.
2. Ерте жастағы балалар үшін дамытушы орта құру ( 1 жа-
стан  3 жасқа дейін).
2.1. Бөлмеде балалардың танымдық дамуына қажетті ойын мате-
риалдары  болады  (мозаикалар,  матрешкалар,  пирамидалар,  әртүрлі 
геометриялық  формадағы  тесіктері    және  соған  сәйкес  тығындары 
бар  панельдер,  әртүрлі  мөлшердегі  қорапшалар,  қақпақты  банкілер, 
түрлі  түсті  текшелер,  доптар,  машинкалар  және  т.б.;  суреттері  бар 
кітапшалар).
2.2.  Балалардың  сюжеттік  ойындары  үшін  ойын  материалдары 
(түрлі өлшемдегі қуыршақтар мен жануарлар, қуыршақтардың киімдері, 
ойын  жиһазы,  түрлі  әртүсті  құрылыс  материалдары,  ойыншық  теле-
фондар, қуыршақ театрының декорациялары, жасалмаған материалдар: 
текшелер, таяқшалар, мата қиындылары және т.б.) болады.
2.3.  Ойын  материалы  және  балалардың  музыкалық  дамуы  үшін  
қажетті  жабдықтар  (ойыншық  музыкалық  аспаптар;  аудиовизуалды 
құралдар: пластинкалары бар күйтабақ немесе магнитофон) болады.
2.4.  Балалардың  өнімді  шығармашылдық  іс-әрекет  материалда-
ры мен жабдықтары болады (қағаз парақтары мен альбомдар, бояғыш 
қалам,  бояулар,  карандаштар,  фломастерлер,  түрлі  түсті  бор,  пласти-
лин,  балшық,  әртүрлі  материалдармен  жұмыс  істейтін,  бормен  сурет 
салу үшін үстелдер,   пластилинмен жұмыс істеу үшін астына қоятын 
сүйеніш, су құятын банкалар) болады.
2.5. Барлық материалдар жұмысқа жарамды: карандаштар ұшталған, 
фломастерлер жаңа, бояғыш қаламдар дұрыс және таза болады.
2.6.  Серуендегенде  ойнайтын  ойыншықтар  (шелектер,  күректер, 
қалыптар, қалақтар) болады.
2.7. Балалардың жүрісі мен басқа да қозғалыстарын дамыту үшін 
керекті  ойындар  мен  жабдықтар  болады  (домалататын,  лақтыратын, 
ойыншықтар; горкалар, тренажерлер, орындықтар) болады.
2.8.  Әр  бала  өзінің  көңілі  сүйетін  ойыншықпен  ойнауы  үшін 
және  басқа  балаларға  кедергі  жасамауы  үшін  ойыншықтан  бөлмеде 
тақырыптық принциппен орналастырылады.
2.9.  Бөлмеде  балалардың  бірігіп  ойнауы  үшін  орын  (үстелшелер, 
ойыншықтарды іліп қоятын кеңістік) бар.

210
2.10. Барлық ойыншықтар мен материалдарға балалардың қолдары 
жетеді.
2.11. Бөлме керегесі ашық қанық түсті картинкалармен, гүлдермен 
безендірілген.
2.12.  Топ  бөлмелерінде  қызметкерлер  дайындаған  ерекше 
дидактикалық  материалдар  (сенсориканы.  Нәзік  моториканы  дамыту 
үшін, сюжеттік ойындар үшін) болады.
 3. 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін дамытушы орта құру.
3.1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды жан-жақты дамыту 
үшін  дидактикалық құралдар мен жабдықтар болады.
3.2.    Аудиовизуалдық  құралдар    (слайдтары  бар  диапроекторлар, 
пластинкалары бар күйтабақтар, кассеталары бар магнитофондар, эпи-
диаскоптар) болады.
3.3. Альбомдар, балаларлы әсерлендіру үшін көркем әдебиет бола-
ды.
3.4.  Топтарда  дидактикалық  ойындар  (лото,  домино,  суреттер 
жинағы),  балаларды  әртүрлі  іс-әрекетте  дамыту  үшін  түрлі  сюжеттік 
ойындар  және  ойыншықтар  («Айболит»,  балалар  телефоны,  түрлі 
дыбыстық ойыншықтар)  болады.
3.5.  Интеллектуалдық  дамыту  үшін  ойындар  (шахматтар,  дойбы-
лар) болады.
3.6. Сенсорлық дамыту үшін ойыншықтар мен жабдықтар болады.
3.7. Көрнекі және  иллюстративтік материал болады.
3.8.  Балалардың  жеке  және  біріккен  белсенділігін  дамыту  үшін 
жағдай жасалған (оның ішінде «оңашалану бұрыштары).
4.  Мектепке  дейінгі  мекемеде  балалардың  денсаулықтарын 
сақтау, нығайту үшін барлық жағдайлар жасалған.
4.1.  Емдеу  және  аурудың  алдын  алу  жұмыстарын  жүргізу  үшін 
медициналық  жабдықтар  болады  (тубус-кварц  құрылғысы,  фитотера-
пия үшін жабдықтар, электрофорез, ауаны  озондау жабдықтары) бо-
лады.
4.2.  Медициналық  жабдықтармен  қамтамасыз  етілген  арнайы 
орындар  (тіс  дәрігері,  процедуралық,  физиотерапевтикалық  кабинет-
тер,  балаларды  медициналық  тексеруден  өткізетін  кабинет,  изолятор) 
болады.
4.3. Сауна бар.
4.4 Фитобар бар.
5. Мектепке дейінгі мекемеде балалармен түзету жұмыстарын 
жүргізетін арнайы орын болады:

211
5.1. Логопед кабинеті.
5.2. Психолог кабинеті.
5.3. Психологиялық сергіту кабинеті.
5.4. Басқалар.
6 Мектепке дейінгі мекемеде балалардың көркемдік-эстетикалық 
дамуы үшін барлық жағдай жасалған.
6.1. Изостудия үшін арнайы жабдықталған орын бар.
6.2. Бөлмені эстетикалық безендіру балалардың көркемдік дамуын 
қамтамасыз етеді (картиналар, гравюрлер, халықтық шығармалар экс-
позициялары; мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің, балалардың, 
ата-аналардың авторлық жұмыстарының көрмесі; гүлдер).
6.3. Топтарда балалардың қолдары жететін жерлерде сурет салуға, 
жабыстыру  мен  аппликацияға,  көркемдік  еңбекке  (түрлі  форматтар 
мен түсті қағаздар, пластилин, бояулар, сурет салатын қаламдар, ка-
рандаштар, түрлі түсті борлар, табиғи және лақтыратын материалдар 
және т.б.)  қажетті материалдар болады.
7.  Мектепке  дейінгі  мекемеде  балалардың  театрланған  іс-
әрекетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
7.1. Театрланған іс-әрекет үшін арнайы орын бар.
7.2. Қосалқы орындар бар (костюмерлік, гримерлік және т.б.).
7.3.  Театрлардың  неше  түрлері  бар  (би-ба-бо,  көлеңкелі,  стол 
үстілік және т.б.).
7.4. Сахналау мен спектакльдерді ойнау үшін түрлі жабдықтаулар 
бар  (қуыршақтар  жинағы,  қуыршақ  театры  үшін  шымылдықтар,  ко-
стюмдер, маскалар, театр атрибуттары және т.б.).
7.5. Топтарда атрибуттар, сюжеттік-рөлдік, режиссерлік ойындар, 
ойын-драматизация үшін костюмдердің элементтері, сол сияқты олар-
ды дайындауғаматериалдар болады.
8. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық іс-әрекетін 
дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
8.1.  Музыкалық зал бар.
8.2.  Музыкалық  аспаптар  бар  (пианино,  рояль,  аккордеон  және 
т.б.).
8.3.  Балалар  музыкалық  аспаптары  бар  (бубендер,  сылдырмақ 
ойыншықтар, металлофондар және т.б.).
8.4.  Музыкалық  дидактикалық  ойындар  және  құралдар  (оның 
ішінде альбомдар, ашық хаттар, слайдтар және т. б.).
8.5. Топтарда музыкалық бұрыштар бар.
8.6. Топтарда музыкалық ойыншықтар бар.

212
8.7.  Музыкалақ  орта  жасалған  (музыка  сабақпен  бірге  жүреді, 
режимдік сәттер музыкамен жалғасады, жатқызғанда бесік жыры ай-
тылады).
9. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың конструктивтік іс-
әрекетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
9.1 Топтарда ұсақ (үстел үсті) және ірі (едендік) құрылыс матери-
алдары бар.
9.2. Топтарда түрлі конструкторлар бар (ағаш, металл, пластмасса, 
түрлі тәсілдермен жалғастырылған тетіктер).
9.3. Мозаикалар, танграммалар, қиылатын картинкалар бар.
9.4. Лақтыратын материал және көркемдеп құрастыру үшін табиғи 
материал  бар.
10.  Мектепке  дейінгі  мекемеде  балалардың  экологиялық 
мәдениетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
10.1.  Көрнекті  құралдар,  экологиялық  мәдениетті  дамыту  үшін 
иллюстративтік материал (альбомдар, картиналар жинағы, муляждар, 
дидактикалық ойындар және т.б.) бар.
10.2.  Топтарда  көгалдандыру  бұрыштары    (өсімдіктер  бөлмесі) 
бар.
10.3.  Мектепке  дейін  білім  беру  мекемесінде  жануарлар  бар 
(құстар, балықтар, тасбақа және т.б.).
10.4. Алаңда өсімдіктерді өсіру және күту үшін жағдай жасалған ( 
бақ, бақша, гүлзарлар, жемістер және т.б.).
10.5.  Тірі  табиғатқа  жабдықталған  арнайы  орын  (қысқы  бақ, 
зообұрыш және т.б.) бар.
10.6. Алаңда орман бұрышы бар.
10.7. Алаңда экологиялық жол бар.
10.8. Басқалар.
11. Мектепке дейінгі мекемеде тарих пен мәдениетте адам ту-
ралы түсінікті дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
11.1.  Кітаптар  мен  ашық  хаттар  жинағы,  репродукциялар 
комплектілері, әртүрлі халықтың тарихымен, мәдениетімен, еңбегімен, 
тұрмысымен, адамзаттың техникалық жетістіктерімен таныстыратын 
ойындар мен ойыншықтар бар.
11.2. Өлкетану бұрышы бар («Там», тұрмыс бөлмесі және басқа).
11.3. Халықтық тұрмыстық заттардың үлгілері бар.
11.4.  Ұлттық  костюмдердің,  ұлттық  костюмдегі  қуыршақтардың 
үлгілері бар.
11.5.  Көркем  әдебиет  бар  (әлем  халықтарының  ертегілері  мен 

213
аңыздары,  антикалық, библиялық, евангельдік сюжеттердің, Құранның 
көп тараған басылымдары және т.б.).
11.6.  Топтарда  жол  қозғалысы  ережелерімен  таныстыратын 
үстелдік-баспа және дидактикалық ойындар болады.
11.7. Алаңда  қаланың көлік ортасын модельдейтін автоқалашық 
болады.
11.8. Басқалар.
12. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың физикалық дамуына 
барлық жағдай жасалған.
12.1. Спорт залы бар.
12.2. Жүзу бассейні болады.
12.3. Алаңда су шашу (шалпылдату) бассейні бар.
12.4.  Топтарда  балалардың  физикалық  белсенділігі  үшін  инвен-
тарь мен жабдықтар, массаж үшін (мини-стадиондар, спорттық инвен-
тарь, массаж кілемшелері, төсеніштер, тренажерлар т.с.с.) болады.
12.5. Алаңда балалардың физикалық белсенділігі үшін спорттық 
инвентарь (доптар, обручтар, шаналар, лыжылыр, велосипедтер және 
т.б.) болады.
12.6.  Алаңда  балалардың  физикалық  дамуы  үшін  жағдайлар 
жасалған  (стадиондар,  жүгіру  жолы,  кедергілер  жолағы,  спорттық-
ойын жабдықтары, секіру үшін шұңқырлар және т.б.) болады.
12.7. Басқалар.
13.  Мектепке  дейінгі  мекемеде  балаларда  қарапайым  
математикалық түсініктерді қалыптастыру үшін барлық жағдай 
жасалған.
13.1.  Топтарда  балаларды  санауға  үйрету  үшін,  заттың  шамасы 
мен пішіні түралы түсініктерін қалыптастыру үшін демонстрациялық 
және үлестірім материалдары бар. 
13.2. Балалардың сан туралы түсініктерін қалыптастыру үшін ма-
териалдар мен жабдықтар (цифрлар кассасы, таразы, өлшегіш стакан-
дар және т.б.) бар.
13.3. Кеңістік (стендтер, схемалы тақталар және т.б.) және уақытша 
(күнтізбелер, сағаттар – құмсағат, күнсағат,  циферблаты бар сағат және 
т.б.) түсініктерін дамыту үшін материалдар бар.
13.4. Компьютерлік класс жабдықталған.
13.5. Басқалар.
14.  Мектепке  дейінгі  мекемеде  балаларда  жаратылыстану-
ғылыми түсініктерді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған.
14.1. Демонстрация және балалар эксперименті  материалдар мен 

214
құралдар (глобустар, карталар, макеттер, ашық хаттар мен иллюстра-
циялар жинағы, үстелдік-баспа ойындары, магниттер, көзілдірік, лупа-
лар және т.б.) бар.
14.2. Балалар эксперименті үшін бұрыштар (оның ішінде құммен 
және сумен ойнайтын ойындар үшін және т.б.) бар.
15.  Мектепке  дейінгі  мекемеде  балалардың  сөйлей  білуін 
дамытуға барлық жағдай жасалған.
15.1. Балалар үшін кітапхана бар.
15.2.  Шет  тілін  оқу  үшін    арнайы  орын  бар  (оның  ішінде 
жабдықталған лингафондық кабинет).
15.3. Қызметкерлер мен ата-аналар үшін кітапхана бар.
15.4.  Тіл  дамыту  жөнінде  картиналар  мен  үстелдік-баспа 
ойындарының жинақтары.
15.5. Басқалар.
16. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын әрекеті үшін 
барлық жағдайлар жасалған.
16.1. Ойын үшін арнайы жабдықталған орын («ертегілер бөлмесі») 
бар.
16.2. Алаңдарда ойын жабдықтары бар.
16.3. Топтық бөлмелерде, киім шешінетін орындарда, ұйықтайтын 
бөлмелерде ойын үшін кеңістік және ойын жабдықтары бар. 
16.4.  Мектепке  дейінгі  мекемелердетүрлі  ойындар  үшін 
ойыншықтар: сюжеттік-рөлдік, жылжымалы, спорттық, дидактикалық 
және басқалары бар.
16.5. Топтарда заттар-орынбасарлар ретінде пайдалануға арналған 
материалдар болады.

215

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет