Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Rh–-әйелдерге    бірінші  аборт  немесе  Rh+



Pdf көрінісі
бет388/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   459
Rh–йелдерге    бірінші  аборт  немесе  Rh+  бала  туудан  кейін  қажет.  Егер  анти-
Rh(D)-антиденелер алдын ала қолданылмаса, оларды жүктілік кезінде еңгізу керек. 
ДДҰ  (ВОЗ)  мәлеметтері  бойынша,  иммунды  профилактиканы  тәжирибеге  кең 
еңгізгенге  дейін  Rh-конфликтінен  дамитын  нәрестелердің  гемолитикалық 
ауруларынан құрсақ ішінде 5-10%  өлетін. 
 
Ауруларға шалдығуы 
  Екіншілік  ИТЖ  әр  түрлі  табиғаты  бар  аурулардың  нәтижесі  ретінде 
қалыптасуы мүмкін. 
Ең жиі екіншілік ИТЖ себебі болып жұқпалы аурулар келеді. 
Әр  жедел  жұқпалы  аурудан  кейін  1  айға  созылатын  транзиторлық 
иммунды тапшылық пайда болады. Осы мерзімге, әдеттей, балаларға вакцина 
егуге тыйым салынады. 
Егер  иммунды  жүйе  қалыпты  жағдайда  болса,  жұқпалы  аурулар  жедел 
түрде  өтеді.  Жұқпалы  аурудын  созылмалы  болуы  қалыптасқан  иммунды 
тапшылықтын  белгісі.  Созылмалы  жұқпалар  кезіндегі  иммунды  тапшылық 
қоздырғышпен 
күресу 
жағдайындағы 
иммунды 
жүйенің 
резервті 
мүмкіншіліктерінің  жұқарғанынан  болады  және  бара-бара  ауырлайды. 
Сонымен  қатар,  аталған  жағдай  патологиялық  үрдістің  ары  қарай 
созылмалануына себеп болады.  
  Бактериалдық  жұқпалар  (туберкулез,  мерез,  лепра,  пневмококктық, 
менингококктық,  стрепто-  және  стафиллококктық  және  басқа  жұқпалар). 
 
Туберкулездің 
ауыр 
түрлерімен 
науқастанған 
ауруларда 
Т-
лимфоциттердің  саны  күрт  төмендеп  қызметтері  тежеледі.  Мерез  бен  лепра 
кезінде 
де 
осындай 
бұзылыстар 
байқалады. 
Пневмо- 
және 
менингококктармен  шақырылған  жұқпалар  да,  әсіресе  герпетикалық 
жұқпамен әсерлескен кезде, Т-жұйенің әлсіреуі орын алады. Сонымен қатар, 
жасушалық  иммунитеттің  ақаулықтары  көк  жөтел,  сүзек,  скарлатина, 
бруцеллез және басқа жұқпалы аурулар кезінде қалыптасады. 
Жиілігі жоғары болғандықтан созылмалы стрепто- және стафилококктық 
жұқпалармен  шақыралатын  иммунитет  бұзылыстары  жеке  орын  алады. 
Аталған  патология  кезінде  жасушалық  иммунитеттің  төмендеуінен  басқа  В-
лимфоциттердің  күрт  белсенуі  және  айқын  аутоиммундық  компоненті  бар 
жұқпалы-аллергиялық 
ауралардың 
дамуы 
байқалады. 
Бұл 
жағдай 
постинфекциялық 
ревмокардиттердің, 
ревматоидтық 
қызбаның, 


 
гломерулонефриттердің, 
реактивті 
артриттердің, 
геморрагиялық 
васкулиттердің патогенездерінің негізінде жатыр.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет