Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет52/189
Дата31.12.2021
өлшемі1,89 Mb.
#22329
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   189
Авторитарлық  стильде  оқушы  тең  дәрежелі  емес,  педа-
гогикалық  әсердің  обьектісі  ретінде  қарастырады.  Мұғалім 
шешімді  өзі  қабылдайды,  жағдайды  және  оқушылардың  пікірін 
ескермей  талап  қояды.  Авторитарлы  стильді  ұстанатын  мұғалім 
өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушылар 
өз  ойын,  пікірін  ашық  айта  алмайды.  Олар  қорқақ,  пассивті  рөл 
атқарады. Қоғамдық жұмысты, сабақты мұғалімнен қорыққанынан 
орындайды. Оқушы мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, 
мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.
1)  Өзара  қарым-қатынастардың  және  коммуникативті 
әрекеттердің жалпы  сипаттамасының  ерекшеліктері.
Жаттығушылармен өзара қарым-қатынас өзіндік жауапкершілік 
пен өзіндік бастаманы басып тастау негізінде құрылды. Тапсырмалар 
мен бұйрықтарды еркін талдауға жол берілмейді. Топтың пікіріне көп 
көңіл бөлмейді. Көбіне іскерлік белсенділікке салынады, кейде жеке 
тұлғалыққа да салынады. Жаттығушылардың өзара қатынасына көп 
көңіл “бөлмей олардың іскерлік қарым-қатынасын белсенді түрде 
ұйымдастырады.  Оқушыларын  түсіне  білетіндігіне  сенімді,  бірақ 
топ ішіндегі құрылымды адекватты түрде қарастырмайды. Күрделі 
проблемалы жағдайлар көп туындайды.
2)  Тіл  табысу  мәнерінің  ерекшеліктері.  Көбіне  топқа  емес, 
жекелеген  оқушыларға  көңіл  аударады.  Жаттығушылардың  тех-
никалық тұрғыдан әлсіздерін бөліп қарайды. Өткір жэне ирониялық 
дауыс ырғағын жиі қолданады.


121
3)  Тұлғалық  қасиеттерінің  ерекшеліктері.  Өзіне  сенімді, 
принципшіл, адамдарға талап қойғыш, ұстамсыз, қайырымдылығы 
аз, шулы.
Авторитарлы  стильдің  нақты  жаттықтырушысының 
сипаттамасы.
Өз-өзін сенімді ұстайды, оқушыларға біршама биік көзқараспен 
қарайды. Барлық топты көз алдында ұстайды, барлық қателіктерді 
көріп, сәтті жэне сәтсіз әрекеттерді қадағалап отырады.
Жаттығушыларды ескертулер жалықтырып жібереді. Бірақ олар 
жаттықтырушыны  ауыстыруды  ойламайды.  Бұлай  ойлайтындар 
негізінен топтағы құндылықты, жаттықтырушымен келіспеушілікті 
ойламайтын,  топтан  шығып  қалғысы  келмейтін,  жолдастарының 
қолдауын байқамайтын әлсіз ойыншылар.
Жаттығушылар жаттықтырушының кәсіптік сапалы қасиеттерін, 
түсіндіру  дағдысын,  қозғалысын  бағалай  біледі.  Жаттықтырушы 
үздік  физикалық  ақпараттары  бар  спорт  шебері  болып  табылады. 
Жаттығушылар  шынығу  кезі  жақсы  ұйымдастырылғандықтан, 
I  санат  алатындықтарына  сенеді  де,  жаттықтырушының  қойған 
талаптарын үздіксіз орындап отырады.
Кейде  жаттықтырушының  жеке  тұлғалық  қасиеттерін 
жаттығушылар  төмен  бағалайды.  Сауалнамалардағы  сұрақтарға 
жартысынан көбі былай жауап береді: «Сіз өзге жаттықтырушыға 
ауысқыңыз  келе  ме?»  деген  сұраққа:  «Жоқ,  себебі  мен  келесі 
жаттықтырушының  қандай  болатындығын  білмеймін».  Ал  «сіз 
үздік  жаттықтырушыны  осылай  болады  деп  ойлайсыз  ба?»  деген 
сұраққа көпшілігі мынадай жауап берді: «Жоқ, мұндай емес».
Мұндай  кезде  жаттықтырушы  да  топқа  сай  бағаларын 
беріп  жатады:  «Жалқау,  тек  айқаймен  ғана  жұмыс  жасайды». 
Жаттығушылар оған ешбір сұрақ бойынша жолыққылары келмейді 
және сабақтан тыс кезде онымен сейлеспеуге тырысады.
Олар  өздерінің  мінезі  мен  жұмыс  стиліне    қарай  оқушы 
ұжымын  басқаруда  түрлі  әдістер  мен  айла-тәсілдер  қолданады. 
Мәселен,  басқару  жүйесіндегі  кейбір    оқытушылар  жұртпен 
санасып жатпайды, түрлі тәрбиелік шараларды өз атынан  жүргізіп, 
шәкірттер  инициативасымен  орындалған  іске  сенімсіздікпен 
қарайды, балалардың  өзінше пікір айтуына шыдай алмайды. Мұндай 
ұстаз  оқушылармен  олардың  ресми  құқылары,  міндеттері  және 
жауапкершіліктері  тұрғысынан  ғана  қатынас  жасауға  тырысады. 


122
Осындай жетекшіліктің басты кемшілігі - маңызды  шешімдер мен 
шаралар  қабылдауда    жоспар  мен  жүйелі  жинақтылық  болмауы. 
Мұндай жетекшінің ең осал жері - ұжым мүшелерінің бастамасын 
басып, шығармашылық күшті жеке пайдаланғандықтан кей жағдайда  
ұжымды  рухани  жағынан  қанағаттанбаушылыққа  соқтыруы 
мүмкін. Мұндай жерде еңбек тәртібі, жұмыстың белгілі бір жүйесі 
сақталмайды. Оқушылар арасында көңілсіздік, жайсыздық туады. 
Жетекші өз өктемдігін күшейту  мақсатымен болып, оқушылардың 
хал-жағдайын ойлауға мұршасы да келмейді, сөйтіп ұжымнан сырт 
қалу пайда болады. Осындай типтегі басқарушыларды авторитарлық 
жетекші деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет